Дәрістер топтамасы
28 сәу. 2021
1 371
0
Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
11-бөлім: Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе?
Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе? Жаратушы Иеміз Алла тағала ораза кезінде пенделеріне кейбір жағдайда ораза ұстамауға рұқсат еткен. Сол рұқсаттардың бірі - жол жүргенде ораза ұстамау. Бұл дегеніміз: ауызы берік адам өзінің тұрақты жерінен ең кемі 85-90 шақырым ұзақтықтағы жерге жолға ниеттеніп шықса, ол кісіге ораза ұстамауына рұқсат етіледі. Бірақ – міндет емес. Яғни, кімде кімнің жолаушы кезінде оразаға қауқары жетсе, аузын ашқаннан гөрі оразасын жалғастыра бергені абзал. Ендеше, сіз де: «жол жөнекей ораза ұстауға күшім жетеді», - десеңіз ауызыңызды ашпағаныңыз дұрыс.
Скрыть