ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ-ТИЫМДАРЫНА ҚЫРЫН ҚАРАП ЖҮРГЕН КІМДЕР?!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМ-ТИЫМДАРЫНА ҚЫРЫН ҚАРАП ЖҮРГЕН КІМДЕР?!

| A | +

Әсілінде ырым-тиымдар халықтың өмірінен алынған тәжірибелік тұжырымдардан туындайды. Сонымен қоса олардың түп-тұқияны мен төркіні Ислам дінімен біте қайнасып, бірге жасасып келе жатқаны жалпақ жұртқа аян. Алайда, қазіргі кезде тың тұрпатта ойланатындар мен жат көзқарасты тықпалайтын мысалдар қоғам арасында қаптап үлгерді. Олардың оспадар ойларына сүйенсек, біздегі дәстүр-салтымыз бен әдет-ғұрпымыз мүлде қабыспайды-мыс. Анығында солай ма? Біз осы тақырып төңірегінде ойлы оқырманның таным-түсінігіне бойлап көрмекпіз.

Бұл мәселеге ат-үсті қарау жарамас. Өйткені бір ғана шетін көзқарастың өзі түрлі адасулар мен түсініспеушіліктер алып келуі бек мүмкін. Қазірдің өзінде ырым-тыйымдардың көбеюімен қатар, дәстүр-салтымызды жоққа шығарушы діни көзқарастар да қалыптасып қалды. Оның себебі неде?! Ата- салтымыздағы келіннің қайын жұртындағы жасы үлкендерге иіліп сәлем салуын Аллаға серік қосу яки «ширк» деп жүргендердің қарасы қалың. Алайда аталған жағдайлардың Ислам дініндегі мәні тым бөлек екені белгілі. «Сәлем — сөздің анасы» дейді қазақ. Келін үшін иіліп сәлем салу, үлкендердің жолын кесіп өтпеу ежелден келе жатқан игі ғұрып. Енді ислам дінін жамылған кейбір пысықайлар «Адам тек Аллаға иілуі тиіс» деп тон пішеді. Таласымыз жоқ. Бірақ бұл жерде адамға деген құлшылық элементі көрініс беріп тұрған жоқ қой. Біз осыны жіті түсінуіміз керек. Ер адамның қабырғасынан жаратылған дейтін әйел затының сәлем салуында тұрған ешқандай да сөкеттік жоқ. Бұл – Аллаға серік қосу емес, үлкен кісілерге деген құрмет. Жас келін де ертең ана атанады, ол да сондай ілтипатқа, құрметке ие болады. Бұл игі үрдіс күні бүгінге дейін ізін жойған емес. Сәлем беріп, амандық-саулық сұрасу әрбір адамның міндеті. Сондай-ақ, салтымызда жаңа түскен келінге беташар тойын жасап, ағайын-туысқа бас игізіп сәлем салдыратын да дәстүріміз бар. Тек жаңа түскен келіндер ғана емес, үлкен апа-жеңгелерімізге дейін жасы үлкен кісіге бас июі инабаттылықты, кішіпейілділікті, көрегендікті білдіреді. Атадан балаға, анадан келінге мирас болып жеткен ғұрыптарымызды осы күні басқа формада жеткізгісі келетіндер өкінішке қарай көбейді. Бүгінгі таңда атадан қалған салт-дәстүріміз ислам міндеттеріне қарама-қайшы келеді деген теріс көзқарастағы пікірлер бой көтеріп жатыр. Мәселен, бір ауылға келін түсіп, беташар тойы өткен. Бірақ, жаңа түскен келін беташар кезінде: «үлкендерге сәлем салмаймын. Өйткені, ол ең үлкен күнә — «ширкке» яғни Аллаға серік қосуға жатады» деп байбалам салған. Міне осындай мысалдардың кесірінен қоғамда түрлі сыңаржақ пікірлер желдей есіп кетеді. Дәстүрдің мәнін ұмытып, оның атқарылу формаларын жеке бас пайдасына орай бұрмалап жібергендігіміздің кесірінен опық жеп отырмыз. Мұндай жағдай діни фанатизмнің жетегінде жүргендер үшін де «іздегенге сұраған».

«Ырым» дегеніміз – адамның жаратылысты түйсінуінен, халықтың табиғатпен үйлесуінен, біте қайнасуынан пайда болған. Байқасаңыз, әрбір мәдениеттің астарында діни наным-сенім жатады. Ырым-тиымдарымыз Исламмен синтезделгендіктен, біздің халыққа ешқандай да жат емес. Айталық, келін түскенде отқа май құю, жаңа үйге кіргенде отпен аластау секілді мысалдар. Түнде далада қалып қойса, жын-жыпырдан немесе аң-құстан қорғану үшін от жағу тиімді әдіс. Өйткені ондай қауіпті күштер оттан қашады екен.

Адамды жамандықтан жылыстатып, жақсылыққа шақыратын, тазалыққа, адалдыққа, мәдениеттілікке бастайтын тәрбие құралы іспетті. «Босағаға керілме», «Босағада тұрып сәлемдеспе», «Үйді, кісіні айналып, жүгірме» деген секілді тыйымдар, күнделікті тұрмыстағы әдептілікті сақтауға байланысты айтылған. «Үйге қарай жүгірме»-нің мағынасы ертедегі тұрмыстық болмысымыздан хабар береді. Бұрынғы кездері жау шапса немесе суыт хабар жетсе, үйге әлде ауылға қарай жүгіріп, хабарлаған екен. «Уһілеме» деген де бар. Мұның мәнісі мынада – ішінде шері бар мұңды адам жиі үһілейді. Сондықтан, біреу үһілегенде жамандыққа жорылмасын деп айтылған. Сондай-ақ, Құран сүрелерінде ата-анаға "үһ" деп сөйлемеу туралы айтылады. Мұндай мәндегілер тәлімдік негіздегі ырымдар. Кейбір дәстүрлі дінімізге қарсы келетін жоралғылар да бар. Мысалы өлік шыққан үйге 40 күн шам жағып қою, «Осымен бұл шаңырақта енді өлім-жітім болмасын» деп мәйітпен бірге құлыпты қоса көму сияқтылар дініміз Исламның шариғаттарында көрсетілмеген. Бұл жөнінде Абай Құнанбаевтың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны жайлы» атты еңбегінде өте орынды айтылған. Қысқаша тоқталып өтейік: «… Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі жетпесе, сол нәрсені Құдай қылып, дін тұтатұғын әдеттердің сарқынын біз де кей жерде көргеніміз бар. Келін түскенде үлкен үйдің отына май құйып, «От ана, Май ана, жарылқа!» дегізіп бас ұрғызған секілді, «өлген әруаққа арнадық» деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым күн әуелі күркірегенде қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, «сүт көп, көмір аз» дегендері секілді. Бұған ұқсаған көп еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды» дейді хакім ақын. Ал, енді «Түнде тырнақ алуға болмайды», «Сыпырғышты тігінен қоймайды» дегендер гигиеналық тазалық үшін. Себебі түнгі күңгірт кезде алынған тырнақтың ыдысқа әлде асқа түсіп кетуі әбден мүмкін. Сыпырғыш бар лас қоқысты жиыстырады, ол тігінен қойылса, ондағы микробтардың ауаға тез таралуы ықтимал ғой?!

Кей кісілер «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деп мән бермейді, бірақ оның түп-төркінінде ғылыми негіз барын да білген жөн. Мәселен шала туылған баланы мерзімді уақыты толғанша тұмақтың ішіне ұлпа мамық немесе ботаның түбітін, түйенің жабағысын орауыш етіп, керегеге байлап, күн түсетін жерде немесе қыс мезгілі болса жылы орында баққан. Бұл кәдімгі қазір медицинада қолданатын вакуум емес пе? Міне, осыны біздің халық ертеде-ақ білген. Турасын айтсақ, ырымдардың түбінде негіз бар. Тек, «Дүниенің озығы бар, тозығы бар» деп өткеннің де, жаңаның да жақсысын зерделей білген жөн.

Тобықтай сөздің түйінін тарқатар болсақ, ырым-тыйымдарға әркімнің көзқарасы әртүрлі. Солай болуы да заңдылық шығар, бәлки. Қолдайтындары да бар, ә дегеннен жоққа шығаратындар да табылады арамыздан. Қалай десек те, «қазақ» деген халық ырым-тыйымдарымен өзге халықтардан ерекшеленіп отырған. Қазіргі жаппай жаһандану кезеңінде бізді жұтылудан сақтайтын да осындай ерекше қасиеттеріміз шығар деп топшылаймын. Ал қазақтың неше жылдан бері ұстанып келе жатқан ата-салтын, дәстүрін, әдет-ғұрпын мансұқтап, халық арасында алауыздық туғызуды көздейтін кейбір «дүмшелердің» анығында басқа да мақсат-мұраттары болуы кәдік. Оны кейбір жағдайлардан көз көріп, құлақ естіп жүр. Міне сондайлардың кесірінен, қазақтың ырым-тиымына қырың қарайтын көзқарас туындайды...

 

Бердібеков Айдос

"Әбу Бәкір" мешітінің найб имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
"ДІНИ ФАНАТИЗМ" ҰҒЫМЫ ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?! ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ ТАРАЛУ СЕБЕПТЕРІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат Сәресінің 7 берекеті
Қасиетті Рамазан айының бір берекеті – сәресі ас ішуде. Тілімізге еніп кеткен сәресі сөзі араб тілінде «сухур» деп аталады. Ол түннің үшінші бөлігі. Бұл кездегі уақыттың өзінде үлкен мән жатыр. Өйткені дұғалар қабыл болып, Алла Тағаланың ерекше кешірімі түсетін мезгіл. Сәресі уақытында қандай береке...
Пайым-парасат Оразадағы ықылас
Ислам дінінде адал ниет, шын ықылас, қажырлы ыждағат-ынтаның орны ерекше. Бөтен пиғылды ысырып қойып, түзу ниетпен орындалған істің сауабы мол. Керісінше, ықылассыз, құлықсыз жасалған іс-амалдың сауабы да кемшін. Кейде нақты ниетсіз жасалған көп істен гөрі ықылас қойып орындалған аз істің сауап салм...
Пайым-парасат Төрәлі Қыдыр: «Егер мұсылман елдері өзін таныса…»
Қай ел болса да, дін мәселесі – ең өзекті тақырып. Өткенін танымаған, ата дәстүрін, тарихын, діни танымын жете түсінбеген ұрпақ адасқақ. Жаңбыр суы жердің қай қыртысы жыра болса, көбіне сол жерге жиналады. Мына бір тәмсілге назар салыңыз: әр адам идеал емес, кемшіліксіз пенде болмақ емес. Ал денедег...
Пайым-парасат Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Имамдар тек шариғи емес, дүнияуи де білімге ие болуы тиіс
Имамдар сауатты болу керектігі, теріс ағыммен күресетін білікті мамандар дайындау қажеттілігі – бүгінгі талап. Ағартушылық жұмыстарын жүргізу мәселесі де аса маңызды. Осы ретте біздің «Жеті рухани қазық» құжаттамамыз бар. Соның аясында имандылық, отансүйгіштік, еңбекқорлық, мәдениеттілік, ауызбіршіл...
Пайым-парасат Білімге құштарлық
Білімге құштарлық – адамның жаратылыстық қасиеті. Биыл ел болып 175 жылдығын атап өткелі отырған қазақтың данасы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы өзінің жетінші қара сөзінде: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары... Біреуі – б...
Пайым-парасат Имандылық – рухани қазығымыз
Иман дегеніміз – Алла Тағаланың барлығына, бірлігіне сену һәм Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, Ахирет күніне, жақсылы-жаманды тағдырға, өлгеннен соң қайта тірілуге кәміл иман ету....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:43

Екінтіге дейін 02:38

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi