Қадір түнін үйде қалай өткіземіз?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Қадір түнін үйде қалай өткіземіз?

| A | +

Биылғы Рамазанның қасиетті Қадір кеші мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр. Бүгін мешіт таңғы сағат 7:00 мен кешкі 20:00 аралығында жұмыс істейді. Осы ретте баршаңызды Қадір кешін өз үйлеріңізде өткізуге шақырамыз. Тәртіпке бағынуды сұраймыз. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара болып саналады.

 

Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз», «өлшем» деген мағыналарды білдіреді. Сонымен қатар, «құдырет» мағынасын қамтиды.

 

Мұсылман әлемінде қасиетті кештер мен айтулы күндер жетерліктей. Соның ішіндегі ең маңыздысы әрі бірегейі – қасиетті Рамазан айындағы Қадір кеші. Бұл түн – адамзаттың ақ пен қараны айыратын түні және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары  көзі болып саналатын мүбәрак Құран Кәрім аяттары түсе бастаған  түн.

 

Қадір кеші жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)былай деген: «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, Ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері  мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді» және де «Кім қадір түнін сенімімен, артының қайырлы болатынынан үміт артып өткізсе, оның бұрынғы барлық күнәсі кешіріледі» - деген.

 

Қадір түні Рамазан айының соңғы онкүндігінің бірінде өтеді. Ислам ғұламаларының пәтуасы  бойынша Қадір кеші рамазан айының 26-нан 27-не қараған түні деп белгіленген. Осы кеште барлық періштелер жер бетіне ізгі амалдар үшін жіберіледі.

 

Бұл кеш – жасаған әрбір ізгі амалдар мен құлшылықтардың, қайырымды істердің сауабы мың еселеп жазылатын түн және оған мың айдың сауабын нәсіп етеді. Құранның «Қадір» сүресінде бұл айдың мың айдан қайырлы екендігі кеңінен айтылған. Мың ай, бұл 83 жыл, 4 айға тең. Бұл дегеніміз бір адамның өмір бойы Алла Тағалаға құлшылық етуімен бара-бар деген сөз.  

 

Биылғы жылы төтенше жағдайға байланысты елімізді Қадір түнін үйлерінде өткізуге шақырамыз. Бұл рухани кеш – адамзат баласын бірлікке, бауырмалдыққа, ата-ананы құрметтеуге, отбасы мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болуға шақыратын кеш.

 

Сондай-ақ, қасиетті Қадір кешінде үйде отырып мынадай амалдарды орындай аламыз:

- Сол күні кешкі ауызашарда дұға-тілек ету;

- Құптан намазында 20 рәкағат тарауық намазын оқу;

- Құран, хадис кітаптарын оқу. Немесе Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір тарихын оқу;

- Қадір кешінде таң атқанға дейін төрт рәкағатт нәпіл намазы оқылады.

 

Бұл төрт рәкағат намазға былайша ниет етіледі: «Я, Раббым! Ниет еттім Рамазан айы, Қадір кешінде нәпіл намазын оқу үшін». Бұл намаздың оқылу тәртібі: Бірінші рәкағатта «Фатиха» сүресі, бұдан кейін үш рет «Қадір» сүресін оқу. Екінші рәкағатта «Фатиха» сүресінен кейін үш рет «Ықылас» сүресін оқу, үшінші, төртінші рәкағаттарда жоғарыдағыдай етіп оқу керек. Немесе өзі білетін өзге де сүрелерді оқи берсе болады. Осы намазды оқып болған соң, Алла Тағаладан өзімізге, барша адамзатқа, отбасымызға амандық, ризық-несібе тілеп, бұл дүниенің және ақыреттің барша жамандығынан аман болуды тілеу қажет.

 

- Тәспі тарту;

-  Қадір кешінде «Таһажуд», «Қажет» намаздарын оқуға болады. Бұл намаздар 4 бас етіп оқылады.

-  Қадір кешін мүмкіндігі болғанша ұйқысыз өткізу қажет. Алайда, ұйықтап қалған жағдайда күнә саналмайды.

- Қадір кешінде ұйықтамаса болды екен деп, уақытты құмар ойындарын ойнап немесе жағымсыз кинолар көріп, бос өткізу күнә болып саналады.

 

Осындай мүбәрак кеште ата-ананы, алыс-жақын ағайын бауырларды, дос-жарандарды құттықтап, арнайы сый-сияпат беріп,  көңілдерін көтеру – ең жақсы амалдардың қатарына жатады.

 

Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде тілеген тілектеріміз бен құлшылықтарымызды  Алла Тағала қабыл еткей! Әмин! 

 

Мұхамеджан Естеміров, 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бас имамының орынбасары

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Рамазандағы теңдессіз түн Рамазанның соңғы түндері

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Мәнһәж Рамазанның соңғы түндері
Халық арасында Рамазанның соңғы түндері деген сөз қолданылып жатады. Бұл түндер қандай түн? Бұл түндер ықыласпен құлшылық жасайтын түндер, Айша анамыз (оған Алла разы болсын) бұл түндері әз пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) белін буып, балағын қаттырақ байлағанын айтқан. Яғни, көп ...
Мәнһәж Соңғы он күнге 10 кеңес
Рамазанның тәттілігін сезініп, оның жақсылығын теңдей етіп он бір айға бөліп тастап, әр айда берекеге кенелуді кім қаламасын? Дегенмен, бұл мүмкін бе? Иә! Алла жомарт! Алайда келесі айда оразаны ұмытпай, құлшылықты азайтпас үшін осы айда мол азық жинап қалуымыз қажет. Таңда сәресін ішкізіп, кешке ау...
Мәнһәж Олар ораза жайлы не жазды?
Бүгін оразаның оныншы күні... Оразаның қадір-қасиеті, мейір-шарапаты жайлы имам-ұстаздар жақсылап БАҚ бетінде жазып та, мешіт мінберінен айтып та жатыр. Аллаға шүкір, ораза жайлы маңызды мәліметтер жетерлік. Әсіресе Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалай ораза ұстағ...
Мәнһәж Рамазан айына 10 кеңес
Әлемде коронавирус індетінің өршуіне байланысты бірқатар елдердегі мешіттерде жұма және басқа да жамағат намаздары уақытша тоқтатылды. Осы орайда Рамазан айын тиімді пайдаланып, сауаппен өткізуге байланысты он кеңесті назарларыңызға ұсынып отырмыз.   ...
Мәнһәж Ұлық айды қалай қарсы аламыз?
Ақиқатында Рамазан айы – берекеге толы, мүмкіншілік айы. Әрбір мұсылман үшін Жаратушысына жақындататын ізгі амалдарды істеу арқылы мұсылманның Раббысының мейіріміне үміт ететін ай. Барлық жамандық атаулыдан тиылып, өмірін жаңа парақтан бастауға мүмкіндік алатын ай....
Мәнһәж Е.ШОҚАЙ: «Бізді сабыр, мейірім және ғибадат құтқарады...»
Коронавирус пандемиясы – Алла Тағаланың сынағы. Яғни, Алла Тағала сынақ жіберу арқылы адамзат баласына ақиқат құндылықтарын еске салып отырады. Өйткені, Ол бізді жақсы көргендіктен, қылмыстан, түрлі күнәлардан тыйылып, тура жолмен жүргенімізді қалайды. Осы және өзге де тақырыптарды Алматы қаласының ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 02:07

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi