18 бөлім: Шариғат бекітпесе де, қабірді зиярат етуде игі іс болып есептелінетін амалда - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Ақсай
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 08:59
Ақсай
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Ақсай
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
07:25 08:59 13:22 15:48 17:34 19:09
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

18 бөлім: Шариғат бекітпесе де, қабірді зиярат етуде игі іс болып есептелінетін амалда

18 бөлім: Шариғат бекітпесе де, қабірді зиярат етуде игі іс болып есептелінетін амалда

Жарияланатын күндер Аяқталды
7 қаң. 2016 9 550 0
Скачать в pdf
| A | +
Шариғат бекітпесе де, қабірді зиярат етуде игі іс болып есептелінетін амалдар
 
Адам жүзін қабірге қаратып, арқасын қыбылаға беріп, марқұм болған кісіге сәлем беру –  қабірді зиярат етудегі игі амал болып саналады. Алайда ешқалай да қабірге тиісуге болмайды. Қабірді қолмен тиісуге, сүюге тыйым салынады. Себебі мұндай әдеттер христиандардан келген.
 
Нафи былай деген: "Хазіреті Омардың (Алла одан разы болсын) ұлы – Абдуллаһ Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірін зиярат еткендігін жүз немесе одан да көп рет көргенмін. Ол былай деп айтатын: "Пайғамбарға сәлем, Әбу Бәкірге сәлем, менің әкем – Омарға сәлем!"

Әбу Умама (Алла одан разы болсын) былай баяндаған: "Әнас бин Мәлік (Алла одан разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне келіп, қолын көтеріп, Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем бергендігін көрдім. Ол қолын көтерген кезде мен оны намаз оқиын деп жатыр деп ойлап қалдым, бірақ ол сосын ол жерден қайтып кететін".
 
Барша мүминдердің анасы, хазіреті Айша анамыз (Алла одан разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: "Егер кімде-кім өзінің діндегі бауырының қабірін зиярат етіп, қасында біршама уақыт отыратын болса, қабірде жатқан бақилық болған кісі бауыры оның қабірін зиярат етіп жатқанына қуанып, берген сәлеміне қайтып кеткенінше жауап беріп жатады".
 
Асым Жахдаридің жанұясынан болған бір кісі айтқан: "Мен түсімде Асымды көрдім. Бұл түсті ол қайтыс болғаннан кейін екі жылдан кейін көрдім. Мен одан: "Сен қайтыс болмап па едің?" – деп сұрадым. Ол: "Әлбетте, қайтыс болғанмын!" – деді. Мен одан: "Қазіргі кезде қай жердесің?" – деп сұрақ қойдым.  Ол маған былай жауап берді: "Алланың атымен ант етейін, мен қазір Жәннат бақтарының бірінде жүрмін. Мен және менің бірнеше жолдастарым әр жұманың таңы мен кешінде Әбу Бәкір және Абдуллаһ Музенимен кездесуге жиналамыз. Бұл жерде біз жердегі адамдар жайлы хабарларды алып тұрамыз". Мен одан қайтадан былайша сұрадым: "Сендер ол жерге тәндеріңмен, жандарыңмен барасыңдар ма? Әлде тек жандарың ғана барады ма?". "Тәндеріміз шіріп кеткен, біз ол жерге тек рухтарымызбен жиналамыз", - деді. Мен: "Біздің зиярат еткендерімізді білесіңдер ме?" – деп сұрадым. Ол: "Сендердің зияраттарың жайлы жұманың алдында біліп, жұма күні бойы, сенбі күнінің таңы атқанға дейін біліп отырамыз", - деп жауап берді. Мен енді былай сұрадым: "Неге бұлай басқа күндері емес, тек жұма күні ғана болады?". "Себебі жұма – қасиетті әрі маңызды күн", - деп жауап қатты.
 
Мұхаммед бин Уәси әрдайым жұма күндері қабірлерді зиярат етуші еді. Одан мұны дүйсенбі күнге қалдыруға болмас па деп сұрағандарға былайша жауап беретін: "Менің білуімше, қабірде жатқан кісілер басқалар оларды зиярат ететіндерін мына күндері біледі: жұма күнінен бұрын, жұма күні және одан кейінгі күні".
 
Даххак былай деп айтқан: "Егер кімде-кім жұма күні күн шыққанға дейін қабірді зиярат ететін болса, марқұм болған кісі оны біледі". Неге бұлай болатындығы жайлы одан сұрағанда былайша жауап береді: "Оның себебі жұма күнінің мәнділігінен".
 
Бишр бин Мансур былай айтқан: "Бір кездері оба індеті пайда болғанда бір кісі үнемі оба ауруына шалдыққан адамдардың денелері тасталған Джабан деген жерге келіп, қайтыс болған кісілерге жаназа-намазын оқитын. Кеш түскенде ол қабірлердің қақпасының қасында тұрып, былай деген: "Алла Тағала сендердің жалғыздықтарыңды достықпен алмастырсын. Алла сендерге жақсы достар берсін. Жат жерде болған жалғыздықтарыңның есебі ретінде сендерге мейірімін жаудырсын. Алла Тағала сендердің күнәларыңды кешіріп, жасаған барша игі амалдарыңды қабыл етсін". Ол осылайша айтатын және бұл айтқандарына басқаша ештеңе қоспайтын. Ол өзі мұны былай түсіндірген: "Мен бір кезде жанұяма кеткенім үшін қабірді зиярат етуге бара алмай қалдым. Мен қабірлердің басында оқитын дұғамды әдеттегіше ол жақта емес, өз үйімде отырып оқыдым. Мен ұйықтаған кезде қасымда біршама адамдардың пайда болғанын көрдім. Мен олардың кім екендігін және менен оларға не керектігін сұрадым. Олар: "Біз қабірдегі адамдармыз", - деп жауап берді. Мен олардан не мақсатпен мұнда келгендерін сұрап едім, олар маған былайша жауап қатты: "Сен үйіңе қайтып кеткен кезде сен бізге бір сыйлық жібердің". "Ол нендей сыйлық?" деп сұрадым. "Сен әр кеште біз үшін оқитын дұғаң". Сонда оларға: "Әуре болмаңдар, мен сендерді әр күні кешке зиярат етіп, сыйлықтарыңды беріп тұрамын", - дедім.
 
Башшар бин Галиб Наджрани былай деп айтқан: "Мен әрдайым түсімде дұға етіп жатқан Рабия Әдәуияны көретінмін. Мен ол үшін көп дұға жасайтынмын. Ол маған былай деді: "Уә, Башшар бин Галиб! Үсті жібектен жасалған орамалдармен жабылып, нұрдан жасалған ыдыстарда салынған күйде сенің сыйлықтарың бізге жетіп отырады". Мен одан: "Ол не нәрсе?" – деп сұрадым. "Тірі мүминдердің дұғасы осындай. Олар қайтыс болғандар үшін дұға жасағанда бірден қабыл болады. Ал қабыл болған дұғалар нұрдан жасалған ыдыстарға салынып, үсті жібектен болған орамалдармен оралып әкелінеді. Осындай күйде сыйлықтар марқұмға мынадай сөздермен жеткізіледі: "Бұл сыйлық саған пәленше деген кісіден келді".
 
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: "Қабірде жатқан кісі ауа жетпей қиналып, басқалардан көмек сұрап жатқан кісіге ұқсайды. Ол ұдайы әкесінен, бауырынан және досынан дұға күтіп жатады. Олардың күтіп жатқан дұғасы оларға жеткен кезде бұл сыйлық олар үшін мына өмір мен ондағы болған барлық нәрселерден де хайырлы болады.
 
Расында, тірілер өлілер үшін жіберуі керек болған сыйлықтар – олар үшін оқыған дұғалары мен Алладан олардың күнәларын кешіруін тілеуі".

Бір кісі былай деген екен: "Менің бір досым өмірден озды. Мен оны түсімде көргенде одан былай деп сұрадым: "Сені қабірге қойғаннан бергі жағдайың қалай болып жатыр?" Ол былайша жауап берді: "Маған тозақтың отынан қолында қамшысы бар бір кісі келді. Егер сол кезде ешкім мен үшін дұға етпегенде әлгі қамшысымен мені сабар еді. Алайда дәл сол кезде мен үшін оқылған дұға мені сақтап қалды".
 
Осы келтірілген мысалдарға қарап түсінетініміз – бақилық болған кісінің артынан дұға жасау, жақсы тілектер, сөздер айту игі істер болып табылады, бірақ олар діни заң болып бекітілмеген.

Саид бин Абдуллаһ әл-Азди айтқан: "Мен Әбу Умама Бахилиді өлім аузында жатқанда көрдім. Ол маған былай деді: "Уә, Саид! Мен қайтыс болған кезде, мен үшін Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан нәрселердің барлығын жасашы. Өйткені Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан еді:
 
"Араларыңда біреу қайтыс болған кезде оның денесін қабірге салып болған соң, сол жерді ретке келтіріңдер. Араларыңда біреу шығып, қабірдің басында тұрып былай десін: "Уә, пәленше, түгенше деген әйелдің ұлы!" Ал қайтыс болған адам соны естиді, бірақ жауап бере алмайды. Сол кезде қабірдің басында тұрған кісі қайтадан екінші рет былай десін: "Уә, пәленше!" Бұл сөздерден қабірде жатқан кісі денесін тік ұстап жатады. Сосын әлгі қабір басында тұрған кісі енді үшінші рет қабірдегіге былай айтсын: "Алланың мейіріміне жету үшін және күнәларды кешіруі үшін, я, Аллам, бізге тура жолды көрсет!" Бірақ ол кезде қабірдегі кісінің не дегенін ести алмайсыңдар. Бергі жақта сөйлеп тұрған кісі былай десін: "Тірі кезіңде қабылдаған дініңді есіңе түсір. Ол – Алладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Оның Елшісі екендігіне куәлік еткендігің. Алланы Раббым, Исламды дінім, Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарым, Құранды имамым деп танып, иман етіп, қабылдағаныңды есіңе түсір". Себебі осылай деп жатқан кезде Мункар мен Накир періштелері кейін шегініп, бірі екіншісіне былай деп айтады: "Тұр, бұл жерден кетейік! Бұл айтылып жатқан сөздер біздің мына адамның қасына келуімізге бөгет болады. Өйткені оның куәліктері, дәлелдері оған сіңіп қалған". Сол себепті қабірдегі адамға Мункар мен Накир періштелердің алдындағы жауап беруін Алла Тағала Өзі жеңілдік етеді". Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осылай насихаттап жатқан кезде қасында болған бір кісі: "О, Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)! Қайтыс болған кісінің анасының есімін білмейтін болсақ не істейік?"- депбылай сұрайды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Оны арғы әжеміз – хазіреті Хауа ананың атымен атаңдар", - деп жауап береді.

Қабір басында Құран оқудың ешқандай айыбы жоқ. Әли бин Мұса Хаддад жеткізген: "Бір жерлеуге барғанымызда мен Ахмад бин Ханбалмен бірге болғанмын. Бізбен бірге сонымен қатар Мұхаммед бин Құдама Жәуһари де болды. Қайтыс болған кісіні қабірге салғаннан кейін бір соқыр кісі келіп, қабірдің қасында тұрып Құран оқи бастады. Ахмад бин Ханбал оған былай деді: "Уә, Құран оқушы адам! Қабірдің басында Құран оқу – бидғат (дінге жаңалық енгізу)". Қабір басынан біз бірге қайттық. Осы кезде Мұхаммед бин Құдама Ахмад бин Ханбалдан былай деп сұрады: "О, Әбу Абдуллаһ! Сен Мубашир бин Исмаил Халәби жайлы не ойлайсың?" Ахмад бин Ханбал ол кісінің сенімді кісі екендігін айтты. Сонда Мұхаммед бин Құдама одан: "Сен одан хадис жеткізіп па едің?" деп сұрайды. Ахмад бин Ханбал оған "Иә" деп жауап береді. Оның мұндай құптарлық жауабын алған Мұхаммед бин Құдама айтады: "Мен мынадай ақпаратты Абдуррахман бин Аләдан оның әкесі Мубашшир бин Исмаилдің айтқанын жеткізгенін естідім. Абдуррахман бин Аләның әкесі оған мұны өсиет етіп айтқан екен. Өзі қайтыс болғаннан кейін, денесін қабірге қойғаннан соң, оның басына "Әл-Фатиха", "Әл-Бақара" сүрелерін және "Әл-Бақара" сүресінің соңғы екі аятын оқуларын өсиет еткен". Сосын ол былай дейді: "Хазіреті Омардың ұлы Абдуллаһ (Алла олардан разы болсын) та осылай өсиет еткендігін естігенмін". Осыдан кейін Ахмад бин Ханбал Мұхаммед бин Құдамаға былай дейді: "Бар да, жаңағы кісіге Құран оқи берсін деп айт".
 
Мұхаммед бин Ахмад Мәруәзи былай деп айтқан:
 
"Мен Ахмад бин Ханбалдың былай деп айтқанын естідім: "Қабірге барған кездеріңде "Әл-Ықылас", "Әл-Фаләқ" және "Ән-Нәс" сүрелерін оқыңдар. Ал оның сауабын қабірде жатқан бақилық болған кісілерге арнаңдар. Себебі сендердің бағыштауларың оларға жетеді".

Әбу Калаба айтқан: "Мен Шамнан Басраға жол тарттым. Арада Хандак деген жерге аялдадым. Сол жерде дәрет алып, түнгі екі ракаат намазымды оқыдым. Кейін басымды қабірге қойып, жантайып жатып ұйықтап кетіппін. Сосын мен бір ескерту алдым. Қарасам қабір иесі маған шағымданып жатыр екен. Ол былай деді: "Кешкісінен бері сен маған қиындық жасап жатырсың. Сендер мұны білмейсіңдер, ал біз білеміз. Алайда бір нәрсе жасауға біздің ешқандай күш-қуатымыз жоқ. Сенің оқыған екі ракаат намазың бүкіл әлем мен ондағы бар нәрсенің баршасынан әлдеқайда қайырлы. Қазіргі кезде жер бетінде өмір сүріп жүрген адамдарды Алла мейіріміне алсын! Оларға сәлем айт. Солардың жасаған дұғалары себебінен бізге мол нұр шашылып тұрады".
 
Қабірді зиярат етуші адам онда барғандағы ең маңызды мақсаты – өзіне сабақ алуы.Бұл дегініміз – қабірдің басында оқылған дұғалардан өзіне пайда болуы. Қабірге барып, онда дұға жасағанда бұл дұғаларды бақилық болғандар үшін ғана емес, өзі үшін де жасауы керектігін білуі қажет. Қабірді зиярат етуші адам қабірде жатқан адамның ахуалынан өзіне сабақ алуы керек, яғни ол қайтыс болған адамның халін елестетіп көруі тиіс: оның дене мүшелері қалай іріп-шіріп жатқандығын, қабірде оның қайта тіріліп жатқанын; сосын өзінің де көп кешікпей солардың қатарында болатындығын ойлауы керек.

Мысалы, Мутарриф ибн Әбу Бәкір Хузели былай деген: "Абдулқайстың тайпасынан болған, құлшылығына зор бейім қойған бір қарт әже болған еді. Кеш батысымен ол қатты қысып белбеу тағынып, михрабқа өтуші еді. Ал күндіз болғанда ол михрабтан шығып, қабір басына баратын. Алайда оның қабір басына жиі баратындығын жұрттар кінәраттап, бетіне басатын. Ол әйел былай дейтін: "Егер жүрек қарайып, қатайып, қатты тасқа айналып кетсе, оны мұндай дерттен арылтып, жұмсартуды шіріген өлікке байланысты уағыз арқылы жасауға болады. Мен олардың топырақпен көмілген жүздері мен шіріп кеткен денелерін көргендей боламын. Әттең, сырт көзге тақуа болып, құлшылығына берік көрінетін адамдардың жүрегінде осындай сезім болғанда ғой! Сол кезде мұның жүрекке қаншалықты ауыр екендігін олар түсінер еді. Денені жоқ ететін, дененің болуын тоқтататынөлімнің қаншалықты қатал екендігін сонда түсінетін еді".

Қандай да бір адам құлшылық етуіндегі құлшынысынан, ықыласынан өзін-өзі іштей жеп, жүдеп кеткендігіне еш уақытта таң қалмау керектігін Омар бин Абдуләзиз аса мән беріп айтады. Қиямет қайым келгенге дейінгі уақытта басымызға түсетін қабірдегі өмірімізді ойлап, мына өмірде берілетін уақытымызды сол қабірдегі өмірге дайындалуға жұмсауымыз керек.
 
Бақилық болған кісінің артынан жақсы сөз айтып, мақтау да игі іс болып саналады. Егер қайтыс болған кісінің артынан оның жасап кеткен тек ізгі, жақсы амалдары жайлы айтатын болсақ. Барша мүминдердің анасы – хазіреті Айша анамыз (Алла одан разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген: "Достарыңыз қайтыс болса, ол туралы орынсыз, ойланбай айтатын сөздеріңізді тастаңыздар. Оған қарсы бір жаман сөз айтудан аулақ болыңыздар".

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы былай деп айтқан: "Бақилық болғанның артынан жаман бір нәрсе айтушы болмаңдар. Өйткені ол қазір тек амалдарымен ғана жалғыз қалды..."
 
Басқа бір хадисінде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: "Қайтыс болған адам жайлы тек жақсы нәрселерін еске алыңдар. Себебі олар жәннәти деп қабылданар болса, ал бірақ сендер жаман нәрсе айтып отырсыңдар, бұл сендерге күнә болады. Егер олар тозақтық деп қабылданар болса, олардың сол халдері бұған жеткілікті".
 
Әнас бин Мәлік (Алла одан разы болсын) былай деп жеткізген: "Бір күні біз Пайғамбармен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бірге отырған кезде бір қайтыс болған кісінің денесін адамдар әкетіп бара жатты. Отырған адамдар ол кісінің жаман адам болғандығын айтып сөз етеді. Сол кезде Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Бұл уәжіп болды", - деді.
 
Сосын басқа бір адамның денесін апара жатқанда адамдар оның игі істері жайлы айтады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бұл кезде де: "Уәжіп болды", - дейді. Хазіреті Омар (Алла одан разы болсын) бұл екі кісі үшін айтылған сөздерінің мағынасын сұрайды, оған Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жауап береді: "Сендер мақтаудың астына алып, жақсылығын айтқан адам үшін жәннат уәжіп болды. Ал жаманшылығын айтып, даттаған адам үшін тозақ отына жану уәжіп болды. Себебі сендер Алланың алдындағы жердегі куәгерлерісіңдер!"
 
Әбу Хурайра (Алла одан разы болсын) былай деген: "Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: "Расында, бір кісі қайтыс болғанда адамдар оның ізгі амалдарын айтып, оны мақтап отырады. Бірақ бұл кезде ол кісінің Алла алдындағы дәрежесі басқалай болып тұрған. Сол кезде Алла Тағала өзінің періштелеріне былай дейді: "Қайтыс болған кісінің атынан куәгер болып тұрған Менің құлдарыма куә болуларың үшін сендерді ұстап тұрмын. Менің құлыма байланысты олардың куәларын қабыл алдым. Құлым жайлы білетін нәрселерімді кештім".

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi