Ернар Мәжен: Батаменен ел көгереді - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

Ернар Мәжен: Батаменен ел көгереді

Ернар Мәжен: Батаменен ел көгереді

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
10 мам. 2021 1 215 0
Скачать в pdf
| A | +

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА

«Батасыз ел – бағансыз», деген бабымыздың тамаша сөзі бар. «Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер», деген тағы да керемет даналығы бар. «Атадан бота қалғанша, бата қалсын. Бота бір жұттық, бата мың құттық», деген. Сонымен қатар, «Батасыз құл арымас, батасыз ұл жарымас» деген. Өйткені, бата біздер үшін өте маңызды. Пайғамбарымыз ﷺ дуғаның, батаның маңыздылығын біздерге үнемі көрсеткен.

Жақсылық жасау арқылы ата-ананың жолда қалған мүсәпірдің, жапа шеккен адамның батасын алуға, олардың дұғасын алуға, сонымен қатар салихтар, игілердің батасын алуға біздерді үндеген. Сол үшін де мұсылман баласы қолынан келсе үлкендердің батасын алудың жолын қарастыруы керек. Себебі Пайғамбарымыз ﷺ:

«Мұсылманның мұсылманның сыртынан жасаған дұғасы қабыл», деген.

Ал Пайғамбар ﷺ үш адамның дұғасы мүлтіксіз қабыл болады деген. Біріншісі, ата-ананың бала-шағасына жасаған батасы деген. Демек, біздердің дүниеге келуімізге себепкер болған, бізді бағып-қағып өсірген ата-аналарымыздың алдында қызметте болған, солардың әжебіне жарап, ықыласына бөленудің жолын қарастыру керек. Ал, ата-анаға қызмет жасаудың, оларға игілік жасаудың дініміздегі орның, сауабын баршамыз білеміз. Сонымен қатар, ата-аналардың налысы да қабыл болатынын ұмытпауымыз қажет. Сол үшін де, мұсылман баласы үшін, ата-анасының дұғасын алу деген өте үлкен, керемет сый-сыяпатқа, жақсылыққа, бөленетіндігімізді ұмытпауымыз қажет. Қолымыздан келгенше, сол ата-аналарымызға қызмет жасап, батасын алуымызға баршамызға нәсіп етсін деп тілейміз. Екінші хадисте айтылған кісі – сапарда жүрген, жолда қалған кісілердің дұғасы, батасы. Жолда жүрген кісінің жағдайы өз үйіндегідей болмайды. Сол кезде, егер біз жолаушыны көріп, ол кісі жаяу келе жатса, баратын жеріне дейін жеткізіп тастасақ, немесе қиналып, адасып жүрсе жолын көрсетіп жіберсек, немесе басқа да бір қиындыққа душар болса, сол кісілердің қиындығын кетіріп, сол кісілердің батасын алуға тырысуымыз қажет екен.

Біздер, халық ретінде үнемі құдайы қонақ деп сапарда жүрген жолаушылардың сыбағасын сақтағанбыз. Сол құдайы қонақ келіп, сыбағасын жеп, сол үйге дұға тілеп, бата жасайтын болса, оның тілегінің қабыл болатынын бабаларымыз ежелден білген. Сондықтан біз сапарда жүрген адамдарға қызмет жасап, батасын алуға тырысуымыз қажет. Ал үшіншісі, алданған кісі, жапа шеккен кісі болса, сол кісінің көңілін аулап, көмек көрсетіп батасын алудың да ретін қарастыруымыз керек.

Айтылған үш кісінің батасын алған кісінің Ин шаа Аллах екі дүниеде жүзінің жарық болатындығын біз анық білеміз және сенеміз. Себебі, оны бізге Пайғамбарымыз ﷺ өсиет қылды.

Сонымен қатар, оның теріс жағы да бар. Егер ата-анамыздың налысына қалып, қарғысына ұшырайтын болсақ, онда ол кезде біздің жағдайымыз мүшкіл. Сонымен қатар, сапарда жүрген кісінің, өзі қиналып жүрген кезде бір нәрсесін ұрлап не болмаса одан да қиын жағдайға түсіріп, кері дұғасына қалудың да жаман екендігін білуіміз керек.

Сонымен қатар, өзі жапа шегіп, қиналып отырған кісіге одан әрі жапа шеккіздіретін болсақ, ол кезде жағдайымыздың қиын болатындығын біз білуіміз қажет.

Ислам дінінде бізге үйретілген батаның қабыл болатын уақыты және батасы қабыл болатын кісілер туралы айтылған. Сәті келсе, сол уақытты аңдып, сол батасы қабыл болатын жерде, батасы қабыл болатын кісілердің батасын алатын болсақ, Ин шаа Аллаһ біз еш уақытта жаман болмайды екенбіз.

Сондықтан, бата – мұсылманның азығы. Үнемі дұға алып жүру, жақсылыққа бөленіп жүру – мұсылманның игілігі болып табалады. Мұсылманның мұсылманға дұға жасауы өте маңызды. Себебі, кімде-кім өзінің бауырына жақсылық тілейтін болса, періште де ол кісіге дәл сондай жақсылықты саған болсын деп тілеп, дұға жасайды. Егер де біз, періштелердің бізге дұға жасағанын қаласақ, бір бауырымызға бата жасағанды ұмытпауымыз керек. Пайғамбарымыз ﷺ келесі бір хадисінде:

«Кімде-кім бір науқас, ауру кісінің таңертен барып жағдайын сұраса, сол кеш батқанға дейін 70 мың періште әлгі кісіге дұға жасайды. Ал егер де біреу кеш уақытында барып, сол кісінің жағдайын сұрайтын болса, таң атқанға дейін 70 мын періште ол кісіге дұға жасайды», деген екен.

Сондықтан, қазіргі күнімізде біз 70 кісіге «Маған дұға етші» деп айтатын болсақ, сол 70  кісінің жетеуі дұға ететін болса, соның өзі үлкен олжа болмақ. Әйтпесе, ол да жоқ болуы мүмкін. Ал егер періштелердің бізге бата жасағанын қалайтын болсақ, Ин шаа Аллаһ Пайғамбардың жолымен жүріп, айтқанын істейтін болсақ, екі дүниеде жүзіміз жарық болатындығы анық.

Аллаһ Тағала біздерге үлкендерің, игілердің, салихтардың, жақсылардың батасын алуды, сол батасы қабыл болып, екі дүниеде сол батаның шарапатын көруді баршамызға нәсіп етсін.

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi