АЛЛАҒА АДАЛДЫҒЫҢДЫ АЙТТА АЙҚЫНДА
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

АЛЛАҒА АДАЛДЫҒЫҢДЫ АЙТТА АЙҚЫНДА

| A | +

Шын мәнінде, біздің күнделікті ризығымыз бен несібемізді беруші – Алла. Өйткені, ризық беруші Алла – бүкіл мүліктің Иесі. Пенделеріне несібе беру – Алланың ақысы. Ал ризық бергені үшін Аллаға шүкір ету – мұсылманның ақысы. Былайша айтқанда, әрбір мұсылман өз Раббысына нығмет бергені үшін шүкірлік жасауға міндетті. Міне, Құрбан айт мерекесі бізді осындай түсініктер мен ізгі амалдарға тәрбиелейді.

Ғалымдарымыздың айтуынша, Алланың берген әрбір нығметі үшін шүкірлік ету сол ризық-несібені Жаратушы Жаббар Иеміздің бұйырған әрі жақсы көретін жолға пайдалану арқылы жүзеге асады. Атап айтқанда, мал-мүлік нығметіне деген шүкірлік мұқтаждар үшін садақа беру немесе құрбандыққа мал шалу амалдары арқылы көрініс табады.

Алла разылығы үшін құрбандық шалуға қызықтыратын хадистердің бірінде Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Адам баласы Құрбан айт күні Алла Тағалаға құрбан шалудан сүйкімдірек амал істей алмайды. Шалған құрбандығы қиямет күні мүйіздерімен, тұяқтарымен және жүндерімен келеді. Расында, құрбандықтан тамған қан жерге түсерінен бұрын Алланың қасында қабыл болады».

Шын мәнінде, Алланың бізге берген нығметінің бәрі сынақ. Оның бізге нәсіп еткен мал-мүлкі, көзіміздің ағы мен қарасы болған ұл мен қызымыз да сынақ. Құрбан айттың тарихына зер салсақ, Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) үлкен сынақты бастан кешкеніне көз жеткіземіз. Түсінде баласы Исмайылды (оған Алланың сәлемі болсын) құрбандыққа шалып жатқанын көрген ол сол түсін шындыққа шығаруға бекіп, ұлына өзінің қабылдаған шешімін жеткізіп, оның ойын білгісі келеді.

Ұлы Исмайыл (оған Алланың сәлемі болсын) әкесі Ибраһим пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) шешімін қолдап, ешқандай қарсылық білдірместен: «Алланың әмірін орындаңыз, әкешім!» дейді. Аллаға деген адалдығын айқындау ниетімен амалға кіріскен Ибраһим пайғамбарға (оған Алланың сәлемі болсын) көктен көк қошқар түседі. Алла Тағала: «Әй, Ибраһим! Сен көрген түсіңе адал болдың, міндетіңді орындадың. Сондықтан Исмайылдың орнына құрбандыққа шал» деп көктен қошқар түсіреді. Осылайша, Алла Тағала пайғамбарына сынақ жіберіп, бұл сынақтан сүрінбей өткен, яғни Аллаға деген адалдығы мен сүйіспеншілігін іспен дәлелдеген елшісіне үлкен сый жасайды.

Осы оқиға Құранда былай баяндалады: «Ибраһим: «Мен Раббым бұйырған жаққа кетемін. Ол маған жол көрсетеді» деді. (Көңіліндегі жерге барған соң) «Иә, Раббым! Маған жақсысынан бір ұл бер» деп жалынды. Біз оны аса мүләйім бір ұл баламен қуанттық. Ұлы (Ысмайыл) әжетке жарап қалған кезде (Ибраһим оған): «Балақайым, түсімде сені бауыздауға (құрбан шалуға) бұйырылдым. Сен қалай қарайсың? Ойлап көр» деп еді, баласы: «Әке, өзіңе бұйырылған істі істе! Құдай бұйырса, мені қайсар шыдамдылар қатарынан табасың» деді. Екеуі де (Алланың әміріне бойсұнды). Баласын қырынан жатқызды (бірақ Алланың құдіретімен бауыздауға пышағы өтпей қалды). Біз (сонда ғана): «Ей, Ибраһим! Түсіңді орындадың. Біз жақсыларды күдіксіз осылай сыйлаймыз» деп дауыстадық. Бұл нағыз ашық сынақ еді. Біз оның орнына үлкен құрбандық (Ұжымақ қошқарын) ауыстырдық. Біз оған соңғылар ішінде «Ибраһимге сәлем!» деген алғыс қалдырдық. Біз жақсыларды осылай сыйлаймыз. Өйткені, ол иманды пенделерімізден еді» («Саффат» сүресі, 99-111-аяттар).

Иә, баламен сыналу үлкен сабырды талап етеді. Аллаға деген сүйіспеншілік сынға түскенде шешім қабылдау оңай емес. Алайда Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) бірден Раббымыздың разылығын көздеді. Ол: «Уа, Раббым! Негізі сүйіспеншілікке тек Сен лайықсың! Өйткені, мені де, көзімнің қуанышы болған перзентімді де, тіпті жүректегі сүйіспеншілік сезімін де жаратқан Өзіңсің!» деп жауап беріп, нағыз құл екенін көрсетіп, қияметке дейін өшпес өнеге қалдырып кетті. Ибраһим пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын) Аллаға деген сүйіспеншілік кез-келген нәрседен жоғары тұруы тиіс екенін айқындап кетті. 

Ибраһим пайғамбардан (оған Алланың сәлемі болсын) Алла Тағала қандай қасиетің үшін сені дос тұтты деп сұрағанда ол: «Үш қасиетім арқылы:

  1. Алланың ісін барлық істерден жоғары қойғаным;
  2. Алла Тағала жүктеген нәрселерге ден қойғаным;
  3. Түскі асымды да, кешкі асымды да тек қонақпен бірге ішкенім арқылы» деп жауап берген екен.

Құрбан шалу – Аллаға деген махаббатыңды дәлелдейтін амал. Ендеше, Аллаға деген адалдығыңды Құрбан айтта айқында. Өйткені, мұсылман баласы өзі жақсы көрген нәрсені Алла жолында жұмсамайынша игілікке қол жеткізе алмайды. Мына өмірде әр адам өзінің жақсы көрген нәрсесімен сыналады. Алайда мұсылман үшін Алланың разылығы барлық нәрседен жоғары тұрады. Алла Тағала Құранда: «Сүйген нәрселеріңді (Алла жолында) жұмсамайынша (садақа бермейінше), тақуалыққа (жақсылыққа) қол жеткізе алмайсыңдар. Не жұмсасаңдар да, Алла оны сөзсіз біліп тұрады» («Әли-Ғимран» сүресі, 92-аят) дейді.

Құрбан айтта құрбан шалу, садақа беру, мұсылманның жүрегіне қуаныш сыйлау – ізгі амалдардың бірі. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айтқа байланысты халыққа жолдаған үндеуінде: «Айт күндері халық тарапынан мал сатып алуға деген сұраныстың арта түсетіні белгілі. Осы ретте еліміздегі барша шаруа қожалықтарының қожайындарын ұлық мейрам – Құрбан айттың құрметіне мал құнын шарықтатпай, халыққа оңтайлы бағаны ұсынуға шақырамын. Сонымен қатар, барша кәсіпкерлерді тұрғындар күнде тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мүмкіндігінше жеңілдік жасауға үндеймін.

Құрбан айттың негізгі мәні мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Алланың рақым нұры төгілетін құрбан айтта жұртымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік» деп атап өткен болатын.

Расында, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадистерінің бірінде: «...Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді...» деген. Құрбан айтта ниетімізді түзеп, мұсылман бауырларымыздың жүрегіне қуаныш ұялату мақсатында Алла разылығы үшін азғантай болсын ізгі амал жасасақ, ықыласымыз үшін мол сауап жазылмақ.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кішкентай жақсы іс сендерді амал етуден тыймасын» делінген. Осы хадиске түсіндірме берген Айша анамыз (оған Алла разы болсын) былай деген екен: «Ешбір садақаны азсынбаңдар. Өйткені дәннің қабыршағындай берілген садақа – қиямет күні таулар сияқты сауаппен тартылады».

Алла үшін берілген садақа ешқашан кемімейді. Керісінше, мұсылманның мүлкі мен дүниесінің берекесі артады. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасиетті хадис шарифінде: «Садақа мал-дүниені ешқашан кемітпейді. Пенде садақа беру үшін қолын созғанда ол садақа сұраушының қолына жетпестен бұрын Аллаға берілгендей болады» деген.

Шын ниетпен берілген садақаның пайдасы адамның өзіне еселеп қайтады. Бұл туралы Құранда былай делінген: «Алла жолында мал-мүлкін садақа еткендер жеті дана бас шығарған, әрбір басында жүзден дәні бар дақылға ұқсайды. Алла қалаған пендесіне еселеп сауап береді. Алла дархан, бәрін білуші» («Бақара» сүресі, 261-аят). Тағы бір аятта: «Бір жақсылық істеген адам он есе сауапқа ие болады» («Әнғам» сүресі, 160-аят) делінген.

Алла Тағала құрбан айтта шын ниетпен шалған құрбандығымызды, берген садақамызды, жасаған ізгі амалдарымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай. Әмин!

 

Бауыржан қажы НЫҒЫЗБЕКҰЛЫ,

Өскемен орталық мешітінің бас имамы,

«Мұнара» газеті, №13, 2022 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
«ҚАЖЫ» ДЕП КІМДІ АЙТАМЫЗ? ҚҰРБАН АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ҚҰРБАН 2022 ҚҰРБАН АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!
Ардақты алматылықтар! Мінекей, араға жыл салып, күллі Ислам үмметі аңсай күткен ұлық мереке – Құрбан айт та келіп жетті. Айтулы бұл мереке биыл 09-шілде күні басталмақ. Баршаңызды Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! ...
ҚҰРБАН 2022 ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!
ҚҰРБАН 2022 ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ
Құрбан айт, яғни мұсылман күнтізбесі бойынша Зуль-хижжа айының оныншы күні, шариғат бойынша жылдың ең ұлы күніне жатады. Бұл туралы Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алланың алдындағы ең ұлы күн – Құрбан айт күні, ал содан соң одан кейін келетін күн», - деген (Ахмад, Әбу Дәуд)....
ҚҰРБАН 2022 ҚҰРБАНДЫҚ ОРНЫНА САДАҚА БЕРУГЕ БОЛА МА?
Ханафи мәзһабы бойынша құрбан шалу бай[1], азат, балиғат жасына толған, ақылды, жолаушы болмаған мұсылманға – уәжіп.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 02:05

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi