Мырзахмет Бауыржан: Атамның өсиеті
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Күн 06:56
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Мырзахмет Бауыржан: Атамның өсиеті

| A | +

Жуырда Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі ұйымдастырған «Алланың Өзі де рас, Сөзі де рас» атты эссе жазу байқауы өтті. Бүгін осы жарыста жүлделі 1-орынды қанжығасына байлаған үздік шығарманы назарларыңызға ұсынамыз. Келесі шығарылымдарда бірінші, екінші орындар мен ынталандыру сыйлығына ие болған авторлардың эсселерін жариялайтын боламыз.

 

Атамның өсиеті

 

Мен үшін ең асыл, мен үшін ең ақылгөй адам – ардақты атамды соңғы сапарға шығарып салдым...

 

Қалаға қайтып оралған соң, бір бөлмеде жататын болашақ дәрігер достарыма: «Жігіттер, Абайды оқиық!» – дедім осы сапарымнан түйіп қайтқан ойымды ортаға салып.

 

Екі жігіт аяқастынан жылан шағып алғандай шоршып түсті. Біреуі: «Әй, өз сабағымызды әрең игеріп жүрсек, сенің мынауың не сөз?!» – деді екі көзі шатынап. Ал екіншісі: «Негізінен, меніңше, қойшы қойын, балықшы балығын, аңшы аңын білу керек... Дәл сол сияқты, дәрігер дәрісін білу керек! Күні ертең, егер біз адамды емдей алмай жатсақ, бізге сын, ал Абайды білмей жатсақ, ешкім бізді сөге қоймас...» – деді миығынан жымиып.

 

«Біз ғой үшеуміз де намаз оқимыз, алайда сендер «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» дегенді кім айтқанын білесіңдер ме?» – дедім мен енді әңгімеге басқа қырынан келіп. «Е-е, мұны... имам-молдалар айтқан шығар...» – деді екі досым көп ойланып жатпастан. «Жоқ, қателесесіңдер, мұны айтқан – Абай!» – дедім мен атамнан естіген сөзді қайталап.

 

Қырық жыл мектепте әдебиет пәнінен сабақ беріп, қырық жыл бойы жас ұрпаққа Абайды насихаттаған атам көз жұмар алдында мені қасына шақырып: «Балам, Абайды оқы! Біреулердің түсінігінше, Абайды әдебиетшілер, тіл мамандары білсе жетіп жатыр екен... Бірақ тіпті де олай емес, Абайды дәрігер де, ұшқыш та, кәсіпкер де білу керек! Абайдың ой-пайымы басшыға да, қосшыға да үлгі! Абайдың даналығына жас та, кәрі де ден қоюы тиіс!» – деген еді тереңнен толғап.

 

Мен сол күннен бастап Абайды ұғып-білуге ден қойдым...  

 

Халық қана тарих қана ұғатын,

Алыптардың арқа тұтпас кім атын.

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа,

Керек болды Абай сынды ұлы ақын –

 

деп, ақын жырлағандай, халқымыздың біртуар азаматы, ұлттық мақтанышымыз Абай есімі қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында ерекше орын алатынын ұғына бастадым. Иә, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салып, ақындықтың, өлең мен өнердің, адамшылық қасиеттердің тура жолын нұсқаған ұлы ақын өз халқының болашағы үшін мол мұра қалдырды. Абайдың шығармалары – адамзатты парасатылыққа, имандылыққа, сезімталдыққа бағыттайтын сара жол. Абайдың даналығы – ұлтымыздың қасиетін, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, дәстүрін өз өлеңдері арқылы тамылжыта жеткізе білуінде. Ақын шығармаларын оқи отырып, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, Абай заманының тынысын, лебін, үнін естігендей боламыз. Ұлы ақынның қай шығармасын алсақ та, терең сезімнен, мағыналы ойдан туындаған үлкен тәрбие, өнегелі дана сөздер екенін көреміз. Абайды өз қазағынан басқа, бүкіл дүниежүзі халықтары мойындап отырғанына қалай қуанбасқа! Әлем әдебиетінің көрнекті өкілі Луи Арагонның: «Абай – халық даналығы. Абай – халықтың көрер көзі, сезімтал жүрегі, халық сезімінің, қайратының, жанының, барша асылының жиынтық көрінісі» – деген жүрекжарды сөзі барша адамзат баласының біздің Абайға деген риясыз сүйіспеншілігін паш етіп тұрған жоқ па!

 

Елім деп еңсесі езілгенмен, болашаққа зор үміт артқан данышпан Абай «соқтықпалы соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алыса жүріп» жастарға жол сілтеуге, ақыл-кеңес беруге, әсте жалықпаған:           

 

Кемді күн қызық дәурен, тату өткіз,

Жетпесе біріңдікін, бірің жеткіз...

 

Немесе: 

 

Біріңді қазақ, бірің дос

Көрмесең істің бәрі бос...

 

Он тоғызыншы қара сөзінде Абай: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нарселерін ескерсе, сонда іске жарайды, соны адам десе болады» – дейді.

 

Ұлы ақынның шығармалары бүгінгі таңда да өзектілігін еш жоғалтқан жоқ. Абай – халықты білімге, ғылымға, адал еңбек етуге, өнер үйренуге көп үндеген ақын. Әрі сол ғылымды ізденуші әрбір жасқа Абайдың қояр шарты да, берер ақылы да құнды:

 

Жамандық көрсең нәфрәтлі,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

 

Ғылым – ақиқатты сүйетін сала, ғылымға адал болу қажет. Кімде-кім талмай ізденіп, толассыз еңбектеніп, ғылым жаңалықтарымен танысуды күнделікті әдетке айналдырса ғалым болуы әсте қиын емес. Мұны Абай: «Ғадәләт, махаббат, сезім кімде көп болса, ол кісі – ғалым... Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз: жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп...» – деп түсіндіреді. Кемеңгер Абай ғылымды пайдакүнемдікті көздеп, «я адвокат», «я тілмаш» болу үшін оқымауды, керісінше білімді махаббатпен көксеп, ақиқатты білмек үшін үйреніп, өз ісіне адамгершілікпен қарау керектігін қадай айтады:

 

Военный қызмет іздеме

Оқалы киім киюге...

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге...

 

Немесе:

 

Баламды медресеге біл деп бердім,

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім...

 

Адамгершілік қасиеттер мен имандылықты өсиет етуде, ұрпақ санасына ізгілік туралы, кісілік туралы қастерлі ұғымды мәңгілікке сіңдіріп орнықтыруда – Хәкім Абайдың «Имани гүл» танымының орны бөлек:

 

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және Хақ жолы осы деп әділетті.

 

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Алла деген сөз жеңіл» өлеңдеріндегі әйгілі үш сүю «Имани гүл» ілімінің түпкі мақсаты – адамдарды рухани кемелдендіру, жетілдіру; өйткені адамның адамгершілік, рухани өзегі болмаса, ол ерік-жігерінен, өмірлік бағдарынан әп сәтте айрылып қалуы ғажап емес.

 

Иә, Абай – даналықтың таусылмас кеніші екеніне көзім анық жетті! Абайды танып-білген сайын және, және біле түскім келді! Әрі тек біліп қана қоймай, білгендерімді қасымдағы достарыма айтып, бөлісетін болдым. Бір ғажабы, келе-келе олар да өз беттерімен Абайды оқи бастады.

 

Енді мен Абай туралы басқа курстастарыммен ой бөлісетін болдым... Жүрген жерімде Абайды тілге тиек етемін... Бір жерге қонаққа бара қалсам, ең алдымен сол үйдің кіпханасына зер салатынды шығардым... Сөреде тұрған қызылды-жасылды көп кітаптардың ішінен Абайдың кітаптарын іздеймін...

 

Келе-келе автобус, тролейбустарға мінсем, есіктен кірген бойда адамдардың қолына қараймын... Кітап оқитын адамдарды іздеген түрім ғой... Бірақ өкінішке орай, іштегілердің көпшілігі қолдарындағы телефондарына үңіліп отырады... Құлақтарын тығындап, тас бекітіп алған...

 

Әйтеуір бірде жолым болған сияқты. Автобустың ішіне кірсем, артқы жақта бір жас жеткіншек кітап оқып отыр екен... Жерден жеті қоян тапқандай қуанып кеттім! Қасына жүгіріп барып, қасындағы бос орынға жалп етіп отыра кеттім... Жасөспірім маған назар аударар емес, бар есіл-дерті қолындағы кітапқа ауған... Ақыры шыдай алмай:

 

– Қандай кітап оқып отырсың? – деп сұрадым.

 

Бетіме ожырая қараған ол:

 

– Гарри Поттер ғой! – деді сұрағымды жақтырмаған кейіппен.

 

Мен басымды шайқадым. Сосын жанашыр дауыспен:

 

– Інім, сен Абайды оқы! – дедім әрбір сөзіме мән бере сөйлеп.

 

Келесі аялдамада жасөспірім сыртқа шығып кетті.

 

Сонда барып мен бір кездері атамның өзіме айтқан сөздерін бейтаныс балаға қайталағанымды түсіндім. «Иә, тыңдаса жақсы болар еді!» деймін іштей күбірлеп...  Үш аялдамадан кейін мен де автобустан түсіп қалдым. Есіме тағы да атам түсті... Атамның өсиетіне адал болып қалғаныма қуандым...

 

Мырзахмет Бауыржан Есенәліұлы,

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық

медициналық университетінің 7-курс студенті

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Хасан ТАШАЙҰЛЫ: Зікір – жын-шайтанға қарсы сенімді қару Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #28

Оқырмандардың пікірі (0)

ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 06:56

Бесінге дейін 01:37

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi