13-дәріс: Оразадағы сауаптың еселенуі
Шамалған ауылы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:33 06:54 11:43 14:44 16:26 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

2 мам. 2021 2 190 0

13-дәріс: Оразадағы сауаптың еселенуі

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде

АУДИО НҰСҚА

Құрметті жамағат, қадірменді бауырлар! Қасиетті Рамазан айы құтты болсын, ораза қабыл болсын.

Айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айы, Аллаһ Тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз Мейірімінің бір айғағы. Бұл айдың қадір қасиеті туралы ардақты Пайғамбарымыз ﷺ өзінің хадистерінің бірінде:

«Мұсылмандар үшін бұл айдан хайырлы ай жоқ».

Міне, Пайғамбарымыз ﷺ осы қасиетті айдың қадірін, бұл айдан артық ай жоқ екендігін біздерге айтып отыр.

Рахымды Аллаһ Тағала бізге Мейірімін төгіп, жылдың он екі айының бірін бізге рақым етіп қойды. Яғни, «құлдарым тәубеге келсін, сауап жинасын, қайырым жасап, қиямет күніне қамдансын», деп біздерге осы қасиетті Рамазан айын ерекше етіп жаратты.

Аллаһ Тағала Қасиетті Құран Кәрімнің «Әнғам» сүресінің 160-аятында:

«Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе сауап бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ жаза беріледі де, олар зұлымдыққа ұшырамайды».

Осы аят арқылы Аллаһ Тағаланың пенделеріне деген Шексіз мейірімділігін байқаймыз. Яғни, Аллаһ Тағала Өзінің Жомарт сипатымен, Мейірімімен Жаратушы Иеміз пенделерінің сауапты амалдарына, құлшылық-ғибадатына ерекше еселеп сауап жазып, кемшілігіне тек сол кемшілігі жазылатынын осы Құран аяттарында айтып отыр.

Кудси хадистердің бірінде, Аллаһ Тағала періштелерге былай деп бұйырылғаны келтірілген:

«Егер менің құлым бір жамандық жасауға ниеттенсе, жасамайынша жазбаңдар. Егер ол жамандық жасаса, қалай болғанын жазыңдар. Ал егер ол мен үшін жамандықтан бас тартса, бір жақсы амал жасағандай жазыңдар. Егер ол бір жақсы амал жасауға бел буса, бірақ жасамаса, оған бір жақсы амал жасағандай жазыңдар. Ал егер жақсы амал жасаса, онда оған 10-нан бастап 700 және одан да көп сауап жазыңдар», деп Аллаһ Тағаланың періштелерге бұйырғаны осы хадисте келтіріледі.

Бұл Кудси хадисте пенденің ниетіне ниетінің маңыздылығы айтылып отыр. Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде:

«Барлық амал адамның ниетіне байланысты», демекші осы Жаратушы Иеміз, пендесінің ниетіне қарай, ең аяғы, жақсылыққа ниет етіп, оны орындай алмаған жағдайдың өзінде, сол ниетіне қарай Аллаһ Тағала жақсылық жасағанның сауабын жазатындығы осы хадисте айтылады. Және Аллаһ Разылығы үшін сол жамандықтан қайтатын болса, онда сол қайтқаны үшін, үлкен жақсылықтың сауабы берілетіндігі бұл Кудси хадисте айтылады.

Бай Хаки риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз ﷺ:

«Кімде-кім Рамазанда Алла үшін кішкентай бір жақсылық жасаса, басқа айларда парыз өтегендей сауап жазылады. Ал егер осы айда бір парыз амалын өтеген болса, онда басқа айларда 70 парыз өтегеннің сауабын алады», деп баяндалады.

Ендеше, осы Қасиетті Рамазан айында Аллаһ Тағаланың Мейірімділігін, Жомарттығын осыдан байқаймыз. Рамазан айы – сауаптың еселенетін айы екендігін осы хадистер арқылы біз байқаймыз.

Аллаһ Тағала, Муслимның риуаят еткен тағы бір хадисінде:

«Адамзаттың барлық амалы өзі үшін. Адамзат әрбір жақсылығы үшін 10-нан 700 жақсылыққа дейін, тіпті одан да көп сауап алады. Ал ұстаған оразасы Мен үшін, оның сауабын Өзім ғана білемін, әмірін Өзім беремін. Өйткені, ол Менің Разылығым үшін таң атқаннан күн батқанға дейін ішіп-жеуден және жыныстық қатынастан бас тартты», делінеді.

Міне, осы хадистерде айтылғандай Рамазан айында Шексіз мейірімді Жаратушы Иеміз жасалған игі істердің сауабын еселеп беріп, Өзінің Жомарттық сипатын бүкіл әлемге паш етеді. Жасаған салиқалы, сауапты істеріміздің қарымтасы есленіп, 10 есе, 700 есе, одан да көп қылып қайтарылатынын сүйіншілеп, баршамызды жақсылық, ізгі амал жасауға, осы Қасиетті Рамазан айында ерекше құлшылық жасауға біздерді ынталандырады.

Аллаһ Тағала осы қасиетті Рамазан айымызды құтты қылсын. Осы айда Аллаһ Тағаланың бізге уәде еткен, осындай үлкен, еселеніп бірлетін сауаптарынан барамыз мақрұм қалмай, ғибадат құлшылығымызды, ізгі-амалдарымызды осы Қасиетті Рамазан айында жасап үлгерейік.

Жаратушы Иеміз Аллаһ Тағала бұл әлемді, бізді жаратып, біздерге ерекше көңіл бөледі. Аллаһ Тағала бір айдың қасиетті болуына, немесе бір пендесінің ораза ұстап, аш жүруіне, не болмаса бір пендесінің құлшылық жасауына Жаратушы Иеміз мұқтаж емес. Бұл Қасиетті Рамазан айының Қасиетті болуы – пенделері үшін, құлдары үшін.

осы айда сауаптарды еселеп беретіндігін Аллаһ Тағала бізге сүйіншіледі. Сондықтан осы Рамазан айын қолымыздан келгенше құлшылық-ғибадатпен, ізгілікпен, мейірімділікпен, ізгі амалдармен өткізуді Аллаһ нәсіп етсін.

Қазіргі кезде, еліміздегі пандемия уақытында, қаншама отбасыларға ауызашар беріп, азық-түлік алып беріп жатқан бауырларымыз баршылық. Ол бауырларымызға Аллаһ Разы болсын дегіміз келеді.

Ендеше, құрметті ағайын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларымызға, жасап жатқан ізгі амалдарымызға Аллаһ Тағала сауабын еселеп жазып, елімізге тыныштық беріп, Рамазаннан Рамазанға дейін аман –есен жетуді Аллаһ Тағала нәсіп етсін.

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi