19 бөлім: Өлімнің ақиқаты және өлген адамның қайта тірілуге дейінгі қабірдегі жағдайы - Өлім мен қабірдің мінәжат құпиялары
Үржар ауданы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:50
Үржар ауданы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Үржар ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:22 06:50 11:25 14:09 15:53 17:20
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

19 бөлім: Өлімнің ақиқаты және өлген адамның қайта тірілуге дейінгі қабірдегі жағдайы

19 бөлім: Өлімнің ақиқаты және өлген адамның қайта тірілуге дейінгі қабірдегі жағдайы

Жарияланатын күндер Аяқталды
11 қаң. 2016 17 795 0
Скачать в pdf
| A | +
Өлімнің ақиқаты және өлген адамның қайта тірілуге дейінгі қабірдегі жағдайы
 
 
 
Адамдар өлім жайлы қате көзқараста болады, сол себепті олар адасушылыққа тап болады, ал олардың ойлап жүргені тек өздерінің жорамалдары мен болжамдарынан туындаған. Бұл мәселеде олар көбіне қателікке бой алдырады.

Кейбір адамдар өлімді тек "жоқ болып кету" деп түсінеді және Ақырет болмайды, Қияметте жиналуға қайта тірілмейміз деп ойлайды: олардың айтуынша, адамдардың мына өмірде жасаған жақсы, жаман істерінің жақсы не жаман соңы болмайды-мыс. Олар тағы азап немесе өлім болмайды деп айтады. Олардың пайымдауынша, адамның өлімі басқа да жаны бар тіршіліктердің я болмаса өсімдіктердің құрғап, шіріп кетуімен тең екен. Мұндай нәрселерге сену – имансыздардың діні. Бұл – атеистердің көзқарасы.
 
Аллаға және Қиямет күніне сенбейтін адамның наным-пікірі міне осындай пайымдауларға жатады. Ал басқа көзқарасты ұстанатын адамдар өлімді "болмау" деп есептейді, яғни Қиямет күні келгенге дейінгі уақыт аралығында ешқандай азап та, жаза да болмайды деп ойлайды. Олардың көзқарасы бойынша, мұндай жағдай Қиямет күні болғанға дейін созылады-мыс. Үшінші топ адамдардың ойынша, адамның жаны өлмейді, ол мәңгілік болады және өліммен бірге жоқ болып кетпейді. Адамның жаны ғана азап тартады немесе сауап алады. Ал өлген денелерге жаза жасалынбайды. Олар тек шіріп, жоқ болып кетеді. Денелер Қияметте қайта жиналып, тірілмейді деп ойлайды.
 
Бұл көзқарастың барлығы да теріс, дұрыс емес және жалған. Олардың ақиқатпен және әділдікпен ешқандай да байланысы жоқ. Бұл – Құрандағы аяттар мен хадистерден жерден хабарларға қайшы, теріс адасушылық. Өлімнің мәні өзгеруде. Денеден шығып кеткен адамның жаны мәңгілік және өлмейді. Оның үстіне ол амалдары мен өзінің халіне байланысты не азап шегіп жатады, не сауапқа кенеліп, бақытты болады. Адамның жанының денесінен бөлініп, шығып кетуі – оның денеге ие болып, одан басым бола алуының аяқталуын білдіреді. Себебі өлім келуімен дене жанға бағынудан алшақ болады. Адамның дене мүшелері адамның жаны үшін бір нәрсені қолдануына құрал іспеттес болды. Қолдары арқылы адамның жаны бір нәрсені алып, ұстай алды, құлақтары арқылы бір нәрселерді естіп, тыңдай алды, көздері арқылы заттарға қарап, көре алды. Сосын жүрек арқылы адамның жаны заттардың болуы мен шынайы мәнін білді. Яғни бұл деген – жүректің рухты іске қосуы. Осыған байланысты адамның жаны басқа да қажеттіліктер мен дәнекерлерді қолданбастан, заттарды және жалпы бүкіл нәрсенің мәнін біле алады. Сол себепті адамның жаны бір жағдайға, хал-ахуалға, қайғы-қасіретке және уайымға байланысты, соның себебінен қиналады, азапқа ұшырайды, қапа болады және сонымен қатар бақытты да болады, қуаныш пен шаттықты сезінеді.
 
Қайғы, уайым, қиналыс, бақыт, қуаныш, шаттық секілді сезімдердің адамның дене мүшелерімен ешқандай да байланысы болмайды. Осы мағынада қарайтын болсақ, жанның қандай да бір өзіне тән халі, адамның жаны денесінен шығып кеткенде де адам жанымен қоса денесінен бөлініп кетеді. Осылайша адамның жаны денесіне қайта келгенге дейін жалғасады. Басқаша айтқанда, адамның жанының тәніне қайта келуі мен қабір – ақиқатқа тура келмейтін түсінік емес. Мұндай нәрсенің мүмкіндігі секілді адам жанының Қияметке дейін денесіне келмейтінінің мүмкіндігі де рас. Демек, егер Алла Тағала әр құлына деген шешімін айтқан болса, Оның бұны қалай жасауын Өзі жақсырақ біледі. Адамның тәнінің еш нәрсе істей алмайтын халге түсуі сал ауруына шалдығып, адам денесін қимылдата алмай, дене мүшелері өз функцияларын орындай алмай қалғандығымен тең болады. Осыған байланысты, жүйкеге қысым түсірген ауру қаншалықты ауыр болса, сол жерлерде қимыл да, жан да соншалықты шектеулі болады. Дененің бір жерінің қатты дімкәс болуы сол жерде жанның болуына кедергі болады, яғни сол жер жансызданады.
 
Дәл осы жерде адамға жол көрсететін, оны қадағалайтын рухтың ары қарай болуының жалғасын көруге, адам рухының тұрақтылығын түсінуге болады...
 
Дегенмен адам денесінің кейбір мүшелері рухқа қарсы бір нәрсе істегісі келсе де, өз фунцияларынан айырылып, іске жарамай қалады. Өлім атты ақиқаттың мәні адам тәнінің мүшелерінің өз міндеттерін орындаудан қалып, болуынан, қимылдауынан, ептілігінен ада болуында, себебі дененің әрбір мүшесі құрал іспеттес болған.
 
Ал адам рухы болса соларды өзіне құрал ретінде қолданған. Рух дегеніміз – түрлі ақпаратты, қайғыны, қуанышты және т.б. қабылдайтын күш.

Демек, егер адам денесінің мүшелері өзінің жұмыс істеу қалпынан қалса да, адам рухы қуаныш, қайғы-қасіретті қабылдауды жалғастыра береді. Адам рухы бұл тұста да өз қасиетін жоғалтпайды, бұрынғыдай сол қалпында рухани азап пен қиындықты, рахат пен жайлылықты, махаббат пен құштарлықты сезінеді.
 
Расында да, адам деген – білімді, рухани қиыншылықты, рахат сезімді қабылдайтын, сезіне алатын рух. Міне дәл осы өлмейді де, жоқ болып та кетпейді. Асылында, өлімнің мағынасы – адам рухынан денені қолдану құқығын алып тастау деген сөз. Басқаша айтқанда, адам рухының денеге қатысты міндеттерінің аяқталуы. Енді адам тәні рухының "иелігіндегі" құрал болмайды.

Мысалы, адам сал ауруына шалдығуының себебінен қолын қимылдата алмай қалады. Егер сал ауруы қолдың қимылдауына тосқауыл болса, өлім де сал дегенді білдіреді, себебі ол адам тәнінің барлық мүшесін игеруден қалдырады.
 
Адам жайында оның нағыз мағынасы сөз болғанда, мұнда адамның рухы жайлы айтылады, яғни адамның болуының мәні жайындағы мағына.
 
Адам рухының өзгеруі, қайта түрленуі екі түрлі жолмен болады.
 
Біріншісі: адам өзінің көздерін, құлақтарын, тілін, қолдарын, аяқтарын немесе жалпы түгелдей ағзасын қолдана алмай қалған жағдайдағы болатын өзгеріс. Яғни, адам біз атап өткен дене мүшелерінің бірін я болмаса барлығын жоғалтып алуы мүмкін. Немесе өзінің жанұясынан, баласынан, жақынынан не танысынан айырылып қалған кезде адамда қандай-да бір өзгеріс пайда болады. Кейде ол өзінің атын, малын жоғалтып алуы мүмкін немесе қызметшілерінен, үйінен, табысынан, басқа да затынан айырылып қалуы мүмкін. Осылайша ол қайтадан бір өзгеріске ұшырайды.
 
Адам рухани қиындықты сезінуінің бірден-бір себебі – ол жаңағы нәрселерінен айырылып қалғандығынан. Бұл айырылудың қандай болғаны бұл жерде маңызды емес. Бұл жерде маңызды нәрсе айырылудың, жоғалтудың болуында. Бұл айырылысу адамның жақсылығынан, момындығынан болуы мүмкін, кейде адам өзінің жақсы болғандығынан бостандығынан, билігінен және дәулетінен айырылуы мүмкін. Бұл екі жағдайда да адам бірдей халге түседі: опық жейді және қынжылады. Екі жағдайда да көрген қиындықтың айырмашылығы жоқ. Ал өлім болса мұндай емес. Ол адамды бұл дүниедегі барлық байлығынан айырылып, о дүниеге аттануына тура келтіреді.
 
Егер бұл дүниеде адам әуес болып, жанына жақын санаған нәрселері болса, немесе өзі мақтан тұтатын, оны рахаттандыратын заттары болса, олардан айырылған сәтте қиналып, жанына батады. Адам өлген кезде бұл сүйікті нәрселерінің барлығынан айырылады, ал бұл айырылысу, қиналу сезіміне қарсы тұру адам төзбейтіндей дерлік қиын болады. Адамның жаны өзінде бар нәрселердің барлығына бауыр басып қалады: мүлкіне, жерге, жағдайына, байылығына, тіпті өзі киіп жүрген жейдесіне дерлік байланып қалады. Егер адам біз атап өткен нәрселердің өзінде болуынан емес, тек Алланы зікір етуден бақытты болса, дәл осы адамға Алланың мейірімі мен нығметтері жетерлік болады, ал несібесі мен бақыты кемеліне жетеді. Себебі ол адам мен Сүйіктісінің арасында ешқандай да бөгет болмайды. Енді барлық уайым-қайғы мен абыржу деген жоғалады. Өйткені мына өмір мен ондағы бар нәрселер адамға Алланы зікір етуіне кедергілер жасайтын. Міне, бұл – өмір мен өлім арасындағы екі қалыптың бірінші жағдайы.
 
Екіншісі: адам көзі тірісінде көре алмаған нәрселерін өліп жатқанда және өліп кеткеннен кейін анық түрде көреді. Дәл осылай ұйықтап жатқан адам да болып жатқан нәрселерден хабарсыз болады, тек оянғанда ғана оны біле алады, енді өлім келгенде алдында мән бермеген, ескермеген нәрселерді біледі, өзінің ойымен ғана болжамдар жасаған я болмаса тіпті тәрк етіп, қабылдамаған дүниелерді көреді, шынымен оянып, барша ақиқатқа көзі жетеді. Міне, сондықтан да: "Адамдар ұйықтап жатқан қалыпта болады, өліммен олар оянады!" – деп айтылса керек.

Алайда, өкінішке орай, тым кеш болады. Өлім атты адамның шынайы оянуымен оның алдына ең алдымен мына дүниеде тірі кезінде жасаған игі амалдары мен жаман істері әкелінеді. Егер ол жаман нәрселер жасаған болса, сол үшін ол қатты азап шегіп, қиындықтарды көреді. Ал егер жақсы іс жасаған болса, соған лайықты нәрсеге кезігеді де, соны өзінің қалауынша қолданады. Бұл нәрселерді білу адамның жүрегінің бір түкпірінде, құпия секілді жабулы күйде, түйіншікке түйілгендей сақтаулы еді.

Адам мына фәни дүниеге алданып, өткінші өмірге қызығып, дүнияуи істермен қарбалас болып жүргеннен, өкінішке орай, жаңағы түйіншекте түйілген құпияны білуге мұршасы болмайды. Мына алдамшы дүниенің кесірінен өзгеріске ұшыраған адам баласы өзінің сол түйіншегіне қарамастан, немқұрайлыққа, бейқамдыққа салынады. Ал мына өмірмен болып тұрған байланыстардың барлығы үзілген сәтте адамның жасаған істерінің баршасы оның көз алдына келтіріледі де, бүкіл нәрсе айқындалады. Адам мына дүние үшін көзін жауып, шынайы оянып, көзін ашқан кезде өзінің жасаған қате-күнәларын көріп, әбден өкінеді, оның бұлай өкінгенін, қапаланғанын, опық жегенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Адам бұл уақытта өкінгені соншалық, қиыншылықтан, азаптан және қасіреттен құтылу үшін жалындаған оттың түбіне түсіп кетуге даяр болады. Алайда бұл азаптан құтылу болмайды. Осылайша, адам әбден опық жеп, өкінген сәтінде Раббысымен бетпе-бет келеді: “Кітабыңды оқы. Бүгін есеп беру тұрғысынан өз-өзіңе жетесің (делінді) ". ("Әл-Исра" сүресі, 17/14)    
 
Мына өмірде адамның айналасындағылардың оған жаман әсері, сонымен қатар адамның өмірге деген құштарлығы мен қалаулары оның жүрегінен түсінік сезімін мақрұм етеді. Оның мұндай қалыпта болуы өзінің игі істері мен жаман амалдарын ажыратып, көре білуіне бөгет болады. Алайда, аятта айтылғандай, бұл аталмыш кері әсерлерден адам мәңгі өмірде құтылады. Құтылғаннан кейін адам өз-өзіне есеп беріп, өзінің ар-ұжданын жауапқа тартады. Мына дүниелік әсерлерге қатысты қандай да бір шешімге келіп, сол сәтте адам қателіктеріне сылтау іздеп, өзін ақтап шығады не болмаса өзін кінәлап, сөгеді. Міне осындай кемелдікке ол тек ана өмірде жете алады. Алайда оның жағдайы қиын болса, ол мұны құтқара алмайды.
 
Расында, өлім сәті келген кезде адам бұл өмірмен қош айтысып, мына дүниемен байланысы үзіліп, аталған нәрселердің барлығын өз көзімен көреді. Ол бұл ақиқаттың баршасын денесін қара жерге бермес бұрын көреді. Сондықтан оның ішкі дүниесін өкініш сезімі оттай жандырып тұрады. Бұл дегеніміз, яғни, бір жағынан, адам бұл дүниеде өзін бақытты еткен, рахатқа баулыған нәрселерінен айырылып жатқандығынан қиналып, іші ашиды, ал бір жағынан, бұл өмірде жасауы міндет болған нәрселерді жасамағанына іштей өкініп, әбден қапаланып, құса болады.
 
Бұл тек мына дүниелік ләззаттар мен қуаныш-шаттықтармен айырылысудың өкініш оты. Ал бұдан бөлек, ақиқат үшін қамданар және дайындалар амалдарды жасамағандықтан туындаған сезім орны толмас өкініш болады.
 
Міне, сол себепті адам толықтай даярланған күйде жолға шығар болса, ол армандаған, қалаған нәрселеріне қол жеткізе алады және бұған жету үшін біреуден бірдеңе тілемейді. Ақиқатында, міне осылай болуы қажет. Сонымен, осы рухани қиналыстар мен зор қасіреттер – адамның тәні қабірге берілмес бұрын болатын қауіп-қатерлер. Иә, бұдан бөлек, оның денесін қабірге қойғаннан кейін адамның жаны денесіне қайта беріліп, есеп-қисапқа алынып жатқанда тағы да азап пен қиындықтарды көреді. Алайда кей кездері адам бұл азаптардан босатылған болуы мүмкін. Жалпы алғанда, мына дүниенің өткінші қызықтары мен қызылды-жасылды рахатына мас болып, сол үшін адасып жүрген адамның сол кезде көрер ахуалы төмендегідей болмақ.
 
Ойша бір зәулім сарайды елестетіңіз. Оның ішінде бір билеуші өмір сүреді делік. Бұл сарайдың ішінде бәрі бар: қымбат қазына, түрлі бағалы заттар және көздің жауын алар сән-салтанаттар. Бұдан бөлек, ол билеуші рұқсат етілген және тыйым салынған нәрселердің арасына шекара жасап қойған. Бірақ сарай билеушісі ол жерден кетіп қалған кезде, бұл оңтайлы сәтті сол сарайдың ішіндегілердің бірі қолданып қалғысы келіп, билеушінің жұмсақтығын пайдаланып, өзін қалай болса солай ұстай бастайды, мысалы, ешқандай тыйымдарды елеместен билеушінің тұлпарына мініп, дандайсып кетеді. Бұлай жасағанын билеуші көріп қойса, өзін кешіре салады деп ойлап я болмаса бұл істеріне ешқандай да есеп алынбайды деп санап ол адам осындай іске бара береді. Ол адам тағы да басқа жаман істерге де қол сұғады. Кенеттен сол жерде сарай билеушісі келе қалып, жаңағы адам қылмыс жасап жатқан жерінде аңдаусызда оны көріп қояды. Ол жаңағы адамның жасаған істері, бүкіл амалдары жазылған дәптерді оның көзінше ашады. Жасалған әрбір ісі, аттаған әрбір қадамы айдай анық болып тұр.Ал сарай билеушісіне келер болсақ, одан басқа оған қарсы төтеп бере алатын ол жерде ешқандай күш иесі жоқ. Өзі қойған ережелерді елемей, шекараларынан асып кеткен нәрселерге ол тіпті көзін жұма салайын деп тұрған да жоқ. Ол сондай, жаман істер мен жасалған қылмыстардың есебін беріп, сол үшін азаптамай қоймайды. Ол заңға бағынбайтындарға, қарсы шығып, бүлік шығаратындарға қорғаушы болатындарды, соларды ақтайтындарды ешқалай да қабылдамайды.
 
Енді қылмыс үстінде қолға түсіп қалған адамның жағдайын елестетіп көріңіз. Бұл адам билеуші оны жазаламас бұрын-ақ жасағандарына өкініп, намысы оянып, ұялып, тұла бойын қорқыныш сезімі билейді. Енді ол тек қана өзінің жағдайы не боларын ғана ойлайды. Оның мұндай халі кейін жазаланатын жағдайынан да ауыр болады. Алайда ол әлі жазаға тартылып жатқан жоқ болса да.
 
Қайтыс болған адамның жағдайы осыған ұқсайды. Мына өткінші фәни дүние оның басын айналдырып, алдап-арбап, адамды бір күні Қожайынының алдына барып, есеп беретінін ойлатпайды. Ол жер бетіндегі дәулетке, молшылыққа толы өмірі мәңгіге болады деп ойлаған болатын. Оның денесі әлі қабірге салынбаса да, ол өкінішке оранып, ұялып, қиналып, әбден азап шегіп жатады. Қабір азабы әлі басталған да жоқ. Ал өлімалды арпалыс қиындықтар басталып кетті. Алла Тағала бізді осындай қиын жағдайға қалдырмасын, біздерді ондайдан сақтасын! Біз Алла Тағаладан осындай жағдайдан сақтауы үшін пана тілеп, жалбарынамыз.

Шындығында, адамның денесін соғатын таяқ пен оның денесінде қалып қоятын жара іздерінен бөлек зор нәрселер де бар. Бұл – перденің ашылып, адамның жасаған бүкіл амалдарының көрініп, әшкере болуы. Бұл ешқандай қиналыспен, азаппен және жазамен салыстыруға келмейді. Адам өлім аузында жатқан сәтте сезінетін, бастан кешіретін қиыншылықтарын ғана айтып отырмыз. Ал көкірек көзі ояу кей адамдар бұл ақиқаттарды көзі тірісінде жақсырақ біле алады. Сөйтіп бізге оларды жеткізе алады. Одан басқа, Құран мен Сүннетте бұл ақиқаттарға анық дәлел келтіріле, бізге баяндалған.
 
Алайда өлім атты ақиқатты толықтай түсініп, оны айшықтау мүмкін емес. Өмірді шынайы түсінбейтіндер өлімнің де ақиқатын біле алмайды. Өмірді шынайы түсіну адамның жанының не екенін және оның асылындағы мәнін ұғынуға жол болады. Сонымен қатар, оны тек сезімдік түйсік жолымен ғана ұғынуға болады.
 
Тіпті Алла Елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) де рух жайлы сөйлеуге рұқсат етілмеген. Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тек былай дегені ғана жеткен: "Жан (рух) –Раббымның құзырындағы нәрсе".
 
Сол себепті ғұламалар арасында адам рухының шындығындағы мәнін түсінетін ешкім болмаған, бола алмайды да. Олардың мұны түсініп-білуге қабілеттері жоқ. Адам рухының құпиясын ешбір ғалым аша алмайды. Бұл мәселені айшықтау мүмкіндігі тек адам өлгеннен кейін ғана беріледі, яғни өлім дегеніміз адам жанының жоқ болып кетуі емес. Мұнысымен қатар, бұл – адамның жаны түсінуге, заттарды ұғыну қабілетіне ие деген сөз. Көптеген аяттар мен хадистерде осы ақиқат жайлы айтылған және оған асамән берілу керектігі көзделген. 

Оқырмандардың пікірі (0)

Скрыть Hide

Дәрістер тізімі

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi