Оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар

| A | +

Құрметті жамағат! Алла қаласа 6 мамыр күні қасиетті Рамазан айына қадам басамыз. Кезекті мақаламызда өткен жылдардағы тәжірибеміз негізінде «жиі қойылған сұрақтарды» сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

 
Сұрақ: Рамазан оразасының үкімі қандай?
Жауап: Рамазан айында ораза ұстау әрбір балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс мұсылманға парыз болып есептеледі. Алла тағала қасиетті Құранда
 

«Уа, иман келтіргендер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылынғандай ораза парыз қылынды. Бәлкім тақуалыққа жетерсіңдер».

 
Сұрақ: Рамазан айындағы оразаға ниет қылудың үкімі қандай және қай кезде ниет қылады?
Жауап: Ораза ғибадат, ал ғибадат дұрыс болу үшін ниет шартты етіледі. Яғни оразаға ниет ету міндет. Оған қатысты Алла тағала қасиетті Құранда: «Олар ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ықыласпен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары және зекет берулері үшін әмір етілген»,-деген. Рамазан оразасына ниет ету шам намазынан басталып, ораза ұстайтын күннің сәске уақытына дейін рұқсат.
 
Сұрақ: Сәресіге ұйықтап қалған адам не істейді?
Жауап: Сәресіге ұйықтап қалған адам ұйқысынан тұрғанда оразаға ниет қылып оразасын жалғастырады. Негізі мүмкіндігінше сәресіге тұруға әрекет қылу қажет. Себебі сәресінің сауабы мол. Оған қатысты Әбу Сағид Әл-Худриден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сәресіде береке бар, оны тастамаңдар! Тіпті бір жұтым су болсада ішіңдер. Себебі Алла тағала мен періштелер сәресі ішкен адамға салауат айтады»,-деген. (Хадисті Ибн Хиббан жеткізген)
 
Сұрақ: Ораза ұстаған адам оразасын ұмытып тамақ жеп, не болмаса сусын ішіп қойса, оразасы бұылады ма?
Жауап: Жоқ, бұзылмайды. Себебі ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзатын амалдардан емес. Ондай адам оразасын жалғастырады. Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім ораза ұстай жүре ұмытып, ішіп-жесе оразасын жалғастырсын! Расында Алла тағала оны тамақтандырды да, сусындандырды», -деген. (Муттафақун ғалайһи)
 
Сұрақ: Ораза ұстаған адамның ұмытып тамақ жеп тұрғанын көрген адам не істейді?
Жауап: Егер, ораза ұстаған адамның бойында оразасын жалғастыратын әл-қуаты болса ескерту міндет болады. Ал әл-қуаты болмаса үндемеген абзал.
 
Сұрақ: Қандай ауру түрлері Ораза ұстамауға негіз бола алады?
Жауап: Адам баласы әдетте шыдай алмайтындай деңгейде ауырса, не болмаса ауру адам ораза ұстап, оразасы өлімге алып келетіндей деңгейде болса ауруы ораза ұстамауға негіз болады. Ауруынан айыққан соң әр күнге бір күн қазасын өтейді.
 
Сұрақ: Қант диабеті, онкология сынды айықпайтын аурулармен ауыратын адамдарға Рамазанда ораза ұстау міндетті ма?
Жауап: Бұл адамдар егер өмір бойы мүлдем ораза ұстауға шамалалары жетпесе әр күні үшін фидия өтемін өтейді. Оған қатысты Алла тағала қасиетті Құранда: «Ораза ұстауға шамасы келмейтіндер болса бір міскіннің (бір күн) ішетін тамағын (күнде) беріп тұрсын»,-деген. Фидияның мөлшері пітір садақаның мөлшеріне саяды. Яғни оразаның әр күні үшін бір міскінге мына төмендегі төрт түрлі азықтың кез-келген біреуін немесе соның құнын береді:
 
1. Бидай ұнының міндет болған мөлшері: 1 кг. 459 гр. немесе осы мөлшердегі құны.
 
2. Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері: 2 кг. 918 гр. немесе осы мөлшердегі құны.
 
3. Мейіздің уәжіп болған мөлшері: 2 кг. 918 гр. немесе осы мөлшердегі құны.
 
4. Құрманың уәжіп болған мөлшері: 2 кг. 918 гр. немесе осы мөлшердегі құны.
 
Бұған да шамасы жетпейтін кісілер фидия беруге міндеттелмейді. Ал кей күндері ораза ұстауға шамасы жеткен адам сол күндері ораза ұстап, қалған ұстамаған күндерінің қазасын шамасы келген күндері өтейді. Бұларға фидия өтемі рұқсат емес. Ал енді бұл адамдардың кейбірі жаз мезгілінде күннің ыстық болуына байланысты ораза ұстауға шамасы келмесе, қыс мезгілінде жазғы оразаның қазасын өтейді.
 
Сұрақ: Ораза кезінде тамырға немесе денеге ине (укол) егу оразаны бұзады ма?
Жауап: Егер ине егу арқылы адамның бойына жіберілетін дәрі-дәрмектің құрамында дәрумендер болып немесе ол дәрі-дәрмек азық орнына пайдаланып, адам ағзасына қуат беретін болса болмайды. Мұндай дәрі-дәрмекті ауызды ашқаннан кейін пайдалану керек. Ал енді ем үшін салынатын дәрі-дәрмектің құрамында дәрумен болмаса және ол адам ағзасына қуат бермесе, ол асқазанға табиғи жолмен түспегені үшін оразаны бұзбайды. Бірақ, мүмкін болса ауыз ашар уақытына дейін кешіктірген абзал.
 
Сұрақ: Көзге дәрі тамызу оразаны бұзады ма?
Жауап: Көзге дәрі тамызу оразаны бұзбайды. Себебі көз бен ішкі қуыстың (тамақ) арасында байланыс жоқ.
 
Сұрақ: Құлақ пен мұрынға дәрі тамызу оразаны бұзады ма?
Жауап: Құлақ пен мұрынға дәрі тамызу оразаны бұзады. Өйткені екеуінің ішкі қуыспен (тамақпен) байланысы бар. Яғни дәрінің тамаққа өтіп кету қаупі бар.
 
Сұрақ: Асқазанды тексеру үшін медициналық құралды пайдалану (зонд жұту), оразаны бұзады ма?
Жауап: Егер ішке кіретін тарапы құрғақ болса ораза бұзылмайды, ал егер ішке кіретін жағына мазь не болмаса сол секілді заттар жағылса, ораза бұзылады.
 
Сұрақ: Вагиналды ультра дыбысты зерттеу (УЗИ) оразаны бұзады ма?
Жауап: Вагиналды УДЗ құрғақтай қолданса ораза бұзылмайды. Ал егер оған мазь не болмаса сол секілді сұйықтық жақса, ораза бұзылады.
 
Сұрақ: Жыныстық қатынас оразаны бұзады ма?
Жауап: Ия, бұзады. Себебі Имам Муслимның жинағында Әбу Хурайрадан жеткен хадисте ораза кезінде әйелімен жыныстық қатынас құрған кісі Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы жайында хабар бергенде, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ол кісіге сол күннің каффаратын өтеуге бұйырған.
 
Сұрақ: Беттен сүю оразаны бұзады ма?
Жауап: Беттен сүю негізі оразаны бұзбайды. Бірақ, беттен шахуаттанып сүюдің салдарынан  жыныстық мүшеден мәни бөлініп кетсе ораза бұзылады.
 
Сұрақ: Жүніп (ғұсылсыз) адамға ораза ұстауға бола ма?
Жауап: Ораза дұрыс болу үшін ғұсыл шарт емес. Сол үшін адам ұйқысынан жүніп болып оянып, таң намазына дейін ғұсыл құйынып үлгере алмаса, оразаға ниет етеді де, алдымен аузын бекітеді. Кейіннен, таң намазын оқу үшін ғұсыл құйынуы керек.
 
Сұрақ: Ораза ұстаған адам күндіз ұйықтап ихтилам болса (ұйықтағанда түс көріп, сұйықтық бөліну) оразасы бұзылады ма?
Жауап: Ұйықтап қалып ихтилам болған адамның оразасы бұзылмайды.
 
Сұрақ: Ораза ұстаған әйелдің хайыз (етеккірі) келсе не істейді?
Жауап: Сол сәтте оразасы бұзылады да, хайызынан тазарған соң оразасын жалғастыра береді. Ораза айы біткен соң, хайыз кезінде қаза болған күндерін өтейді.
 
Сұрақ: Рамазан кезінде әйел кісі хайызынан таң намазына дейін тазарса не істейді?
Жауап: Егер әйел кісі Рамазан айында хайызынан таң намазының уақыты кіргенге дейін тазарса, ораза ұстау міндет болып, оразаға ниет қылып оразасын ұстап, сосын ғұсылын құйынады.
 
Сұрақ: Рамазан кезінде әйел кісі хайызынан таң намазы кіргеннен кейін тазарса не істейді?
Жауап: Рамазан айында әйел кісі хайызынан таң намазы кіргеннен кейін тазарса, ораза ұстамайды, алайда, Рамазанның құрметі үшін әрі айналасындағы ауыз бекіткен адамдарға құрмет ретінде ас ішпегені абзал. Ас ішкеннің өзінде де, бірақ рамазаннан кейін сол күннің қазасын өтейді.
 
Сұрақ: Хайызды кешіктіру үшін әдейі дәрі ішкен әйел оразасының үкімі қандай?
Жауап: Егер әйел кісі хайызын кешіктіру үшін дәрі ішіп хайызы келмей ораза ұстаса оразасы дұрыс болып есептеледі. Алайда, бұл әрекеті ағзасына зиян келтірмейтіндігіне сенімді болуы керек. Егерде денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деген күмән болса, бұлай жасамағаны абзал.
 
Сұрақ: Салқындау үшін өзен көлдерге жүзу немесе моншаға шомылу оразаны бұзады ма?
Жауап: Егер аузы мен мұрнына су кіруден сақтанса бұзылмайды. Бірақ оразаның ләззатын сезіну үшін шомылмаған абзал.
 
Сұрақ: Ораза кезінде мисуак пен тіс пастасын пайдалану оразаны бұза ма?
Жауап: Тіс пастасы мен мисуакты пайдалану оразаны бұзбайды. Тіс пастасын пайдаланғанда тамаққа пастаның кетіп қалуынан сақ болуы керек. Бірақ екеуін де зәуал уақытынан (күннің тас төбеге келуі) кейін пайдалану мәкруһ.
 
Сұрақ: Түкірік пен қақырықты жұту оразаны бұза ма?
Жауап: Түкірік пен қақырық оразаны бұзбайды.
 
Сұрақ: Астың дәмін көру оразаны бұза ма?
Жауап: Егер тамаққа ас кетіп жұтынбаса бұзбайды.
 
 
Авторы Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Рамазанға дайындалуға көмектесетін 7 кеңес Шарапаты мол шағбан айы

Тақырып аясындағы мақалалар

Ислам күнтізбесі Ашура күнінің оразасы жайлы
Azan.kz редакциясынан аңғартпа: биылғы жылы Ашура күні 9 қыркүйекке (дүйсенбі) келіп тұр. Яғни, оразаны 8 және 9 қыркүйекте немесе 9 және 10 қыркүйек күндері ұстау керек. Мұхаррам айы түгелдей қасиетті болып саналса да, оның ішіндегі ең қасиетті күн - 10-шы күні. Ол күн Ашура деп аталады. Қасиетті с...
Қажылық Қажылықтағы адам арапа күні ораза ұстай ма? / ҚМДБ пәтуасы
Қажылық кезінде Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза тұтқан не тұтпағандығы жайында түрлі сөз айтыла бастаған. Сонда көпшілікпен бірге Арапаға шыққан Абдулла ибн Аббастың өгей анасы Үммі Фадл Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүт беріп жібереді. Пайғ...
Ислам күнтізбесі Кесте: Рамазандағы сауапты 30 амал
Рамазан айы – сабырлық айы, құлшылық айы, қатаң тәртіп және кемшіліктерді түзеу айы. Басқаша айтқанда, бұл ай адамның өз нәпсісімен жұмыс жасау айы. Ал егер кімде кім бұл айды осылай қабылдамаған болса, ол адам үшін Рамазан бос өтті деуге болады, яғни ешқандай рухани пайда ала алмайды....

Оқырмандардың пікірі (5)

Р Қ
13 мау. 2018

Сәлеметсіз бе! Егер ауызашарда, ауызбекітерде дұға оқылмай қалса ол күндер оразаға есептеледі ме?

Жауап жазу
Читатель сайта
13 мау. 2018

Ассалямуағалейкум. Ауыз бекітуде ең бастысы ниетіңіз сол күннің оразасын ұстау болса жеткілікті.

Жауап жазу
Р Қ
14 мау. 2018

Рахмет!

G K
14 мау. 2018

Ассалямуағалейкум. Доктор - ер адам ауырып турган айел адамнын аркасына массаж жасаса, айел адамнын оразасы бузыла ма?

Жауап жазу
Администратор Azankz
15 мау. 2018

Уа алейкум ассалям!

Массаж жасау оразаны бұзбайды. Алайда Шариғат бойынша бөтен əйелдің денесіне қол тигізуге болмайды. Егер ол əйелге ер адамнан басқа дəрігер табылмаса жəне өміріне денсаулығына қауіп төніп тұрса - рұқсат. Басқа кездерде əйел адам əйел дəрігерге, ер адам ер дəрігерге барулары керек.

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Шарапаты мол шағбан айы
Шағбан – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетінен ерекше нұсқаулықтар табуға болатын қасиетті айлардың бірі. Сахих хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Шағбан айында көп ораза тұтқандығы айтылад...
Ислам күнтізбесі 2019 жыл – «Ислам мәдени мұралары жылы»
Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО) 2019 жылды «Ислам мәдени мұралары жылы» деп жариялады. Бұл туралы Мәдениет министрлерінің ислам конференциясында шешім қабылданған, деп хабарлайды Islamic Republic News Agency. ...
Қоғам Бас мүфти: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Құрметті отандастар, бауырлар! Баршаңызды мерейлі мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Қастерлі мерекеміз құтты болсын! Әр жанұяға бақ пен береке, ырыс пен ынтымақ, мықты денсаулық, Алланың амандығы мен тыныштығын тілеймін....
Ислам күнтізбесі БАС ИМАМ: ИСІ МҰСЫЛМАН ҚАУЫМЫНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
​​​​​​​Ислам әлемінде, мұсылман халықтарында өзіне тән, Айға негізделген арнайы күнтүзбе бар. Ол – «хижра күнтүзбесі» яки «хижра жыл санауы» деп аталады. Хижра күнтүзбесі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Меккеден Мединаға қоныс аударған кезінен бастау алады. Бұл кезең мұхаррам айының кіріп келуімен тұспа-т...
Ислам күнтізбесі БАС МҮФТИ: МҰХАРРАМ АЙЫ – МҰСЫЛМАНША ЖЫЛ БАСЫ
Ислам жыл санауы «һижра жыл санауы» деп аталады. Себебі, бұл жыл санау һижрадан ­– Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мәдинаға қоныс аударуынан басталады....
Ислам күнтізбесі АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ БАС ИМАМЫ: «ҚАЛАДА ЖИЫРМА ЕКІ МЕШІТТЕ ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ»
Құрбан айт деп атап жүрген, мұсыл­мандардың «ид аль-ахда» мейрамы хижраның екінші жылы (мұсылмандардың жыл санауы), яғни 624 жылдан діннің бір бөлігі ретінде тойлана бастады. Бұл мейрамның негізгі шығу тарихы Ибраһим пайғамбардың заманынан бастау алады. Құранда келгендей, Құрбан айт мейрамы Алла Тағ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 05:29

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi