ОТАНҒА ОПАСЫЗДЫҚ ЕТКЕНІҢ, ӨЗ ЕЛІҢНІҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕНІҢ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Ақшам 16:25

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ОТАНҒА ОПАСЫЗДЫҚ ЕТКЕНІҢ, ӨЗ ЕЛІҢНІҢ ТҮБІНЕ ЖЕТКЕНІҢ

| A | +

«Отанға опасыздық жасау» тіркесіне кіріспес  бұрын бірінші «Отан дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап берейікші. Батыр Бауыржан Момышұлы шайқасқан Волоколамск тас жолы үшін ұрыс алдында жауынгерлерді келесі сөздермен рухтандырды: «Отан деген – сенің өзің. Отан – бізбіз, біздің отбасымыз, анамыз, әйелдеріміз, балаларымыз. Отан-халқымыз. Бәлкім, әлдеқалай саған оқ тиер, бірақ алдымен дұшпанды аластат. Шамаң келгенше қыр! Солайша сен оның да, мұның да – бір окопта жатқан қарулас жолдастарының өмірін сақтайсын. Ал мен сендердің командирлерің ретінде  біздің әйелдеріміз бен балаларымыздың аманатын, халқымыздың нұсқауын орындауға тиістімін. Сендерді ұрысқа өлім үшін емес, өмір үшін бастағым келеді!» (А. Бек «Волоколамск тас жолы», 44 бет).

Осы қысқа үзіндінің өзінде біздің көптеген сұрақтарымыздың жауабы жатыр. Отан - аманат. Оны сақтау, қорғау әрбіріміздің борышымыз. Ал, осыған қарама-қайшы әрекет Отанға опасыздық болып табылады.

«Отанға опасыздық жасау» тіркесін естігенде әдетте көз алдымызға  өз борышын орындаудың орнына  майдан шебінен қашып бара жатқан жауынгерлердің әрекетін елестетеміз. Соғыс кезінде мұндай  әрекеттер қатаң жазаланатын. Өздерінің опасыз әрекеттерімен басқа да жауынгерлерге кері әсерінің алдын алу үшін ондай адамдар өлім жазасына кесілетін.

Бұл соғыс жағдайы.

Ал Аллаға шүкір бейбіт өмірді алып қарастырайық.

Қазіргі жағдайда «Отанға опасыздық жасау» дегеніміз не? Отанымыз - Алладан берілген аманат. Отанымыздың  сақталуы мен қауіпсіздігіне, дамуы мен гүлденуіне  зиян келтіретін әрбір әрекет сол аманатқа қиянат жасауымен тең болады.

Отан - отбасыдан басталады. Отанымыз сан мындаған отбасылардан құралған. Отбасы мүшелерінің өзара бір-бірімен дұрыс мәміле жасай отырып, өздерінің отбасы алдындағы парыздарын орындаса бұл - Отанына қалтықсыз қызмет етумен тең.  Бір қолымен бесік, екінші қолымен әлем тербетіп отырған асыл аналарымыз «Еліңе қызмет еткің келсе, еріңе қызмет қыл» қағидасын берік ұстаса отбасыларымыз, яғни Отанымыздың  гүлденуі хақ.

Өкінішке орай, қазіргі таңда біз осыған қарама-қарсы үдерістің куәгеріміз. Отбасын тастап кеткен әкелер, тастап қана қоймай балаларының тиісті нәпақасын төлеуден қашқақтағандарды қазіргі заманның опасыздарына теңеуге әбден болады.

Оларды асырауға жағдайы бола тұрып өзін тәрбиелеген ата-анасын қарттар үйіне өткізген жандар да - опасыздар. Өйткені олар өмір деген майданда өзін асырап баққан, ал енді қартайған кезде керексіз болып қалған жандарды пайдасыз деп тапты әрі олардан бас тартты.

Отанға опасыздық. Бұл кішігірім нәрседен басталып, үлкен күнәға айналады. Мәселен, мектепте оқушы емтихан тапсырғанда «шпаргалка» пайдаланды. Дайындалуға ерінді. Мұғалімдерді, ең бастысы өз-өзін алдауға кірісті. Сөйтіп, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруге дағдыланады. Емтихан не басқа да қандай да бір өмір сынақтарын жеңіл жолмен шешуге еті үйренеді. Жоғары оқу орнына түсу үшін пара алғандар және пара бергендерді де опасыздар қатарына қосуға болады. Өзіне тиесілі емес білім грантына ие болып, оны жақсы оқыса екен ғой, бірақ жалқаулық әбден бойын билеп алған адам ары қарай қоя ма? Жоғарғы оқу орнын бітіріп бәсекеге қабілетсіз маман елінің дамуына қандай үлес қоспақ? Пара беріп грант алған, пара беріп қызметке орналасады, жалпы ондай адам пара беру мен пара алуды өмірдің бір нормасы деп қарастырады. Қысқа уақыттың ішінде дамыған мемлекеттердің қатарына қосылған Сингапур елінің  мысалын алатын  болсақ, олар бұл жетістікке парақорлықты түбімен жою арқылы қол жеткізген.  Отанымызды уылжып піскен алмамен салыстыратын болсақ, парақорлар мен жемқорлар – сол алманың құрттары іспеттес. Олар - еліміздің түбіне түскен нағыз опасыздар.   

Әр адам өз қызметін харам араластырмай адал атқарса, бұл нағыз қазіргі заманның батыры. Ұстаз шәкірттерді  дұрыс оқытса, дәрігер қажетті емді жасай алса, тағы сол сияқты әр маман өзінің қызметін жоғары деңгейде атқаруға тырысса бұл еліміздің гүлденуіне, өсуіне тікелей әсер етеді. Қазіргі таңда әрбіріміз өз өзімізге келесі сұрақ қойып, оған жалтармай шын жауап беріп көрейікші: «Мен қызметімді адал атқарып жүрмін бе? Еліме қандай пайда әкелемін? Қызметімді шамам келгенше жоғары дәрежеде атқарып жүрмін бе? Қызметімді жоғары дәрежеде атқару үшін маған не жасау  қажет? не өзгерту керек?». Сонымен, қызметін, жұмысын қалай болса солай, сапасыз орындаған жандар да опасыздар санатында.

Тоқсан сөздің тобықтай түйіні - Отанына опасыздық жасағандар деп өзінің басына туған мәселесінің шешімін оңай әрі харам жолмен шешкен жандарды айтамыз. Олар өздеріне уақытша жеңілдік жасағанымен өзгелерге кеселін келтіреді, ұзақ мерзімді перспективада өзіне де Отанына да зиян тигізеді.

ОРАЛКЕНҰЛЫ ДАНАБЕК

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ БАУЫРЫҢА ӨКПЕЛЕМЕ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады.
Қоғам МЕЙІРІМГЕ ТОЛЫ МЕРЕКЕ
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
Қоғам ТАРИХЫМЫЗДЫ ҰМЫТПАЙ, ОДАН САБАҚ АЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ
Өткен күндердің еншісіндегі сұрапыл соғыстар, қуғын-сүргіндер, жеңіске жеткен һәм жеңіліске ұшыраған сәттер, бәрін де ескеруіміз керек. Себебі ол – біздің тарихымыз. Әлихан Бөкейхан «Бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» деген болатын. Сондықтан біз өткен...
Қоғам ЖАЛПЫҒА ЖҮКТЕЛГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти 
Қоғам ТЕМЕКІНІҢ ХАРАМДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДӘЛЕЛДЕР
Темекінің харамдығына байланысты мынандай дәлелдер келтіруге болады: 1. Құранда: «(Мұхаммед пайғамбар) Оларға пайдалы пәк нәрселерді адал етіп, зиянды нахош нәрселерді харам етеді...» - делінген. Демек, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әкелген дінінде адамға зиянды бар...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:25

Құптанға дейін 01:09

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi