ІЗГІЛІК БАСТАУЫ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, БЕРЕКЕ КІЛТІ - САДАҚА
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:41

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

ІЗГІЛІК БАСТАУЫ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ, БЕРЕКЕ КІЛТІ - САДАҚА

| A | +

Асыл дініміз күллі адамзат баласын татулық пен достыққа, бірлік пен жанашырлыққа шақырып қана қоймай, осы ізгі қасиеттерді қоғамға мейлінше көбірек таратуды бұйырады. Қоғамды ізгілендіруге ықпал ететін игі амалдың бірі – қайырымдылық жасау, садақа беру.

Дініне берік бабаларымыз да бағзыдан қайырымдылықтың сауапты амал екенін біліп, айналасындағы жетім-жесірдің, жарлы-жақыбайдың мұң-мұқтажын өтеп, ізгілік жасауда алдына жан салмаған. Әрбір сөзінен даналықтың тамшысы тамып тұратын халқымыздың: «Кең болсаң, кем болмайсың», - деген тәмсілі де қолы ашық, жомарт жанның Алланың разылығын көздеп жасаған жақсылығы екі дүниеде де тиесілі қарымын алатындығын меңзесе керек. Алла Тағала ізгілік жасаушы пенденің қоғамға жасаған қайырымды амалын әсте зая кетірмейтіндігі туралы қасиетті Құранның «Кәһф» сүресі, 30-аятында айтып кеткен:  «Расында иман келтіріп, ізгі іс істейтіндерге келсек, Біз көркем жақсылық істейтіндердің сауабын әсте зая етпейміз».

Қайырымдылық – қоғамдағы барша ізгіліктің бастауы. Өзгеге жасалған жақсы іс, өзгеге айтылған бір ауыз жылы сөз, қоғамға жасалған пайдалы амал бәрі де қоғамның жақсы жаққа өзгеруіне мұрындық болып, жамандықтың азайып, жақсылықтың көбеюіне дәнекер болатын берік негіз.

Ізгіліктің жаршысына айналған қайырымдылықты әрбір адам әрқалай түсінеді. Қайырлы істің үлкен-кішісі жоқ. Өзге адамның ауырын жеңілдетуге сеп болған кез келген іс-әрекет Алланың құзырында қайырымды амалға жатады. Қайырымдылық пен садақа беру бір-біріне мәндес, мағыналас ұғымдар. Өйткені, жалғыз Алланың разылығын мақсат тұтып жасалған әрбір қайырымдылық садақа болып есептеледі.

Садақа беру – әрбір мұсылманға міндет. Олай дейтініміз, садақа беру арқылы біз өзімізге Алла тарапынан берілген әрбір нығметке шүкірлігімізді танытамыз. Бізге берілген мықты денсаулық, бақытты отбасы, тұрақты жұмыс, жылы баспана, мал-мүлік, бәрі де біздің еншіміз емес, Алланың бізге уақытша мерзімге берген үлкен сыйы. Бұл туралы «Зарият» сүресінің 19-аятында:  «Олардың малдарында қайыршының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар», - делінген.

Көп адамдар садақа берудің мәнін түсінбеуі мүмкін. Тіпті, садақа берсек, несібеміз кеміп қалады деген үреймен сараңдыққа бой алдыратындар да жоқ емес. Бұл мәселе де асыл дінімізде ескерусіз қалмаған. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Шайтан сендерді кедейлікпен қорқытып, сендерге арсыздықты әмір етеді, ал Алла Тағала жарылқауын және мол нығметін уәде етеді. Алла аса кеңшілік иесі әрі толық білуші», - дейді («Бақара» сүресі, 268-аят).

Садақа беру арқылы Жаратқанның әрбір сыйына алғысымызды білдіріп, шүкірлігімізді танытуға, сондай-ақ бізге келетін түрлі кесапат, жамандықтың алдын алуға болады. Садақа беру арқылы екі дүниемізге де мол азық жинаймыз. Оған ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистері дәлел.  Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Садақа дүние-мүлікті көбейтеді» (Ибн Ади), «Садақа бергеннің ырзығы артып, дұғасы қабыл болады» (Ибн Мәжә), «Судың отты сөндіргеніндей садақа да күнәларды жояды» (Тирмизи), «Садақа қабір азабынан қорғайды. Қияметте қамқорлығына алады» (Байхаки), «Алла разылығы үшін садақа берген адамға қияметте Алла Тағала “Ей құлым, сен менің разылығымды көздедің, мен сені масқара етпеймін және денеңді жаһаннамға харам етемін. Қане жаннатқа қалаған есігіңнен кір” деп бұйырады» (Дәйләми) деп, садақаның бұл дүниедегі пайдасы мен арғы дүниедегі көл-көсір сауабын айтып өткен.

Түйіндеп айтар болсақ, бүгінгі қоғамның шырайын кіргізіп, құндылығын өсіретін ізгі амал – қайырымдылықты молынан жасауымыз, өзгелерді де ізгі іске белсенді шақыруымыз, мұқтаж жандарға садақа беруіміз Алланың разылығына жетейлейтін сауапты істер. Олай болса, жақсы амал жасаушылардың алды болуға ұмтылайық, халайық!

“Зекет және қайырымдылық” қоры, Алматы қаласы өкілі

Бауыржан Көптілеу

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
P2P САУДАСЫНЫҢ (КРИПТА АРБИТРАЖ) ҮКІМІ ҚАНДАЙ? ЕҢ АБЗАЛ САДАҚА – ДІН ЖОЛЫНДА ДҮНИЕ ЖҰМСАУ

Тақырып аясындағы мақалалар

Ислам тарихы ЕҢ АБЗАЛ САДАҚА – ДІН ЖОЛЫНДА ДҮНИЕ ЖҰМСАУ
Ислам дінін сан ғасырдан бері рухани тірегі еткен халқымыз қайырымдылық істерді ерекше ыждағаттылықпен, ықыласпен, барын салып, беріле атқарған. Қамыққанға қамқор, жабырқаған жанға демеу болу – қанымызға сіңген қасиеттің бірі. Сондықтан болар халық арасында асар, жылу, шүлен тарату, сыбаға, кеусен, ...
Қоғам Алматы: «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы өтті(ФОТО)
Бүгін Алматы қаласы Орталық мешітінде «Жүректерге жылу сыйлаймыз» атты қайырымдылық акциясы болып өтті. Жыл басынан қолға алынған бұл шара, расында, көңілдерге шуақ сеуіп, жүректерге жылу сыйлады....
Пайым-парасат Айналаңызға назар салыңыз, бәлкім Алланың ескертуін көрерсіз...
Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы көп айтылып жатыр. Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі үшін қасиетті болған бұл айдың қарсаңында біз Алла Тағаланың тек мұсылмандарға ғана беретін сыйын алуға дайындалу үстіндеміз. ...

Оқырмандардың пікірі (0)

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:41

Екінтіге дейін 02:06

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi