Дәрістер топтамасы
17 мам. 2021
1 054
0
Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
29-бөлім / Рамазандағы сіз іздеген жауап...
Пітір садақа мұсылман жыл санауымен һижри екінші жылы жария етілді. Басқа садақалар мал-мүліктен берілсе, бұл садақа кісі басына берілетін болды. Алла Тағала Құранда: «(Садақа беріп) өзін тазартқан әрі Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған адам, сөзсіз, мұратына жетті», – деген («Ағла» сүресі, 14-15 аяттар). Касир ибн Абдулладан, әкесінен, атасынан жеткен хадисте: «Алла елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы аят туралы сұрағанда, ол: «Бұл аят пітір садақа жайында түсірілген», – деп жауап берген» (Ибн Хузәймә).
Скрыть