Имам Әбу Хәнифа, рахимаһуЛлаһ
Имам Әбу Хәнифаның толық аты – Нұғман бин Сәбит бин Нұғман бин Марзұбан. Хижраның 80 жылы Куфада дүниеге келіп, 150 жылы қайтыс болады. Дін негіздерін оқып үйренген соң, саудамен айналысады. Имам Шәбидің (Алла оны рахым етсін) қолдауымен және басшылығымен өз кәсібін тастап, барлық уақытын табиғиндерден діни білім алуға жұмсайды. Ол саны шамамен төрт мыңға жететін ұлы ғалымдардан білім алады, олар Ата ибн Рабах, Әлқама бин Марзид, Имам Бәкір, Саләма бин Кухәйл, Ибрахим ан-Нахаи, Имам Шәби, Имам Зұхри және т.б.
عن أبي هريرة، قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: لو كان الدين عند الثريا، لذهب به رجل من فارس - أو قال - من أبناء فارس حتى يتناوله
Әбу Хурәйра (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан сөздерін жеткізеді:
«Дін басқа ғаламшарға кететін болса, оны ол жақтан шығаратын парсы ұлдарының бірі» (Муслим-2546 Даруль Фавайд) [1]
Аләма Сүюти (Алла оны рахым етсін) бұл хадис Әбу Хәнифа жайында айтылғанын баяндайды. Бұған себеп, Имам Ағзамның білім дәрежесіне оның заманында ешкімнің білімінің тең келмеуі болып табылады. [2]
«Әбу Хәнифадан артық ақылды, ізгілікті, өз ісіне берік адам көрмедім».
«Біз Әбу Ханифамен бірге отырдық, Алланың атымен ант етейін, біз оны тыңдадық. Мен оның жүзіне қарағанда, Алладан қорқатынын сездім!» (Тарих Бағдад 15:482)
«Ол түндерін ұйқымен өткізбеген, демек, құлшылықпен айналысқан» (Тарих Бағдад 15:483)
«Көздерім Әбу Хәнифаға тең келетін ешкімді көрген емес»,- деген. (Тарих Бағдад 15:460)
«Адамдардың арасындағы ең мықты фәқиһ – ол Әбу Хәнифа».
«Фиқһта оған тең келетін адамды көрген емеспін».
«Кімде-кім өзінің пайымы бойынша, үкім шығаруға құқыға бар болатын болса, ол құқық Әбу Хәнифада болар еді».
«Әс-Сәури мен Әбу Хәнифаның пікірлері бір жерден шықса, бұл пікір мықты болып табылады». (Тарих Бағдад 15:470)
Біз шариғатпен, Құран мен Сүннетпен дұрыс жүру үшін, Әбу Хәнифаның фиқһын ұстанамыз. [4]
Алла тағала жақсырақ біледі
[2] ترجمة تبيض الصحيفة (امام اعظم ابو حنيفة) دار القلم لاهور
[3]تاريخ بغداد دار الغرب الاسلامى بيروت
[4] تعريف المذهب الحنفى: هو عبارة عن اراء الامام ابي حنيفة و اصحابه المجتهدين في المسائل الاجتهادية االفرعية و تخريجات كبار العلماء من اتباعهم بناء على قواعدهم و اصواهم او قياسا على مسائلهم و فروعهم (المذهب الحنفى ص29 مكتبة الرشد)
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.