ҚАЙЫРЛЫ ҒҰМЫР – ІЗГІ ҚОҒАМДА
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ҚАЙЫРЛЫ ҒҰМЫР – ІЗГІ ҚОҒАМДА

| A | +

Адам баласы жалғыз өмір сүруге емес, өзі секілді өзге адамдармен бірге өмір сүру үшін жаратылған тіршілік түрі. Құмырсқалар мен аралар іспетті адам да тек топ-топ күйде ғана өмірін жалғастыра алады. «Адам - әлеуметтік жануар» деген сөз сондықтан туындаған болса керек.

Яғни ол ата-ананың тәрбиесіне, бауырларының қолдауына, әйелінің жылуына және қартайғанда қарасатын балаға мұқтаж. Иә, пенденің табиғаты қоғамға тартып тұрады. Жұртпен бірге болудың маңыздылығын әуелден-ақ аңғарған ата бабамыз «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», «көппен көрген ұлы той» деп айтып кетті. Демек біз қайырлы және бақытты ғұмырды көпшілікпен бірге болғанда табады екенбіз.

Әрине көпшілікпен дегенде бұл жерде ізгі қоғам меңзеліп отыр. Алайда барлық қоғамның ізгі бола бермейтіні баршаға мәлім. Қоғамның адасқаны да, әділетсізі де, арамға жақыны да бар. Ізгі қоғам өз-өзінен құрылмайтыны да анық. Демек «оны қалай құруға болады?» деген сұрақ туындайды. Алла Тағала Құранда келесідей баяндайды: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар» (әл-Имран, 103 аят). «Өздеріне ашық дәлелдер келгеннен кейін сондай бөлініп, қайшылыққа түскендер тәрізді болмаңдар. Міне соларға зор азап бар» (әл-Имран, 105 аят). Жоғарыдағы аяттарда Жаратқан Иеміз бізге әрдайым бірге болуға үгіттеп жатқан болса, екінші жағынан ізгі қоғам құрудың да кілтін ұсынып отыр. Ол дегеніміз – Алланың дініне берік болу, оның нығметіне шүкір ету. Сонымен қатар өз арамызда қайшылыққа, дау-жанжалға түспеу, кереғарлыққа жол бермеу. Мінеки осы нәрселерді ұстанған қоғам ізгілікке жететіні анық. Ізгі қоғам құрудың маңызды тағы бір элементі ол – адамдардың бір-біріне мейірімді болуы, хадисте айтылғандай «өзіне қалағанды өзгеге де қалауы». Бұхари мен Муслимде келген сахих хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылмандар бір-бірін жақсы көруде және мейірім көрсетуде тұтас бір денеге ұқсайды. Егер дененің бір ағзасы ауыратын болса, оған өзгелері көмекке келеді» деп тамаша аналогия көрсетеді. Яғни көршіңіздің үйін басқан су, бір күні сіздің үйіңізді де басуы мүмкін, біреу қарыз сұраса, сіз де бір күні қарыз сұрауға мәжбүр болуыңыз ықтимал деген сөз. Жоғарыдағы хадис бізді басқаларға түсіністікпен, жанашырлықпен қарауға шақырады. Онсыз ізгі қоғам құру да мүмкін емес.

Ізгі қоғам мәселесі жайында Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз да сонау 10 ғасырда өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты ғылыми трактатында әңгіме өрбітеді. Әл-Фараби ізгі қоғамның моральдық құндылықтарға негізделетінін,  онда әлеуметтік әділеттілік болатынын және ондай қоғамды данагөй адам басқаратынын баяндайды. Сондай-ақ әл-Фараби бабамыз аталмыш еңбегінде ізгі қоғамды келесідей сипаттайды: «Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық — қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл әлем қайырымды болмақ».

Танымал ортағасырлық мұсылман тарихшысы, әлеуметтанушысы Ибн Халдун да өзінің «әл-Мұқаддима» (Кіріспе) атты кітабында ізгі қоғамның маңыздылығына тоқталып өтеді. Ол әрбір адам баласының келесі бір адамға мұқтаж екенін логикалық тұрғыдан дәлелдеуге тырысады. Мәселен, қарапайым нанның өндірілуінің өзінде көптеген адамдардың қолы керек. Бір адам әуелі бидайды дән ретінде егеді, екінші адам оны суарып, баптайды, үшінші адам бидай піскенде теріп жинайды, төртінші адам оны езіп ұнға айналдырады, бесінші адам оны сатады, алтыншы адам илеп, пісіріп нан етіп шығарады. Тандырға керек отын және ары-бері тасымалдау жұмыстарын айтпағанда, бір нанның өзі көптеген адамның еңбегін талап етеді.

Технология мен ғылым дамуы адамзаттың өмірін мөлшерсіз деңгейде жеңілдетті, пайдалар әкелді. Алайда бұл жеңілдетілген өмір адамзаттың ұжымдық рухына зиянын тигізбей қоймады емес. Заманымызды жекелеген индивидтердің мүдделері бірінші орынға шығып, ұжымдық/қоғамдық мүдде екінші не үшінші орынға қалып қойды. Осының себебінен бір жыныстылық, феминизм және асыра либералдылық бағыттары аса қарқын алды. Бұл қоғамды бұзатын негізгі фактор, бұндай тенденциялармен барлығымыз жұмылып ізгі қоғам құру арқылы ғана күресе аламыз.

Абай атамыз:

Кеше балаң ең, келдің ғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа,

Адамды сүй, Алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде одан басқа?

демекші, қорыта айтқанда қайырлы ғұмыр кешудің жолы ол - Алланың діні Исламды бекем ұстануда. Себебі Ислам діні жоғарыда айтып өткеніміздей бізді бірге болуға, ізгі қоғам құруға, ағайын-туыс, дос-жарандарымыз жақсы тұруымызға шақырады.  Қайырлы ғұмырдың сыры да осында емес пе?!

 

«Ақсай» мешітінің бас имамы

Бақтияр Қасымалиев

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ІЗГІ ҚОҒАМ – ИСЛАМНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ КІСІ АҚЫСЫН ЖЕУ – ҮЛКЕН КҮНӘ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қоғам «ВАЛЕНТИН КҮНІ» БОЛМЫСЫМЫЗҒА ТӘН ЕМЕС
Ислам діні – қазақ халқының дүниетанымы, руханияты мен мәдениетінің өзегі. Алайда, қазіргі жаһандану үрдісінің нәтижесінде ұлттық болмысымыз бен мәдениетімізге жат, болашағымызды рухани тұрғыдан азғындыққа, арсыздық пен абыройсыздыққа жетелейтін түрлі әдеттер кең тарап, бойға сіңіп бара жатқаны сүйе...
Қоғам ІЗГІ ҚОҒАМ
Құран Кәрімнің: «Алла пайғамбарларын жіберу арқылы жер бетін түзеп жөнге келтіргеннен кейін онда бүлік шығарып, бұзғыншылық жасамаңдар...[1]», - деген аяты әр пайғамбардың адамзат қоғамына ізгілік қалыптастыратындығы жайлы баян етеді. Бұл аяттағы «түзеп жөнге келтіру» ізгілік жолына салған соң деген...
Қоғам МЕШІТ – МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ
Кейде қоғамда «мешіт көп салынып кетті» деген сөз айтылып қалады. Аллаға шүкір, мемлекеттің көмегімен мектептер мен балабақшалар салынуда. Ал жомарт жандардың, сауап іздеген азаматтардың қамқорлығымен мешіттер бой көтеруде. Сайып келгенде, бізге мешіт те, мектеп те керек. Екеуін бір-біріне қарсы қою...
Қоғам ИМАМ – АҒАРТУШЫ ҰСТАЗ
Имам – қоғамды тәрбиелеуші, ағартушы ұстаз. Отаншыл, еңбексүйгіш, аманатқа адал, ата-анасын қадірлейтін иманды ұрпақ тәрбиелеуде имамның атқаратын рөлі ерекше. Аллаға шүкір, халқымыздың рухани дамуына, қоғамда отбасы құндылығының артуына ағартушы ұстаздар мен дін қызметкерлері үлкен үлес қосып келед...
Қоғам АСЫҢДЫ АДАЛДА
Қадірменді жамағат, құрметті бауырлар, баршаңызға күндердің төресі қасиетті жұма мүбәрак болсын! 
Қоғам ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ТҮРЛІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ИДЕЯЛОГИЯСЫНАН САҚТАНДЫРУ ИДЕЯСЫ
Әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени қатынастардың рөлі артып келе жатқан қазіргі әлемде дінаралық және мәдениетаралық диалогтың қажеттілігі де артып келеді. Өркениеттің одан әрі дамуының аса қауіпті факторларының бірі діни-саяси экстремизмнің өсуі болып табылады....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 00:20

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi