Дәрістер топтамасы
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алла Тағаланың атымен бастаймын. Күллі мақтаулар мен мадақтар Әлемдердің Раббысы Аллаха Тағалаға, Оның сүйікті Елшісіне, отбасына, сахабаларына Алланың сәлемі мен салауаты болсын.
Бүгінгі қозғайтын тақырыбымыз - «Көркем мінез – адамның көркі».
Құран Кәрімде Аллах Тағала Пайғамбарымыз ﷺ біз үшін үлгі деп сипаттайды:
«Көркем үлгі».
Бірақ, бізге қай қырынан да ол кіснің үлгі екендігін баяндап тұрса да, Құранда Аллах Тағала ол кісінің мінезін ерекше сипаттайды:
«Сөзсіз, сен көркем мінез иесісін», дейді.
Ендігі жерде қарасақ Пайғамбарымыз жан-жақты бізге үлгі бола тұра, неге Аллах Тағала тек осы көркем мінезділігі жағынан Пайғамбарымызды дәріптеп жатыр? Және Пайғамбарымыз ﷺ да өзінің хадисінде:
«Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілгенмін», деген.
Пайғамбар ﷺ бүкіл миссиясын алып қарайық, оның Пайғамбарлығы, оның уахиды бізге жеткізуі, құлшылықта, ғибадатта бізге үлгі болуы, өмірде қалай әке болу керек, қалай жар болу керек, сол бүкіл Пайғамбарлық миссиясын бір шетке қойып, Пайғамбарымыз ﷺ бізге көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім», деп осы бір-ақ ауыз сөзбен бізге білдіріп жатыр деп ойлайсыздар? Себебі шынында да бұл көркем мінез – кісінің көркі екен. Егер сіз көркем мінезді бола білсеңіз, сіздің жаныңызға сондай адамдар да жиналады. Оған қатысты Аллах Тағала Пайғамбарымызға айтқан:
«Егер сен қатты жүректі болғанында, жанында ешкім қалмас еді. Бәрі қашып кетер еді», дейді.
Сол үшін, жұмсақтылық, көркем мінезді болу, жанына адамдарды жинай білетін, төңірегіне тек жақсылардың жиналатынна себеп болатын бірден-бір осы екен.
Көркем мінезді бола білген адамның сөзі өтімді болады. Сөзіне ісі сай болады. Себебі, біздің қоғам алдындағы жарты сағаттық сұхбатымыз, немесе өзгелердің адындағы бір сағаттық сөзіміз емес, ар жағындағы 23 сағаттық өміріміз. Шын мәнінде, айтып жатқан сөзің ісіне сәйкес па? Өмірінде сондайсын ба, соған қаралады. Сол үшін қияметте «қонысын, көршін» деген сөз неліктен айтылады? Себебі, ол сенің қандай екендігінді біледі. Күнделікті сенің іс-әрекетіне ол куә. Сол үшін, көркем мінезді бола білу үшін адам баласы өзінің бойындғы қисық қылықтардан арылуға тырысу керек.
Көркем мінез деген тек қана жымиып жүру деген сөз емес. Егер бүкіл ізгі сипаттардың барлығын жинайтын болсақ, араб тілінде «хуснун хульк» деген сөз бар. Пайғамбарымыз ﷺ айнаға қарап тұрып мынадай дұға жасайды екен:
«Уа Раббым, менің жаратылсымды көркем еттің. Ендеше, мінезімді де көркем етші».
Шынымен де қарасаңыз, бүкіл жаратылыстардың ішінде адамзаттай сұлу жаратылыс жоқ. Сұлу болып тұрған құстың өзіне жақындап қарасаңыз, адамзаттай сұлу емес. Үстінде түктері, мұрны, көзі немесе басқа бір жері келіспей тұрады. Адамзатты қараңызшы. Барлығын Аллах Тағала кемелдік деңгейінде жаратты. Ал енді Пайғамбарымызда ﷺ Аллах Тағала Өзі мақтап тұр:
«Сен көркем мінез иесісін», деп.
Бірақ Пайғамбардың өзі айнаға қарап тұрып: «Менің кескінімді көрікті еткеніндей, мінезімді де көрікті етші», деп дұға жасауда.
Олай болса, сіз бен біз екі бастан дұға жасап, сұрауымыз керек. Пайғамбарымыз ﷺ өзі Аллах Тағаладан сұрап жатқанда, сіз бен біз кімбіз оның жанында? Кісімен амандасу барысында, өзглермен мәміле жасау барысында, сауда-саттықта, келісім-шарттарда адамның бойындағы сипат, мінез көрініс тауып жатады. Сол үшін, қоғамдағы өзгелермен қарым-қатынасқа біз ерекше мән беруіміз қажет.
Бірде Пайғамбарымыздың ﷺ алдына бір кісі келіп: «Уа Алланың Елшісі, ислам дініндегі ең жақсы амал қандай?», деп сұрағанда, Пайғамбарымыз ﷺ: «Көркем мінез», дейді. Әлгі кісі, шамалы уақыт өтіп, қайта келіп: «Уа Алланың Елшісі, ислам дінінде ең жақсы амал қандай?», деп сұраған кезде, Пайғамбар ﷺ: «Көркем мінез», деп толыққанды бұрылып жауап береді. Араға біраз уақыт салып, әлгі кісі тағы келіп сол сұрағын қояды.
Пайғамбарымыз ﷺ толықтай денесімен бұрылып: «Көркем мінез», деп жауап береді. Әлгі кісінің сұрағысы келгені бәлкім басқа нәрсе болар. Пайғамбарымыздың сөзің бөлгісі келмей, мүмкін айтып қалар тағы да басқасын деп, сол жағынан келіп қайта сол сұрақты қойған. Пайғамбарымыз ﷺ ешқашан басымен ғана бұрылып жауап бермейді екен.
Толықтай денесін бұрып, сол кісіге қарап отырып: «Сен менің айтқанымды түсінбедің ау?», деп Пайғамбарымыз 3-4 рет қайтарыла сұрақ қойылса да, оған ашу таңытпай, зекімей, көркем мінезділікті ісімен көрсетті.
Аллах Тағала баршамыздың мінезімізді көрікті етсін, кескін-келбетімізді көрікті еткендей, мінезіміздің де көрікті болуын нәсіп етсін.