ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ ﷺ ӘДЕПТІЛІКТІ КІМНЕН ҮЙРЕНДІ?
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлығын дәлелдейтін маңызды жайттардың бірі – бұны тек достары ғана емес, дұшпандары да мойындап әрі тәнтті болған әдептілігі.
Бір адамды ең жақындары мен танымайтын ең ұзақтағы адамдар да бірауыздан мақұлдаса, бұл пікірде қателік болуы мүмкін емес. Пайғамбарымыз «Хира» тауында алғаш рет Жәбірейіл періштемен сөйлескенде, үрейленіп үйге келіп, Хз. Хадишаға айтып, бір жамандық болып қала ма деп қорқатынын айтты. Хз. Хадиша оған: «Алла сені ешқашан жалғыз қалдырмайды. Өйткені сен кедейге жақсылық жасайсың, туған-туыстарыңа қамқор боласың, жетімдерді қорғайсың» деп, оның адамгершілігі туралы айтып жұбатады. Әдетте ер адам, қыздарға ұсыныс беретін болса, Хадиша анамыздың, Хазіреті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үйлену туралы ұсыныс беруінің астарында жақсы мінез-құлқы мен тәрбиесіне тәнті болуы емес пе еді? Алла елшісінің көркем мінез-құлқын Пайғамбар болмай тұрып-ақ қабылдаған жоқ па? Мекке тұрғындары оған «Мұхаммедул-әмин (сенімді Мұхаммед)» деген лақап ат бергенін де білеміз. Ал енді, дұшпандарының өзі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарлығына мойынсұнуға тоқталар болсақ. Оның дәуірінде өмір сүрген Әбу Суфиян мұсылман болғанға дейін Грек императоры Геракль, Араб түбегінде өзін "пайғамбармын" деп айтып жүрген адамның тұратын қаласынан келгендерден сұрауды мақсат етіп, сауда-саттықпен Әбу Суфиян және достарын сарайына шақырады. Әбу Суфиянның өтірік айтпауына көз жеткізу үшін бірнеше қадам алға шығарып, Меккеден келген басқа адамдарды артына тізіп: «Мен бұл кісіге бірнеше сұрақ қоямын. Егер ол шындықты айтпаса, ескертіңдер мені» деді. Осыдан кейін Геракль Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-тегі мен әдептілігі туралы сұрақтар қойды. Әбу Суфиян Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жауы болғанымен, жақсы әдептілігі мен шыншылдығын мойындауға мәжбүр болды. Бұған қоса алғанда, тарихта таңбаланған Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әдептілігі, тәрбиесі және шыншылдығы мен адамгершілігі туралы жүздеген деректер айтуға болады. Ал енді азғындық өршіп, зұлымдардың дәуірі жүріп тұрған уақытта, әсіресе көпқұдайшылық жайлаған қоғамда тәрбиеленген Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұндай адамгершілікті қайдан алды? Бұл сұрақтың жауабына тоқталайық: ол ата-анасының тәрбиесімен алуы мүмкін емес еді. Өйткені әкесі ол тумай тұрып бақилық болса, бес жасына толғанда анасынан айырылды. Бес жасына толғанға дейін де анасының жанында емес, сүт анасы Халима анамыздың жанында қалды және тәрбиені, тәлімді және сөйлеуді асырап алған анасы Халимадан және оның отбасынан алғаны даусыз.
Алайда бес жасар бала адамгершілік туралы саналы тәрбие алуға тым жас еді, ал мұндай тәрбиені асырап алған анасынан алғаны туралы мәлімет жоқ. Атасы Абдулмутталиб те оған білім бермеген. Анасы қайтыс болғаннан кейін екі-үш жыл атасының қолында болды. Егер атасы Абдулмутталибтің осындай тәрбиелік қабілеті болса, өз балалары Әбу Лахаб, Хамза, т.б. балаларын оқытушы еді. Ал, немере ағасы Әбу Талиб те оны оқытпаған. Оның үстіне он жылдан астам бірге болған ағасы Әбу Тәліптің де ислам дінін қабылдағаны туралы дерек жоқ. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ислами әдепті пұттарға табынатын адамнан алды деп айтуға да болмайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оқуды және жазуды білмегендіктен, оның бұрынғы қасиетті кітаптарды оқу арқылы жақсы адамгершілікті үйренуі де мүмкін емес. Оның үстіне Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дәуіріне дейін бұл қасиетті кітаптар өзгеріске ұшырағанын білеміз. Осы және осыған ұқсас мәселелердің барлығын бірге алып қарайтын болсақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сенімділік, шыншылдық, қарапайымдылық, адалдық, сабырлық пен мейірімділік сияқты барлық жақсы әдеттерді бойына сіңіріп, қатыгездік, залымдық, көкбеттік, өтірік сөйлеу, жаман сөз сөйлеуден бас тарту сияқты басқа да барлық жаман әдеттер мен мінез-құлықтардан аулақ болуы мүмкін емес. Сонымен қоса алғанда, тарихта сол дәуірдегі мұндай географияда қиянат және сараңдық сынды қоғамда бұндай жақсы әдепті де әділетті, жомарт және шыншыл адамның пайда болуы мүмкін емес. Міне осында қоғамда адам өзінің психологиялық болмысын да қандай да бір жақсылықты сақтау арқылы кейбір сұлулықтарды көрсете алады, алайда бүкіл қоғам қызығып та, қызғана да қарайтын жақсылығымен ерекшелене алмайды. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кейбір әдеттері жақсы болса да, барлық әдеттері жақсы болуы мүмкін емес еді. Ешкім Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір рет болса да балағат сөз естімеген, ол өмірінде бір рет болса да уәдесінен таймаған, бірдеңе сұраған адамды ешқашан бос қайтармаған. Оған дүниелік мүмкіндіктер мен нығметтердің барлығы ұсынылғанда басын бұрып та қарамаған, бұндай теңдесіз әдептілік пен шыншылдықтың, жақсы әдет пен мінез-құлықтың астарында тек илаһи құдірет қана болуы мүмкін еді. Раббымыз бұл ақиқатты Құран Кәрімде былайша баяндайды: «Ол сені жетім күйде тауып, паналатпады ма? Әрі адасқан түрде тауып, тура жолға салмады ма және кедей халден байытпады ма?» (Дұха сүресі, 6-8 -аяттар).
Иә… Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Раббысының тәлімімен тәрбиеленген. Алланың рақымы мен мейрімділігі Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінің барлық кезеңін қамтиды. Әкеден жетім, шешеден тас жетім болса да, Раббысының мейірімі мен рақымы оны әр сәтте қорғап, қолдап он сегіз мың ғаламда болмаған имандылыққа ие болуын нәсіп еткен. Алла баршамызды жақсы ақлақты, мәдениетті және шыншыл болуымызды нәсіп етсін.
Исатай БЕРДАЛИЕВ,
Астана қаласы
Діндерді зерттеу орталығының теологы, PhD, Доктор
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.