НӘПСІ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Таң 05:35
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

НӘПСІ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

| A | +

Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!

Адам баласының жақсылыққа да, жамандыққа да бейім екендігі белгілі. Пенде бойындағы адамшылықтың шыңына бастар асыл қасиеттердің жиынтығы «ар-ождан» деп аталса, керісінше, кері тартып, кісіліктен  бездіретін күшті – нәпсі дейміз. Ар-ұят, адалдық, әдептілік, жанашырлық секілді адамгершілік қасиеттер – ұжданға тиесілі болса, тәкәппарлық, көре алмаушылық, мақтаншақтық, жалқаулық, дүниеқоңыздық сынды жағымсыз мінез-құлықтар – нәпсіге тән. Сол себепті пенде нәпсісін ең жаман қалауларымен күресіп, оны тәрбиелеуі қажет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Шәмс» сүресі, 8-10-аяттарында:

فَأَلْهَمَها فُجُورَها وَ تَقْوَاهَا  قَدْ أَفْلَحَ مَنْ زَكَّاهَا  وَ قَدْ خَابَ مَنْ دَسَّاهَا

«Нәпсіге жамандық қабілеті мен тақуалық қасиетін бергенге серт! Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды. Ал кім оны кірлетсе, қор болды», – деп айтқан.

Мәшһүр Жүсіп бабамыз: 

Табылды өз бойымнан екі дұшпан,

Бірі іштен болғанда, бірі – тыстан, – деп іштегі жаман қалаулардың адамның дұшпаны екендігін айтқан.

Қасиетті Құран аяттарында нәпсінің мынадай түрлері турасында айтылған.

  1. Нәфсул-әммәра (жамандыққа бастаушы нәпсі). Бұл басым көпшілік адамда кездеседі. «Юсуф» сүресінде Жүсіп пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын):

وَمَا أُبَرِّئُ نَفْسِي إِنَّ النَّفْسَ لَأَمَّارَةٌ بِالسُّوءِ

«Нәпсімді ақтамаймын. Расында нәпсі жамандыққа бұйырады ...», – деген («Юсуф» сүресі, 53-аят).

  1. Нәфсул-ләууәма (сыншыл нәпсі). Бұл жақсы адамдардың бойынан табылатын нәпсі. Алла Тағала қасиетті Құранның «Қиямет» сүресі, 2-аятында:

وَلَا أُقْسِم بِالنَّفْسِ اللَّوَّامَة

«Сөгіс беруші сыншыл (өз-өзін жазғырушы) нәпсіге серт!» – деп айтқан.

Сыншыл нәпсі – шынайы мұсылманның нәпсісі. Түзу жүретін мүмин өзінің әр іс-әрекетіне үнемі сын көзбен қарайды. Әрдайым сөзі мен іс-қимылына өзі есеп береді.

Хасан әл-Басри (Алла оны рақымына алсын): «Біз мүмин деп – өзінің нәпсісін сынаушы адамды айтатынбыз. Өйткені ол: «Айтқан сөзіммен нені қаладым, жеген тамағыммен нені қаладым?» – деп үнемі өзін сынап отырады. Ал, пасық адам қадам басқан сайын жақсылықтан ауытқи береді, өзін бұл үшін жазғырмайды да», – деген екен.

Ғұлама Мужаһид (Алла оны рақымына алсын) «сыншыл нәпсі» жайлы: «Ол – жамандық істеп қойса, неге істедің? деп жазғырады. Ал, жақсылық амал істесе, неге көбірек істемейсің? деп сөгетін нәпсі», – деген екен

  1. Нәфсул-мұтмаинна (жаны жай тапқан нәпсі). Алла Тағала қасиетті Құранның «Фәжр» сүресі, 27-аятында:

يَا أَيَّتُهَا النَّفْسُ الْمُطْمَئِنَّة

«Уа, жаны жай тауып, (Аллаға иман келтіріп, құлшылық етіп, дұға жасап) көңілі орныққан нәпсі!» – деп айтқан.

Ғалым Журжани (Алла оны рақымына алсын): «Бұл жүректің нұрымен нұрланып кемелденген, жаман сипаттардан арылып, көркем мінезге ие болған нәпсі», – деп анықтама береді. Бұл нәпсі жүректің нұрымен сомдалып, жаман мінез, әдеттерден арылып, көркем ахлақ иесіне айналған рух, жаны жай тауып тыныштанған жан. Имам Раббанидың сөзімен айтсақ: «Нәфсул-мұтмаинна деңгейіне дейінгі құлшылықтардың бәрі де еліктеушілік болып шығады, осы күйге жеткенде ғана құлшылық шынайы түрде, үлкен ықыласпен орындалады».

Қасиетті Құран аяттары мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде нәпсіні тәрбиелеудің көптеген жолдары баяндалған. Олардың негізгілері мынадай:

 

Бірінші: Ықыласпен құлшылық ету

Алла Тағаланың бұйырған құлшылықтарды шынайы ықыласпен орындау арқылы, пенде өзіне жүктелген міндетті орындап қана қоймай, ол арқылы өзінің нәпсісін тазартып, жаман әдеттерден арылуға күш-жігер салады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Анкабут» сүресі, 45-аятында:

إِنَّ ٱلصَّلَوٰةَ تَنۡهَىٰ عَنِ ٱلۡفَحۡشَآءِ وَٱلۡمُنكَرِ

«Расында намаз – адам баласын арсыздықтан және жамандық атаулыдан (теріс қылықтардан) тыяды», – деп айтқан.

Ғалымдарымыз: «Кімде-кім намаз оқып жүріп, намазы оның жаман істерден тыйылуына себепші болмаса, ол  адам намаздағы ықыласын жөндеуі қажет», – деген. 

Алла Тағала жағдайы бар адам үшін міндеттеген зекет ғибадаты да сырттай қарағанда өзгеге пайда келтіретін іс болып көрінгенімен, шын мәнінде адам баласы өзгеге жәрдем беру арқылы өз бойындағы сараңдық,  дүниеқоңыздық, сынды ішкі дерттерден тазарады. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 103-аятында:

خُذۡ مِنۡ أَمۡوَٰلِهِمۡ صَدَقَةٗ تُطَهِّرُهُمۡ وَتُزَكِّيهِم بِهَا

«Олардың дүние-мүлкінен зекет, садақа ал да, сол арқылы оларды тазартып, күнәларынан арылт (берекеге ұластыр)», – деп айтқан.  

Міне осы сынды шынайы ықыласпен орындалған парыз, уәжіп, нәпіл және т.б. ізгі амалдардың барлығы нәпсімізді тазартып, жаман әдеттерімізден арылуымызға себеп болады.

Сәһл ибн Абдуллаһ әт-Тустуриден (Алла оны рақымына алсын): «Нәпсіге ең ауыр не?» деп сұрағанда, ол кісі: «ықылас, өйткені ода нәпсінің үлесі жоқ», – деп жауап қатқан екен».

 

Қисса

Исрайыл қауымында құлшылығынан жаңылмаған бір мұсылман өмір сүреді. Бірде бір топ кісі оған сол маңда ағашқа табынатын қауым барын айтады. Тақуа кісі ол жағдайға ашуланып, балтасын алып әлгі ағашты шауып тастау үшін жолға шығады. Сол кезде шайтан бір шал кейпінде алдынан шығып, жөн сұрасады. Ол ағашты кесуге кетіп бара жатқанын айтады. Шайтан ол ағашты кестірмейтінін айтып, ол адаммен алыса кетеді. Мұсылман кісі оны жығып алғанда, шайтан: «Ол ағаштың саған ешбір зияны жоқ. Сен оған құлшылық жасамайсың. Бұл істі істеуден бас тартсаң, күн сайын үш алтын беріп отырамын. Оларды әр күн жастығыңның астынан тауып алатын боласың. Солай қажетіңді өтейсің, әрі туысқандарыңа жақсылық жасайсың, пақырларға көмектесесің және сол секілді көптеген қайырлы іске мұрындық болып сауапқа қаласың. Ал ағашты кессең, тек бір сауап аласың», – дейді. Пенде (әлгі кісінің) шайтанның сөзіне алданып, айтқанына көнеді. Екі күн бойы ақшаны жастығының астынан тауып, үшінші күні таппай қалады. Ашуланып балтасын тағы алады да әлгі ағашты кесу үшін жолға шығады. Жол-жөнекей шайтанға жолығып, тағы алыса кетеді. Бұл жолы шайтан адамға әл бермей жеңеді. Таң қалған пенде:  «Мені қалай жеңіп кеттің?» – деп сұрайды. Сонда шайтан: Алғашында сенің ниетің тек Алла разылығы үшін болатын. Сондықтан Алла менің қуатымды алып қойды. Ал бұл жолы сенің қу құлқының дүниені ойлап кетті, сондықтан жеңілдің», – деген екен.

 

Екінші: Нәпсіні әсте-әсте тәрбиелеу

Үйреніп қалған істен ажырау нәпсіге өте қиын. Бұндайда ата-балаларымыздың «Мұсылман болу әсте-әсте» деп айтқанындай нәпсімізді сатылап, дәрежелеп тәрбиелеудің мәнісі үлкен. Жүйрік сәйгүліктің үстінде жүйіткіп шауып келе жатқан адам, тұлпарының басын бірден тартып тоқтата алмайды. Олай істеген адам құлап мерт болуы әбден мүмкін. Сол секілді нәпсіні де жаман қалауларынан бірте-бірте тыйған дұрыс. Мысалы, Құранда арақтың харам етілуіне қатысты аяттар үш бөліп түскен. Басында пайдасынан зияны көп екендігі айтылды. Кейін арақ ішкен күйде намазға тұруға тыйым салынды. Аят үшінші рет ескертілгенде арақтың лас, одан алыс болу керектігі бұйырылды. Ол уақытта адамдар арақты жаппай ішкендіктен бірден тастау нәпсілеріне ауыр келетіндіктен, Құран Кәрімде арақ ішу мәселесіне иләһи даналықпен осылайша тыйым салынған. Омырауындағы емізулі нәрестені одан ажырату оңайға түспейді. Олай істер болса баланың керісінше оған деген зауқы одан сайын арта түспек. Анасы оны бірте-бірте ажыратқанда ғана бала қиындықсыз емуін қойып кетеді. Адам нәпсісі де тура осылай. Жылдар бойы істеп, бойы әбден үйреніп кеткен кей істерді адам бірден қойып кетуі өте ауыр. Сайын далада еркін жайылып, қырдың жайқалған көк майса шүйгін шөбін жеп, мөлдіреп аққан суын ішіп жүрген төрт түліктің кез келгенін қолға үйретер болсақ, алғашқыда тар қораға сыймай, күйі түсіп, кең даланың төсін аңсайтыны белгілі. Кейіннен оған бойы үйреніп, уақыт-уақытымен ғана берілетін жем-шөпке де көндігеді. Әбден үйренгеннен соң, далаға қуса да сол тар қорасына айналып келіп тұратын күйге жетеді. Олай болса, нәпсімізді де осылайша бірте-бірте үйреншікті жаман істерден ажыратып, жақсы істерге тұрақтандыруымыз қажет. Шәкәрім бабамыз былай деп айтқан: «Сөзіңді түзе – әдетіңе айналады, әдетің – мінезіңе айналады, мінезің – сенің тағдырың».

 

Үшінші: Ізгі адамдармен (ортамен) бірге болу

Адамның жақсылық атаулыға бой үйретіп, жамандықтан жиренуіне ізгі ортаның әсері өте үлкен. Себебі адам ізгі адамдармен бірге болған сайын бойындағы ізгілік сипаттары оянып, жақсы істерге бейімделеді. Сол секілді жаман ортамен араласса, олардың жаман сипаттары жұғады. Алла Тағала ардақты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ بِالْغَدَوةِ وَالْعَشِىِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ وَلاَ تَعْدُ عَيْنَاكَ عَنْهُمْ تُرِيدُ زِينَةَ الْحَيَوةِ الدُّنْيَا وَلاَ تُطِعْ مَنْ اَغْفَلْنَا قَلْبَهُ عَنْ ذِكْرِنَا وَاتَّبَعَ هَوَيهُ وَكَانَ اَمْرُهُ فُرُطًا

«Таңертең және кешке Раббыларына, Оның (разылығын ғана қалап) дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де барынша сабырлылық таныт. Дүние тіршілігінің сән-салтанатына көңілің ауып, оларды көзіңе де ілме. Сондай-ақ жүрегін Бізді еске алудан қаперсіз еткен, нәпсісінің әуесіне ерген және бүкіл ісі шектен шыққан әлде біреулерге бағынба (ерме)», – деп Алланы еске алған, Оның разылығын іздеген жандармен бірге болуды әмір еткен («Кәһф» сүресі, 28-аят).

Мәшһүр Жүсіп бабамыз «Ат пен есектің қорасы бір болса, мінездес болады», – деген екен. Ізгі адамдармен дос болу – адамның ізгілікке бұрылуына, мінез-құлқының көркем болуына, жаман әдеттерден арылуға, рухани кемелденуіне тигізер пайдасы өте үлкен. Осы себепті де ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

اَلرَّجُلُ عَلَى دِينِ خَلِيلِهِ فَلْيَنْظُرْ أَحَدُكُمْ مَنْ يُخَالِلُ

«Адам – өзінің досының дінінде. Ендеше, кіммен дос болып жүргендеріңе мән беріңдер!» – деп айтқан (Имам Термизи).

Әбу Имран (Алла оны рақымына алсын) былай дейді: «Бір күні мен Әбу Зәррдың (Алла оған разы болсын) мешітте жалғыз отырғанын көрдім. Одан: «Неге жалғыз отырсың?» – деп сұрадым. Ол: «Жалғыздық – жаман ортамен басқосқаннан әлде қайда жақсы, бірақ жақсы орта жалғыздықтан жақсы», – деп жауап берді».

 

Төртінші:  Алла Тағаланың әркез көріп, бақылаушы екендігін есте ұстау

Пенде Алла Тағаланың адам баласының сыртқы және ішкі дүниесін әрдайым бақылап тұрғандығын есте ұстап әрі оған нақты сенімде болуы тиіс. Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 235-аятында:

وَاعْلَمُوا أَنَّ اللهَ يَعْلَمُ مَا فِي أَنْفُسِكُمْ فَاحْذَرُوهُ

«Біліп қойыңдар. Алла іштеріңе бүккен ойларыңды түгелдей біледі. Ендеше (Оның бұйрығына қарсы келуден) сақтаныңдар», – деп ескертеді. «Сүннеттің анасы» деп танылған хадисте Жебірейіл періште Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «ихсан» туралы сұрағанда, Алланың Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

أَنْ تَعْبُدَ اللهَ كَأَنَّكَ تَرَاهُ. فَإِنْ لَمْ تَكُنْ تَرَاهُ، فَإِنَّهُ يَرَاكَ

«Ихсан дегеніміз – Алланы көріп тұрғаныңдай құлшылық ету. Сен Оны көрмесең де, Ол сені көріп тұрады», – деп жауап береді. Демек, оқитын намазымыз, ұстайтын оразамыз, беретін зекетіміз, орындайтын қажылық, т.б. амалдарымыз ихсан жағдайында болса, нәпсінің жақсы жағына қарай тәрбиеленуін жеңілдетеді.

Сахаба Малик ибн Динар (Алла оны рақымына алсын) мынандай оқиғаны жеткізеді: «Хаттаб ұлы Омармен (Алла оған разы болсын) бірге Меккеге қарай сапарға шыққан едім. Жолда бір жерде демалғанымызда, таудан түсіп келе жатқан қойшыны көрдік. Омар оны (сынамақ болып): «Әй, қойшы, қойларыңның ішінен біреуін маған сат?» – деді. Қойшы: «Мен жәй ғана құлмын, қойдың иесі емеспін», – деп жауап қатты. Омар: «Иеңе оны қасқыр жеді деп айтпаймысың?» – деді. Сол кезде қойшы: «Алла көріп тұрғандығын қалайша естен шығармақпыз?» – деп жауап берді. Сол сәтте Омар (Алла оған разы болсын) жылап жіберді. Құлдың иесіне барып, оны сатып алып, азат етті. Әрі оған: «Сенің бұл дүниеде құлдықтан азат болуыңа бір ауыз сөзің себеп болды әрі ол сені қияметтің азабынан да азат болуыңа себепші болады деген үміттемін», – деді».

 

Бесінші: Нәпсінің жаман қалауларын әркез басып отыру

Мұсылман адам ішкі қалауы әлдебір ой салғанда, сол істің дұрыс-бұрыстығын саралап барып істеуі қажет. Әйтпесе, нәпсісінің қалауын орындай беру адамды орға жығары сөзсіз.

Шал ақын:

Нәпсің бір көкжал бөрідей,

Иманың бағлан қозыдай.

Егер тыю салмасаң,

Иманыңды жеп кетер, – дейді.

Пайғамбарымыздың тәлімін алған сахабалар нәпсілерімен қандай қатынаста болғандығын мысал арқылы келтіретін болсақ, Хазіреті Осман (Алла оған разы болсын) бір күні ет жегісі келіп, базарға барып сатып алайын деген ниетпен үйінен шығады. Жолда кетіп бара жатқанында алдынан Әли сахаба (Алла оған разы болсын) кезігіп қалады. Екеуі сөйлесіп қалып, Әли оның қайда кетіп бара жатқандығын сұрайды. Сонда Осман: «Ет жеуге аңсарым ауып, соны сатып алайын деп базарға кетіп бара жатырмын», – дейді. Әли оған: «Сонда сіз нәпсіңіз не қаласа, оны сатып ала бересіз бе?» – деп сұрақ қояды. Осы кезде Осман (Алла оған разы болсын) қателігін түсініп, сол жерден кері бұрылып, үйіне қарай кеткен екен.

Яхия ибн Муғиз әр-Рази (Алла оны рақымына алсын): «Адамның жаулары үшеу. Олар: дүние, шайтан және нәпсі. Дүниеден зүһд (баз кешу) арқылы сақтан, шайтаннан оның азғырғанына қайшы іс жасау арқылы сақтан, ал нәпсіден шаһуатыңды тәрк ету арқылы сақтан», – деген.

Бұрынғы өткен даналар: «Расында нәпсі құмарлығына еру патшаларды құлға айналдырады, ал сабырлық құлдарды патшаға айналдырады. Жүсіп пен Зылиханың қиссасын көрмейсіз бе?» – дейді екен. Шынымен де нәпсісін жамандықтан тыю арқылы Жүсіп Пайғамбар үлкен дәрежеге қол жеткізді. Ал  Зылиха нәпсі қалауына еріп, Жүсіпке жала жауып, соңында ісі әшкере болды.

 

Қадірменді жамағат!

Нәпсімен күресудің бұдан да басқа жолдары көп. Айталық, білімі жоғары, нәпсі тәрбиелеу жолында тәжірибесі бар адамнан кеңес алу, Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде  келген дұға, истиғфар, зікірлерді жиі оқу, т.б. Жалпы, нәпсімен күресу – әрдайым дәрігердің қарауында болған ауыр сырқатқа ұшыраған адамды емдеу тәрізді. Адам онымен әр кез күрес үстінде болуы керек. Алла Тағала қасиетті Құранның «Назиғат» сүресі, 40-41-аяттарында:

وَأَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِ وَنَهَى النَّفْسَ عَنِ الْهَوَى فَإِنَّ الْجَنَّةَ هِيَ الْمَأْوَى

«Ал енді кім Раббысының құзырында тұрудан қорқып, нәпсісін жаман қалауларынан тыйған болса, негізінде оның баратын жері жәннат», – деп айтқан.  

 

Алла Тағала баршамызды нәпсінің зиянынан сақтап, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ТӘБӘРІК ЖАСАУҒА БОЛА МА? ЕҢ ҮЛКЕН ЖИҺАД - НӘПСІНІ ТӘРБИЕЛЕУ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Жұма уағызы АЛЛА ТАҒАЛАНЫ ЕСКЕ АЛУ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы МҰСЫЛМАННЫҢ МҰСЫЛМАН АЛДЫНДАҒЫ АҚЫСЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын!
Жұма уағызы ЖОМАРТ ПЕНДЕНІҢ ДӘРЕЖЕСІ МЕН САУАБЫ
Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның отбасы мен барлық сахабаларына салауаттар мен сәлемдер болсын! 
Жұма уағызы ҚАРЫЗ БЕРУ МЕН ҚАЙТАРУ ӘДЕПТЕРІ
Асыл дініміз Исламда адам баласының екі дүниесіне қажетті барлық мағлұмат қамтылған. Осындай қасиетті Құран мен ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде баяндалған мәселелердің бірі – қарыз алу және оны қайтарудың әдептері....
Жұма уағызы ЖҰМАҚ – МҰСЫЛМАННЫҢ МӘҢГІЛІК МЕКЕНІ
الحمد لله رب العالمين والصلاة والسلام على سيدنا محمد وعلى آله وصحبه أجمعين، أما بعد
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:35

Имсакқа дейін 01:06

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi