Алматы орталық мешіті
⠀
Ашылған уақыты: 1999 жыл
⠀
Сыйымдылығы – 5000-7000 адам.
⠀
Жоба авторлары – сәулетшілер С.Баймағамбетов, Ш.Шарапиев және К.Жарылғапов.
⠀
Мешіттiң жалпы ауданы – 3594,5 шаршы м., пайдалы көлемі – 3264,5 шаршы метр, үлкен залдағы люстраның салмағы – 1750 кг, диаметрі – 5 метр, ұзындығы – 7 метр, 365 шамы бар.
⠀
Мешіт үлкен төрт залдан тұрады: негізгі зал, бес уақыт намаз оқитын зал, әйелдер залы және иғтикаф (мұсылманның өзімен-өзі Аллаға құлшылық ететін) бөлмесі.
⠀
Әр бөлменің нақышы да, бояуы да бірін-бірі қайталамайды.
⠀
Мешіт қабырғасының биіктігі – 12 метр. Есік маңдайшаларының жоғары жағы батырлар дулығасы іспетті.
⠀
Мешiттiң 4️⃣ мұнарасы бар. Бас мұнараның биіктігі – 40 метр. Бұл хазреті Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлықтың қырық жаста қонғандығын, ал төрт мұнара төрт халифаны білдіреді.
⠀
Мінбердің биіктігі – 7,77 м, яғни ол жеті қат аспан, жеті қабат жер дегенді білдіреді. Ол сүйек қолдана отырып самырсын ағашынан жасалған.
⠀
Үлкен күмбездің диаметрі – 20 метр, қалған төрт кіші күмбездердің биіктігі – 27 метр.
Дереккөзі: Muftyat.kz