Ислам дінін жаңадан қабылдағандардың Рамазан айы. Фатима: «Мен үшін Рамазан – кереметтерді күтетін ай»
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Ислам дінін жаңадан қабылдағандардың Рамазан айы. Фатима: «Мен үшін Рамазан – кереметтерді күтетін ай»

| A | +

Алланың көмегімен біз, Ислам дінін жаңадан қабылдаған орыс ұлтты мұсылман әпке-қарындастарымыздың өздерінің алғашқы Рамазан айы туралы, алғашқы оразалары жайлы және Рамазан айының оларға қандай әсер қалдырғандығы туралы айтқан әңгімелерін жинақтап, мақала етіп жарияламақпыз. 
 

Бүгін біз, Мәскеу қаласының тұрғыны Фатима есімді қарындасымызбен оның алғашқы Рамазаны жайында әңгімелесеміз.
 
Әссәламу әлейкум, Фатима, бізге уақытыңызды бөлгеніңіз үшін көп рахмет. Өзіңіздің алғашқы Рамазан айыңыз туралы қысқаша айтып беріңіз – сіз оразаны Исламды қабылдаған жылы ұстаған екенсіз: оразаны толық бір ай бойы тұттыңыз ба әлде белгілі бір күндерде ғана ұстадыңыз ба, қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
 
- Уа әлейкум әссәләм. Әлхамдулиллә, мен Исламды 2009 жылдың көктемінде - наурыз айында  қабылдадым. Сол жылы Алланың мейірімімен ораза ұстай бастадым. Рамазан айы жайлы мен Исламға келмей тұрып та білетінмін – адамдардың көпшілігі мұсылмандардың таң атқаннан кеш батқанша тамақ пен су ішпейтін ерекше айлары бар екенің біледі. Исламды қабылдамай тұрғанымда көптеген діни рәсімдер жайлы оқып, мұсылмандардың ораза ұстайтын айлары – Рамазан туралы білдім. Сол кезден бастап менде бұл рәсімге деген құрмет пайда болды – адамдар Алла ризалығы үшін, діндері үшін күні бойы тамақ пен судан бас тартады, ал мұсылмандардың көп бөлігі ыстық жақтарда өмір сүреді ғой. Бұл маған өте ұнады.
 
Ақыры, мен өзім Исламды қабылдап, ораза ұстау маған да парыз болды. Ораза тұту мен үшін өте қызық болды, әрине, «қалай болар екен» деген қорқыныш та болды. Сондай-ақ ата-анамның пікірлерінен де имендім – олар менің Исламды қабылдауыма қауіптене қарады, алайда олардың осы жайтты сабырлықпен қабылдағандарын айтып кету керек, себебі олар өте сыпайы және зиялы адамдар, сондықтан барлығы дерлік айғай-шусыз  өтті, олар менің таңдауыма түсініспеушілікпен қарап, қабылдады. Дегенмен, олар ораза ұстауыма қарсы болды, әсіресе анам – ол менің денсаулығым үшін алаңдап, мұсылмандардың оразалары өте қиын және денсаулыққа зиян амал деп санады. Сондықтан мен ата-анама Рамазан айының басталғаны мен ораза туралы ештеңе айтпастан ораза тұтқанымды байқатпаймын деп шештім.
 
Сіз Рамазан айының басталуына арнайы дайындық жасадыңыз ба?
 
- Иә, мен Рамазанның басталуына дайындалуға тырыстым – оразаның бір айлық кестесін басып шығардым, мұсылман дәрігерлердің ораза кезінде сәресі мен ауызашарға қандай тағамдарды жеген абзал екендігі жайлы кеңестерін оқыдым. Осылайша, алғаш сәресіме мен ботқа пісіріп оған жемістерді қостым, өйткені ұзақ сіңетін көмірсулар және мидың азықтануы үшін тәттілер жеу керек деп оқыдым. Көбірек сұйықтық ішуге тырыстым, бірақ, түсінгенімше, бұл жайында дәрігерлердің арасында келіспеушіліктер бар екен: біреулер ағзаның құрғамауы үшін сәресіге көбірек тәтті шай мен су ішкен дұрыс десе, басқалары керісінше, ауыз бекітудің алдында көп су ішу- дұрыс емес, өйткені жиі несеп шығару – ағзадағы пайдалы заттардың сумен бірге шығып кетуіне әкеп соқтырады дейді.
 
Ораза ұстау, яғни тамақ пен судан тежеу қиынға соқты ма?
 
- Жоқ, білесіз бе, тамақтан бас тарту мен үшін қиын болмады. Бұл жайында маған көптеген мұсылман адамдар айтатын, тіпті тамақ ішкенді жақсы көретін жандар Рамазан айында басқаша әсерде болатынын естідім, бұл ай – ерекше ай, онда Алланың берекеті бар. Ораза тұтуға ниеттеніп, ықылас білдірсең, тамаққа деген қызығушылық мүлде жоғалады. Сол кезде менің анам аурып, маған тамақ әзірлеу тура келді, алайда мен тамақ ішуді қаламадым. Соңында, әрине әлсіреп, шаршап қаласың, әсіресе күні бойы жұмыс жасап, шаруамен айналысқан болсаң, себебі бұл кезде бізді әдеттегі істерден ешкім босатпайды. Менің алғашқы Рамазан айым күзде болды, күндер ұзақ емес және ыстық болған жоқ – бұл мен үшін жеңілдік болды.
 
Келесі жылы қиындау болды – 2010 жылы Мәскеуде ауа райы өте ыстық болды, әсіресе тамыз айында, жаңбыр жаумай, ормандар өртеніп жатты. Сондықтан қарным ашпай, мен суға ғана зәру болдым, жиі бетімді жуып, шомылып тұруға тырыстым, сол кезде жеңілдеу болды. Есесіне, ауызашардағы ең алғаш жұтым судың дәмін сезгенде мен ерекше рахаттандым, ал құрма мен үшін жәннат жемісі болды. Алла Тағаланың даналығы шексіз – нығметтерін бағалай білсін деп, Ол бізге осындай керемет сынақтары бұйырды, себебі біз әдеттегі уақытта су мен тамақты бізге тиесілі деп білеміз, оларды бағаламай, қадірін білмей, олар үшін шүкіршілігімізді айтпаймыз.
 
Ата-анаңыз сіздің ораза ұстағаныңызға қарсы бола тұра мұны қалайша бір ай бойы олардан  жасырып өттіңіз?
 
- Анам аурып жатты, мен оны арнайы жеңіл тағамдармен тамақтандыратынмын. Өзіме бөлек ас дайындағандығымнан, ол мені тамақ ішіп жүр деп ойлады. Ал әкем жұмыстан кеш, тура ауызашар уақытында үйге оралып жүрді. Әрине, ораза біткеннен кейін мен оларға ораза ұстағанымды айттым. Олар мен үшін алаңдап, бір жағынан менің төзімділігіме таң қалды. Бұндай сезім жалғыз менде ғана болған жоқ. Анамның жақын құрбысы әдетте тамақ ішкенді қатты ұнатады, бірақ Рамазан айында күні бойы тамақтанбай, су ішпей емін-екін жүре береді, әрине, Алла жеңілдігін береді.
 
Сіз Рамазан айы – ерекше, берекетке толы ай екеніне келісесіз бе, оны сезесіз бе?
 
- Иә, әрине. Исламды қабылдамай тұрғанымда, бірнеше жыл бұрын менің мұсылман құрбыларым пайда болды, олар басқа қалаларда тұрғандықтан, мен олармен ғаламтор арқылы сөйлесіп жүрдім. Сол кезде мені Исламдағы барлық нәрсе қызықтырды. Мен оларға дін жайында, құлшылықтары дінді қалай ұстанатындары жайлы сұрақтарымды үсті-үстіне қоятынмын. Сонымен қатар оларды әрдайым мұсылман мерекелерімен, соның ішінде Рамазан айының басталуымен құттықтап, тілек білдіріп, хат жіберетінмін. Сол кезде-ақ, неге екенін білмеймін, Рамазан мен үшін Жаңа жыл секілді көрінді.
 
Міне қызық, неліктен?
 
- Мұның себебі жұлдызды түн, жарқыраған мешіт пен таңғажайып сиқырлы нұр бейнеленген құттықтау хаттарында еді. Мен сол бастан–ақ бұл – Алланың, әсіресе Қадір түні болатын соңғы он күнінде ерекше берекет жіберетін ай екенін білген едім. Иман келтірмей тұрып та, мен Рамазан айының түндерінен бір ғажап нәрсені күтетінмін. Бала кезімде менде бұл сезім Жаңа жыл келгенде пайда болатын - ғажайып түн, армандар мен тілектер орындалатын ерекше сәт.
 
Сондықтан Рамазан айы- ерекше ай деу өте орынды. Иә, дәл солай. Қазір де мен оны асыға күтемін, жүрегім зуылдап, бір ғажап, қуаныш, армандар орындалатын, өміріміз бен адамдар жақсаратын ерекше сәтті күтемін. Әсіресе бұл түнде сезіледі – барлық адамдар ұйқыға кетіп, айналада тыныштық, ал біз тарауық намазын оқып, сәресін үшу үшін тұрып, Алла Тағала біздің ғибадатымызды қабыл етіп, дұғаларымзды естиді деп үміттенеміз.
 
Мен айтып кеткенімдей, бұл айда ораза ұстау мен ғибадат ету үшін мұсылмандарға қосымша  күш қуат берілетін секілді. Басқа кезге қарағанда түн ортасында ұйқыдан тұру оңайға түседі, әсіресе Рамазан түндері қысқа маусым айына түскен соңғы жылдары, біз сәресі мен таң намазына дейін кірпік қақпаймыз (құптан намазы түнгі 11-де басталады, ал таң намазының уақыты түнгі екіден асқанда кіреді, сол себепті осы аралықта ұйқыға кетудің мән-мағынасы жоқ), басқа кезде бұндай тәртіпке шыдап беру өте қиын. Алайда, Рамазан айында бұл өте оңай әрі қуаныш тудырады.  
 
Мәскеудегі мұсылман жамағаты Рамазан айын қалай өткізеді? Ауызашарға жиналып, мешітке барасыздар ма?
 
- Әлбетте, Рамазан – ізгі амалдар жасау мен дін бауырларымызға көмектесу айы. Осы кезде мұсылмандар реніштерін кешіріп, ұрсыспауға тырысады, бір үммет секілді ынтымақты нығайтуға қадам басады. Бұны басқа дін өкілдерінің арасында жасау маңызды – Рамазан айының қасиеттілігі мен қуанышын барлық адамдар сезінулері тиіс. Осылайша біздің әпкелеріміз бір-бірлерін ауызашарға шақырып, мешітке жиналады, қайырымдылық ауызашарлар ұйымдастырады. Біздің  Поклонная тауындағы Мемориалды мешітімізде жыл сайын «Рамазан шатыры» атты шара ұйымдастырылады – мешіттің ауласында шатыр орнатылып, оның ішінде ауызашар, үлкен адамдармен кездесулер, диаспораларға арналған (татар, башқұрт, дағыстан, иран, т.б.) тақырыптық кештер өткізіледі. Осы шараларға Ислам жайында білгісі келетін мұсылман еместер де келеді.
 
Сіз тарауық намазын мешітте ме әлде үйде оқисыз ба?
 
- Біз мешітке барғанды жақсы көреміз, себебі ол - діндес бауырларымызбен араласып, дін туралы уағыз тыңдайтын орын. Алайда Мәскеу қаласында мешіттер аз болғандықтан, ер адамдар жамағаты тым көп болады, сондықтан біз мешітке адам саны аз болатын жұмыс күндері барамыз. Жұма намаздарына әйелдер мүлде қатыспайды деп айтуға болады. Бұл тарауық намазына да қатысты – ол жерде адамдардың саны тым көп болғандықтан әйел адамға тарауықты үйде оқыған абзал деп санаймын. Үйде оқылған намаздың сауабы да көбірек болады. Оған қоса, мәскеулік мешіттердің көбінде тиісті болған жиырма емес, сегіз-ақ ракат оқылады да, қалған бөлігін үйге барып жалғастыруға тура келеді. Әйтсе де, Рамазан айы ерекше болғандықтан, мешіттердің ішіндегі ахуал да өзгеше болады. Барлығы ауызашар уақытын күтіп, әңгімелесіп, Құран оқып отырады.
 
Өзге дін өкілдері Рамазан айы кезінде мұсылмандарға қандай қарым-қатынас жасайды – мысалы, оқу немесе жұмыс орындарында қасиетті айымыз жайлы қандай пікірлер білдіреді?
 
- Әрине әртүрлі, бірақ көп жағдайда құрметпен қарайды. Мен жоғарыда айтып кеткендей, су мен тамақтан бас тарту амалы менде сыйластық сезімін оятатын. Басқа адамдар да осы сезімде болатын сияқты. Мен үйде отырып жұмыс жасаймын, бірақ құрбыларым ораза кезінде оларға мұсылман емес әріптестері құрмет көрсетіп, олардың көзінше тамақ ішпеуге тырысып, қолдау көрсететіндерін айтқан. Ата-аналарымыз бізді аяйды, сонда да ғибадатымызға құрметпен қарайды.
 
Жалпы қоғамда, әсіресе басқа дін өкілдері арасында тұрып көрмеген мұсылмандардың арасында мынадай түсінік қалыптасқан: Мәскеу секілді мұсылман емес қалада өмір сүру – сұмдық нәрсе, бұл жерде барлығы мұсылмандарды жек көріп, аңдып, қастандық жасап, шеттетіп, құлшылық етуге кедергі келтіреді. Әрине, ондай жағдайлар да болып тұрады, алайда бізге деген көзқарастардың көбісі жағымды, жылы шырайлы, адамдардың еттері бізге үйреніп, бөгет жасамайды. Ал кейбір адамдар ораза ұстау, кимешек кию тәрізді ғұрыптарымызды аса құрметтейді. Парасатты адам дінге құрметпен қарап, сыйластық білдіреді, ал әр дін өкілдерінде бар болған жаман, надандарға назар аударудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
 
Сіз мұсылман емес, әсіресе мұсылмандардың оразаларын менсінбей, өздерінің оразаларының артықшылығын дәлелдегілері келетін православты христиандар тарапынан: «біздің оразамыз қиынырақ келеді. Күндіз тамақ ішпеу түкке тұрмайды, есесіне, күн батқаннан кейін қалағаның ішіп-жеп, көңіл көтеріп жатады ғой» - деген пікірге тап болып па едіңіз? Олардың көбі Рамазан айында мұсылман елдеріне барып, көздерімен көргендерін алдыға тартып, мұсылмандардың, әсіресе жастар арасында ауызашардан соң орын алатын келеңсіз жағдайларды (әйел адамдарға тиісу, ішімдік ішу сияқты) айып ретінде айтады. Осы жайлы сіз не ойлайсыз?
 
- Иә, мен ондай жағдайларды естідім. Біздің Мемориалды мешітімізге мұсылман емес адамдар тобы экскурсияға келіп, имам оларға Исламның бес тірегі жайлы, оның ішінде Рамазан айының оразасы туралы баяндап тұрған еді, сол кезде топ арасынан бір әйел шығып, осындай пікірін білдірген болатын.
 
Шындығын айтсам, осындай пікірлер маған ұнамайды – біріншіден, күні бойы су және тамақ ішпеу (әсіресе ауа райы ыстық, күн 20 сағаттан аса ұзақ болса) – өте қиын, бұған қоса күнделікті жұмысыңды атқарып, үй шаруасымен айналысу керек, кешке тамақ әзірлеп, дүкендерге барып, балаларға қарау керек. Сондықтан, кешке тек тамақ ішуге күшін қалып, аса тоюға шамаң да келмейді. Тып-тыныш жерде намаз оқып, Құран мен зікір оқығың келеді. «Қалағанын ішіп-жеп, көңіл көтерген» қайдан болсын. 
 
Сізде осы жылы алғаш рет ораза ұстайын деп жатқан мұсылмандарға беретін кеңесіңіз бар ма, қандай тағамдарды жеп, өз-өзіңді қалай ұстап, немен айналысқан жөн?
 
- Ең алдымен, қайраттылық пен сабырлық жинау керек – бұл бізге көрінетіндей қиын емес. Күн тәртібіңізді дұрыстаңыз – ұйқыңызды қандыру үшін ертерек жатып, теледидар көру мен ғаламторда отыруды азайтыңыз, салауатты түрде уақытылы, пайдалы тағамдармен тамақтаныңыз, Рамазан айында асқазаныңыз ауырмасын – фастфудты қоя тұрған жөн. Қазірден бастап Шағбан айында үйрену үшін, нәпіл оразаларды ұстап көріп, сіз оразаның қалай өтетіні мен қандай әрекеттерді жасау керек екендігін білесіз. Рамазан айы кезінде сәресі мен ауызашарда дұрыс тамақтану керек – қуырылған, ащы, қатты тұздалған мен аса тәтті, ұннан жасалған ауыр тағамдардан алшақ болыңыз. Көбірек көкөніс (балғын, піскен және бұқтырылған) жесеңіз тым жақсы.
 
Таң ертең ұзақ қорытылатын ас жеген пайдалы – ботқа, күріш, ет пен балық. Сондай-ақ сүтті тағамдар, құрма, мейіз, өрік және басқа да күш беретін кептірілген жемістер пайдалы. Айтқанымдай, тамақ буға піскен, немесе аз ғана күнбағыс майына қуырылған болуы керек, ал тым қатты қуырылған, тұзды, дәмдеуіштері қосылған тағамдар шөлдетіп немесе асқазанда ауырлық тудыру мүмкін. Кешке де солай – ауыр тамақ жемей, ұн тағамдарынан (көптеген ұлттық тағамдар секілді) алшақ болған жақсы. Көкөністерден жасалған көже немесе ет немесе балықпен бұқтырылған көкөністі тағаммен ауыз ашқан пайдалы. Өсімдік салаты, жемістер мен шырындар да жақсы ас болып  табылады. Көбірек сұйықтық ішіңіз, алайда газдалған сусын емес, қантсыз шай мен минералды су, қышқыл сүтті сусын ішкен тіпті керемет.
 
Құран оқып, құлшылық жасауға күшіңіз қалу үшін тойып жемеңіз. Рамазан айында әр бір минутыңызды бағалап, уақыттың бос өтпеуін қадағалаңыз. Себебі Рамазан - ерекше ай. Күндіз жұмыс немесе үй шаруасын істемесеңіз, уақытыңызды теледидармен, компьютермен немесе әлеуметтік желілерде өткізбеңіз. Құран тыңдап, оқып, басқа да діни уағыздарды тыңдап, немесе дұға тілеп Аллаға зікір етіңіз. Инша Алла, сіз үшін сол уақыт пайдалы өтетін болады.  
 
Ауызашар және сәресіге тамақ дайындайтын әйелдерге айтарым, Рамазан айын «асқазан мерекесіне» айналдырмай, құлшылық жасауға күш қалдырыңыздар. Ғибадат жасауға уақытыңыздың болуы үшін, күрделі және уақытыңызды көп алатын тағамдар дайындаумен (күнделікті болмаса да) уақытыңызды кетірмеңіз.
 
Уақытыңызды үнемдеу үшін, мұздатқышқа жартылай дайын тағамдар салып қоюға болады. Мысалы: көкөністерді турап қоюға болады (тәтті бұрыш, асқабақ, кәді, бадана, сәбіз және т.б.), ет немесе балықты бөліп, ыдыстарға салып қойсаңыз болады. Отбасыңызда автокөлік болса, базарға немесе үлкен супермаркетке барып, көбірек азық-түлік алып қойыңыз. Осының бәрі тамақ пісіруіңізді жеңілдетеді.
 
Ең бастысы, мұсылманның қаруы – дұғаны ұмытпаңыз. Алладан оразаңызды жеңілдетуін сұраңыз, сол кезде қиындықтарға тап болмайсыз. Әмин.
Предыдущий Следующий
Ынсапты радикализм Кез-келген есіктің кілті

Тақырып аясындағы мақалалар

Ислам күнтізбесі Шәууәл айында оразаны қалай тұту керек?
Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді. Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келі...
Ислам күнтізбесі Кешірім айы Рамазанға бір қадам
Бірде бір бауырымыз өзгелердің Рамазанды асыға күтіп жүргенін көргенде: «Шөлдеу мен ашығу айын өзгелер не үшін асыға күтеді екен?»,- деп өзінің ораза тұтып жүргенін елестете алмағандығын айтып берді....
Ислам күнтізбесі Қадір түніне 7 амал
«Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік», – деп Алла Тағала бұл түннің мәртебесі Құран арқылы көтерілгендігін баяндайды. Араб тіліндегі «القدر» сөзі біздің «қадірлі, ұлы, беделді, мәртебелі» деген мағыналарды білдіреді. Сондай-ақ,біздің сөздік қорымыздағы «тағдыр» сөзі де негізінен осы әріптерден алы...
Ислам күнтізбесі Рамазан 2017. Сөз соңында
Кейбір жандарға осы жылғы Рамазан айы кезекті қадам болса, кейбір жандарға Рамазан айы тумады да. Өмір уақытша әрі жылдам ағысты. Ал оның ақырғы мерзімі Аллаға ғана аян. Кеше 23 жаста едік, бүгін 34 ке келсек, Алла қалап өмір берсе, ертең 60-ты арақалаймыз....
Ислам күнтізбесі Ораза Айт мерекесі күні сәресіге тұру керек пе және қанша уақыт ауыз бекіту кажет?
Мұсылмандар арасында Ораза Айт мерекесі алдында әдеттегідей сәресі ішу керек деген ақпарат кең тараған. Бізге осыған байланысты және осы ақпараттың сенімділігі қаншалықты деген секілді көптеген сауалдар түсіп жатады....
Жаңа мұсылмандар Аиша Робертсон: «Алғашқы Рамазандағы жалғыздығым мені Аллаға жақындата түсті»
Бұл менің он төртінші Рамазаным. Исламды қабылдаған кезімде 27 жаста едім. Сол себепті, Исламды қабылдағанға дейінгі 27 жылда тек қана христиандық мерекелерді атап өтетінмін. Рамазан айы келгенше жаңа қабылдаған дінімді әжептәуір үйреніп қалдым. Әрдайым Ислам дінінің бір мүшесі екенімдігі сезінген с...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Құрма қосылған кілегейлі сусын
Егер сіз бұрын- соңды Калифорнияда болған болсаңыз құрмадан жасалған сусын туралы естіген боларсыз. Мен Калифорнияға бірнеше рет барғанмын және сол жерде біраз уақыт тұрғанмын. Калифорнияны бастан-аяқ шарлап шықтым десем де болады. Алайда бұл сусын жайлы ...
Ислам күнтізбесі Рамазанды тиімді өткізгіңіз келсе...
Жыл сайын Рамазан айының алдында көптеген кездесулер, сұхбаттасу және өзге де іс-шаралар өткізіп тұратынымыз бар, сондағы бәрінің қозғайтыны бір – «Рамазан айын қалай ең жақсы түрде өткізуге болады?»....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:42

Екінтіге дейін 01:55

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi