Құран жайлы 40 хадис: 2-ХАДИС
Екінші хадис
عَبْدَ اللهِ بْنَ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَقُولُ: قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: "مَنْ قَرَأَ حَرْفًا مِنْ كِتَابِ اللهِ فَلَهُ بِهِ حَسَنَةٌ وَالْحَسَنَةُ بِعَشْرِ أَمْثَالِهَا؛لَا أَقُولُ: الم حَرْفٌ وَلَكِنْ أَلِفٌ حَرْفٌ وَلَامٌ حَرْفٌ وَمِيمٌ حَرْفٌ" (رواه الترمذي).
Абдулла ибн Масғудтан (р.а.): «Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, ол үшін оған бір сауап жазылады. Ал бір сауап он есеге артады. Мен «әлиф, ләм, мим – бір әріп» деп тұрған жоқпын. Әлиф –бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп», – деген» (әт-Тирмизи)[1].
[1] «Сунан әт-Тирмизи», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, «Құраннан бір әріп оқыған адамға берілетін сауап» тарауы, (2910). «Сунан әд-Дарими», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, «Құран оқыған адамның артықшылығы» тарауы, (3626). Әл-Хаким, «Әл-Мустадрак», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, «Құранның артықшылықтары туралы айтылған хадистер» тарауы, (2040); «Сүрелер мен аяттардың артықшылықтары» тарауы, (2080). «Мусаннаф Ибн Әбу Шәйбә», «Құранның артықшылықтары» бөлімі, «Құран әріптерін оқыған адамның сауабы» тарауы, (29934). Абдулла ибн әл-Мубарак, «Әз-Зуһд уа әр-рақаиқ», «Бұл дүниеге берілген адамның айыбы» тарауы, (808). Әл-Байһақи, «Құранды қастерлеу» бөлімі, (1786); «Құранды көп оқу» тарауы, (1830), (1831), (1832), (1833), (1834). Ибн әд-Дурайс, «Фадаил әл-Қуран», «Құраннан әріп оқудың артықшылығы» туралы тарау, (58), (59), (60). Әл-Фиряби, «Фадаил әл-Қуран», (63).
Хадистің мағынасы: Кім Құраннан бір әріп оқыса, Алла Тағала оған бір сауап жазады және оның сауабын он есеге арттырады. Бұл – Алла Тағаланың еселеп беруге уәде берген сауаптың азғантай бөлігі, қаласа, одан да көпке арттырады: «Кім бір жақсылық істесе, оған он есе сауап беріледі. Алла кімге қаласа, сауабын арттырады», (Әнғам, 160-аят). Ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұл амалдың мән-жайын тереңірек түсіндіру мақсатында «Кім Құраннан бір әріп оқыса» деген сөздің мағынасын – «әлиф, ләм, мим – бір әріп емес, алайда әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп» деп баяндады.
Кітаптың авторы: Ғұлама Мулла Али ибн Сұлтан Мұхаммед әл-Қари (1014 һ.ж.)
Хадистерді талдап, түсініктеме берген: Махмуд Шакур ибн Махмуд әл-Хажи Әмрир әл-Маядини
Қазақ тіліне аударған: Ержан Оразов
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.