14 бөлім: Қабір азабы және оның ауырлығы. Жерлеу рәсіміне қатысу ережелері - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Жалағаш кенті
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 18:32
Жалағаш кенті
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Жалағаш кенті
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
06:22 07:46 12:30 15:26 17:09 18:32
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

14 бөлім: Қабір азабы және оның ауырлығы. Жерлеу рәсіміне қатысу ережелері

14 бөлім: Қабір азабы және оның ауырлығы. Жерлеу рәсіміне қатысу ережелері

Жарияланатын күндер Аяқталды
17 жел. 2015 11 232 0
Скачать в pdf
| A | +
Қабір азабы және оның ауырлығы
 
 
 
Жерлеу рәсімі ақыл иелері үшін насихат екендігін басып айтқан жөн. Егер жерлеу рәсіміне терең үңілер болсақ, одан ескерту мен өз өмірін бейғамдықпен өткізіп жүрген жандардың  насихат алларына болады. Алайда, расыменде, жерлеу рәсімін көрген надан жандардың жүректері одан бетер қатайып кетеді. Олар бұған сырт көзбен қарайды да, өздерін де жерлейтін күннің жететіні жайлы мүлде ойламайды. Өздері жаңа ғана қабірге қойған жан да дәл солар секілді ойланған болуы да мүмкін. Ажал, аяқ астынан келеді де барлық өмірлік жоспарларын жоқ етеді.
 
Бәлкім, басқаларының иығына салынып, қабірге қойылатындардың бірі өзі де болуы әбден мүмкін. Сол себепті де адам баласы сол сәт бүгін я ертең, болмаса арғы күні туып қалар деген ойда болуы тиіс. Мысалы, Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) қайтыс болған адамды көрген кезінде былай дейтін болған: «Оны әкетіңдер! Оның ізінен біз де барамыз!». 

Мақхул, мәйітті алып бара жатқанын көрген кезде былай деген: «Осы таңда оны алып бара жатырсыңдар, кешке жақын біз де оның артынан ілесеміз. Расында, бұл сабақ аларлық анық көрініс. Алысты көре білу керек. Басқа жақтан келгендер ерте кетеді, ал олардың бұл жағдайдан сабақ алуға ақылдары жетпейді».

Усайд бин Худайр (оған Алла разы болсын) былай деген: «Қандай да бір жерлеу рәсімінде болмайын, мәйіттің одан арғы жағдайы қалай болады және қай жерге барады деген ойда боламын. Тек осы жайлы ойланамын».
 
Мәлік бин Динардың ағасы өмірден озған кезде, Мәліктің көзі жасқа толып, ағасының денесіне жақындап былай дейді: «Алламен ант етемін. Менің көз жасым, сенің қайда баратыныңды білмейінше тоқтамайды. Алайда мен тірі тұрғанда оны білуім мүмкін емес».
 
Ал Әмеш болса былай деген: «Біз жерлеу рәсімінде едік. Рәсімге келген жақындары, туыстары мұңайып тұрған еді, біз олардың қайсысын жұбатарымызды білмедік». Сәбит Бунани былай дейді: «Біз бірнеше жерлеу рәсімінде болдық әрі әр адамның жүзін басып, жылағандарын көрдік».
 
Міне, ол адамдар осыншалықты дәрежеде өлімнен қорыққан. Ал біздің күнімізде, жерлеу рәсіміне келгендердің басым бөлігі көңіл көтеріп, күліп жүреді. Және де қайтыс болған адамның артына не қалдырғанын сөз етумен уақыттарын өткізеді. Адамның ажалынан соң, мейлі ол туысы болсын, досы болсын оның денесін қабірге алып бара жатып, адамдар былай деп ойлайды: «Артында қалған дүниенің қаншасын бізге бөліп берер екен, я болмаса дүниесінің жартысын қалай алуға болады екен?». Олар сондай оймен әуре болып, әр түрлі жолдарын қарастырып, жоспар құрып әуре болады. Жерлеуге қатысқандардың ешбірі өзі жайлы мүлде ойламайды және де: «менің жағдайым қалай болар екен?» деген сұрақты өзіне қоймайды. Ішінде Жаратушының разылығын іздегендерінен басқаларының мұнымен ісі болмайды. Адамның ойына бір кезде өзін де дәл осылай жер қойнына жіберетіні жайлы ой келмейді. Негізінде осындай қырағылықтың жоқтығының бір ғана себебі бар. Ол – жан дүниенің қарайып, тот басуы. Себебі адамдар үнемі күнә жасайды әрі үнемі разы болмай жүреді. Біз – Алла бізді кешірсін! – тіпті Ол жайлы және Ақырет жайлы мүлде ұмыттық. Сол күні көз алдымызға келтірілетін өзіміздің сүрген өміріміз үшін өзімізді есепке де алмаймыз. Шындығын айтқанда, біздің күніміз бен біздің өміріміз бүлікке толы әрі біз де әр кезде де надандық пен бейғамдықта жүреміз. Біз өзімізге қатысы жоқ істермен шұғылданамыз. Біздің күнімізде қайтыс болған адамға жылау салт болып қалыптасқан. Алайда егер адамдар ақиқатты білер болса, өлген адамға емес, өздерінің халдеріне қарап жылайтын еді.
 
Ибрахим Зеййат бірде қайтыс болған адамға жандары ашып жылап тұрған бір топ адамды көреді. Ол оларға былай дейді: «Әттеген – ай, сендер өздерің үшін жылғандарыңда еді, сендер үшін сол хайырлы болар еді. Себебі өлген адам, былайша айтқанда, Ажал періштесін көру қиындығынан, ажалдың азабынан соңғы демі шыққан кезде құтылды».
 
Әбу Әмр былай дейді: «Мен Жәрирді зиярат етіп келгенімде ол өзінің хатшысына бір өлең жолдарын жаздырып жатыр еді. Осы сәтте жанымыздан бір мәйітті қабірге алып бара жатқанын көрген ол, орнынан тұрып былай деді: «Алламен ант етемін! Бұл көрініс менің күшімді жоқ етіп, омыртқамды сындырды әрі мені қартайтты. Осыдан соң ол мына өлеңді оқыды:
 
«Қорқыныш күшті түгетеді,
Мәйітті бір сәт көргенде
Ол бізден қайда кетеді,
Біз қаламыз өмірде.
Бір топ жануар секілді,
Қасқырдан қашқан бытырап.
Көгалға қайта жайыламыз,
Қасқырмен үрей кеткенде».
 
Жерлеу рәсіміне қатысу ережелері
 
Жерлеуге қатысқан адам ол оқиғадан өзіне сабақ алуы керек. Жерлеу рәсіміне бара жатқан кезде өлімге даяр болған түрде батыл қадаммен бару керек. Өмірден озған адам жайлы жақсы ойда болған абзал, тіпті ол адам күнәһар болған болса да. Тіпті ол адам жақсы өмір сүрген болса да, нәпсісі үшін бейғам болмауы тиіс. Себебі соңғы дем өте ауыр. Бізге ол адамның қалай жан тапсырғаны беймәлім.

Мысалы, Омар бин Заррдан жеткендей, оның бір көршісі болған екен. Бір күні әлгі көршісі көз жұмады. Сөйтсе, ол адам ысырапшыл болған екен де, өзіне көп ақшаны ысырап еткен екен. Нәтижесінде көптеген адамдар оның жаназасына қатысудан бас тартады. Алайда Зарр көршісінің жаназасына қатысып, жаназа намазын оқиды. Ақыр соңында, әйтеуір ол адамды жер қойнауына тапсырады. Сол кезде ол қабірдің басында тұрып әлгі адамға былай дейді: «Ей, бәленшенің әкесі! Алла Тағала саған рақым етсін! Сен ғұмырыңды Жалғыз Жаратушыға сенумен өткіздің! Жүзің үнемі жайнамаз бен жерде болды. Сен жайлы күнәһар деп айтылса да, біздің арамызда қателік жасамаған әрі күнә істемеген адам жоқ па екен?».
 
Бір адам өмірінде көп күнә жасап, күнәға белшеден батқан екен. Бірде ол адам Басраның бір жерінде қайтыс болады. Әйелі денесін көтерісуге жәрдем беретін адам іздейді, алайда таппайды. Себебі ол адам күнәһар әрі ысырапшыл еді. Көршілерінің ешқайсысы ол адамның қандай халде көз жұмғанын білмейтін. Осындай жағдайда қалған әйелі ақшаға адам жалдап, күйеуінің денесін намаз оқылатын жерге жеткіздіреді. Алайда ешкім оған жаназа намзаын оқығылары келмейді. Әйел болса, күйеуінің денесін шөл далаға жерлеуді шешеді. Алайда жақын маңда орналасқан тауда Алладан қорқатын тақуа жанның үйі бар еді. Әлгі әйел сол тақуа адамның келетінін сезгендей күтіп отыра береді. Ақыры әлгі адам келіп, мәйітке жаназа намазын оқиды. Осы жағдай бүкіл қалаға тарап, халық тақуа адамның таудан түсіп келіп, әлгі адамның жаназасын оқып жатқанын естіген кезде барлығы сол жаққа асыға жөнеледі. Барлығы әлгі тақуа адамға ілесіп жаназа намазын оқиды. Алайда барлығы таң қалып тұрған еді. Сол кезде әлгі тақуа жан олардың қызығушылықтарын басу үшін былай дейді: «Түсімде маған былай деп бұйрық берілді: «Таудан түскен кезіңде жанында тек бір әйел ғана болған мәйітті кездестіресің. Басқа ешкім жоқ. Оның жаназа намазын оқы, себебі Біз оның күнәсін кешірдік». Әлгі адамның осы сөздерінен соң адамдар одан бетер таң қалысады. Олар әйелді шақырып, күйеуінің халі жайлы сұрайды: «Күйеуің қалай өмір сүрді?». Сонда әйел: «Ол сендер білгендей еді. Ол таңнан кешке дейін ішімдік ішетін». Сонда тақуа жан әйелге: «Не айтып жатқаныңды жақсылап ойлан. Күйеуің саған бір рет те болса да жақсылық жасады ма? Оның жақсы амал жасап жатқанын көрдің бе?»,- деп сұрайды. Сонда әйел былай деп жауап береді: «Иә, оның үш түрлі жақсы халі және үш түрлі жақсы амалы болған. Әр күні таң ертең есін жиған кезде ол лезде киімін ауыстыратын да, дәрет алып таң намазын жамағатпен оқуға кететін. Ал келгеннен соң әдеттегі жеріне барып, ішетін. Содан соң ол өз үйін үнемі бір- екі жетімнің паналауына беретін. Ата-анасыз қалған балаларға өзінің балаларынан да артық мейірімділік танытатын. Ол үйсіз әрі жетімдерге қатты алаңдайтын. Ол оларды іздеп жүріп тауып алатын да жедел түрде жәрдем беретін. Және де түн ішінде есін жиған кезде ол жылап, Жаратушыға былай деп жалбарынатын: «Жаратқан Ием! Тозақтың қай тұңғиығын менімен толтырмақшысың?». Мұны естіген тақуа жанның күмәні сейіліп, әлгі жерден кетіп қалады.
 
Сыла бин Ушаймның достарының бірі өмірден озған кезде ол қабір басына келіп былай деп өлең оқыған екен:
 
«Егер сен қабір азабынан өткен болсаң,
Үлкен қауіптен өткенің.
Егер ол қауіптен өтпеген болсаң,
Онда азаптар сені тосуда».

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi