Дәрістер топтамасы
Ассаляму алейкум, құрметті көрермендер! Аллаһ Тағала баршаныздың тұтқан оразаларыңызды қабыл қылсын. Бүгін сіздермен бала тәрбиесі жайында сәл сөз қозғамақшымыз.
Қазақта «Балаңды аясаң, аяма» деген жақсы сөз бар. Яғни, егер сен балаң үшін алаңдасан, оның болашақта үлкен тұлға болғанын қаласаң, қоғамға, отбасына пайдалы, елдің азаматы болғанын қаласаң, жас кезінде оған тәрбиені дұрыстап бер. Өйткені, ол өзінің пайдасын білмейді, сен оның пайдасын білесің. Бала қыдырғысы келеді, ойнағысы келеді, сол уақытта, сен балаңды жақсы көрсең, оны дұрыстап тәрбиелеп, оның болашағына алаңда.
Скрыть