Кульмусаков Мейіржан: Уағыз - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Дәрістер топтамасы

Кульмусаков Мейіржан: Уағыз

Кульмусаков Мейіржан: Уағыз

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
12 мам. 2021 1 345 0
Скачать в pdf
| A | +

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА

Құрметті көрермендер, Аллах Тағала баршамыздың мына қасиетті Рамазан айында ұстағана оразаларымызды қабыл етсін.

Қазақта мынандай бір жақсы сөз бар – «Жетім көрсең, жебей жүр». Ал енді, осы жетім деген кім және мұсылмандардың жетімдерге деген көзқарасы қандай болу керек, бүгінгі сұхбатымызда осы бір мәселелерді айтатын боламыз.

Жетім деген сөз арабтың «ятим» деген сөзінен келеді. «Ятим, ятума немесе ятума» сөзінен шығады, яғни «жалғыз қалу» деген мағынаны білдіреді екен. Демек, жетім қалу деген сөз әке-шешесінен бірдей айырылып қалған немесе тек қана әкесінен айырылып қалған ұл-қыздарға жетім деген сөз қолданылады екен.

Ал енді, біздің шариғатымызда, фикхта жетім деп балиғат жасқа толмаған, өзінің әкесінен айырылып қалған перзентті жетім деп атайды екен.

Бұл жердегі шарты балиғатқа толмаған болу керек. Егер ол жетім болып, біраз уақыттан кейін балиғат жасына толатын болса, балиғат жасқа келген уақыттан бастап оның мойынынан жетімдігі түсірірледі. Сондықтан, жетім деген өзінің әкесінен немесе екеуінен бірдей айырылған перзент, деп фикхта осы сөзді қолданады екен.

Енді, жетімдер болсын, кедейлер болсын - қоғамның әлсіз топтары болып есептеледі. Аллах Тағала адам баласын жаратқаннан бастап біздердің мойнымызға көптеген нәрсені жүктеді. Солардың бірі, осы қоғамның әлсіз топтарына көңіл бөлу, жағдайларына қарау, және шамасы келгенше бұларға көмектесуді асыл дініміз бұйырды. Жетімдер қоғамның әлсіз топтарына жататындықтан, оларға көмектесу, қамқор болу, жанашыр болу -  айналасындағы мұсылмандарға жүктелген міндет болып есептеледі.

Қарап отырсақ, жетімдер – тікелей Аллах Тағаланың қамқорындағы адамдар деп айтсақ еш қателеспейміз. Өйткені, Аллах Тағала «Ниса» сүресінің, 36-аятында:

«Аллах Тағалаға құлшылық етіңдер және Оған ешқандай ортақ серік қоспаңдар. Өзіңе құлшылық жасап болғаннан кейін, ата-аналарыңа жақсы қараңдар, олармен жақсы қарым-қатынаста болыңдар», дейді.

Яғни, Аллах Тағалаға серік қоспай, нағыз шынайы мұсылман болғаннан кейін Алланың бізге бұйырып отырған нәрсесі осы.

«Содан кейін, ағайын-туыстарға жақсы қарым-қатынаста болыңдар, оларға көмектесіңдер, байланысты үзбеңдер және одан кейін барып, жетімдерге, кедей-кепшіктерге жақсы қарым-қатынаста болыңдар», деп Аллах Тағала бұның бәрін бізге тізбектеп айтып шыққан.

Демек, жақсылық жасау керек болған уақыттағы ең бірінші тұрған, бұл біздердің ата-аналарымыз. Ата-аналарымызға қызметімізді өтеп болғаннан кейін, келесі кезекте туған-туыс, ағайындарға жасаған жақсылығымыз болады екен. Ал енді оларға өздерінің ақысын бере отырып, көмектескеннен кейін, жетім және кедей-кепшіктер келеді екен. Бұл – Аллах Тағаланың мұсылмандарға қойған міндеттерінен екен. Біз осы міндеттерімізбен айналамыздағы жоқ-жітік жетімдерге көмектесіп отырамыз.

Егер қателеспесем, осы аяттағыдай, «жетім» сөзі Құранда 23 жерде келеді екен. Демек, Құрандағы бір сөздің қайта-қайта қайталанып келуі, ол сөздің, істің маңызды болғандығын білдірсе керек. Сондықтан, жетімдерге көмектесу әрбір мұсылманның міндеті болып саналады.

Біздің халықта мынадай бір сөз бар: «Жетімді қуантсаң жерде 70 періште, көкте 70 періште қуанады», деген. Демек, жетімге көмек беру – үлкен бір сауапты істердің бірі. Ал енді, керсінше, егер біз жетімдерге көмек бермей, керісінше олардың ақысын жейтін болсақ, олардың дүние мүлкі болатын болса, сол жетімділігін пайдаланып, дүниесіне қол салып, оларды жұмсайтын болсақ Аллах Тағала оның ауыр күнә екендігін, ертен ақіретте оның азабының тым қатты болатындығын Құран Кәрімде бізге жеткізіп беріп отыр. Сондықтан, қаншалықты оларға көмектесу бізге сауапты болатын болса, соншалықты оларға зиян келтіретін болсақ, оның зардабының орасан зор болатындығын Аллах Тағала білдіріп отыр.

Енді, мына нәрсеге де көңіл аударғанымыз дұрыс болады. Жетімге көмек беру, оның басын сипау, жақсылық жасау - адам баласының дертіне шипа болатын, жүрегін жұмсартатын амал болып саналады. Өйткені, Пайғамбарымызға ﷺ бір кісі келіп:

«О Алланың Елшісі, менің жүрегім тым қатты. Сол қатайған жүрегімді жібітетін бір амалды үйретіңізші маған», деп айтқан уақытта, Пайғамбарымыз ﷺ: «Жетімнің басын сипа», деп айтқан екен.

Демек, жетімнің басын сипаумен адамның жүрегінің қатып кетуінің арасында бір байланыс бар екендігі деген сөз. Басқа бір хадистерде келеді:

«Жетімнің басын сипаған кезде, оның басында қанша тал шаш болатын болса, сонша періште ол үшін Аллах Тағаладан кешірім сұрайды», делінген.

Демек, жақсылық жасау деген сөз – ол біздің дертімізге шипа болады деген сөз. Біз ойлайтын шығармыз, мүмкін біреуге жақсылық жасау арқылы бізден бір шығын шығады, шығынға ұшыраймыз деген ой болуы мүмкін, бірақ, қарап отырсақ, біз жақсылық жасау арқылы шығынға емес, көп пайдаға кенеледі екенбіз.

Жақсылық жасау, кедей-кепшікке көмектесу, жетімнің басын сипау, осындай бір қоғамдағы әлсіз топтарға көмек беру, жүрегімізідң жұмсаруына себепкер болады.

Адамның бұл дүниеде жағдайы өте жақсы, керемет болуы мүмкін. Бірақ, оның жүрегі қатайып тұратын болса, ол сіздің дүние-мүлкіңізден ешқандай пайда болмайды, ол адамға өте ауыр дүние болады. Неліктен деп ойлайсыздар, мұсылман емес мемлекеттердің өзіңде, сол жақта өмір сүретін, дүние-мүлкі, ақшасы бар адамдар кейбір қоғамдық, әлеуметтік жағдайы төмен мемлекетерге барып, солардағы кішкентай балалардың басын сипап, соларға көмек беріп, бетін сүйіп жатады? Өйткені, адамның дүние-мүлкі көп болған сайын, ол бақытсыз болады. Бақытты басқа жақтан іздеу керек. Міне, сол адамдар жағдайы төмен адамдарға көмектесу арқылы, өздерінің жүректеріне бір жылулық силап жатады.

Олай болса, құрметті ағайын, жетімнің басын сипау деген сөзді біз тікелей мағынада түсінбеуіміз керек екен. Ол деген сөз – жетімінің бүкіл жағдайын жасап, соныңда басың сипау деген мағынаны білдіреді.

Аллах Тағала осындай Қасиетті айда жақсы істерді көбейтуді баршамызға нәсіп етсін.

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi