Пайғамбар тәлімі һәм орта жолды ұстану
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:34 06:55 11:42 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024

Мақалалар

Пайғамбар тәлімі һәм орта жолды ұстану

| A | +

Еркінбек ШОҚАЙ, 

Алматы қаласының бас имамы

 

Мұсылман үмметінің ерекшелігі көп. Соның бірі – Алла Тағала мұсылман үмметін орта жолды ұстанушы етіп жаратқан. Құран бұл жайлы «Бақара» сүресінің 143-аятында: «Міне, осылайша, сендерді орта жолды ұстанушы үммет еттік...» дейді. Демек мұсылман үмметі – өзінің құлшылығынан бастап барша ісінде артық та кетпейтін, кем де жасамайтын қауым. Үмметтің жолбасшысы әрі адамзаттың абзалы – Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің ісімен орта жолдың үлгісі мен шынайы бейнесін көрсетіп отыратын еді. Мұның айғағы ретінде төменде Алла елшісінің ғұмырынан кейбір хадистер мен оқиғаларды келтіруді жөн көрдік.

 

Сахаба Әнас (р.а) пайғамбарлық кезеңде болған мына оқиғаны әңгімелеп: «Пайғамбардың әйелдерінің үйіне үш адам келіп, Оның құлшылығы туралы сұрайды. «Әлгі адамдарға Пайғамбардың құлшылығы туралы айтылғанда, оны азсынғандай болып: «Бізге Пайғамбарға жету қайда. Оның ілгері-кейінді күнәсі кешіріліп қойған», – деді. Олардың бірі: «Мен өмірбақи көз ілместен түннің барлығын намазбен өткі­земін», – деді. Екіншісі: «Мен өмірбақи ораза ұстап өтемін, аузымды ашпаймын», – деді. Үшіншісі: «Мен өмірбақи әйелдерге үйленбей, бойдақ өтемін», – деді. Мұны естіген Алла елшісі әлгі адамдарға келіп: «Мұндай сөзді айтқан сендер ме? Алланың атымен ант етейін, расында сендердің араларыңда Алладан қатты қорқатын да, ең тақуасы да менмін. Дегенмен де мен ораза ұстап, аузымды ашамын, түнгі намаз оқып, ұйықтаймын, әйелдерге де үйленемін. Кім менің сүннетімнен бас тартса, ол менен емес», – деді (Бұхари, Муслим). Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жоғарыдағы оқиғада мұсылманның құлшылықта шектен шығуына тыйым салып, айыптап отыр. Сонымен қатар өзінің орта жолды ұстануда бүкіл үммет үшін үлгі екенін ескертуде.

 

Осы мазмұнда Айшадан (р.а) төмендегі оқиға риуаят етіледі: «Пайғамбар өзі бір амалды жасап, оны өзгелерге істеуге рұқсат береді. Бір топ сахаба оның берген рұқсатын пайдаланғысы келмейді. Мұны естіген Пайғамбар хұтпа оқып, Алла Тағалаға мақтау айтып: «Бір топ адамға не болған, менің ісімнен бас тартатындай не көрінді оларға?! Алла атымен ант етемін, расында мен Алланы олардан да жақсы танимын. Әрі оларға қарағанда, Алладан қатты қорқамын», – деді (Бұхари, Муслим). Шын мәнінде ешбір мұсылман пенде Пайғамбардан артық тақуа болып, Аллаға жақын бола алмайды. Сондықтан, Алла Тағаланы шынайы тану немесе одан шынайы түрде қорқу Алла елшісінің тәлімі мен үйреткен жолымен ғана болады.

 

Имам Бұхари мен Әбу Дәуіт өздерінің кітаптарында Алла елшісінің мектебінде тәлім алған кейбір сахабалардың ахуалын баяндай отырып, төмендегі оқиғаны келтіреді. Оқиғаны Әбу Жухайфа әкесінен жеткізіп, былай дейді: «Пайғамбар Салман мен Әбу Дарданы бауырластырады. Бір күні Салман Әбу Дардаға зиярат жасап келеді. Ол Умму Дарданың тозығы шыққан киім­мен жүргенін көріп: «Саған не болған?» – деді. Умму Дарда: «Бауырың Әбу Дарда бұл дүниені тәрк еткен», – деді. Әбу Дарда келіп, Салманға ас әзірлеп, оған: «Астан ал, мен оразамын», – деді. Салман: «Сен астан дәм татпайынша, мен де дәм татпаймын», – деді. Сол кезде Әбу Дарда астан жеді. Түн ауған кезде Әбу Дарда намазға тұрды. Салман: «Ұйықтасаңшы», – деді. Әбу Дарда ұйықтады. Кейін ол қайтадан намазға тұрды. Салман: «Ұйықтасаңшы», – деді. Түннің соңғы бөлігінде Салман: «Ал, енді тұр», – деді. Әбу Жухайфа: «Сөйтіп, екеуі намаз оқыды», – деп айтты. Салман Әбу Дардаға: «Расында, сенің мойныңда Раббыңның хақысы бар және жаныңның хақысы бар, әйеліңнің де хақысы бар. Сондықтан әрбір хақы иесінің хақысын ұмыт қалдырмағын», – деді. Әбу Дарда Пайғамбарға келіп, болған жайтты айтады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Салман рас айтты», – деді (Бұхари, Әбу Дәуіт).

 

Ислам діні мұсылман құлдың өзгеге зәредей зұлымдық жасауына тыйым салған. Мұсылман құл аманатқа қиянат қылмауы тиіс. Дініміз, жанымыз, отбасымыз, туыстарымыз, бауырларымыз, достарымыз, көршілеріміз – барлығы да біз үшін аманат. Әрбірінің біздің мойнымызда ақысы бар. Пайғамбарымыз олардың ақысына зұлымдық жасамай, өтеуді тапсырған. Сондықтан жоғарыдағы хадисте Ол Салманның сөзін растап отыр.

 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адам баласының өз тәнінің ақысын беріп, өз уақытымен демалдырып отыруды бұйырады. Себебі адам баласының тәні шаршайтын болса, рухы әлсіреп ақиқатты танудан, ақ пен қараны ажыратудан қалады. Бұл турасында сахаба Әнастан (р.а) жеткен хадисте былай әңгімеленеді: «Бірде Алла елшісі мешітке кіріп, екі бағана арасында тартылған бауды көреді. Ол: «Бұл не бау?» – деді. Сахабалар: «Бұл Зейнебтің бауы, намазда шаршаған кезде соған сүйеніп тұрады», – деді. Пайғамбар: «Жоқ, оны шешіп тастаңдар. Қай-қайсың болсын түнгі намазды әл-қуатынша оқысын. Ал шаршаса, отырып, тынығып алсын», – деді» (Бұхари мен Муслим).

 

Сондай-ақ Алла елшісі бізден бұрынғы халықтардың шектен шығушылыққа қалай ұрынғанын, өздерінің шамасынан тыс міндетті жүктеп алғанын және оның ақыры жақсылыққа апармағанын әңгімелеп берген. Осылайша, бұрынғы үмметтердің қателігін қайталаудан сақтандырады. Әнас ибн Мәлик (р.а) риуаят етеді: «Алла елшісі: «Өздеріңе бір амалды міндеттеп, шектен шықпаңдар. Салдарынан ауыр міндетке тап боласыңдар. Ақиқатында, кітап иелерінен болған бір топ адам өздеріне бір амалды міндеттеп, шектен шыққан. Нәтижесінде Алла оларға ауыр міндет жүктеді. Міне, ғибадатханалар мен үйлерде жүрген қауым солардан қалған адамдар», – деп, мына аятты оқыды: «Тәркідүниелікті (монахтықты) олар өздері ойлап тапты. Біз оларға оны (тәркідүниелікті) жазбадық (міндеттемедік), тек Алланың разылығын іздеуді ғана (жаздық). Алайда олар оны (Аллаға ар­наған нәзірлерін) лайықты сақтай алмады» («Хадид» сүресі, 27-аят). 

 

Алла Тағала бұл дінді бізге қолайлы да ыңғайлы етіп жіберген. Алла Тағала адам баласына шамасынан тыс міндет тапсырмаған. Құранда: «Алла Тағала ешбір жан иесіне шамасынан тыс міндет жүктемейді...» делінеді («Бақара» сүресі, 286-аят). Сол сияқты Алла Тағала аятта: «Сендер үшін дінде ешбір қолайсыздық жасамады», – дейді. Демек, исламда мұсылман пенде үшін ыңғайсыз ешбір үкім де, міндет те жоқ. Әбу Һурайра (р.а) діннің жеңілдігі туралы әңгімелеп былай дейді: «Пайғамбар: «Ақиқатында, бұл дін жеңіл. Бұл дінде шектен шыққан адам жығылады. Сол үшін амалда орта жолды ұстаныңдар. Амалды шамаларың келгенше істеңдер. Амалдарың үшін берілетін сауапқа қуаныңдар. Амалды орындау үшін таңғы-кешкі уақытты және түннің алғашқы уақытын пайдаланыңдар», – деді» (Бұхари мен Муслим).

 

Алла Тағала пенделеріне аса қамқор әрі ерекше мейірімді. Сондықтан, діннің кейбір үкімдерін құлының ахуалына қарай жеңілдетеді. Бұл турасында Ибн Аббас (р.а): «Алла елшісінің былай дегенін жеткізеді: «Ақиқатында, Алла бұйрықтарының орындалғанын қалай жақсы көрсе, дәл солай рұқсаттарының орындалғанын да жақсы көреді» (Ибн Хиббан, әт-Табарани, әл-Бәззәр). Ибн Омардан (р.а.): «Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Алла Тәбәрәка уа Тағала күнәні қалай жек көрсе, дәл солай рұқсаттарының орындалғанын жақсы көреді», – деген (имам Ахмад, әл-Бәззәр, әт-Табарани, Ибн Хузайма).

 

Абдулла ибн Амр ибн әл-Астан (р.а.): «Менің: «Алламен ант етемін, өмірбақи күндіз ораза ұстап, түнде көз ілмей намазға тұрып өтемін», – деген сөзім Алла елшісіне жеткен еді. Мұны естіген Алла елшісі: «Сен бе осы сөзді айтып жүрген?» – деді. Мен оған: «Уа, Алланың елшісі! Ата-анам сіздің жолыңызда құрбан болсын, айтқаным рас», – дедім. Алла елшісі: «Шын мәнінде, үздіксіз құлшылық жасауға шамаң келмейді. Бірде ораза ұстасаң, бірде аузың ашық болсын. Ұйықтап та ал, түнгі намазға да тұр. Әр айдың үш күнінде ораза тұт, расында бір сауап он есеге артады. Әр айда үш күн ораза тұту жыл он екі ай ораза ұстаумен тең», – деді. Мен: «Шынында, менің бұдан да артығына шамам келеді», – дедім. Алла елшісі: «Олай болса бір күн ораза ұста, екі күн аузың ашық болсын», – деді. Мен: «Негізінде, менің бұдан да артығына шамам жетеді», – дедім. Алла елшісі: «Олай болса бір күн ораза тұт, бір күн аузың ашық болсын. Бұл Дәуіт пайғамбардың оразасы, әрі бұл ең дұрыс ораза (тағы бір риуаятта ең абзал ораза)», – деді. Мен: «Расында, менің бұдан да артығына шамам жетеді», – дедім. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұдан артық құлшылық жоқ», – деді (Бұхари, Муслим).

 

Демек, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) орта жолды ұстанып, үмметіне соны үйретуі – ұлы мейірім әрі қамқорлық. Дініміздің адам баласының шынайы жағдайымен және шамасымен санасатын иләһи жүйе екенін де білдіреді. Ешқашан шектен шығушылық жақсылыққа апарған емес, апармайды да.

 

Имам Муслим өз кітабында келтірген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шектен шығушылар апатқа ұшырайды» деген. Артығымен құлшылық жасап немесе артығымен тақуалық етумен ешбір пенде Алла елшісінен артық Жаратушы Жаппарға жақын бола алмайды. Сондықтан Алланың рақымына бөленіп, разылығына ие болу Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұстанған әрі үйреткен орта жолда екенін ұмытпайық!

 

«Мұнара» газеті,  №3, 2019 жыл

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Мәсінің 7 шарты Хазіреті Айша неше жасында тұрмысқа шыққан?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайғамбар өмірбаяны «Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» жобасы басталды
Барша мұсылманның жүрек төрінен орын алған сүйікті Пайғамбарымыздың (ﷺ) туған айын ерекше құрметпен қарсы алу игі дәстүрімізге айналғаны белгілі. Осы айдың құрметіне «Нұр Астана» мешітіне қарасты Ummet.kz сайты «Пайғамбарымызға 1 000 000 салауат» атты тың жобаны іске қосты....
Пайғамбар өмірбаяны Мәуліт айындағы маңызды 3 амал
Рабиғул-әууәл айының 12-сі (биыл 9 қараша) – адамзаттың ардақты тұлғасы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың дүниеге келген күні. Бұған дейін Мәуліт айының маңызы жөнінде айтсақ, бүгін оқырмандарымыздың сұрауы бойынша жеке адам бұл айда қандай амалдарды атқарып, мерекені қалай атап өтуі керектігіне аз-маз...
Пайғамбар өмірбаяны Мұхаммед пайғамбардың әдебиеттегі бейнесі
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ардақты тұлғасы мен көркем мінезін, ерекше қасиеттері мен пайғамбарлық мұғжизасын насихаттау - мұсылман шайырларының басты назарында тұрды. Исламның алғашқы жылдарында араб тілінде жазылған мадақ жырлар бертін келе Ислам дінінің таралу аймағының кеңеюімен ажам (арабтан өзге халы...
Пайғамбар өмірбаяны Пайғамбарымыз бен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мәдиналық яһуди ғалым
Зайд ибн Суъна Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) заманында өмір сүрген Мәдинадағы атақты яһуди ғалымы болған. Ол жайлы бұл оқиғаны Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мәртебелі сахабасы Абдулла ибн Сәләм (ола...
Пайғамбар өмірбаяны Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қай күні дүниеге келді?
Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) нақты қай күні дүниеге келгені тарихшылар мен ғұламалардың арасында пікірталас тудырған. Ибн Джәузи Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (біздің заманамыздың 570 жылы) Рабиуль-Әууәл айында жарық дүние есігін ашқандығы жа...
Ислам күнтізбесі Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі
Үстіміздегі жылдың 19-қарашасында мұсылман ай күнтізбесінің үшінші айы Рабиул-әууәл басталды. Рабиул-әууәл айы несімен әйгілі? Көпшілік мақұлдаған пікірге сәйкес, дәл осы айда Раббымыздың соңғы Пайғамбары әрі Елшісі, «Пайғамбарлардың мөрі», «Әлемдерге жіберілген Рақым» Пайғамбарымыз Мұхаммед, оған А...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-авваль 1446
Миләди
25 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:42

Екінтіге дейін 02:00

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi