Ашығуды әдетке айналдырсақ, денемізде болатын өзгерістер
Біздің денеміздегі жасушалар үнемі ыдырап, кейіннен өз бөлшектерін қайта қалпына келтіреді. 2016 жылы Есинори Осуми атты жапониялық доктор аутофагия деген атпен белгілі осы үрдістің механизмдерін ашқаны үшін физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығын иеленді. Біздің денеміздегі ұлпалардың көпшілігі өз жасушаларын жаңаларына ауыстырып отырады. Толықтай жаңару үшін әр ағзаға өзіне тән уақыт қажет. Дегенмен ешқашан қайта жаңармайтын ұлпалар да бар.
Біз доктор Осумидің жаңалығына қызығушылық танытып, сіздермен оны іс жүзінде қолдану жолдарымен бөлісеміз.
Нәтижелі зерттеу
Жапониялық биолог доктор Осуми адам жасушаларының өз қалдықтарын қайта қалпына келтіруін жылдар бойы зерттеді. Лизосомалардың (жасуша ішінде ас қорыту қызметін атқаратын органеллалар) арқасында ағза ақуыздың құрылымдарды бұзады және оларды аминқышқылдарына айналдырады. Соңынан оларды жаңа жасуша тудыру үшін пайдаланады.
Ағза зақымданған жасушалар мен бактериялар күйінде сақталатын өзінің ақуыз қорын пайдалана алады. Орташа статистикалық адам күніне шамамен 70 г ақуыз пайдаланады, бұл жаңа жасушаның пайда болуына жеткіліксіз. «Ақуыз қалдықтарын» пайдалану барысында сіздің денеңіз ақуыздың қажетті мөлшерін алады. Табиғи қайта өңдеу механизмі істен шыққанда зақымданған жасушалар мен олардың бөлшектері ағзада жинала бастайды. Осылайша, обыр жасушалары мен қауіпті бактериялар мен вирустарды жұқтырған жасушаларды бейтараптандыру мүмкін емес. Мұның салдарынан қатты ауруға шалдығуға болады.
Аутофагия үрдісін қалай оятуға болады
Барлық зерттеулерінде доктор Осуми ағзаны улы жасушаларды жоюға және қалдықтардан құтылуға ынталандыру үшін ашығуды қолданған. Сіз ашыққан уақытта сіздің жасушаларыңыз ұзағырақ өмір сүреді және көбірек энергия өндіреді. Дененің қабынуы азаяды. Сондай-ақ, егер сіз тұтынатын калорияның санын азайтуға шешім қабылдасаңыз, ағзадағы азот оксидінің деңгейі артады – бұл ағзаның жасаруына көмектесетін молекула.
Тамақтану мен ашығу кезеңдерінен тұратын ішінара ашығу ағзаның тазалануына көмектесе алады. Бұл арықтауға және зат алмасуды жылдамдатуға септігін тигізеді. Аталған әдістің артықшылығы жүрек ауруларының, неврологиялық проблемалар мен диабеттің қатерін азайтады, сондай-ақ қабынуды, күйзелуді және күретамырлық қысымды төмендетеді. Ашығудың түрлері көп, сондықтан сіз өзіңізге ең қолайлы стратегияны таңдап алуыңызға болады.
24-сағаттық ашығу
Бұл әдісті жасап көргіңіз келсе, ашығуға арнайы аптаның бір күнін белгілеп алу керек. Мысалы, дүйсенбі күні сағат 8-де таңғы ас ішіп, сейсенбі күнгі таңғы асқа дейін тамақтанбауға болады.
Үзілмелі ашығу
Егер сіз осы нұсқаны таңдасаңыз, бір күн бойы өзіңіздің қалыпты тағам мөлшерін тұтынасыз және келесі күні ашығасыз. Алайда бұл ашығу күндері мүлде тамақтанбау керек деген сөз емес. Мысалы, әдетте сіз 2000 калория тұтынсаңыз, ашығу күні 500 калорияға дейін азайтқаныңыз жөн.
Тамақтану уақытын өткізу
Егер сіз ашығуға жаңадан келсеңіз және мұндай тамақтану түріне толықтай ауысуға дайын болмасаңыз, тамақтану уақыттарын өткізіп бастаңыз. Жай ғана күніне бір тамақтан бас тартыңыз, бұл зат алмасуды жылдамдатады және ағзаның тазалану үрдістерін жеделдетеді. Дегенмен, түскі асты өткізіп алсаңыз, кешкі аста асыра тамақтанбау керектігін есте сақтағаныңыз жөн.
Шектеулі ашығу
Шектеулі ашығу— бұл үзілмелі ашығудың бір түрі. Оны ұстану үшін сіз күніне тек 8 сағатта тамақтана аласыз. Бұл әдістің басқаша атауы – 16/8 ашығу себебі сіз тәуліктің қалған 16 сағатында тамақтанбайсыз. Егер жаңадан бастаған болсаңыз, жеңілірек үлгіні пайдаланыңыз. Мысалы, таңғы 8-де таңғы ас және 18:00-де кешкі ас. Осылайша сіз 14 сағатты тамақтанусыз өткізесіз. Мұндай тамақтану түріне үйренген соң тамақтану уақытын 8-ге дейін қысқартыңыз.
Сумен ашығу
Осы стратегияны ұстануға шешім қабылдасаңыз, тек су немесе жаңадан сығылған қантсыз шырындар ішетін бір күнді белгілеу қажет. Ашығудың мұндай түріне ең қолайлы уақыт – көктем, алайды сіз бұл диетаны жыл бойы ұстана аласыз.
Бұл жаңалық туралы не ойлайсыз? Сіздің ашығу тәжірибеңіз бар ма әлде осы мақаладан соң байқап көргіңіз келе ме? Өз ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Дереккөз: Adme.ru
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.