Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #11
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #11

| A | +

ОН БІРІНШІ СӨЗ

Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі – ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші – бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к…н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр.

Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр. Қара халық менің сонша үйім бар, сонша ауыл-аймағыммен сойылыңды соғайын, дауыңды айтайын деп, қай көп бергенге партиялас боламын деп, құдайға жазып, жатпай-тұрмай салып жүріп басын, ауылын, қатын-баласын сатып жүр. Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, жұртқа ой да түсер еді, шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын іздеп, ел секілденіп талапқа, тілеуге кірісер еді. Енді жұрттың бәрі осы екі бүлік іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыю да оңай болар еді, бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын, азатұғын байларды кім тыяды?

Абай Құнанбайұлы

ОН БІРІНШІ ӨЛЕҢ

Дүние жинау ғана түстегені,

Ойының осында тұр піспегені.

Азғырып өздерін де, өзгені де,

Бұл елдің екі-ақ нәрсе істегені.

Ойлайсың ұрыларды шақар деп кіл,

Ұсталса ұсқынынан қашар дегбір.

Ұлықтар «алып берем», «құтқарам» деп,

Даугерді, ұрыны да қатар жеп жүр.

Білмедім, қанға сіңген әдет пе бұл,

Оларда құлқын да бір, тәбет те бір.

«Кек аласың, бүйтсең» деп бұзақылар,

Азғырып ауқаттыны әлек боп жүр.

Олар жүр азғындының «бұрауын» жеп,

«Табылған ақыл екен мынауың» деп.

Ұрласаң, ұрлатсаң да мұндай елде,

Болады ұлықтардан сұрауың тек.

Шақырып белсендінің шолағын тек,

Ас берер «қадірменді қонағым» деп.

Ауылын, қатын-бала бәрін сатып,

Шауып жүр «партиялас боламын» деп.

Көрген соң осыншама сұрқияны,

Кезесің қиялыңмен бір қияны.

Тіліне бұзақының еретұғын,

Байлардың азғындығын кім тыяды?!

Әлібек Шегебай

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #12 Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #10

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #10
Жүргенде айыра алмай ақ, қараны, Азды күн шалқаяды, шаттанады. «Маған да баяғыда мал біткен» деп, Түскенде кедейлікке мақтанады!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #9
Күй кешіп қараңғыға қамалғандай, Барады қайрат кеміп, шамам қалмай. Тегінде, алдыңғыға тілеу тілеп, Өлсек қой арттағыға алаң болмай!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #8
Есебі құлын беріп, тайдан алмақ, Бар ойы әлсіздерді пайдаланбақ. Аналар анадай боп тұрғаннан соң, Қой жүнді қоңыршылар қайда бармақ?!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #7
Таласып надандықпен тегіңде жоқ, Жүресің кісілікпен көрінген боп. Бұл күнде хайуаннан да жаман болдық, Сәуле жоқ көкіректе, сенім де жоқ!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #6
Кесел мен жалқаулықтың тоңын артып, Шығады осындайда соңы қалқып. Ішің нас, сыртың пысық болғанынша, Алланың ақ бұйрықты өлімі артық!
Эссе және жол жазбалар Қара сөз қара өлеңге айналғанда... #5
Айтқанмен қанша жерден, тағы ұқпайды, Кетеді жүрегіңе толып қайғы. Жас бала қызыл оттан қорқушы еді, Бұларың тозақтан да қорықпайды!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 00:01

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi