Мәтуриди ақида мектебіне шолу
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:52
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Мәтуриди ақида мектебіне шолу

| A | +

Ислам діни сенім негіздері көбіне адам ақылының шегінен тыс дүниелерді қамтыған. Бұл маселелердің ақиқатына жетуге адам баласының ақылы мен ой-өрісі қауқарсыз. Біздің міндетіміз Құран Кәрім мен сахих хадистерде айтылған сенім негіздерін жүрекпен мақұлдап, қабыл ету. Құранда бұл жайында:

 

“Бұл Кітап шүбәсіз, тақуа иелеріне тура жол көрсетуші. Олар (тақуа иелері) ғайбқа иман етеді...“ – делінген (Бақара сүресі 2-3 аят).

 

Аталмыш аяттағы «ғайб» сөзіне тапсіршілер «адам ақылынан тыс мәселелер» деген мағына берген.

 

Ақида мектептері неге пайда болды?

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) көзі тірісінде сахабалар күрделі сенім мәселелерін қазбаламайтын. Себебі олар, Алланың затына ненің лайық, ненің теріс екенін анық білетін. Сол күйінше иман етіп, бойұсынатын. Олар адам ақылы қауқарсыз қалатын дүниелерді зерттегеннен гөрі, "амали" яғни, діннің практикалық жөніне көбірек мән беретін. Алда-жалда сұрақ туындай қалса, Алла елшісінен жауап алып көңілдері жай тауып жататын. Хазіреті Пайғамбарымыз бақи дүниеге аттанғаннан кейін де артта қалған ізбасарлары бұл ұстанымнан ауытқымады. Ақида тақырыптары жайында талас тудырмады.

Алайда, бұл жағдай көпке созылмады. Уақыт өте келе ислам діні кең етек жайып, мүмінмұсылмандардың қатарын араб тілінде сөйлемейтін өзге ұлт иелері мен мұсылманшылыққа жаңа өткен өзге дін иелері көбейтті. Араб тілінің егжей-тегжейінен хабарсыз олар Құран аяттарындағы кейбір астарлы сөздердің мақсат-мұратына үңілместен, тікелей мағынасымен қабылдап жатты. Қай аяттың "мүхкәм", қай аяттың "мүтәшәбиһ" екендігін, қайсысының үкімі жойылған, қайсысының үкімі сол күйінше қалғандығын - бөліп-жарып жатпады. Оның үстіне, кейінгі ғасырларда ескі философиялық еңбектер араб тіліне тәржімәланып, оқыла бастауының нәтижесінде Ислам сенімдерін философиялық көзқараспен түсіндіргісі келгендер де шықты. Ол аздай, сырт көзге мұсылман көрініп, бірақ, астыртын Исламға дұшпандық пиғылын іске асырғысы келетін өзге дін өкілдері де бар еді. Олар, Исламдағы ақида негіздерін білдірмей бұрмалап, халықты теріс жолға бағыттауды көздеді. Әсіресе, тағдыр, Алланың сипаттары, Алланың көрінуі сияқты адам ақылы жетпейтін, нәзік әрі күрделі мәселелерді бәз қалпынан бұрмалап жеткізуге талпынды. Әр пікір иесі өз пікірін халық арасына жайып, жақтаушылар жинады

Осылайша Исламның әуелгі шағындағы кіршіксіз әрі пәк сенім негіздерінен ауытқыған секталар пайда болды. Атап айтсақ, Жағд бин Дархам атты адамның бастауымен пайда болған «Жәбрия» мазхабы. Бұл мәзхаб бойынша, «адам баласында таңдау еркіндігі жоқ, барлық істерін Алла істетіп отыр, күнә істесе де, сауап істесе де, Алладан. Мұнда адамның рөлі жоқ» дей отырып бүкіл істі Аллаға бұрып, адам баласы жасаған күнәсі үшін жауапты емес, не істесе де Алланың қалауымен істеді деп байбалам салды. Жағд бин Дархам, бұл пікірін Яхуди бір философтан алған деседі мамандар.

Бұнымен қатар, керісінше тағдыр түсінігін жоққа шығаратын «Қадария» ағымы пайда болды. Құрушысы – Ғайлан Димашқи. Сонымен қатар, Ұлы Жаратушыны жаратылғандарға ұқсатқан «Мүшәббиһа» сынды пікірлер де бой көрсетті.

Және де бір нәрсенің ақиқатына жету үшін «хабарды (мағлұмат-дерек)» қолдануға қарсы «Сәмәния» мен «Барахима» атты ағымдар шықты. Олардың пікірі бойынша, тек сезім мүшелері ақиқатқа жетелейді. Біреудің алға тартқан дерегі не мағлұматы – күмәнді. Әрине, бұндай пікір түптеп келгенде Ислам дініндегі «пайғамбарлық» сенімін астан-кестен етері анық. Себебі, Ислам дінінің іргесін Пайғамбарға деген сенім құрайды. Ислам негіздерін пайғамбарымыздың берген мағлұматы арқылы үйренудеміз. Пайғамбарлық сенімін жоққа шығарсақ, Ислам дінінің іргесін қазған боламыз.

Дейтұрғанмен, діннің шынайы пәктігін бойларына сіңірген, пайғамбарымыз бен сахабалардың жолынан ажырамай, діни негіздерді құран және сүннеттің үйретуі бойынша саралаған ғұламалардың қатары да жоқ емес еді. «Әхли суннәт уәль жамағат» жолын ұрандаған олар жоғарыда атап өткен адасушы пікірлердің халық арасында жайылуына тосқауыл болды. Олар исламнын шынайы сенім негіздері мен өзге жат пікірлердің ара-жігін айырар еңбектер жазды. Сондай марқасқалардың бірі – Әбу Мансур Мұхаммед Матуриди (р.а.). Түркі халқы мұсылмандарының арасында туған, Самарқанд қаласының төңірегіндегі "Мәтурид" елді-мекенінен шыққан бұл ғұлама, "фықх", "тәпсір", "хадис", "кәләм (ИсламТиологиясы)", т.б. діни ғылымдардың қыр-сырына қанық еді. Ол, Имам Ағзам Абу Ханифаның (р.а.) адасушы мәзхабтарға қарсы жазған кітаптарындағы Құран жане Хадис елегінен өткізіп реттеген иман негіздерін шариғат дәлелдерімен қоса логикалық тәсілді қолдану арқылы нықтады. Алайда бұл иман шарттарын өзгертіп, жаңа заттар қосып «бидғат» кіргізді деген сөз емес. Ол шариғат негіздерін түсіндіру жолында «нақл» және «ақылды» ұстанды. Осы жолда үлкен мәртебеге ие болды. Осыған орай, Имам Ағзамның мектебін насихаттайтындар: «Біз фықхта Имам Ағзамның жолындамыз, Ақидада Имам Матуриди жолын ұстанамыз» деді.

Айта кету керек, Матуриди сенім мектебі Әбу Ханифаның реттеп кеткен сенім негіздеріне қаланған. Бірақ сол сенім негіздерін методикалық тұрғыда түсіндірген және ережеқағидаларды тіреу етіп, бір ақида мектебіне айналдырған – осы Әбу Мансур Матуриди еді. Сондықтан да, бұл мектепке «Матуридия» есімі берілді. (Мухаммад Әбу Захра, Тарихуль Мәзәхибиль Исламия -165-166 бет).

Имам Матуридидің ақидаға байланысты жазып шығарған «Китабут Таухид (Таухид Кітабі)» атты баға жетпес еңбегі ғасырдан ғасырға мұра ретінде беріліп келеді. Мамандардың айтуынша, аталмыш кітап, сол замандағы «кәләм-ислам теологиясы» ғылымына қатысты жазылған ең ауқымды да, күрделі ғылыми еңбек. Осы күнге дейін мамандар тарапынан зерттеліп, оқылып келеді.

 

Мәтуриди ақида мектебінің дүниетаным жолдары

Матуридия мәзхабы бойынша, дүниетаным жолдары үшеу:

  1. АЛЬ-ХАУАС. Болмысты сезім мүшелері арқылы тану. Олар бесеу: көру, есту, иіс сезу, дәмін сезу жане ұстау. Осы жолмен танылған зат күмәнсіз және бұлтартпас дәйекті таным болып табылады. Себебі, тәттіні ащы деу мүмкін емес, тәттілігін амалсыз қабылдаймыз.
  2. АЛЬ-ХАБАРУС САДЫҚ. Дұрыс мағлұмат. Дүниені танудың екінші жолы – бізге жеткен «дұрыс мағлұматтар». Егер, берілген мәлімет ақиқатқа сай болса, бұны дұрыс мағлұмат, яғни «аль-хабарус садық» деп атайды. Мысалы, жердің домалақтығы жайында берілген мағлұмат сияқты. Аль-Хабарус Садық , екі топқа бөлінеді:
  • «Мутәуәтір хабар». «Бір нарсені өтірік деуге мұрша бермейтіндей дәрежеде көпшілік тарапынан айтылған мағлұмат». Бұл жолмен келген дерекке сенбеу мүмкін емес. Мысалы, Қазақстан мемлекетінің астанасы «Астана» қаласы десе, естіген адам бұның растығын мойындамауы мүмкін емес, себебі бүкіл ел, астанамыз Астана қаласы екенін құптайды.
  • Екіншісі «Хабарур-расуль» (с.а.с.). Пайғамбарымыз Хз.Мұхаммедтен берілген мағлұматтар. Алла Тағала тарапынан мұғжизалар берілу арқылы пайғамбарлығы расталғандықтан, біз оның мағлұматтарын бұлтартпас дәлел ретінде қабылдауға мәжбүрміз. Одан жеткен мағлұматтар нақты және күмәнсіз. Демек, Құран-Кәрім, Мутәуәтір хадис және Мәшхүр хадисте қамтылған сенім негіздерін мақұлдап, иман келтіруіміз міндетті.
  1. АҚЫЛ. Болмысты танудың үшінші жолы – ақыл. Ислам дінінде ақылдың ролі үлкен. Алланы танып, бұл дүниенің жалғандығына осы ақылымыз арқылы жетеміз. Құран Кәрімде көптеген жерде ақыл жүгіртіп, Алланың құдіретін тануымызды бұйырады. Демек, болмыстың ақиқатына жетудің бірден бір жолы – ақыл. Ақыл арқылы болмысты тану жолы екеу:
  • Біріншісі: Бадихи. Ойланбастан бірден көз жеткен мағлұмат. Мысалы, екі метр, бір метрден ұзын екенін адам ойланбастан-ақ қабыл етеді.
  • Екіншісі: Истидләли. Ақыл жүгіртіп, ойланып, дәлелдер арқылы жеткен мағлұматты – «Истидләли» дейді. Мысалы, «Әлем жаратылған. Әр жаратылғанның жаратушысы бар. Демек, әлемнің жаратушысы бар». Бұл жерде ақылымызды жүгіртіп, алғы шарттарды қолданып «әлемнің жаратушысы бар екеніне» көзіміз жетіп отыр. (Тафтазани: "Шархуль Ақидатун Насафия").

 

Имам Матуриди р.а. және оның шәкірттері, ислам сенім негізіне қатысты мәселелерде ақ пен қараны ажыратып, дұрыс пен бұрысты анықтап, ислам ақидасына алыс-жақын бөтен ойпікірлерден тазалады, әсіресе, ТАУХИД сеніміне шаң жуытпау жолында көп күш сарп етті. Соған бір-екі мысал бере кетейік.

 

1. Аллаға мекенжай белгілеу.

Имам Матуридидің және ізбасарларының бұл мәселеде ұстанатын қағидасы: «Лайса камислихи Шай-ун – Аллаға ұқсайтын еш нәрсе жоқ» деген Құран аяты болып табылады (Шура сүресі -11 аят). Осы аяттың мазмұнына көлеңке түсірер әрбір пікір – адасушылық. Ұлы Аллаға қандай да бір мекен беру, яғни, «Алланың мекендейтін жері бар (Ғарш)» (Кәрамия ағымы), «Алла затымен, барлық жерде» (Наджария ағымы), «Алла жоғарымызда» немесе «Алла барлық жерде (Жахмия ағымы)» деу Ұлы Жаратушымыздың «ҚИДАМ – әуелсіз және соңсыз» сипатына көлеңке түсіреді. Себебі, мұндай ұйғарымдарда жаратылыстың белгілері бар. Бұл жайында Имам Матуриди өзінің «Китабут Таухид» атты еңбегінде былай дейді: «Бұл мәселенің ережесі мынадай: Пәк Алла орын жаратылмай тұрып бар еді. Бүкіл орындар жойылады (мәңгі емес), ал Алла Тағала әзәлде қандай болса солай қала береді. Ол өзгеруден, бір жағдайдан екінші жағдайға ауысудан немесе жойылып кетуден пәк. Өйткені, бұлар жаратылыстың белгілері, осылар арқылы әлемнің (мәңгі емес) жаратылғанын және өткінші екенін білеміз... Шынында да, Ұлы Аллаға орын белгілеу немесе «бүкіл сипаттарымен бірге әр жерде» деп айту, «Бір жерге орналасып, сол жерде өзгеріске ұшырап жататын жаратылыстар іспетті, Алла қандай да бір жерге орнығып сол жерге тұрақтауды керек етеді» деген сөзге мензеген болады. Бүкіл әлемді бар етуші, әлемді билеуші Алла қандай да болмасын орынға немесе жерге мұқтаж емес» (Имам Матуриди, Китабут Таухид-132,137 бет. Бейрут).

Ал мекенжай білдіретін Құран аяттарын Алла Тағаланың ұлы затына сай етіп түсіндіруіміз шарт.

Бірде Хз.Әлиден бір кісі: «Ғарш жаратылмай тұрып Алла қайда еді» деп сұрайды. Сонда Хз.Әли: «ҚАЙДА деген сөздің өзі, мекенжайды білдіреді. Ал Алла уақыт пен мекен жаратылмай тұрғанда да бар еді. Алла әзелде қандай болса, қазір де сондай (өзгеріссіз)», – деген екен.

Табиғин Жағфарус Садық (р.а.) былай дейді: «ТАУХИД сенімі үш сөзден құралған: 1.Алла еш нәрседен жаратылмады; 2.Еш нәрсенің ішінде емес; 3.Еш нәрсенің үстінде емес..» (Имам Маймун Насафи р.а., Бахруль-Кәләм -117 бет.).

 

2. Алланың сипаттары.

Алланың сипаттары: Зати Сипат және Фиили Сипат болып бөлінеді. Алланың өзімен қоса есімдері мен сипаттары да қадим-әуелсіз және сонсыз, мейли ол зати сипат болсын, мейлін фиили сипат болсын. Алла әзәлден «ҚАДИР» болмаса, қалай қүш-қуатты жаратты, «БІЛУШІ» болмаса, қалай білуді жаратпай тұрып білді? Егер Алланың заты сияқты сипаттары да мәңгі демесек, өзінің затында күш-қуатты жаратпай тұрып әлсіз еді деген боламыз, бұл анық күпірлік. (Әбу Муғин Насафи, Бахруль Кәләм – 90 бет. Дамаск).

Кәләм ғылымы тарихында философтар мен батиниттер Алланың сипаттарын жоққа шығарды. Олардың айтуы бойынша, «Хай-тірі», «Алим-білуші», «Қадир-қүшті» сынды сипаттар адам баласына тән қасиеттер, бұны Аллаға таңбаймыз. Алайда, муғтазилия ағымындағылар Алланың сипаттарын мойындағанымен, сипаттардың «қадим» екеніне қарсы шықты, сипаттардың кейінен жаратылғандығын алға тартты. Бұл пікірлердің екеуі де Құран аяттарында айтылған «ЖАРАТУШЫ» түсінігіне мүлдем теріс. Себебі, Құранда Алла өзін «Қадир», «Алим», «Раззақ» т.б. сипаттармен сипаттағаны анық. Осы сипаттары арқылы Жаратушымызды танимыз. Егер сипаттарын жоққа шығарсақ, түбінде құдайдың жоқтығына алып келеді.

«Әхли суннет» ғалымдары Ислам ақидасына жасалған жан-жақты шабуылдан барынша қорғап бақты. Олардың табандылығы мен күш-жігерінің, сауаттылығының арқасында шынайы Ислам діні кіршіксіз күйде бізге жетті. Сондықтан да, Исламды көздерінің қарашығындай қорғаштаған оларға қанша дұға етсек те аз.

Әлһамдулиллаһи раббил ъаләмин

 

Абдусамат Қасым,

Islam.kz

Предыдущий Следующий
Пайғамбар медицинасы: вирустан қорғану жолдары Қауіпті жұқпалы індеттен қайтыс болған адамның мәйітін жерлеуге қатысты пәтуа

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ақида Ақида ілімі – Матуриди және Әшғари мектептері
Ислам дінінде сенім жүйесін «Ақида», ал осы салаға қатысты мәселелерді зерттейтін ғылымды «калам» дейді. «Ақида» – дініміздегі басты тұжырымдарды құрайтын сенім жүйесін меңзейді. Алла тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Алла тағала...
Ақида Алланың зати һәм субути сипаттары
Алла тағаланың 14 сипаты бар. Бұлардың алтауы “зати”, сегізі “су-бути” сипаттар деп аталады.
Ақида Әбу Ханифа әуелі ақида ілімімен айналысып, кейін онымен айналысуға тыйым салған деген мәлімет дұрыс па?
Әбу Ханифаның ілімнің қай саласынан бастағаны жайлы түрлі риуаяттар бар. Солардың бірінде сол кездегі оқытылатын ілімдердің бәрін салыстырып барып, әуелі ақида (кәләм) ілімімен шұғылданып, ақырында фиқһ ілімі тура жолдан адастырмайды деп тоқтамға келгендігі айтылады[1]. Имам Зәхәби бұл риуаяттардың ...
Ақида Қазақтардың шынайы ақидасы
Соңғы уақытта сайтымызда жарияланған сәләфизм ағымының мәнін бүге-шігесіне дейін ашатын мақалалардан кейін солардың арасындағы кейбір «данышпандар» матуриди ақидасын экстремистік деп көрсетіп, оған деген сенімге селкеу түсіруге бел буған тәрізді....
Ақида Еркінбек Шоқай: Мәтруди мектебіндегі шариғат мәтіндеріне ауыспалы мағына беру – сәләфтік тәсіл
Менің мақаламның тақырыбы қазіргі таңда белең алып бара жатқан жағдайларға куә болып жүрген адамдарды таңқалдыруы мүмкін. Неге себебі қазіргі қоғам, керек болса дін саласының кейбір мамандарының өзі «сәләф пен сәләфи» ұғымдарын шатастырып жүр....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:52

Бесінге дейін 02:30

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi