Дәрістер топтамасы
Құрметті бауырлар, ардақты жамағат! Аллаһ Тағала бүгінгі біздің мәжіліс-сұхбатымызға береке берсін, Өзінің құзырында мақталған, періштелері қоршалған, рахымына бөленген мәжілістерден қылсын. Әрине, біздің сәрсенбілік дәрісіміз Аллаһ Тағаланың Кәлямын ұғыну, түсіну және оны түсіндіру барысында жалғасады.
Бүгінгі келесі, кезекті аят, «Бақара» сүресінің 75 аяты. Аллаһ Тағала былай дейді:
أَفَتَطْمَعُونَ أَنْ يُؤْمِنُوا لَكُمْ وَقَدْ كَانَ فَرِيقٌ مِنْهُمْ يَسْمَعُونَ كَلَامَ اللَّهِ ثُمَّ يُحَرِّفُونَهُ مِنْ بَعْدِ مَا عَقَلُوهُ وَهُمْ يَعْلَمُونَ
Пайғамбарымыз ﷺ Медина қаласына келеді. Біздің тәпсір ғұламаларымыз айтады, Пайғамбарымыз ﷺ Медина қаласына келгеннен кейін яхуди тайпаларына, олар «бану курайза», «бану ан-надыр», «бану кайнука», соларға уағыз жасап, Аллаһ жолына, ақиқатқа шақыра бастайды...