Оралхан Сейдманов: Ағайын тату болса... - Ораза қабыл болсын
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Таң 02:28
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:28 04:13 11:59 17:18 19:39 21:24
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Зуль-хиджа 1445
Миләди
30 маусым 2024

Дәрістер топтамасы

Оралхан Сейдманов: Ағайын тату болса...

Оралхан Сейдманов: Ағайын тату болса...

Жарияланатын күндер Рамазан айы ішінде
25 сәу. 2021 1 873 0
Скачать в pdf
| A | +

 

БЕЙНЕ НҰСҚА  |  АУДИО НҰСҚА


Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. Күллі мақтаулар мен мадақтар Әлемдердің Раббысы Аллаһ Тағалаға болсын, Оның сүйікті Елшісі Пайғамбарымызға, отбасыңа Аллаһ Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын.

 

Алыстағы ағайынды қойып, бүгінгі таңда жақын тұрған өзінің бауырына жақсылық жасамай, алыстап жүрген көптеген қандастарымызды, отандастарымызды кездестіреміз. Аллаһ Тағала бір құрсақта дүниеге келтіргеннен кейін, бір-біріне мейірімді болса екен дейміз. Араб тілінің өзінде құрсақты «рахим» деп атайды. Қазақ тілінде «рақым» сөзі мейірімділікке қолданылады. Сол үшін де бір құрсақта дүниеге келгеннен кейін, бір-бірімізге мейірімді болуымыз керек.

 

Бауырды бір-бірінен алыстатын не? Бүгінгі тақырыбымызда соған тоқталатын боламыз.

 

Әрине, «ә десе, мә деп», сұрағанын аузына тығып, ертенгі күні оны өмірде өзіндік бір шешім қабылдай алмайтын деңгейге жеткізіп қоюға да қарсымыз. Себебі ағасының немесе бауырының дүниесіне арқа сүйеп, соның тапқанын жеп жата беру де жалқаулыққа алып келеді.

 

Хазрет Омардың заманында бір кісі мешіттен шықпай құлшылық етіп жатқанын көріп: «Сен күнделікті мешіттен шықпайсын. Сонда қалайша күнінді көресін? Күнделікті жеп-ішуін бар, оны қалай өтейсін?»,  деп сұраған кезде сол кісі: «Менің бауырым бар. Сол жұмыс жасап, табыс табады», деген кезде Хазрет Омар былай жауап береді: «Демек, саған қарағанда ол көбірек құлшылық жасайды екен».

 

Негізінде қарасаңыз, мешіттен шықпай отырған, дүние таппай отырған бауыры. Бірақ жұмыс жасап, табыс тауып, бауырына көмек көрсетіп тұрған ағасын Хазрет Омар көбірек құлшылық жасайды деп мақтады. Демек, жатып алып, «Мен құлшылық жасап жатырмын», деп қолды қуыстырып, өзгеге салмағынды салып жату да біздің дініміздің құптамайтын нәрсесі. Ал егер бауырынның алдына ішкен асын, бәрін дайындап беретін болсаң да, ол бауырынның қанатының қатаюына кедергі келтіреді.

 

Оған бір көбелектің мысалын келтіргім келіп отыр. Бір профессор бақтан өтіп бара жатқан кезде, өзінің інін жарып шыға алмай қиналып жатқан көбелекті көріп, көмектесейін деп,бәкісімен інін ашып жіберді. Сол кезде, қанаты қатаймаған көбелек ұша алмай, жерге құлай түсіп кетіп, қалған өмірін жерде өткізеді. Ол сол 2 күн бойы інінен шығу үшін, қанатын қатайтады екен.

 

Дәл солай біз де кей кезде, көмектесеміз деп, қанаты қатаймаған, өмірде қиынышлықтарға тосқауыл бере алмайтындай, жалқау қылып қоймауымыз да керек екен.

 

Аллаһ Тағала сіз бен бізді өзге жаратылыстарға қарағанда ерекше етіп жаратты. Тау-тастар, шөп шалан, сол секілді жан-жануарлар да бар. Бұл үшеуін алып қарайтын болсақ, тас көбеймейді, өңбейді, өспейді, тек бір орында тұрады. Бірақ оллар да Алланың жаратылысы. Өсіп жатқан көгал шөптер ұрық тастайды, қайта өседі, бірақ орнынан козғала алмайды. Мал-жануарлар да өседі, төлдейді. Бірақ, орнынан қозғалғанымен, ақыл-есі жоқ. Ал адам баласы ше? Ол барлық жаратылыстардан ерекше. Адам баласына ақыл берілді. Сол үшін мына дүниеде ақыл-есімізді қолдануымыз керек.

 

Жора-жолдастырыңызбен өткізіп жатқан күнделікті өміріңіз қаншалықты тиімді? Ертен басыңызға іс түсіп жатса жаныңыздан солар табылады ма, немесе туған-туыс, бауыр табылады ма? 

 

Бұған тағы бір мысал. Бір ағамыз жора-жолдастарымен көп уақыт өткізетін еді. Күндердің бір күнінде сол кісінің баласы қатты ауруға шалдығып, ауруханаға түседі. Баласынан жанына күнделікті сол кісі және әйелі барып отырған кезде, күнделікті тұрмысы ақсандай бастайды. Сол кезде жанынан табылған бауырлары болды. Әлгі жора-жолдастары жанынан табыла қойған жоқ..

 

Осындай мысалдар өте көп. «Бірге тумақ бар, бірақ бірге жүрмек жоқ», деген де мысал бар. Алайда ол мысал мүлдем жат жұрт болып кет деген нәрсе емес. Сол үшін, мына дүниеде біз мейлініше бауырлардың арасына сызат түсіретін нәрселерден аулақ болуымыз қажет.

 

Бірінші нәрсе, көреалмаушылық. Отбасы ішінде бір бала ерекше болып, қоғамда белсенділігімен, білімімен, маңсабымен артық бола бастаса, басқалардың арасында көре алмаушылық пайда бола бастайды. Бұндай нәрседен біз аулақ болуымыз керек. Әрине, Адам атамыздан келе жатқан дүние, бір-бірін көре алмаудың нәтижесінде тіпті өлтіріп қоюға дейін де барғандар болды. Сондықтан, араға сызат түсіретін нәрселердің бірі – көреалмаушылық.

 

Екіншісі, тіпті негізгісі деп айтуға болады. Істеген нәрсеннен бауырынның есесін күтпей ақ қой. «Аллаһ разылығы үшін жасадым» де да, ұмыт. Себебі, біреуге жақсылық жасап, оның қайтарымын ала алмасаң, қатты қиналасын. Содан, қоғамда көптеген көңілі қалып жатқан адамдарды көреміз. Сол үшін жасаған жақсылықтың бәрін «Аллаһ үшін жасадым» деп қоя салсаңыз, сіз қиналмайсыз. Одан сізге қайтсын, қайтпасын, көңіліңізге алмайсыз. Ал Аллаһ тарапынан сіз жасаған жақсылық міндетті түрде қайтады.

 

Бүгінгі таңда, ағайынның арасында тағы бір сызат болып түсіп жатқан нәрсе – әкеден қалған мирас. Ежелде, қазақта әкеден, ата-анадан қалған мирасты кенжеге, немесе қолда тұрған балаға қалды деп басқалары ризашылығын бере салатын. Бүгінгі таңда, көбінесе қу дүние, тіршілік ағайынның арасын бұзуда.

 

Тағы бір оқиғаға тоқтала кетейін. Бір кісінің үш баласы болады. Әкесінің, қалада тұрып жатқан үйін бір қымбат бағаға сатамыз деп, әкесін өлді деп құжат дайындап, қарттар үйіне апарып тастайды. Дүниені теңдей бөлісе алмаған баласының бірі өкпелеп, әкесінің тірі екендігі туралы хабарды шығарып, жариялайды. Ол да әкесіне деген жанашырлықтан емес, сол бір дүниені қызғаныштан.

 

Егер дүние көзімізге барлық нәрседен жоғары болатын болса, адам баласы әкені, ағайын-туысты елемейтін болады.

 

Бүгінгі таңдағы араға түсіп жатқан тағы бір нәрселердің бірі – дүниеқоныздық. Дүние керек емес демейміз, ол керек. Бірақ өзінің орны болу керек. Ол ағайын-туыстан жоғары тұрып кетпеуі керек.

 

Төрт халифтың арасындағы Әділетті Омар деп аталып кеткен, Хазрет Омардың кезінде 1-2 жігіт әкесінен қалған мирасты бауырыма берейін деп жолға шығып келе жатқан кезде, Мадина қаласында тоқтап, тынығып жатқанда, түйесі өзгенің бағына түсіп, бағын бүлдіре бастайды. Бақтың иесі шығып, таспен ұрған кезде, түйе өліп қалады. «Бір таяқ бата тиеді, бір таяқ қате тиеді», деп айтады қазақта. Мүмкін сол қате тигені болар, түйені өлтіріп қояды. Түйесін өлітіріп қойғаннан кейін әлгі жігіт ашуланып, бақтың иесін өлтіріп қояды. Сол қарттың балалары тұрып, кегімізді аламыз деп қазының алдына алып барады. Сонда әлгі жігіт: «Әкемнен қалған мирас бар еді. Сол мирасты пәлен жерде тұратын бауырыма апарайын, қайтып келгеннен кейін маған не істесеңіздер де мен дайынмын», деп айтады. Сөйтіп жолға шығуын сұрайды. «Орнына кепілдікке не қоясын?», деп сұраған кезде, «Иманымды қоямын. Мен мұсылманмын», деп айтады. Сол кезде Абу Зарр деген сахаба орнынан тұрып: «Мен кепіл боламын» дейді. Уақыт өтіп, әлгі жігіт қайтатын күнінен кешігеді. Сол кезде бүкіл жиналғандар: «Абу Зарр, сен не істедің? Танымайтын кісіге кепілдік бердің. Ендігі халін не болады деген кезде?», Абу Зарр: «Мен тұрмын ғой. Есесіне меннен кектерінді аласыңдар» дейді. Сөйтіп тұрғанда, күн батар кезде әлгі жігіт асығып, қайтып келеді. Сонда ол жігіттен: «Өлімің үшін неге соншалықты асығып келдің?», деп сұраған кезде, әлгі жігіт: «Жоқ, мен имансыз қаламын ба деп қорықтым. Мен иманымды қойдым», дейді. Сол кезде, Абу Заррдан: «Сен не үшін танымайтын бір кісіге кепіл болдың? Жанын кетер еді» деген кезде, Абу Зарр: «Мұхаммед Пайғамбар өмірден өте салысымен, көп уақыт ұзамай бұл бауырлар бір-біріне сенбейтін болыпты деген сөз тарамас үшін, мен осындай іске бардым», депті.

 

Қарасаңыз, Пайғамбарымыз бір-біріне бауыр еткен сахабаларымыздың өзі сондай нәрсеге барып жатқанда, бір құрсақтан шыққан бауырлар, не үшін бір-бірімізге сондай жанашырлыққа бармасқа?

 

Аллаһ Тағала баршамыздың ниетімізді қабыл, мұратымызды асыл етсін. Бір-бірімізге деген бауырмашылдығымызды Аллаһ Тағала арттырсын.

 

Оқырмандардың пікірі (0)

00:00
00:00
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi