Авторлық құқық жайлы шариғат не дейді?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Ақшам 17:49

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:23 05:39 11:47 16:00 17:49 19:04
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Раби-авваль 1446
Миләди
24 қыркүйек 2024

Мақалалар

Авторлық құқық жайлы шариғат не дейді?

| A | +

Ислам дінінде әркім өз еңбегінің жемісін көруге құқылы. Жазушы жазған кітабының, өнертапқыш ойлап тапқан туындысының иесі атануы тиіс. Бұл олардың мүлкі болып есептеледі. Сондықтан ешкімге оны көшіруге, басып шығаруға және сатуға рұқсат берілмейді.

Мұсылман адам өзгенің мал-мүлкіне аманат ретінде қарайды. Өйткені Ислам дінінде біреудің сөзін, еңбегін немесе туындысын өзінікі секілді иемденуге және пайдалануға тыйым салынады. Ол аманатқа қиянат ету, шынайы иелерінің құқығына зұлымдық жасау, зарар беру болып есептеледі. Шариғат бойынша, ондай адам жазаға тартылады, ал тапқан табысы харам саналады.

Алла Тағала: «Бір-біріңнің мал-мүлкін харам жолдармен жемеңдер», – деп бұйырады («Бақара» сүресі, 188-аят). Тағы бір аятта: «Уа, иман келтіргендер! Аллаға және пайғамбарға опасыздық жасамаңдар. Егер олай істесеңдер, араларыңдағы аманаттарыңа да біліп тұрып қиянат жасайтын боласыңдар», – деген («Әнфәл» сүресі, 27-аят).

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ешкім ешқашан өз табысынан асқан қайырлы (халал, таза, күмәнсіз) ризық жеген емес. Алланың пайғамбары Дәуіт те өз қол еңбегінің жемісін жеген», – деп айтқан (Бұхари). Және бір хадисте: «Мұнапықтың белгісі үшеу: сөйлесе – жалған сөйлейді, уәде берсе – уәдесін бұзады, аманат тапсырылса – оған қиянат етеді», – делінген (Бұхари, Мүслім).

Абдул Фаттах Әбу Ғұдда өзінің «Қиматуз зәман индәл уләмаи» атты кітабында: «Ғылыми сөйлем мен сөздерде оның айтушысына немесе жеткізушісіне сілтеме жасау – аманат», – деп жазады.

Ғалымдардың айтуынша, бұрынғы басшылар, әсіресе халифа Мәмүн кітап жазатын ғалымдарға және аудармашыларға еңбегі үшін сол кітаптың салмағындай алтын беретін болған. Сол ақы кітапқа жұмсалған қағаз бен сия және кітаптың бағасынан едәуір көп еді («Ғаср ул-Мәъмүн», 1/377).

1988 жылдың 10-15 желтоқсанында (һижридің 1409 жылы, жұмадул әууәл айының 1-6 күндері) Кувейт мемлекетінде өткен Ислам Фиқһ академиясының бесінші отырысындағы «Мүліктік емес құқықтар туралы» қарарында: «Мүшелер мен сарапшылардың «Мүліктік емес құқықтар» жайындағы ізденістерін қарап шығып, ол туралы пікірлерді тыңдап болған соң мынадай қарар қабылдайды: Үшінші тармақ: шығармашылық, жаңалық және өнертабыс құқықы заң жүзінде қорғалады. Иелері оны қалағанынша пайдаланады. Оған қол сұғу дұрыс емес. Алла – білуші» – деп баяндалған. Қазақстан Республикасы «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» заңында бекітілгендей, авторлық жəне сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін еліміздің заңдарына сəйкес азаматтық, қылмыстық жəне əкімшілік жауапқа тартылады. Мұсылман қауымы да осы заңға бағынуы міндетті.

 Хасан АМАНҚҰЛ 

«Мұнара» газеті, №1, 2021 жыл 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Кеңес үкіметі медреселерді қалай құртты? Құран мен сүннетті түсінудегі буквализм

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Төлем карталарын қолдануға рұқсат па?
Банк картасы – эмитенттің (айналысқа ақша, бағалы қағаз, есептесу-төлем төлеу құжаттарын шығарушы мемлекет, мекеме, ұйым) жеке және заңды тұлғаларға тауарлар мен қызметтердің ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуге, қарыз алуға, сондай-ақ электронды терминал арқылы қолма-қол ақша алуға мүмкіндік беретін де...
Сұрақ-жауап Екпе егуге бола ма?
Вакциналау – белгілі бір жұқпалы аурудың алдын алу үшін қолданылатын әдіс. Ол адам организміне арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы жүзеге асады. Вакциналау арқылы көптеген сырқаттардан сақтануға болады....
Сұрақ-жауап Пітір садақа ақшалай беріле ме?
Алла Тағала Құранда: «(Садақа беріп) өзін тазартқан әрі Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған адам, сөзсіз, мұратына жетті», – деген («Ағла» сүресі, 14-15 аяттар).
Сұрақ-жауап Науқас адамға ораза ұстау міндет пе?
Алла Тағала Құранда: «Парыз ораза санаулы әрі белгілі күндерде ғана өтеледі. Араларыңнан әлдекім ауырып қалып немесе сапарда жүріп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр...
Сұрақ-жауап Пітір садақа үкімі
Пітір садақа мұсылман жыл санауымен һижри екінші жылы жария етілді. Басқа садақалар мал-мүліктен берілсе, бұл садақа кісі басына берілетін болды. Алла Тағала Құранда: «(Садақа беріп) өзін тазартқан әрі Раббысының есімін еске алып, намаз оқыған адам, сөзсіз, мұратына жетті», – деген («Ағла» сүресі, 1...
Сұрақ-жауап Тарауық намазы қалай оқылады? (ВИДЕО)
Биыл елімізде Рамазан айы 13 сәуірде басталады. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түні – Қадір түні. Рамазан айынан бір күн бұрын, яғни 12 сәуір күні кеште құптан намазынан соң тарауық намазы оқыла бастайды....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Раби-авваль 1446
Миләди
24 қыркүйек 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 17:49

Құптанға дейін 00:37

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi