Депрессиядан шығудың пайдалы әрі нақты 6 қадамы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:46

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:28 05:43 11:46 15:54 17:41 18:57
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Раби-авваль 1446
Миләди
28 қыркүйек 2024

Мақалалар

Депрессиядан шығудың пайдалы әрі нақты 6 қадамы

| A | +

Депрессия (жабығу; торығу) – әлемде өте көп адам зардап шегіп жүрген жағдай. Ол ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы мен дініне қарамастан барлық адамның басынан өтуі мүмкін. Мұның ұялатын дүние еместігіне қарамастан, депрессиядан зардап шегетін адамдар өздеріне «психикалық  дәрменсіз»  деген айдардың тағылуынан қорқып, депрессияны үндемей өткеруді жөн көреді. 

Ислам тек дін ғана емес, жан-жақты қамтитын өмір салты, исламды зерттеу  кез-келген мәселенің, соның ішінде депрессияның да шешілуін ұсынады.

Біздің антидепрессант сынды депрессиядан шығу жолын талқылайтын ойымыздың жоқтығын бірден айтып өткен жөн. Біліміміз бен тәжірибемізге сүйене отырып, уайым мен депрессиядан жоғары болудың алты әдісін ұсынамыз: 

1. «ән-Нәс» сүресін оқыңыз

Шын мәнісінде депрессия негізінен құлағымызға Шайтан сыбырлайтын өз-өзіне сенімсіздік пен өзін өте төмен бағалаудың нәтижесі. «Ән-Нәс» сүресін (Құранның соңғы сүресі) оқысақ, оның Шайтанның айдауынан қорғаныс екенін ұғамыз. Яғни өзіне сенімсіздік туған әрбір сәтте «ән-Нәс» сүресін оқу бізді депрессиядан қорғайды, ал ол күйге түскен адмның көңілін көтереді. 

2. Үрей мен уайымнан құтылу дұғасын оқыңыз

«О Алла, шындығында, мен сенің құлыңмын және сенің құлдарыңнан туған ұлмын. Мен Саған бағыныштымын, Сенің шешімдерің мен үшін міндетті, Сенің маған шығарған үкімің әділ. Саған Өзің атаған не Құран арқылы жіберілген, не Өзіңнің жаратылыстарыңның бірі арқылы мәлім еткен, не өзіңнен басқаның барлығына құпия еткен  әрбір атыңмен жалбарынамын, Құранды менің жүрегімнің көктемі, жанымның сәулесі және мені уайым-қайғымнан азат етуші ете гөр!»

Сондай-ақ:

«О Алла! Үрей мен қайғыдан, шарасыздық пен жалқаулықтан, қарыздың ауыртпалығы мен бөтен адамдардың жәбірлеуінен өзіңнен пана іздеймін»

3. Қайырымдылықпен айналысыңыз

Басқаларға бақыт сыйлау үшін арнайы уақыт бөлудің, қайырымдылық шараларына қатысудың көңіл-күйді көтеретіні, рухани қолдау беріп, сергектік ұялататындығы дәлелденген. 

Формула оңай: сіз біреуді бақытқа бөлейсіз және қайтарымына сізді біреу бақытты етеді. Мұндағы қайырымдылық қаржылай мәндегі қомақты зат болмауы да мүмкін. Бұл көрші балалар не қарттар үйіне ерікті көмек, мұқтаждарға түскі ас ұйымдастыру, заттарды тарату болуы мүмкін. Мүмкін, сіз жай ғана аш адамды тамақтандырасыз. 

Сіздің себепкерлігіңізбен өзге жанның жүзінде күлкі пайда болғанын көргенде, өзіңіздің де көңіл-күйіңіздің өзгергенін бірден байқайсыз. 

4. Серуендеңіз және табиғатты тамашалаңыз

Депрессияның ең маңызды белгілерінің бірі – адамды түбегейлі жаулап алады да, бар өмірлік энергиясынан айырады. Депрессияға түскен адамдар көбінесе басқа адамдармен кездескісі келмейді, өзінің сауытына жасырынып, үйінен шықпайды да, содан депрессиясы  тереңдей береді. Айтуға оңай болғанымен, оларға үйінен шығып, серуендеу, табиғатты тамашалауға тырысу керек – бұл көңіл-күйлерін көтерері анық. 

Алла жаратқан әлемнің сұлулығына тамсану, құстардың ән салуы сынды қарапайым заттарға назар аудару арқылы біз депрессиядан шығуға қадам жасаймыз. 

5. Өзіңізге жаңа хобби ойлап табыңыз

Депрессияға шалдыққан адамның айналысатын ісі жоқ әрі сыртқы әлемнен оқшауланған болса, көңіліндегі жабырқаулықтың көбеймесе, азаймайтыны анық. Жаңа хобби адамды депрессиядан арылтаудың тиімді құралы бола алады. 

Кітап оқу, ислам блогын жүргізу, Құранды зерттеу сынды хоббилердің пайдасы мол. Фильмдер қарау сынды жеңіл әрекеттерді пайдалы хоббилердің қатарына қоспайтындығымызды атап өткен жөн. 

6. Өміріңіздің қаншалықты жеңіл екенін ойлаңыз

Аталған әдістердің ешқайсысы көмектеспесе, келесі әдіс сіздерді мелшиген қалыптан бірден шығарады. Сізді мазалаған нәрсе жайында ойлаңыз және өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Мұны Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) басынан өткергенімен салыстыруға бола ма? Ойланыңыз. Оның басына түскен сынақтың 1%-ын болсын мен көрдім бе?». Ол ерте жаста жетім атанды. Әйелі мен ағасы ең қатты қажет уақытта қайтыс болды. Туған жерінен қуып тынғанға дейін туыстары соңына түсіп қудалады. Оның басынан өткен бейнеттің бірі болсын сіздің өміріңізде орын алды ма?

Депрессияны жеңудің оңай еместігін біз білеміз, алайда сіздің бойыңызда жігер мен шынайылық табылса, аталған қадамдардың барлығы сізге жол табуға көмектеседі.

Usman Shamaki

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Алладан кешірім сұраудың маңызы Имам Ахмадтың үйленер күні ұлына айтқан өсиеті

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Алланы зікір ету Таң намазын жіберіп алудың 6 себебі
Ояна салып, жұмысқа/университетке/мектепке дейін 30-ақ минут қалғанын шошына сезінесіз, онымен қоймай, сіз әлі таң намазын оқыған жоқсыз! Бұл не? 2 минут бұрын ғана көзіңіз ілінген сияқты еді. Ал енді үйдің ішінде әрлі-берлі сенделіп жүгіріп жүрсіз, асығып тісіңізді тазалайсыз, жуынасыз....
Мұсылман қорғаны Ғайбат сөйлеу – іштей іріп-шіру
Ғайбаттың сөздік мағынасы - біреудің сыртынан жағымсыз, жарамсақ сөз айту. Демек, бір адамның бойындағы кемшіліктердің басқа біреуге оның сыртынан айтылуына «ғайбат» делінеді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Раби-авваль 1446
Миләди
28 қыркүйек 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:46

Екінтіге дейін 00:43

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi