ИСЛАМ КЕДЕЙ БОЛУҒА ҮНДЕМЕЙДІ, БАЙ БОЛУДЫҢ ПАЙДАСЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ИСЛАМ КЕДЕЙ БОЛУҒА ҮНДЕМЕЙДІ, БАЙ БОЛУДЫҢ ПАЙДАСЫ

| A | +

 الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 

Байлық – қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктермен рухани құндылықтарды білдіретін ұғым. Байлық рухани және материалдық болып екіге бөліп қарастырылады. Рухани байлық дегеніміз пенденің жүрегіндегі иман байлығы болса, материалдық байлық – өмірде жиған-терген дүниеміз.

Асылында, адам баласы өмір сүріп жүрген қоғамда тиісті деңгейде тіршілік етуі үшін қос байлықты құстың қос қанатындай тең дәрежеде ұстау керек. Сол үшін Алла Тағала «Бақара» сүресінің 197-аятында:

لَيْسَ عَلَيْكُمْ جُنَاحٌ أَنْ تَبْتَغُوا فَضْلا مِنْ رَبِّكُمْ

«Сендерге Раббыларыңның кеңшілігін істеулеріңнің (кәсіп істеулеріңнің)  еш оқасы жоқ», – деген. Ал, «Жұма» сүресінің 10-аятында:

فَإِذَا قُضِيَتِ الصَّلاةُ فَانْتَشِرُوا فِي الأرْضِ وَابْتَغُوا مِنْ فَضْلِ اللَّهِ

«Намаз  өтеген соң жер жүзіне таралыңдар да, Алланың кеңшілігімен ризық-несібелеріңді іздеңдер», – деп бұйырады. Яғни, құлшылықтан соң адал еңбекпен өз несібелерін іздеуге, табыс табуға, дәулетті болуға шақырады.

Қазіргі таңда еліміздегі көптеген жастардың уақытын бекерге сарп етпей, жастайынан еңбек етіп, ақша табуға, кәсіп ашуға деген талпыныстары  жоғары деңгейде екенін байқатады. Әрине, ең әуелі табыстың адалдығы, тапқан байлықтың пайдалы істерге жұмсалуы өте маңызды. Дегенмен, адам баласының жақсы өмір сүруге, халқымыз айтқандай «төрт құбыласы түгел» болуға талпынуы – өте құптарлық іс. Жалпы, қазіргі қоғамымызда рухани байлық пен материалдық байлықты бір-біріне қарсы салыстырып, «тақуа адам байлыққа қызықпауы керек, дін адамы бай болмауы тиіс» деген сынды көзқарастар да бар. Бұл дұрыс емес.

Қасиетті Құранның 80-нен астам аятында:

وَأَقِيمُوا الصَّلاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ

«Намаз оқыңдар және зекет беріңдер», – деп келеді («Бақара» сүресі, 43-аят).

Намаз қандай ұлы құлшылық болса, зекет беру де сондай маңызды құлшылық болып саналады. Демек, мұсылман баласы өзінің адал еңбегімен зекет беретіндей дәулетке қол жеткізсе – Алла Тағаланың бұйрығын орындағаны.

عَنْ أبي هُريرةَ - رضْيَ اللهُ عنه - قالَ: قال رسولُ اللهِ صلَّى اللهُ عليه وسلَّمَ: المؤمنُ القويُّ خيرٌ وأحبُّ إلى اللهِ مِنَ المؤمنِ الضَّعيفِ وفي كلٍّ خيرٌ

Саңлақ сахаба Әбу Һұрайра (Алла оған разы болсын) Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қуатты мұсылман әлсіз мұсылманнан қарағанда жақсы және Алланың алдында сүйкімдірек және әр қайсысында қайыр бар» деген хадисін жеткізеді (имам Мүслим).

Бұл хадисте мұсылман үмметін бай және қуатты болуға  үндейді. Физикалық және материалдық жағынан да қуатты болу керек. Себебі қуатты мұсылман өзге адамдарға, туған-туыстарына, мұқтаждарға қалауынша жәрдем бере алады. Яғни, «жомарттың қолын жоқтық» байламас үшін, өзіңді де жарылқап, өзгеге де көмегің тию үшін бақуатты болуға талпыну қажет.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үзеңгілес серіктерін және мұсылман қауымын әрдайым өз маңдай терімен нәпақа табуға үндеген. Мұсылманның хас сипатының бірі ретінде қанағатшыл болуды және мүсәпір күйге түсіп, алақан жайып, ешкімге кіріптар болмау керектігін насихаттаған. Тіпті, Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің өнегелі өмірімен жеке тұлғаның әлеуметтік-экономикалық жай-күйі қалай болу керектігін де үйреткен. Тарихтан мәлім, пайғамбарлық келместен бұрын адалдығымен аты шыққан Пайғамбарымыз түрлі кәсіп жасаған, сауда істерін жүргізген.

Бірде бір сахаба: «Уа, Алланың Елшісі! Маған қайырлы бір іс туралы айтсаңыз. Ол істі жасағанымда, Алла да, адамдар да жақсы көрсін!» – деп кеңес сұрайды. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дүниеқұмар болма! Сені сонда Алла жақсы көреді. Өзгенің мүлкіне сұқтанба, сонда адамдар да сені жақсы көреді», – деп жауап берген екен.

Қарап тұрсақ, Ислам тарихында дәулетті адамдар өте көп болған. Тіпті, ең абзал буын өкілдері сахабалар арасында да дүниесіне береке бітіп, дәулеті асып-тасқан адамдар көп еді. Соның бірі – көзі тірісінде жәннатпен сүйіншіленген сахаба Абдурахман ибн Ауфты (Алла оған разы болсын) айтуға болады.

 

Қисса

Бірде халықтың керек-жарағына қаражат керек болғанда Абдуррахман ибн Ауф (Алла оған разы болсын) үйіндегі қаражатын әкеліп: «Уа, Алла Елшісі! Менде төрт мың бар, оның екі мыңын Жаратушы Иеме қарызға бердім, екі мыңын балаларыма қалдырдым», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла бергеніңе де береке берсін, бермегеніңе де береке берсін!» – деп дұға жасайды. Осы оқиғадан кейін ол көп ұзамай (аз уақыттың ішінде) ең бай мұсылмандардың қатарына енеді. Байығаны соншалықты, жеті жүз түйені жүгімен қоса Алла жолында садақаға жұмсайтын дәрежеге жетеді, керуендері ең сапалы тауарларды тасымалдап, үнемі табыспен оралады. Мұншалықты берекеге таңғалған Абдуррахман (Алла оған разы болсын): «Қандайда бір тасты көтерсем, астынан алтын мен күміс шығатын секілді еді», – деп баяндайды. Алайда, мәртебелі сахабаны байлығы құлшылықтан тосқан емес, ол осы байлық үшін есепті ойлағанда, көз жасын тыя алмай, құлшылығы мен садақасын арттыра беретін болған.

 

Қисса

Бір күні Мәдина шаһарына 700 түйеге жүк тиелген келісті керуен кіреді. Күллі қалада ел көшкендей дауыстар естіледі. Айша анамыз (Алла оған разы болсын) мұның мәнін сұрағанда, «Абдуррахман ибн Ауфтың керуені ғой» деген жауапты естиді. Сонда мұсылмандардың анасы: «Мен Алла Елшісінің Абдуррахманның сыйы – оның жәннатқа кіргені» дегенін естідім», – деген екен. Бұл хабар Абдуррахман ибн Ауфқа жетіп, дереу Айшаның алдына келіп, нақтылайды. Ол Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Абдуррахман ибн Ауфтың жәннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім» деп айтқанын жеткізеді. Сонда ол: «Егер шамам келсе түрегеп кірер едім. Алланың атымен ант етейін, мен мына керуенді толықтай Алла жолына арнадым» деп, түгелдей садақаға жұмсайды. Ол осыдан кейін садақаны есепсіз әдеттегіден де көп жасайды. Ал Айша анамыз оны еске алғанда: «Алла Тағала оны Сәлсәбилмен сусындандырсын!» деп дұға жасайды екен (Абд-әр-Рахман Рафат әл-Баша). Бұл – бір ғана сахабаның мысалы. Асылында, бұдан өзге де Әбу Бәкір, Омар (Алла оларға разы болсын) сынды сахабалар да бай адамдардың қатарында болған.

 

Жалпы, өмірде бай болуды, қиналмай, жеткілікті өмір сүруді кім қаламайды?! Дінімізде құпталмайтын іс, ол – дүниеқұмарлық. Бұл дегеніміз нәпақаңды таппай, жалқаулыққа басып отыра бер деген сөз емес. Ең бастысы – Алланың рұқсат еткен адал жолымен ризық табу. Өмірде асқан дәулетті көздеп, «байлыққа бастайтын жол» деген желеумен өзге елдердің түрлі жолдарына жүгініп, жеңіл жолмен бай болуды армандайтындар да жоқ емес.

Ислам еңбектену арқылы байлыққа кенелуді тыймайды. Оның да Алланың разылығына жетелейтін тиімді жолдары бар. Алла Тағала құлдарына  Құран Кәрімде қалай ризық-несібені арттыруға болатынын көрсетіп қойған:

  1. Алладан шынайы қорқу

Құранда:

وَمَنْ يَتَّقِ اللَّهَ يَجْعَلْ لَهُ مَخْرَجًا (٢)وَيَرْزُقْهُ مِنْ حَيْثُ لا يَحْتَسِبُ وَمَنْ يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُهُ إِنَّ اللَّهَ بَالِغُ أَمْرِهِ قَدْ جَعَلَ اللَّهُ لِكُلِّ شَيْءٍ قَدْرًا

«... кім Алладан (шынайы) қорықса, оған тығырықтан шығатын бір жол ашып береді. Оған ойламаған жерден ризық береді. Ал кім Аллаға тәуекел етсе, сонда оған (медеткер ретінде Алла) жетіп асады. Сөзсіз, Алла өз бұйрығын атқарады. Расында, Алла әр нәрсеге бір өлшеу қойған», – деп айтылған  («Талақ» сүресі, 2-3 аят).

  1. Әр нәрсеге қанағат ету

Қасиетті Құранда:

وَلَوْ أَنَّهُمْ رَضُوا مَا آتَاهُمُ اللَّهُ وَرَسُولُهُ وَقَالُوا حَسْبُنَا اللَّهُ سَيُؤْتِينَا اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ وَرَسُولُهُ إِنَّا إِلَى اللَّهِ رَاغِبُونَ

«Егер олар Алланың, Елшісінің өздеріне бергеніне разы болса және «Алла бізге жеткілікті. Жақында Алла және Елшісі бізге кеңшілігінен береді. Расында, біз Аллаға ынтықбыз» десе жетер еді», – деген («Тәуба» сүресі, 59-аят).

  1. Алладан кешірім сұрау

Кешірім сұрау, яғни истиғфарды көп айту да байлыққа қол жеткізудің бірден-бір жолы. Аятта:

فَقُلْتُ اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ إِنَّهُ كَانَ غَفَّارًا (١٠) يُرْسِلِ السَّمَاءَ عَلَيْكُمْ مِدْرَارًا (١١) وَيُمْدِدْكُمْ بِأَمْوَالٍ وَبَنِينَ وَيَجْعَلْ لَكُمْ جَنَّاتٍ وَيَجْعَلْ لَكُمْ أَنْهَارًا

(Сондай-ақ оларға): «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол өте жарылқаушы», – дедім. «Ол сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді. Әрі өздеріңді малдармен, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады» делінген («Нұх» сүресі, 10-12 аят).

  1. Шүкірлік ету

Шүкір етуші пенденің де ризық-несібесі артып отырады. Құранда:

لَئِنْ شَكَرْتُمْ لأزِيدَنَّكُمْ وَلَئِنْ كَفَرْتُمْ إِنَّ عَذَابِي لَشَدِيدٌ

«Егер шүкір етсеңдер, (нығметімді) арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты», – деп айтқан («Ибраһим сүресі», 7-аят).

  1. Тапқаныңды жақсылыққа жұмсау

Негізінде адам баласы тапқанын Алла жолында жұмсаған сайын арта түседі. Қасиетті Құранда:

قُلْ إِنَّ رَبِّي يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَنْ يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَيَقْدِرُ لَهُ وَمَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ شَيْءٍ فَهُوَ يُخْلِفُهُ وَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ

«(Мұхаммед): «Рас, Раббым несібені құлдарынан кімге қаласа, кеңітеді оған өлшеп те береді. Сендер тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла, тағы да есесін береді. Ол – ризық берушілердің ең жақсысы» де» («Сәбә» сүресі, 39-аят).

  1. Үйленіп, некелесу

Отбасын құрып, үйлі болу да байлыққа кенелтеді. Алла Тағала қасиетті Құранда:

وَأَنْكِحُوا الأَيَامَى مِنْكُمْ وَالصَّالِحِينَ مِنْ عِبَادِكُمْ وَإِمَائِكُمْ إِنْ يَكُونُوا فُقَرَاءَ يُغْنِهِمُ اللَّهُ مِنْ فَضْلِهِ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ

«Араларыңдағы отау құрмағандарды, құлдарың мен күңдеріңнің арасындағы ізгі жандар мен үй болуға жарайтындарды үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Алла өз кеңшілігімен байытып қояды. Алланың мейірімі шексіз, бәрін білуші» («Нұр» сүресі, 32-аят). Халқымызда да «бас екеу болмай, мал төртеу болмайды» деп айтылған.

Сондай-ақ, жұмысына береке бітіп, табысты болуды қалаған адам мына бір қағидаларды да естен шығармағаны жөн:

  1. Туған туыспен жақсы қарым-қатынаста болу. Жаман болсын, жақсы болсын, туған-туыспен қарым-қатынасты үзбеу керек. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім дүниесіне береке бітсін десе, туысқандарымен қарым-қатынасын сақтасын», – деген. Жалпы, шариғатымызда туыстық қарым-қатынастың маңыздылығы өте жоғары.
  2. Ерте тұру. Жұмысыңыз жемісті болуы үшін ерте тұру керек. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алла! Менің үмметімнің таңғы уақытына береке бер!» – деп дұға еткен. Халқымыз: «ерте тұрған еркектің ырысы артық» деп бекер айтпаса керек.
  3. Таразыда әділ болу. Сауда жасайтын адамның таразыдан жемеуі, ал тауардың айыбы болса, оны айтып ескертуі – дүниесіне береке әкеледі. Себебі хадисте тауардың айыбын айту – сауданың берекесі делінген.
  4. Күнәдан алшақтау. Өйткені күнә адамды ризықтан мақрұм етіп, кедейлікке ұрындырады. Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Адам өзінің күнәсі арқылы ризық-несібеден айырылады», – деп ескерткен.
  5. Садақасын, зекетін беру. Дүниеңіз арнайы зекеттің өлшеміне толған болса, зекетін беру және садақа жасау – мал-мүлкіңізге береке алып келеді. Хадисте күн сайын таңертең көктен екі періште түсіп, біріншісінің: «Уа, Алла! Садақа берушінің дүниесін көбейт, оған береке бер» десе, екіншісінің: «Уа, Алла! Сараңның малын опат қыл» деп айтатындығы келтірілген.

Сондықтан әрбір мұсылман садақа берушілердің қатарынан болуға тырысу керек. «Құдай өзі жеткізеді» деп құр отыра беруге болмайды. Бізден – ниет және әрекет болуы тиіс, қалғаны – Алладан.

Атақты Лұқман Хәкім баласына былай деп  өсиет етіпті: «Балам, адал кәсіп  арқылы өзіңді кедейліктен құтқар! Адам кедейлікке түсті ме, онда үш жаман қасиет пайда болады:

  1. Діндарлығы әлсіз болады
  2. Ақылы төмендейді
  3. Кісілік қасиеті жоғалады.

Бұлардан да бетері – оны адамдардың көзге ілмей, келеке қылуы».

Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын): «Ешбірің «Алла Тағалам, ризық бере көр» деп еңбектенбей отырып алмасын. Бәрің білесіңдер, аспаннан ешқашан алтын мен күміс жауған емес», – деп, ризыққа жетудің, кедейліктен құтылудың жалғыз жолы – еңбекте екенін ескертеді.

Бірде ол өз ауласында тал егіп жүрген Зайд ибн Мәсламаны көріп: «Дұрыс істеп жатырсың, өзіңді адамдарға мұқтаж қылма! Бұл діндарлығыңа қорған болады. Адамдар да сені сыйлайтын болады», – деген екен.

Ұлылар ұлағатынан ұққанымыздай, мұқтаждық яки кедейлік адамның діндарлығына қатер төндіреді. Кісілік қасиеті төмендеп, сұрамшақтық, жалқаулық, тіленшілік секілді жаман әдеттерге бастауы мүмкін.

Халқымыздың Хакімі Абай да адамзатты адал еңбекке үндеп, «Адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі», – дейді.

 

Құрметті жамағат!

Тағы бір айта кетер жайт, дүние, мал мен байлық біз ойлағандай тек жақсылық әкеліп қана қоймайды. Дүниенің қиыншылығы және машақаты бірге жүреді. Байдың да байы бар, кедейдің де кедейі бар. Яғни екеуінің де жақсы жағы мен жаман жағы бар. Егер кедейліктің жанында тәкәппарлық пен сабырсыздық болса, онда оның соңы өкініш болмақ. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Тәкаппар кедейге қияметте Алланың назары болмайды», – деп айтқан.

Кедей адам кішіпейіл және мейірімді болғанда ғана екі дүниенің рахатын таба алады. Ал енді байлықпен бірге ілесіп қанағатсыздық, сараңдық пен қатыгездік жүрсе, онда ол – кесапат. Ал байлықтың жанында дос болып қанағатшылдық пен мейірімділік және жомарттық келсе, онда ол – нығмет. Бай болу жаман емес, дүние табу харам емес, егер ол байлық Аллаға деген құлшылыққа кедергі етпесе.

Халқымызда «Бір бай бір ауылды асыраған» деп айтып жатады. Бұл жәй сөз емес, тарихпен дәлелденген жайт. Оған еліміздің барлық жеріндегі мешіттер мен медреселердің салынуы, сол мешіттер мен медресе және көптеген қайырымдылық қорлардағы істелінген игі шаралардың жүзеге асырылуы дәлел бола алады. Осының бәріне мұрындық болып, мал мен байлығының зекеті мен садақасын шығарған дәулетті азаматтар. Алла Тағала ондай жандардың жақсылықтарын екі дүниеде де еселейді. Ол жайында Құран Кәрімнің «Ләйіл» сүресі, 5-7-аяттарында былай деп сүйіншілейді:

فَأَمَّا مَنْ أَعْطَى وَاتَّقَى (٥) وَصَدَّقَ بِالْحُسْنَى (٦) فَسَنُيَسِّرُهُ لِلْيُسْرَى (٧)

«(Алла жолында) қазына жұмсаған, діндарлық жасаған, жақсылыққа ден қойған адамдарға келсек, Біз олардың өмір жолын жеңілдетеміз (дұрыс бағытқа саламыз)». Алладан қорқып, малын Раббысына шүкір қылған құлдарындай жөнімен жұмсаса (адалдан тауып, адалға жұмсаса), екі дүниенің рахатын табады».

Ал «Бақара» сүресінің 270-271-аяттарында:

وَمَا أَنْفَقْتُمْ مِنْ نَفَقَةٍ أَوْ نَذَرْتُمْ مِنْ نَذْرٍ فَإِنَّ اللَّهَ يَعْلَمُهُ وَمَا لِلظَّالِمِينَ مِنْ أَنْصَارٍ (٢٧٠) إِنْ تُبْدُوا الصَّدَقَاتِ فَنِعِمَّا هِيَ وَإِنْ تُخْفُوهَا وَتُؤْتُوهَا الْفُقَرَاءَ فَهُوَ خَيْرٌ لَكُمْ وَيُكَفِّرُ عَنْكُمْ مِنْ سَيِّئَاتِكُمْ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ

«(Алла үшін) Не нәрсе берсеңдер де, не бермек болсаңдар да Алла оны, шын мәнінде, біліп тұрады. Ал залымдарға еш қайыр жасамайды. Садақаны ашық бергендерің бір жақсылық (басқаларға үлгі боласыңдар), ал оны жасырын берсеңдер, әрі жоқ-жітікке берсеңдер, ол тіпті жақсы. Ол сендердің кейбір күнәларыңның алдын кеседі (кемшіліктеріңді жояды). Пенденің ісінен Алла қашанда хабардар», – деп, садақа пәле-жаланың алдын кесетінін, қайтаратынын айтады.

Жомарттықпен сауабын тек Алладан күтіп, басқаларға жәрдемдесудің өзі – түсінген адам үшін үлкен құлшылық. Алла Тағала – аса Мейірімді, мейірімді болғандарды жақсы көреді. Алла Өзі – асқан Жомарт, жомарттарды жақсы көреді. Аллаға малымен, байлығымен құлшылық еткендерге о дүниеде беретін нығметін адам баласы суреттеп жеткізе алмас. Ол мысалдарды біз Құраннан ғана көре аламыз. Мысалы, «Инсан» сүресіне үңілсек: «Жақсылар (тостағандармен) кәфур қосылған (хош иісті су) сусын ішеді. Сол кәфур жәннәтта бұлақ болып ағып жатады. Одан ішетіндер Алланың сүйген құлдары және ол бұлақты (Алла) қайда болса да ағызып апарады. Олар өздері берген уәдені (бұлжытпай) орындайды әрі қиыншылығы қисапсыз қиямет күнінен қорқады. Міскінге, жетімге және тұтқынға ас береді. «Біз сендерге бұл тағамды Алланың ризалығы үшін береміз, бұл үшін сендерден бодау да, алғыс та тілемейміз», – дейді (міскіндерге). Өйткені біз Алла тарапынан болатын ауыр, қатал күннен қорқамыз. Алла оларды сол күннің тауқыметінен сақтайды. Олардың (жүздеріне) нұр, (жүректеріне) қуаныш береді. Төзімділіктері үшін оларға жәннат бақшаларын, жібек киімдер сыйлайды. Жәннатта олар орындықтарға сүйеніп отырады, ол жерде қатты ыстық та, суық та болмайды. Көлеңке бастарынан аумайды, жемістер қол жетер жерде өсіп тұрады. (Тағам толы) күміс табақтар, (сусын құйылған) күміс тостағандар жылжып келіп тұрады, бәрі қажеттеріне лайық дәрежеде болады», – делінген.

Осы сипат бәрімізге жұғысты болсын деп тілейік!

 

Құрметті жамағат!

Шындығына келсек, кедей болу намыс емес, керісінше мұсылман болған кедейге – Алланың мейірімі мол. Ал бай болу – қарғыс емес, керісінше жомарт болған байлардың екі дүниеде де алатын үлесі мол. Алланың бергеніне шүкір ету, бермегеніне сабыр ету – Алланың сүйікті бай және кедей құлдарының сипаты. Сондықтан исламда байлық та, кедейлік те ұят нәрсе емес.

Жаратқан Алла қасиетті Құранда:

وَاللَّهُ فَضَّلَ بَعْضَكُمْ عَلَى بَعْضٍ فِي الرِّزْقِ

«Алла ризық-несібеде біріңді-біріңнен артық етті», – дейді («Нахл» сүресі, 70-аят).

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде:

الْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَ

«Берген қол, алған қолдан қайырлы, артық», – деп айтқан (имам Бұхари, Мүслим).

Мұсылман адам адал жолмен бай болса, зекетін беріп, садақасын таратады. Қоғамдағы тұрмысы төмен адамдарға қол ұшын береді. 

Алла Тағала асыл дініміз бұйырған адал кәсіпті тауып, тәуелсіз еліміздің болашағына қызмет етуді баршамызға нәсіп етсін! Уағыз соңын екі дүние сардары Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұғасымен аяқтағанымыз абзал болар:

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ وَالْبُخْلِ وَالْجُبْنِ وَضَلَعِ الدَّيْنِ

«Уа, Алла! Уайым мен қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, қорқақтық пен сараңдықтан және қарызға батудан Өзіңнен пана сұраймын!».

 

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі 

 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ӨЗГЕНІ ҚУАНТУ – САУАПТЫ ІС ОРАЗА - ИСЛАМДАҒЫ БЕС ПАРЫЗДЫҢ БІРІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы ТАҚУАЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕМІЗ?
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Жұма уағызы ЖҮРЕКТІҢ ДЕРТІ ЖӘНЕ ОДАН АРЫЛУ ЖОЛДАРЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз. Аса рақымды ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. ...
Жұма уағызы РАМАЗАН – МЕЙІРІМ АЙЫ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға көптеген салауат пен сәлем жолдаймыз.
Жұма уағызы БІЗ ЖӘНЕ ҒАЛАМТОР
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы АЛЛАНЫҢ РАЗЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ТАБАМЫЗ?
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы КІСІ АҚЫСЫН ЖЕУ – ҮЛКЕН КҮНӘ
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! 
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:43

Екінтіге дейін 02:02

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi