Аборт жасату күнә ма?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

Аборт жасату күнә ма?

| A | +

Шариғатымызда құрсақтағы баланы себепсіз түсіруге, аборт жасауға тыйым салынған. Өйткені бұл ұрпаққа тас ату әрі жер бетінде бүлік тарату болып саналады. Ғұламалар ешбір себепсіз жасанды түсік жасатуды жәһилет (исламнан бұрынғы уақыт) дәуіріндегі адамдардың қыздарын тірідей көмген ісіне теңеген. Баланы түсіруге әрі алдыруға себеп болған ерлі-зайыптылар да дәрігерлер де күнәкар болады. Алайда сенімді әрі әділ бірнеше дәрігердің қорытындысы бойынша құрсақтағы бала ананың өміріне қауіп төндіретін болса, ананың өмірін сақтау мақсатында жасанды түсік жасатуға рұқсат етіледі [1].   

 

Дінімізде құрсақтағы баланы себепсіз түсірген адам күнә арқалауымен қоса оның құнын да төлейді.  Имам, мулла Нұруддин Әли ибн Сұлтан, имам Ұбайдулла ибн Масғұдтың ән-Нуқая атты еңбегіне жазған Фатху-Бәбил-Ғиная атты шархында былай дейді: «Кім әйелдің ішін ұрып баланы өлік күйінде түсірсе, онда (қылмыскердің) туыстары[2]  ғурра[3] төлейді. Яғни бес жүз дирһамды өтейді... Әбу Һурайрадан жеткен хабарда ол былай дейді: «Расында Пайғамбарымыз (оған Алланың салуаты мен сәлемі болсын) Бәни Лихяндық әйелдің құрсағындағы (ұрып өлтірілген) баласының құнын ғурра, яғни құл немесе күңді өтеуді міндеттеді»[4]. Құнын бес жүз дирһам деп мөлшерлегенімізге мына нақты дәлел болады. Ибн Әбу Шайба «Мусаннаф» атты кітабында Исмайыл бин Айиаштың Зайд бин Асләмнан жеткізген хабарында: «Расында Омар (р.а.) жатырдағы баланың құнын елу динарға, әрбір динарды он дирһамға бағалады» деп келтірген» [5].

 

Сондай-ақ, осы кітапта құрсақтағы баланың кейбір жаратылысы анық болса онда ол толық баланың үкімінде саналады да құны бір жыл ішінде төленеді делінген. 

 

«Әл-Маусуғату әл-Фиқһия» [6] атты кітапта былай келген: «Фақиһ ғалымдар құрсақтағы баланың тырнағы, шашы тәрізді кейбір жаратылыстары анық болса оған жаза қолданылатынына бірауыздан келіскен. Өйткені ол толық жаратылыс үкімінде болады. Оған ешкімнің дауы жоқ. Ал ол Ибн Абидин айтқандай 120 күннен кейін болады. Мәлики мәзһаб иелері құрсақтағы баланың ешқандай жаратылысы анық болмаса да, тіпті ұйыған қан болып түссе де, ғурра (құнын) төлейді деді. Шафиғи мәзһабы бойынша адамның бейнесіне ұқсас ет күйінде түссе құнын беру тиіс делінген. Ханбали мәзһабы бойынша егер кесек ет болса әрі сенімді акушер әйелдер бұл адам жаратылысының бастамасы деп тұжырымдаса, онда ол жөнінде екі көзқарас бар. Дұрысы оған еш нәрсе міндеттелмейді. Оны Шафиғи мәзһабының тұлғалары да егер онда адам жаратылысының ешбір бейнесі болмаса төлем берілмейді деп құптады. Алайда мұндай жағдайда Ханафи мәзһабында әділ кісінің шешімі бойынша төлем береді. Себебі Ибн Абидин әш-Шумуннидің: «Расында сенімді акушер әйелдер адам жаратылысының бастапқы уақыты дейтіндей кесек еттен ешнәрсе айқындалмайды. Сондықтан оның шешімін әділ кісі шығарады» деген сөзін жеткізген» [7]. 

 

Қорыта айтқанда ешбір себепсіз жасанды түсік жасату күнә болып саналады. Жатырдағы баланың шашы, тырнағы тәрізді кейбір жаратылысы айқындалып, оған себепсіз аборт жасағандарға 500 дирһам  (1475 гр күміс) немесе 50 динар (231 гр алтын) құнын беру тиіс болады. Бұл ақшаны құрсақтағы баланың мирасқорлары әрқайсысы өзіне тиесілі үлестерін алады. Бірақ оның өліміне себеп болғандары алмайды. Егер баланың уәлиі кешірім етсе құнын өтемейді. 

 

[1] http://fatua.kz/kz/post/view?id=786

[2] Егер күйеуі әйелінің ішінен ұрып баланы түсірсе, онда оның туыстары құнын береді де ол өзі сол баланың мирасынан құр қалады. Ал әйел күйеуінің рұқсатынсыз қасақана (дәрі ішіп, ауыр жүк көтеріп) түсік жасатса, онда әйелдің туыстары ғурраны қамтамасыз етеді де ол әйел одан мирас ала алмайды. Егер күйеуінің рұқсатымен істеген болса құнын өтемейді. Бірақ одан мирасын да алмайды.

[3] Құрсақтағы баланың есесіне берілетін құн атауы «ғурра» деп аталады. Ол – кішкентай құл немесе күң.

[4] Бұхари, Мүслім риуаяттары.

[5] Фәтху-Бәбил-Ғиная, 3 том, 362-363 бет.

[6] «әл-Маусуғату әл-Фиқһия», 2/61.

[7] Ибн Абидин, 5/379. Хашияту әд-Дусуқи, 4/268-269. Аснә әл-Мәтолиб, 4/89. Әл-Муғни, 7/802. 

 

fatua.kz

Предыдущий Следующий
Аталарымыздың түсінген ұят ұғымы бүгін неліктен «ұят» саналуда? Ережеп – береке мен бейбітшілік айы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Пайғамбардың (ﷺ) ата-анасы жәннаттық па?
Жауап: Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасы тозақ иелерінен емес. Керісінше, құтылушы топтардың қатарына кіреді. Бұл әуелгі (сәләфу солих) және кейінгі (хәләф) буын ұлы ғалымдарының көзқарасы. Сондай-ақ, әл-Азһар әш-Шариф ғұламалары әрі Мысыр елінің пәтуа комитеті осы...
Сұрақ-жауап Етбетімен жату күнә ма?
Ислам дінінде тыйым салынған және жасалынуы күнә болатын іс-әрекеттер бар. Солардың бірі етбетімен жату, оның үкімі – мәкруһ. Сахаба Тухфату әл-Ғифари былай дейді: «Мен сәресі уақытында мешітте етбетіммен жатқан едім. Кенет бір кісі мені түртті де: «Мына жатыс Алла Тағаланың қаһарына ұшыратады»,­ – ...
Сұрақ-жауап Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қабірінде тірі ме?
Жауап: Әуелі осы «өлі» және «тірі» деген сөздердің  басын ашып алайық. Егер оның ара жігін айырып алсақ, көптеген түсінбеушіліктерден құтыламыз. Ендеше Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабірінде тірі дегеннің мақсаты ол бұл дүниеден өткен жоқ әрі Алла оның жанын алмады деген болса, онда бұл пікірдің дұрыс ...
Сұрақ-жауап Ғұрыпты шариғи дәлел ретінде қарастыруға болады ма?
Әдет-ғұрып мұсылман заңнамасында кейбір мәселелерді шешуде айғақ ретінде қолданылады әрі шариғат ғалымдары арасында мақұлданған. Ханафи мазһабының кейбір өкілдері шариғат ережесіне сай келген ғұрып нақтылы шарғи дәлел ретінде қарастырылатындығын айтқан. Бұл тұрғыда фиқһ негіздерін зерттеуші ғұламала...
Сұрақ-жауап Құмар және лотерея ойындарының үкімі
Уа, иман келтіргендер! Арақ-шарап (сынды мас қылып, ақылынан адастыратын нәрселер), құмар һәм өзге де ұтыс ойындары, табыну үшін орнатылған пұттар және жебелермен (яки құмалақ, карта сынды басқа да нәрселермен) бал ашу – шайтанға ғана тән лас істер. Ендеше, (екі дүниеде де) мақсат-мұраттарыңа жету ү...
Сұрақ-жауап Таң намазынан кейін қаза болған намаздарды оқуға болады ма?
Таң намазы оқылып болған соң, күн шыққанға дейін нәпіл намаздарды оқу – мәкруһ. Алайда бұл уақытта қаза намаздарды оқуға болады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi