Мәулітті тойлауға бола ма?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 19:02
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:24 05:40 11:47 15:58 17:47 19:02
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Раби-авваль 1446
Миләди
25 қыркүйек 2024

Мақалалар

Мәулітті тойлауға бола ма?

| A | +

Мәуліт – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған күнін атап өту рәсімі. Бұл мереке һижри жыл санағы бойынша рабиғул әууәл айының 12-ші жұлызына сай келеді. Оны толық бір ай бойы тойлауға болады. Мұнда мәуліт шәріп жырынан үзінділер, салауат және дұғалар оқылады. Мәулітте Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны, ахлақ-әдебі жайында уағыз-насихаттар айтылады. Сондықтан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәулітін тойлау мұстаһаб болып саналады.

Ибн Аббастан жеткен риуаятта: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдинаға келген кезде яһудилердің ашура күні ораза ұстағандарын көреді. Олардан «Не үшін осы күні ораза ұстайсыңдар?» деп сұрайды. Олар: «Бұл – перғауынды суға батырып, Мұсаны құтқарған ұлы күн. Біз Аллаға шүкіршілік ретінде осы күні ораза ұстаймыз» деп жауап берді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осы күні ораза ұстады әрі басқаларға да ораза ұстауды әмір етті»[1].

Аллаға шүкіршілік – ораза ұстау, садақа беру, Құран оқу секілді құлшылықтармен жүзеге асады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) – Алла Тағаланың жаратылысқа берген нығметтерінің ең ұлысы. Өйткені онымен ислам, иман, жаннат және тозақ отынан құтылу хабары келді. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туғанына қуанышын білдіріп атап өту, кедейлерді тамақтандыру, уағыз-насихат айту – бұлардың барлығы Алла Тағала разылығына жетелейтін шүкіршілік амалдар. Алла Тағала Құранда:

لَقَدْ مَنَّ اللهُ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ إِذْ بَعَثَ فِيهِمْ رَسُولًا مِنْ أَنْفُسِهِمْ يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِهِ وَيُزَكِّيهِمْ وَيُعَلِّمُهُمُ الْكِتَابَ وَالْحِكْمَةَ وَإِنْ كَانُوا مِنْ قَبْلُ لَفِي ضَلَالٍ مُبِينٍ

«Бұрын анық адасуда болса да, оларға аяттарын (Құранды) оқып, оларды (күпірліктен) тазартып, Кітап (Құран) пен даналықты (сүннетті) үйрететін бір елшіні өз араларынан жіберуі арқылы Алла мүміндерге зор нығмет берген еді»[2], – деген.

Сонымен қатар, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің туған күнін ұлы санап, шүкіршілігін оразамен білдірген. Әбу Қатададан жеткен хадисте: «Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүйсенбі күнінің оразасы жайлы сұралғанда: «Ол күні мен дүниеге келдім және осы күні маған уахи түсірілді»[3] – деп жауап берген. Ғалымдар жоғарыдағы аталған хадистерге сүйене отырып, мәулітті атап өтуге болады деген[4].

Кейбір адамдардың мәулітті бидғат санап, оны сәлаф (сахабалар, табиғиндер, оларға ергендер) ғалымдары істемеген деген сөздері тыйым салуға дәлел болмайды. Өйткені Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі жақсылыққа алып баратын істі «сүннет» деп атап, оны істеген адамға сауап жазылатынын айтты. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Исламда «суннәту хәсана» жақсы жол бастаса (салса, үрдіс қалыптастырса), ол адамға сол істің сауабы және өзінен кейін оған амал еткен барлық адамдардың алатын сауабындай сауап жазылады. Ал кімде-кім исламда жаман жол бастаса, ол адамға сол жолдың күнәсі және өзінен кейін сол жолмен амал еткен барша адамдардың күнәсындай күнә жазылады»[5], – деді.

Бұл хадистегі «суннәту хәсана» – шариғаттың қағидаттарына, діннің негізіне қайшы келмейтін ізгі амалдардың барлығын қамтиды. Бұған Омардың (р.а) адамдардың барлығын бір имамның артына жинап, тарауық намазын оқытуы, Усман бин Аффанның (р.а.) Құранды жинақтағаны, жұма намазына екінші азанды қосқаны т.б. дәлел болады.

Мәулітті атап өтуді Ибн Хажар Асқалани, Хафиз Суюти, Абдулла ибн әл-Хажж, Хафиз әс-Сәхауи, Хафиз әл-Қастәләни, Хафиз Ибн әш-Шәмә, Ибн Хәжәр әл-Һәйтәми сынды т.б. батыс пен шығыс ғалымдары құптаған[6]. Сондықтан Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәулітін атап өту шариғатқа қайшы емес.      

Бауыржан Абдуалиев

Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] Бұхари, Муслим.

[2] «Әл-Имран» сүресі, 164-аят.

[3] Муслим, №1162.

[4] Ибн Рәжәп Ханбәли, Ләтәифу әл-Мәғарифу фимә ли мәуәсими әл-әми минәл-уәзәифи, 98. Али Жұма, Әл-Баян, 169-174.

[5] Муслим, №1017.

[6] Әс-Сюти, әл-Хәуи лил-фәтәуа, 1/181-189. Мулла Али Қари, әл-Мәуруд әр-Роуи, 307.  Әл-Қастәләни, әл-Мәуаһибу әл-Ләдуния, 1/148. Ибн әш-Шәмә, әл-Бәис әлә инкәри әл-бидғи, 1/23-24. Әл-Һәйтәми, әл-Фәтәуә әл-Хәдисия, 202. 

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #18 Мәуліт мүбәрак болсын!

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап Аяқ киіммен намаз оқуға бола ма?
Ислам – тазалыққа негізделген дін. Тазалық – дініміздің ең басты қағидаларының бірі. Әрі көптеген ғибадаттардың қабыл болуы осы тазалыққа тікелей байланысты. Мұсылманның ең абзал құлшылығы намаз екені баршамызға аян. Алайда сол намаздың дұрыс болуы үшін, денеміз, киіміміз және намаз оқитын орнымыз н...
Сұрақ-жауап Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #14
Мұқатып бірін-бірі мазақпенен, Өмір ғой өтіп жатқан азаппенен. Соңынан көштің итше ере бермей, Бой жиып алар қайрат қазақта кем!
Сұрақ-жауап Мұсылманды қарғауға (лағнет айтуға) бола ма?
Лағнет – алыстату, қуылу деген мағынаны білдіреді. Егер лағнет Алла тарапынан айтылса, ол жақсылықтан алыстау, қуғындалуды, ал пенде тарапынан болса балағаттауды, жаман тілекті білдіреді[1]. Ибн Хажар: «Лағнет – Алла Тағаланың рахметінен алыстататын жаман тілек»[2] дейді....
Сұрақ-жауап Намаз оқушының алдын кесіп өту күнә ма?
Намаз оқушы алдынан бір адамның кесіп өтуінен қауіптенсе, алдына сутра[1] қоюы – мұстахап.
Сұрақ-жауап Ипотекаға үй алуға бола ма?
Баспана – киім-кешек, құрал-сайман, көлік секілді адамның негізгі қажеттілігі. Біреулер ата-анасынан мұрағы қалған үйге ие болады. Басқалары өз күшімен үй салу немесе дайын ақшаға үй сатып алу арқылы баспанаға қол жеткізеді. Қазіргі таңда несиеге немесе бөліп төлеу шартымен үй сатып алып жатқандарды...
Сұрақ-жауап Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің қандай еңбектері бар?
Имам Матуридидің іргелі еңбектері. Матуридидің еңбектері көбіне кәлам, фиқһ және методикасы жайында.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Раби-авваль 1446
Миләди
25 қыркүйек 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:02

Бамдатқа дейін 01:50

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi