Дәрістер топтамасы
20 мам. 2021
1 343
0
Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
30-бөлім: Ораза айт күні сәресі ішеміз ба?
Айт мерекесі күні Рамазан күндеріндегідей сәресі ішудің қажеті жоқ. Алайда айт намазына барардан алдын үйден дәм татып, тақ санды құрма жеп шығу сүннет болып табылады. Бұл жөнінде Бурәйда (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі (ﷺ) Рамазан айтында дәм татпай үйден шықпайтын». Егер кімде кім сәресі ішкен болса, я болмаса айт намазы алдында тамақтанған болса, бұған да тиым салынбаған. Сонымен қатар, осы күні ғұсыл алып, мерекелік намазға мерекелік киімде келуді және әтір себінуді ұмытпаңыздар. Туыстарыңызды зиярат етіп, сыйлықтар жасап, айналаңызға қуаныш сыйлаңыздар.
Скрыть