Мұсылманның мінезіне намаз қалай әсер етеді?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

Мұсылманның мінезіне намаз қалай әсер етеді?

| A | +

Аса қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

 

Намаз – Алла Тағала мен пенденің арасындағы ұлы құлшылық. Намаз – асыл дiніміздің тiрегi.

 

Ислам ғұламалары: «Намаз – иманның басы және тозақтан құтқарушы»,  – деп айтқан. Намаз – кәлимә-шаһадаттан кейінгі ең ұлы парыз болып есептеледі. Алланың бар екен­ді­гі және бірлігін бі­ліп растау – ең үл­кен па­рыз. Осы­дан кейін­гі па­рыз­дар­дың ең үл­ке­ні жә­не ең ма­ңыз­ды­сы – на­маз. Алла Тағала Құран Кәрімде «Мен жындар мен адам баласын  тек қана Маған ғибадат етсін деп  жараттым», – деп бұйырған.

 

Намаз – Құдіреттің бұйрығы, құлшылықтың ұлығы, амалдардың абзалы. Өзге құлшылықтардың барлығы да Жәбірейіл періште (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арқылы бұйырылса, намаз – аспан әлемінде періштенің қатысуынсыз парыз етілген ғибадат. О баста Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбетіне 50 рәкәт намаз парыз етіледі. Адамдардың қиынсынуын уайымдаған Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірнеше рет Алла Тағаланың алдына барып, азайтуды өтінгенде, намаз 5 уақытқа қысқартылып, балиғат жасына толған әрбір адамға парыз етілді. Алайда, Алланың кеңшілігімен 5 уақыт намаз үшін 50 бас намаздың сауабы берілетін болады. 

 

На­маз – жү­рек­тің нұ­ры, рух­тың кү­ші, мұ­сыл­ман­ның ұлы нығметі. Мұсылман баласы сәжде арқылы Алланың мейірімділігі мен кешірімділігіне жақын болады. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мүбәрак хадистерінде: «Намаз – барлық бәледен құтылудың жолы», «Алланың құлына жақын болатын кезі – сәждеге барған сәт», - деп мұсылмандар үшін ең жақсы игіліктермен сүйіншілеген болатын.

 

Намаз адамның жан дүниесін тазартып, көркем мінез сыйлайды. Өмірдің ағымын өзгертіп, өмір салтын дұрыстайды.  Құраның «Ъәнкәбут» сүресінің 45-аятында бұл туралы былай дейді: «Анығында, намаз жеккөрінішті (бұзық) істерден және қайтарылған нәрселерден тыяды». Адам баласы аса ұлы Алланы ықыласпен еске алып, намазын берілген түрде ұдайы және өз уақытында мұқият орындаса, онда жүрек тазарып, иман күшейеді әрі адам күнәлардан алыс болады. Адам намазда аса ұлы Алланы жанымен, тілімен және денесімен еске алады, ал бұл – ең игі амал. Алла Тағала «Мағариж» сүресінің 19-22 аяттарында намаз оқушыларды былай деп мақтайды: «Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған. Басына бір ауыртпашылық түссе тым шыдамсыз. Ал оған жақсылық келгенде өте сараң. Тек намаз оқушылар (мұндай) емес».  Сол үшін де намаз жүрекке қуаныш ұялатып, ләззат пен тыныштық орнатады. 

 

Намазға ниет етіп, дәрет алған адамның  күнәлары төгіледі. Бірде пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бұл нығмет жайлы былай дейді: «Қалай ойлайсыңдар, егер де сендердің біреулеріңнің есіктеріңнің алдында өзен ағып жатса және оған күн сайын бес уақыт жуынатын болсаңдар, бойларыңда қандай да бір кір қала ма?» – деп сұрайды. Сонда адамдар: «Жоқ, Алла Елшісі! Ешқандай кір қалмаушы еді», –  деп жауап береді. Сонда пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл – Алла Тағала күнәларды жуатын бес уақыт намаздың мысалы секілді», – деген екен. Осы сияқты Алла Тағала намаз бен намаздың арасында кеткен қателіктерді кешіріп отырады.   

 

Намаз – адамға рухани байлық беріп, иманының дәрежесін көтереді. Әркім исламнан өз үлесін алады және бұл үлес намаз дәрежесімен өлшенеді. Адам өзінің дініне деген махаббатын білгісі келсе, жүрегінің намазға деген сезімін тексеруі қажет. Ал ислам ғұламалары: «Алланың алдындағы қадіріңді білгің келсе, мына дүниеде не істетіп қойғанына қара», – деген. Иманның әлсіздігі я күштілігі және Алланы, Ақыретті немесе дүниені көп ойлайтындығымыз – намазға деген қарым-қатынаспен анықталады. 

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намаздың хикметі туралы былай дейді: «Тазалық – діннің жартысы, «Әлхәмду ли-Лләһи» деген сөз Таразыны толтырады, «Субхәнә-Ллаһи уәл-хәмду ли-Лләһи» деген сөз көк пен жердің арасын толтырады, намаз – нұр, садақа – дәлел, сабыр – жарқырау, ал Құран – сен үшін жақтаушы не қаралаушы дәлел. Барлық адамдар таңертең үйлерінен жандарын жақсылыққа, не қапасқа сату үшін шығады» – деп айтқан. Әбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хабарда пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде менің үмметім Қиямет күні есеп беруге шақырылады. Ал олардың жүздері, қолдары және аяқтарында дәреттің ізі қалып, жарқырап тұрады», – деген.

 

Сонда Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) сөзін жалғап: «Осы нұрды көбейтуге кімнің шамасы келсе солай жасасын», – деді. Әбу Хурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен тағы бір хадисте: «Менің сүйікті досым: «Мұсылманның Жәннаттағы әшекейі (нұры) оның дәрет алғандағы су жеткен жеріне дейін болады», - дегенін естідім» дейді. Басқа бір хадисте, керісінше, намаз оқымаған адам буынсыз бір сүйекке айналып, Алланың алдында сәжде жасай алмайды және қиындыққа тап болады делінген. 

 

Алла Тағала сәжде жасаған құлының дәрежесін көтеріп, күнәсін кешіреді. Сондай-ақ, адам баласы сәждеде рухани ләззатын артығырақ алады.  Сәжде жасаған маңдай – Тозақ отына харам етілген. Алла Тағала Құранда «Фатх» сүресінің 29-аятында иман келтіргендерді былай деп сипаттайды: «Оларды рукуғ жасаған (намазда иілген), сәжде еткен, Алладан кеңшілік әрі ризалық іздеген түрде көресің. Олардың жүздерінде сәжделерінің ізінің дерегі бар...» - деп айтқан. Маңдайында сәжде ізі бар адам ең бақытты адам.

 

Рабиа ибн Қағыб әл-Әслами (Алла оған разы болсын) былай дейді: «Ардақты пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәрет суын жеткізіп беріп, басқа да қолғабыстар жасайтынмын. Бір күні: «Тілегің болса, маған айт», – деді. «Сізге Жәннатта жақын болғым келеді», – дедім.

 

Ол: «Осыны ғана сұрайсың ба?» – деді. Мен тек осыны ғана қалайтынымды айттым. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда өзің үшін көп сәжде жасап, маған көмектес», – деді».

 

Алла Тағала адамзатты құлшылық үшін жаратқан. Ал намаз – құлшылықтың ең үлкені. Бір намаздың бойында еселеген сауаптар бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түнгі намаздың артықшылығы жайлы былай дейді: «Кімде-кім  құптан намазын жамағатпен оқыса, ол түннің жарымын намазбен өткізгендей болады және кімде-кім таң намазын жамағатпен оқыса, түнді түгел намазбен өткізгендей болады». 

 

Жамағатпен оқылған намаз жалғыз оқылған намаздан 27 есе артық. Сахих хадистерде таң намазы мен құптан намазының сауабын білген адам мешітке еңбектеп болса да келетіні, таң намазындағы екі рәкат – бүкіл дүние мен оның ішіндегі барлық жақсылықтан артық екендігі айтылады.

 

Намаз оқыған адам кішіпейілділік, сабырлықпен адамгершілік сияқты көркем сипаттарға ие болады. «Сабырлылық – иманның жартысы», – делінген. Намаз оқу арқылы адам түрлі теріс қылықтар мен іс-әрекеттерден аулақ болады.

 

Алла Тағала баршамыздың оқыған намазымызды қабыл етіп, өзінің шексіз мейіріміне бөлегей! Дұғамыз қабыл, мұратымыз асыл болғай!

 

Әсет Аташев

Предыдущий Следующий
Пайғамбар мешіті туралы 9 қызықты дерек  Пайғамбарымыз бен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдиналық яһуди ғалым

Тақырып аясындағы мақалалар

Общество Эксперт: Необходимо снять запрет на совершение молитв в ВУЗах
Известно, что мусульманам нельзя пропускать ни одну из пяти обязательных молитв. Из-за страха быть оштрафованными и из-за отсутствия необходимых условий молодые люди вынуждены совершать намаз скрытно в подсобных помещениях. Это приводит к созданию атмосферы замкнутости, подозрительности, провоцирует...
Пятничная проповедь Намаз - величайшее поклонение
Наша главная жизненная цель – поклонение Аллаху. Мы каждый раз говорим в проповедях, все оставшиеся разрешенные дела в этом мире должны служить нашим поклонениям. Семья, дети, работа, торговля, дом, машина, все это должно служить на пути нашей цели. А если это все мирское не помогает нам в осуществл...
Пятничная проповедь Намаз - великое поклонение
Поистине, шайтан течет в теле человека подобно току крови, и этого шайтана прогоняет намаз, благодаря этому у человека пропадает желание совершить грех.
Поминания Аллаха 6 причин, по которым мы просыпаем Фаджр
Вы просыпаетесь, и с ужасом осознаете, что до работы/университета/школы осталось всего 30 минут, а вы все еще не прочитали Фаджр! Что такое? Казалось, всего две минуты назад, вы всего лишь прикрыли глаза. А сейчас уже в напряжении бегаете туда и сюда по всему дому, чистите в спешке зубы, умываетесь....
Адаб (этика) и суфизм "Музыкальный" намаз
Редко в какой мечети отсутствует памятка "Выключайте мобильные телефоны". Зачастую, об этом напоминает сам имам перед намазом. Несмотря на это, проблема внезапно раздавшегося звонка во время намаза, по прежнему является актуальной. ...
Әдеп (этика) МІНЕЗІҢІЗ КӨРКЕМ БЕ?
Қиямет күні таразы басында, мүмін пенденің көркем мінезінен асқан ауыр нәрсе болмайды. Күмәнсіз Алла ауызы былапыт сөзге толы арсыз адамды жек көреді.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Әдеп (этика) МІНЕЗІҢІЗ КӨРКЕМ БЕ?
Қиямет күні таразы басында, мүмін пенденің көркем мінезінен асқан ауыр нәрсе болмайды. Күмәнсіз Алла ауызы былапыт сөзге толы арсыз адамды жек көреді.
Әдеп (этика) Мешіт әдептері
Белгілі табиғин Саид ибн әл-Мусайаб, рахимахуЛлаһ, былай айтқан: «Мешітте отырған адам, негізінде Жаратушы Алланың жиынында отыр». (Тәпсір Қуртуби, р.6, 560 бет). Атақты муфассир (Құран тәпсіршісі), имам Абу Абдулла Қуртуби, рахимахуЛлаһ, мешітке қатысты келесі әдептерді ерекше атап көрсетеді:...
Әдеп (этика) Уақыттың қадірін біліп жүрсіз бе?
Уақыт деген нені білдіреді? Уақыттың негізі мен оған себеп болатын факторлар қандай? Ол өлшеуге болатын нәрсе ме? Оның жылдамдығын азайтуға немесе көбейтуге бола ма? Ислам діні неліктен уақытты соншалықты қадірлейді? Ал, біз уақыттың қадіріне жетіп жүміз бе? Осы секілді сұрақтарға жауап беруге тырыс...
Әдеп (этика) Кез-келген есіктің кілті
Бір күні имам Ахмад ибн Ханбалдың танымал шәкірті имам Бакы ибн Махлядке (рахматулла алейхи), қайғы жұтқан бір әйел келіп, былай дейді: «Менің жалғыз ұлым византиялықтарға тұтқынға түсіп қалды....
Әдеп (этика) Жұма күнгі әдеп
Алла Тағала бізді – өзінің құлдарын өте жақсы көреді, біздің Жұмаққа кіргенімізді қалайды. Сондықтан да Раббымыз Өзінің шексіз қазынасының сыйлықтарын қолдануымызға мүмкіндік береді....
Әдеп (этика) Әулиелерге (Алланың сүйіктілеріне) зиян тигізгендерді не күтіп тұр
Ислам дінінде адамның ешкімге қолмен ұрып соғу арқылы, не тілмен балағаттап жаман сөз айту арқылы зиян тигізуіне болмайды. Мүмін – ол өз сөзінде тұратын адам, одан ешкімге зиян тимейді және өзгелер оның жанында тек тыныштық пен қауіпсіздік сезінеді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi