ДІНИ ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА АЛЫП КЕЛЕТІН ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?
Шарбақты ауданы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:26
Шарбақты ауданы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Шарбақты ауданы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:40 07:17 11:38 14:01 15:49 17:26
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ДІНИ ЖАТ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА АЛЫП КЕЛЕТІН ЗИЯНЫ ҚАНДАЙ?

| A | +

  Қазақ халқы дінді ұстануда байыпты болуымен ерекшеленген халық. Біздің ұстанымымызда дін мен салт-сана өзара үйлесім тауып сабақтасқан. Тарих беттерін парақтап қарайтын болсақ, қазақ жерінде діни негіздегі қақтығыстардың болмағанын көреміз. Біз діни құндылықтар туралы білмейінше халықтың мәдениет тұтастығын қалыптастыру құндылықтар рөлін анықтай алмаймыз. Діни құндылылықтар ұлт үшін немесе жеке адам үшін қасиетті сенімдер жүйесі. «Дін бүгінгі күні жалпы адамзат өркениеті мен мәдениетінің дамуына үлкен әсер етіп отырған әлеуметтік феномен деп айтуға толық негіз бар. Қазақстанның ерекшелігі көп этностық, көп тілді және көп конфессионалды болғандықтан, бүкіл посткеңестік елдері сияқты, исламмен қатар басқа діндер де жаңғырып дами бастады.[1,77] Cондықтан қазіргі таңдағы дәстүрлі діндер мемлекеттің, елдің тұрақтылығын сақтауына негіз бола отырып, діни конфессиялар арасында рухани келісімді, халықтар арасындағы бірлікті нығайтуға себеп болады.

Кеңестер одағы ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер бой көтерген өткен ғасырдың 90 - жылдары діни сананың қайта өрлеу кезеңі болғаны тарих еншісіне айналды. Егемендік салтанаттары, демократиялық қайта құрулар, шекаралардың ашылуымен қатар елімізге әр түрлі бағыттағы идеологиялар да ағылып келе бастады. Олардың басым бөлігі діни сипатта болғаны белгілі. Мұндай діни ұйымдардың артында қомақты қаржы қорлары бар шетелдік діни орталықтар мен бірлестіктер тұрды. Табиғат ресурстарына өте бай Орталық Азия мен Кавказ республикалары осылайша текетірес пен саяси көкпардың аренасына айналды. Мемлекеттік басқару институттары қалыптасып үлгермеген, шаруашылығы тұралап қалған, экономикалық - қаржылық қиындыққа ұшыраған елдерде билікке ұмтылған топтар да бой көрсете бастады. Белгілі бір топтардың аз уақыт ішінде қаржы - экономикалық қорларды иемденіп, шексіз байлыққа ұмтылуы мен қарапайым халықтың кедейшілікте ауыр тұрмыс кешуі, қордаланып қалған әлеуметтік мәселелердің уақытылы шешілмеуі - оларды діни құндылықтар тұрғысынан қарастырып, шешуге түрткі болды. Тәуелсіздік пен егемендікке ие болған елдерге Батыстың демократия және либерализм идеяларымен қатар ислами құндылықтар мен өмірлік ұстанымдарға жат сәуегейлік мәдениет пен «тобырлық құндылықтар» ағылып келе бастады. Осының бәрі ұстанған саяси - экономикалық бағыттың дұрыстығы мен әділеттілігіне күмән туғызды. Альтернативті бағыттар ретінде түрлі идеялар мен идеалдар дүниеге келді, олардың ішінде қалыптасқан жағдайды бір жақты бағалап, ымырасыз және түбегейлі (радикалды) шешуге талпынған экстремистік топтар да кездесті. Экстремизм (француздық extremism және латындық extremus) саясат пен идеологиядағы ымырасыз көзқарастар мен әрекетшілдікті білдіреді. [2, 94-95]

Саяси тұрғыда экстремизм өз мақсаттарына жету үшін қалыптасқан әлеуметтік құрылымдар мен саяси институттардың іргесін шайқалтуға ұмтылады және осы мақсатта күш көрсету, қару қолдану арқылы жүзеге асыруға талпынады.

Идеологиялық тұрғыда экстремизм басқа көзқарастар мен идеяларды теріске шығарады. Саяси идеологиялық немесе діни ұстанымдарының басымдылығын қарсыластарына танытуға және таңуға талпынады. Экстремистік ұйымдар өз мүшелерінен толық бағыныштылықты, бұйрықтар мен нұсқауларды сөзсіз орындауды талап етеді. Бұл талаптар діни немесе ұлттық ерекшеліктер, діни немесе тарихи миссия жолындағы құрбандық мұраттары, азап шеккен халық пен жолдастар үшін қанды кек алу, әлемдік зұлымдықпен ымырасыз күрес ұрандары арқылы жеке және топтық санаға сіңіріледі.

Дін атын жамылған экстремизм індеті күннен күнге өршіп, жаңа бір бейнеде ауқымданып келеді. Бүгінгі таңда діни экстремистік топтар мен ұйымдар бірнеше территориялар мен рессурстарды иемденіп алды. Қазіргі таңда дінге сенуші адамның радикалдану әдістері мен құралдары, механизмдері, формалары бұрынғыдан да кеңейе түсті.

Терроризмнің тарихи түп тамыры тереңде жатқанымен, бүгінгі таңдағы жаңа терроризм түрінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, қазіргі таңдағы терроризм бұған дейінгі терроризммен салыстырғанда жаһандық сипатқа ие. Себебі алдынғы терроризмдер тек ұлттық сипатқа ғана тән болатын. Екіншіден, қазіргі терроризм бұрынғыдан әлдеқайда қатыгез, агрессивті, қай жақтан шыға келетін белгісіз. Сол себепті онымен күресу, алдын ала болжау жоспар құрып дайындалу өте қиын. Лаңкестік шабуылдардың күтпеген жерден жүзеге асатынын, сондай-ақ шектен тыс жауыздыққа толы екенін Нью-Йорк, Мадрид, Лондон, Париж, Стамбул, Ницце қалаларында орын алған теракт оқиғаларынан байқауға болады. Үшіншіден, бұған дейінгі терроризм көріністері сепаратизмге, ұлтшылдыққа, марксизмге, әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке негізделсе, заманауи терроризм көріністері «діни міндет аясында туындайтын міндеттер мен діни фанатизм дертіне шалдыққандардың идеологиясын негізге алады».[3,6]

Діни ахуал қоғамның қозғаушы күштерінің бірі ретінде адам мен адам, адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты реттей отырып, мемлекетіміздің ішкі тұрақтылығын ұстап тұруда өзіндік орынға ие. Сол себепті адамзат қоғамының тұрақтылығына төнген қауіп дін атын жамылған экстремизм мәселесіне Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ерекше тоқталып өтті. Радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы күрес жүргізуді мемлекет пен оның институттарының маңызды қызмет бағыты ретінде белгіледі. Дінді шектен шықпай, не қалыс қалмай сауатты ұстанудың қажеті жайлы Елбасымыз «Біз діни фанатизм мен діни дүмшеліктен қатар сақтануымыз керек», - деп жеткізген болатын.[4,6-7]

Тәуелсіздік жылдары еліміз әлеуметтік - экономикалық дамуда бірқатар жетістіктерге жетті. Халықтың әл-ауқатты мен тұрмысы жылдан жылға жақсарып келді. Бірақ рухани салада қордаланып қалған мәселелер, жастар мен жас жеткіншіктер арасындағы құндылықтар, дағдарысы дүниетанымдық ұстанымдардың дұрыс қалыптаспауы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі формализм мен жасандылық үлкен қоғамдық кесірге айналып барады. Қазіргі шиеленіскен геосаяси жағдайда табиғи экономикалық ресурстарға қол жеткізуге ұмтылған топтар еліміздің жастарын өз мүдделері мен мақсаттарына жетудің құралы ретінде пайдаланып келеді. Тұжырымдамада діни радикализм мен экстремизм  идеологиясы қоғам санасына интернет кеңістігін, заманауи электрондық бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жаппай ақпараттық психологиялық әсер ету жолымен енді. Қоғамға, әсіресе жастарға мақсатты түрде ықпал ету әлеуметтік желілер, экстремистік және террористік идеяларды белсенді насихаттайтын бейнероликтерді, әдебиеттерді заңсыз түрде тираждау мен насихаттау арқылы жүзеге асты. Радикалды діни идеологияның, жаппай ақпараттың әсерінен қоғамның жекелеген өкілдерінің сана сезімі өзгеріске ұшырап, азаматтардың мемлекетке деген әлеуметтік сенім деңгейі төмендеп, патриотизм мен тілектестік сезімі жойылады. Құндылық бағыттары мен этикалық нормалары өзгереді, отбасына іріткі салынады, қоғам жікке бөлінеді. Жастардың деструктивті ағымдар идеологиясының алдындағы әлсіздік факторлары әлеуметтік - экономикалық проблемалардың  болуы, әлеуметтік әділетсіздік сезімі, өмірлік тәжірибиенің жоқтығы, сыни қабылдау қабілетінің төмендігі. 

Елімізде орын алған лаңкестік актілердің алғашқы толқынынан кейін осындай түйіткілдерді шешуде елімізде нақты қадамдар жасалды. Қазақстан 2011 жылдан бастап радикалдандыруға күш қолдану әдіс тәсілдерінсіз жұмсақ түрлерін жүзеге асырып келеді. Дәстүрлі діни танымды, төл мазһабымызды кеңінен насихаттау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Республикалық ақпараттық насихат тобы (РАНТ) құрылған болатын. Сол арқылы халықтың діни сауатын көтеруде жемісті қызмет етуде. Бүгінде қауіпті діни идеологиямен күрес мемлекеттің ғана емес, тұтас қоғамның мақсаты болуы тиіс. Өйткені радикалды діни идеология  мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік органдар мен мекемелердің  қызметіне нұқсан келтіре отырып қоғамның қалыпты қызметін бұзуда.

 

Алматы қаласы, Медеу ауданы,

«Арафат» мешітінің найб имамы

Cұлтанғалиев Нұрсұлтан

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Н.Ж.Байтенова «Зайырлы мемлекет жағдайындағы дінтану пәнін оқытудың кейбір өзекті мәселелері» // «Зайырлы мемлекеттегі дін» Алматы қалалық ғылыми-практикалық конференциясы  материалдароының жинағы. Алматы, 2006 ж. - 82б.

2. Қ.А.Затов, Г.Ж.Мажиев Қазақстан Республикасындағы Мемлекет-конфессионалдық қатынастары - Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті баспасы Алматы, 2019. - 220 б.

3. А.К.Сабдин Радикалсыздандырудың теологиялық нарративтер: әдістемелік құрал. - Алматы ТОО «Bsquared» 2020 - 468 б.

4. Н.Қалдыбеков Харижилік:өткені мен бүгіні. -.Алматы «Кокжиек» баспасы ЖШС,2016. - 208 б.

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ӨЗДЕРІН ТУРА ЖОЛДАМЫЗ ДЕЙТІНДЕРДІҢ ҚАТЕЛІКТЕРІ КӨРКЕМ МІНЕЗ КЕШІРІМДІ КЕЛЕДІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ағымдар мен секталар Құран мен сүннетті түсінудегі буквализм
Исламның алғашқы ғасырында өмір сүрген ізгілер (сәләф әс-салих) мен көпшілік обьективті ойлай алатын ғалымдар Құран мәтініне түсіндірме берудің рұксат екендігін айтқан және ақидаға (сенім) қатысты мәселелерде осы әдіске жиі жүгінген. Олар Құрандағы кейбір аяттарда буквалды (сөзбе-сөз) айтылған мағын...
Ағымдар мен секталар Араб елдерінің деструктивті ағымдары: Дін және саясат​
Қазіргі таңда деструктивті ағымдардың саясиланып, жекелеген елдердегі саяси үдерістерге белсене араласа бастауы дінтану саласының өзекті мәселесіне айналып отыр. Ол әсіресе «араб көктемі» атауымен болып өткен революциялар толқынынан кейін барынша зерттеушілер тарапынан қызығушылық тудырды. Дәл осы о...
Ағымдар мен секталар Жат ағым да вирус секілді
– Ассалаумағалейкүм, Ибрагим қажы. Сұхбатымызды «Бабаларымыздың діни ұстанымы қандай бағытта болды?» деген сұрақтан бастасақ. Себебі, әлеуметтік желіде «бабаларымыз Ислам дінінде болмаған» деген сыңайлы түрлі жазбалар таралып жүр... – Бабаларымыз тәуелсіздік жылдарынан бұрын да Ислам дінін ұстанып, ...
Ағымдар мен секталар Мұхан ИСАХАН: Тәңір – ханифтік сенім, ал «тәңіршілдік» – саяси жоба!
– Мұхан аға, соңғы жылдары исламды мансұқтап, тәңіршілдікті төл сеніміміз деп ұрандатушылар бой көрсетсе, ал оларды әсіре исламшылдар күпірлікке шығарып, әлеуметтік желіде діни талас-тартыстар жиі-жиі қылаң беруде. Бұған қатысты не айтасыз?...
Ағымдар мен секталар Деструктивті діни ұйымның жеке тұлғаға психологиялық ықпал ету әдістері
ҚР ҰҚК терроризмге қарсы орталық бастығының орынбасары Сергей Швейкиннің 2019 жылдың 6 қарашада ХІ Қазақстан дінтанушылары форумында сөйлеген сөзінде, Қазақстанда деструктивті ағымды ұстанатындардың саны 20 мыңнан асады. Осы уақытқа дейін 800-ден астам қазақстандық азамат террористік ұйымдардың қата...
Ағымдар мен секталар Дін мен дәстүр радикализмге қарсы
Дін саласындағы ақпараттық-ағартушылық жұмыстардың өзекті бағыттарының бірі – дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту. Біздің қазақстандық қоғамның жағдайында қазір дін және дәстүр сұхбаты маңызды орын алады. Дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Дін мен дәстүр үндескенде дін ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:26

Бамдатқа дейін 05:25

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi