Аталарымыздың түсінген ұят ұғымы бүгін неліктен «ұят» саналуда?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Аср 14:40
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:38 06:59 11:44 14:40 16:22 17:43
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Джумада-авваль 1446
Миләди
29 қараша 2024

Мақалалар

Аталарымыздың түсінген ұят ұғымы бүгін неліктен «ұят» саналуда?

| A | +

Ата-бабамыздың «өлімнен ұят күшті», «ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым», «малым жанымның садағасы, арым жанымның садағасы», деп өмір қағидасына айналдырып, жоғары баға берген «ұят» сезімі өкінішке орай қазіргі таңда жүрегімізде азайып, мүлдем жоғалып бара жатқандай. Олай дейтініміз қазіргі қоғамда ата-анасына қарсы келіп, перзенттік міндетін атқармай, қайта тірідей ардақтауы керек жанды «Қарттар үйіне» тоғытып жатқандар жоқ емес. Қоғамдық орында немесе ағайын бас қосқан жиын-тойда үлкендерді басып төрге озатын, бейәдеп әрекеттер жасауға арланбайтын жастар көбейді. Көшеде жартылай жалаңаштанып жүруді арсынбайтын қаракөз қарындастар тағы бар. Міне, осылай жалғастырып кете беруге болады.

 

Ата-бабамыз ұрпағын «ұят – адамгершіліктің жемісі, ар-намыстың қосшысы», деп өсірмеп пе еді? Себебі ұят жоқ жерде береке-бірлік, иман, әдеп-инабаттылық болмайтынын жақсы білді. Енді осы ұят төңірегінде аз-кем әңгіме өрбітейік. 

 

«Ұялу» сезімі – Ұлы Жаратушы Иеміздің пенделеріне нығмет етіп берген мінездердің ең көркемі. Ол үлкенді-кішілі күнә мен қылмысқа барудан, арсыздық пен опасыздық әрекеттерден, қысқасы, аяқты шалыс басудан сақтайтын қалқан іспетті. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ұят игіліктен басқа ешнәрсе алып келмейді» деген ұлағатты хадисінің мәнін осыдан іздеген дұрыс. Ал, ұяттың азаюы, Хақ Тағаладан қорқуды да азайтады. Сондай-ақ, ғұламалардың «Кімнің жүрегінде қорқыныш пен ұят болмаса, онда жақсылық та қалмағаны» деген пікірлері де жүректегі бүкіл ізгілік, жақсылық атаулы ұяттан келетінін ұғындырады. Өйткені, ұят пен иман үнемі қатар жүреді. Иманнан тек жақсылықтан өзге еш нәрсе келмейтіні бесенеден белгілі.

 

Екі дүниенің сардары Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер  ұят кетсе, екіншісі де бірге кетеді», – деп, ұяттан ажыраған кісінің иманнан да қол үзіп қалуы ғажап еместігін білдірген. Демек, ұялудың астарында Жаратқаннан қорқу, Хақ Тағаланы сүю сынды ізгі қасиеттер де жатады. Жағымсыз, жаман істермен бетпе-бет келгенде, «ұят болады» деп оны жасаудан бас тартуымыз Құдайдан қорқудың белгісі. Осыған байланысты ғұламалардың бірі: «Аллаға ант етемін, адамнан ұят кеткеннен кейін тіршілікте де, дүниеде де жақсылық қалмайды» [1] деген мәні терең сөз қалдырғаны мәлім. Бүгінде қоғамда болып жатқан кейбір жағдайларға мұқият зер салсақ, бұл тұжырымның қаншалықты орынды екеніне оңай көз жеткіземіз.

 

Алланың соңғы елшісі Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде Жаратушы Иеміз Алла Тағаланың «ұлы ұяты» туралы былай деген: «Сендердің Раббылырың ұлы ұят иесі әрі жомарт. Сондықтан, қолдарын дұға үшін жайған уақытта оны бос (рақымы мен шарапатынсыз) қайтаруға құлынан ұялады» [2]. Ұлы Раббымыздың бұл мінезінен тәлім алған ардақты  Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да жер бетіндегі адамдар ішінде ең кәміл ұяттың иесі еді. Сахабалардың сипаттауы бойынша, Ол (с.ғ.с.) оң босағада отырған қыздан да артық ұялатын. Егер оның жан дүниесіне ұнамайтын іс жасалса, сахабалар мұны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бет әлпетінің өзгерісінен-ақ бірден байқап қалатын.

 

Хақ Тағаланың өзі Құран Кәрімде Пайғамбарымыздың ұялу сезімі туралы хабар берген: «Әй, мүміндер! Пайғамбардың үйлеріне дастарханға шақырылмасаңдар, кірмеңдер, тамақтың пісуін күтпеңдер (алдын ала келіп отырмаңдар). Ал, егер шақырылсаңдар, кіріңдер де тамақ жеген соң, дереу тарқандар, сөзге айналмаңдар. Расында, бұларың Пайғамбарды қынжылтады әрі ол сендерден ұялады. Бірақ Алла шындықтан ұялмайды»[3].

 

Иә, Пайғамбарымыз үлкен ұяттың иесі. Өз үмбетін де осынау қасиетті мінезден нәр алуға шақырған. Оның (с.ғ.с.): «Барлық нәрсенің мінезі болады. Ал, діннің мінезі – ұят»,[4] – деген хадисі ұяттың дініміздегі орны қаншалықты жоғары екендігін көрсетсе керек.

Дінімізде көркем мінездің үлкені де, кішісі де мұсылманның мінезі деп бағаланады. Олай болса, бұл хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Әрбір мұсылман ұялу сезіміне ие болсын» деп бұйырып тұрғандай. Сондай-ақ, хадис мазмұнынан ұят жеке басты, отбасы мен бүкіл қоғамды қамтуы тиіс деген нұсқауды да аңғаруға болады. 

Алла Тағала ұят сезімін жоғары ұстауды тек Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с.) ғана емес, өзге хақ елшілеріне де бұйырған. Мысалы, Иса (ғ.с.) пайғамбарға былай деп бұйырғаны мәлім: «Әй, Иса, әуелі өз нәпсіңе уағыз айт, егер ол қабыл етсе, онда халыққа насихат жаса, болмаса Менен ұял» [5].

 

Ғұламалардан ұят туралы көптеген аталы сөздер де қалған. Олардың бірі: «Ұялу – адамның ұнамсыз істерден қысылып, оларды жасаудан тыйылуы», – деп түсіндірсе, енді бірі: «көңілге қонымсыз, жақсылыққа жат әрекеттерге байланысты жүректе орнайтын қынжылыс, уайым», – деген.

 

Жүнейд деген ғалым ұятты: «Алла Тағаланың бізге берген материалдық және рухани нығметтерінің парқына бару, әрі кемшіліктеріміз бен нұқсандарымызды ойлап қамығуымыз», – деп бағалаған. Ұят сезімін «үнемі көңілімізде бұзық қылықтарымыздың ауырлығын сезіну және өз жағдайымызды тағы бір рет тексеруден өткізу» деп айшықтаған ғұламалар да бар.[6] 

 

Мына бір анықтама да ұялудың сырларын аша түседі: «Ұялу – адамның Алла Тағаланың жария және жасырын жасалған әр істі білетіндігін сезініп, өз өмірін соған қарай реттеуі, Оның өзімен арасындағы қарым-қатынасты басшылыққа алып өмір сүруі» деп түсіндірген ғалымдар да бар. Тіпті, Омар ибн Бахр сынды ғалымдар ұятты киімге теңеген: «Кімде-кім ұятты киім етіп кисе, онда оның айып, кемшіліктерін өзгелер көрмейді».

 

Кейде ұятты ынжықтық және өзіне сенімсіздік секілді кері мінездермен шатастырып жатамыз. Мәселен, бір намазхан: кісі үйінде қонақ едім. Таңертең үй иелерін мазалауға ұяламын. Таң намазын қаза етіп оқысам бола ма? дейді. Жөнсіз ұялу. Тағы бір бауырымыз: жаңадан үйленген едім. Ертеңгісін ғұсыл құйынуға үйдегілерден ұяламын. Ғұсылсыз намаз оқи салсам бола ма? дейді. Неге біз құлшылық жасауға және таза жүруге ұяламыз. Неге біздің намаз оқығанымызды көріп, бейнамаздар ұйықтап жата беруден ұялмайды.

 

Ұлы ойшыл Абай хакім  өзінің 26 қара сөзінде ұятты орынсыз қолданушылар жайлы былай дейді: «Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады, һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің».

 

Өкінішке орай,  қазіргі күні көпшілік ұялу керек болған нәрселерден ұялмай, керісінше ұялмау керек нәрселерден ұялады. Алла Тағаланың әмір еткен міндеттері мен тыйым салған  арам дүниесін айналамдағы адамдардан ұят болады деп ұят сөзін өз орнында қолданбай, ненің не екенін біле алмай жүрген жандардың да жетерлік екені жанымызға батады.

 

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанында жүріп рухани нәрімен сусындаған сахабалар ілім үйрену үшін ұятты қойып маңызды сұрақтарын еш қысылмай сұрайтын еді. Өйткені, білім үйренуде ұялуға жол жоқ. Сұрақты сұрау айып емес, сол мәселені білмеу үйренбеу айып болып есептеледі. Айша анамыз Алла оған разы болсын былай дейді:

 

«Ансарлардың әйелдері нендей ғажап, дін мәселелерін үйренуде оларға ұяттары еш кедергі болмады»[7] деп әйел сахабалардың дін мәселелерін үйренуде үлкен ыждахаттылық танытып ұяттарын шектеп қоятындығынан хабар береді.

 

Қадірлі қаламгер марқұм Әзілхан Нұршaйықов атамыз: «Мен ұят деген сөзді өте жоғары бағалаймын. Мен ұят дегенді ұлы күш деп ойлаймын. Адамшылықтың, адалдықтың, уәдешіліктің, тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы – ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін. Ұры-қары, қарақшы, қаныпезерлер ұяты жоқтан шығады. Ұят – ең қымбат қасиет, ұяттыда иман бар. Мен:

 

Өтірік айтудан ұяламын.

Айтқан уәдемді орындамауға ұяламын.

Орынсыз жерде суырылып артық сөйлеуге ұяламын.

Өз кітабымды және өзімді мақтауға ұяламын.

Трамвай-троллейбуста, автобуста қарттар түрегеліп тұрғанда, жастардың орын бермей шіреніп отырғанын көргенде қатты ұялып кетемін.

Кейбір қазақтың ана тілін қастерлемейтініне ұяламын.

Біреудің әйеліне құмарлана қараудан ұяламын.

Біреудің сырын сыртқа шашудан ұяламын.

Досыма да, қасыма да ауыр сөз айтудан ұяламын.

Үлкенге де, кішіге де, әсіресе үлкендерге «сен» деп сөйлеуге ұяламын.

Әлдекімдерге жағымпаздық жасауға ұяламын.

Жұмыссыз бес минут бос отыруға ұяламын.

Кімге болса да қолымнан келген жақсылықты жасамай қалуға ұяламын.

Кісінің нәрсесіне қызығуға, біреуден бір нәрсені тегін алуға ұяламын.

 

Сөйлеп тұрған кісінің сөзін бөлуге ұяламын, оны ақырына дейін мұқият тыңдауға тырысамын. Мүмкіндік болса өз ойымды ол кісі сөйлеп болғаннан кейін айтамын. Мүмкіндік болмаса үн-түнсіз қала беремін, өңештемеймін, өкпелемеймін. Біреуге қол созып, бір нәрсе сұрауға ұяламын. Ешкімнен ештеме дәметпеймін.

 

Қоғамдық орындарда шіретке тұрмай, «мен ардагермін» деп жұртты кимелеп, алға қарай ұмтылуға ұяламын», деп ұялу сезімін жанымызға серік етуіміз керектігін біздерге өсиет етіп кетті.

 

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде айтарымыз, иманның бөлігі болған ұят ұғымы ақырындап азайып, ұялудан ұялатын жаңа нәсіл өсіп дамып келе жатқаны ақиқат. Болмашы дүние үшін ар ұятын саудалап, ұлттық намысын таптап, істеген азғындығын дұрыс деп есептеп, қоғамды лас істермен былғауда. Бұндай арсыздықтан қорғанудың бірден бір жолы өсіп келе жатқан ұрпаққа өз ұлттық болмысымыз бен рухани мұрамызды, исламмен тәрбие көрген ата бабаларымыздың ұлы жолын әуелі үйреніп, содан кейін өзімізден кейінгі ұрпаққа үйрету әрбір пенденің азаматтық борышы. «Ұялмасаң қалағаныңды істе» бұл сөз алдыңғы өткен Пайғамбарлар мен Алланың сүйікті құлдарының ортақ сөзі.

 

Расында ұят кеткен жерден қалаған нәрсені күтуге болады. Алла елімізді ұяттан кенде етпесін! (Әумин!)

 


[1] Әбу Тәммам, Диуанүл-хамасә 2/26.

[2] Әбу Дәуід, Тирмизи, Бәйһақи.

[3] «Ахзаб» сүресі, 53-аят.

[4] Ибн Мәжа

[5] Ибн Әби Асм, Китабуз-зүһд. 54 б.; Әбу Нуайм, Хилйатүл-әулия 2/382; әд-Дәйләми, әл Мүснад 1/144.

[6] Әл-Қушайри, әр-Рисаләту-л Қушайрия. 342 б.

[7] Сахих Бухари, 8 том, 6118 хадис.

[8] Сахих Бухари, 1 том, 38 бет.

 

Серікжан Еншібайұлы,

Алматы қаласы "Ибраһим" мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Дініміздегі Алла елшісінен кейінгі мәртебелі тұлғалар кімдер? Аборт жасату күнә ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Әдеп (этика) Біздің қоғамға махаббат діні керек
Бүгінде уахаби, салафи, сопылық, сопылық емес, ханафи деп жүргенде, біраз азаматтардың көкірегінде дінге деген күмәнін қоюлатып алды. Дін десеңіз, тіпті ханафи мазһабы болса да, діни бір мәселені айтсаңыз, “арабқұлдар” дейтін болды. Тікелей араб әлемімен байланыстыратын болды. Бұл – өте бір қауіпті ...
Әдеп (этика) Ибраһим ҚҰНАНБАЙҰЛЫ: «Шын илан да, таза ойла бір иманды...»
Бүгін, яғни 23 тамыз – қазақтың маңдайына біткен ұлы ақыны, хәкім Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының туған күні. Қадірлі оқырман, айтулы күннің құрметіне орай, дана ойшылымыздың дін мен арлылық, адамгершілік пен имандылық тақырыбында қалам тербеген бес өлеңін назарларыңызға ұсынамыз....
Әдеп (этика) Абайдың 17-қара сөзі: Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің айтысы
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
Мұсылман қорғаны Ғайбат сөйлеу – іштей іріп-шіру
Ғайбаттың сөздік мағынасы - біреудің сыртынан жағымсыз, жарамсақ сөз айту. Демек, бір адамның бойындағы кемшіліктердің басқа біреуге оның сыртынан айтылуына «ғайбат» делінеді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
26 Джумада-авваль 1446
Миләди
29 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:40

Ақшамға дейін 00:10

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi