Қарызды қайтаруға қам жасаңыз!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

Қарызды қайтаруға қам жасаңыз!

| A | +

Барша қазақстандықтардың несие тарихы жинақталатын ортақ база – Бірінші несие бюросының ресми сайтына кіріп, соңғы деректермен таныспақ болдық. Өкінішке қарай, соңғы екі-үш айдың деректері сайтқа енгізілмеген екен. Тек, 2019 жылдың қаңтар-сәуір аралығындағы деректер ғана топтастырылыпты. Ал мұндағы мәліметтерге үңілсеңіз, төбе шашыңыз тік тұрары даусыз.

 

Ресми статистикаға сүйенсек, 2019 жылдың сәуір айында Қазақстан тұрғындарының кредиттік қарызы 6,2 трлн теңгені құрапты. Өкініштісі, аталған көрсеткіш жыл емес, ай өткен сайын өсіп келеді. Мәселен, бұл көрсеткіш 2019 жылдың наурыз айындағы жағдайдан 1,4 пайызға ұлғайған. Ал жыл басынан бері қарыз көлемі 2,8 пайызға артқан. Кредиттік қарызды Қазақстан халқына шақсақ, әрбір тұрғынның еншісіне тиетін қарыз көлемі 300 мың теңгені құрайды екен. Бұл өте қиын жағдай.

 

Ал ең өкініштісі, ел тұрғындары кредиттің көп бөлігін (54,7 пайызын) тұтынушылық мақсатта алған. Жалпы қарыз көлемінің 25,6 пайызын ипотека, 11,8 пайызын кепілдік қойылған тұтынушылық кредит, 6,8 пайызын автокредит құрап отыр. Ал қаржы заңдылығына салсақ, тұрғындардың тұтынушылық мақсатқа кепілсіз кредит рәсімдеуі жақсылық емес. Бұл ел азаматтарының әлі де болса, қаржылық сауаттылық тұрғысынан ақсап отырғанын көрсетеді.

 

Енді мына бір дерекке назар аударыңыз. Халықтың бәрі бірдей алған несиесін өтеп жүрген жоқ. Бірінші несие бюросының дерегінше, 2019 жылдың сәуірінде проблемалық кредиттердің көлемі жалпы кредиттік қарыздың 13,3 пайызын құраған. Осыдан-ақ қоғамда қарызды қайтармау етек алғанын аңғаруға болады.

 

Кредиттік қарыздардан бөлек, адамдар арасында айналымда жүретін қарыздар бар. Өкінішке қарай, мұндай қарыздардың нақты есебі жүргізілмейді. Десе де, таныстарынан пайызға қарыз алып, қайтара алмай қиналып жүргендер жетерлік.

 

Түптеп келгенде, қарыздың жақсысы жоқ. Мұны Ислам дінінде де ерекше ескертеді. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы Сәбит Ережеповтің сөзінше, мұсылман баласы үш нәрсені орындауға асығуы керек екен. Біріншісі – өлген адамды жерлеуге, екіншісі – жасы келген қызды ұзатуға, үшіншісі – қарызды қайтаруға асығу керек.

 

Сондай-ақ, тағы бір кітаптарда Хатим әл-Асам айтты деген мынадай сөз кездеседі: «Бес нәрсеге асығу керек: қонаққа ас беруге, мәйітті жерлеуге, бойжеткен қызды ұзатуға, қарызды қайтаруға, күнәға тәуба жасауға». Әйтеуір, қалай десек те, қарызды алған соң, оны қайтарудың қамын да ұмытпаған ләзім.

 

– Ислам дінінде қарыз алуға рұқсат берілген. Бірақ, оны уақытында қайтару керек. Қарыз алу – кемшілік я айып болып саналмайды. Алайда, онда өсім болмауы керек, – дейді Сәбит Ережепов.

 

Оның айтуынша, Ислам қарыз берудің өзіндік әдептері бар. Біріншіден, қарызды сауабынан үміт ете отырып, жақсы ниетпен беру керек. Өйткені, Алла Тағаланың «Көркем түрде қарыз беріңдер» («Муззәммил» сүресі, 20-аят) деген бұйрығы бар. Екіншіден, қарыз бергені үшін міндетсінбеу керек. Бұл туралы «Бақара» сүресінің 262-аятында «Мал-дүниелерін Алла жолында жұмсап, кейін бергендеріне міндетсіну және реніш араластырмайтындардың сыйы – олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды» делінген. Үшіншіден, қарызды қайтаруды талап еткенде әдепті әрі жұмсақ болу керек. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сатып алып, сатқан кезде және қарызды беріп, қарызды алған кезде жұмсақ болған адамды Алла Жәннатқа кіргізсін» деген, – дейді бас имам.

 

Сондай-ақ, уәделі мерзімінде қарызын қайтара алмай қалғанға қосымша уақыт беру де – қарыз берушінің әдебіне жатады. Себебі, «Бақара» сүресінің 280-аятында «Кімде-кім (қарыздар кісі) қиын жағдайда болса, онда жеңілдегенше күту (керек). Ал, садақа етулерің, егер білсеңдер, өздерің үшін қайырлы» деп жазылған.

 

Бұдан бөлек, шамасы жетсе, қарызды кешіріп жіберуге де болады. Бұл да – қарыз берушінің әдебінің бірі. Тағы бір әдеп – қарызды қайтарудың уақыты келмей оны мазаламау. Сонымен қатар, Алла Тағала қарыз берерде оның мөлшерін қағазға жазып қоюға немесе куәлік тартып құжатпен бекітуге шақырады. Бұл жайлы  Құранда мынадай аят бар: «Ей иман келтіргендер!  Егер бір-біріңе белгілі бір мерзімге дейін қарыз берсеңдер, оны жазыңдар. Бір хатшы сендердің араларыңда әділдікпен жазсын… Және (қарыз) кіші не үлкен болса да, оны мерзімімен қоса жазудан ерінбеңдер. Осылай ету – Алланың алдында әділдірек әрі куәлік тұрғысында туралыққа және күмәнданбауларыңа көбірек жақын…» ( «Бақара» сүресі, 282-аят).

 

Сол секілді дінде қарызды қайтармау туралы да кеңірек баяндалған. Мәселен, Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Қандайда бір адамның мүмкіндігі бола тұра қарызын өтемей кешіктіретін болса, (қарызын өтегенге дейін) күн сайын амал дәптеріне зұлымдық ету күнәсі жазылады». Сондай-ақ тағы бір хадисінде «Өтемеу ниетімен қарыз алған адам қияметте ұры болып келеді» деп екерткен.

 

Қарызы болған адам қарызын өтемей тұрып садақа бермеуі керек. Өйткені хадис шәрифте: «Қарызы бола тұра берілген садақа қабыл болмайды» делінген. Қысқасы, қарызданбауға қатты мән беру керек. Хазреті Лұқман Хәкім «Мойныма қарыз жүгін арқалап езілгенше тас арқалағанды таңдаймын» деген екен. Өйткені, қарыздану адамды күпірлікке дейін апаратынын ұмытпайық!

 

Жанасыл Болатбек,

kazislam.kz

Предыдущий Следующий
Абай адасты, Шәкәрім шатасты дейтіндердің қатары неге көбейген - маманмен сұхбат Мәсінің 7 шарты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы қаржы мәселесі Ақшаны қалай аз жұмсауға болады?
1. Табыс пен шығын есебін жүргізіңіз Ең басты қателік — қадағаламау. Ақша қайда кететінін анықтау үшін күнделікті табыстар мен шығындарды жазып отыру керек. Өзіңізге қолайлы уақытта қолыңызға дәптер мен қалам алып, жазып отыруды ұмытпаңыз. Үлкен сомма жиналатын категорияларды топтастыру қажет. М...
Исламдағы қаржы мәселесі Қазақстандық жаңа исламдық төлем картасы
Жақын арада Шариғат қағидаларына сәйкес келетін жаңа исламдық төлем картасының шығуы жайлы ақпарат қаржы нарығында кеңінен тарады. Бұл қандай карта, оның құндылығы неде, артықшылықтары қандай екенін Al Saqr Finance-тың корпоративтік даму жөніндегі басқарушы Директоры Думан Нурбаев баяндайды. ...
Исламдағы қаржы мәселесі Уақып қызметінің маңыздылығы
Ислам дініндегі уақып қызметінің орны мен мақсаты қандай, және уақыптың маңыздылығы неде? Жұма уағызы осы тақырыпқа арналады.
Исламдағы қаржы мәселесі Еврей ұлы Джад қалай Исламды қабылдады?    
50 жылдай бұрын Францияда Ибрагим есімді қарт түрік тұрған, оның шағын азық-түлік дүкені болыпты. Бұл дүкен бір пәтерінде еврей жанұясы тұратын ғимаратта орналасқан екен, ол жанұяда жеті жасар Джад есімді ұл болған. Кішкентай Джад Ибрагим ағаның дүкеніне өз жанұясына қажетті тамақ алу үшін күнде кел...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

Бамдатқа дейін 03:07

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi