Құранда ғылым-технология жайлы айтылған ба?
Бейнеу
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 19:10

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
07:01 08:24 13:08 16:03 17:46 19:10
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

Құранда ғылым-технология жайлы айтылған ба?

| A | +

Қасиетті Құранда астрономия, физика, медицина және математика сынды жаратылыс ғылымдардың негіздері көрсетіліп, жаратылыс ғылымдарын игеру арқылы адамзат қажетіне жарату Құран талабына лайық өмір сүрудің бір шарты ретінде міндеттеледі. Оған дәлел Құран аяттарында жаратылыс жайлы сөз етіле келіп, аяттардың соңы көп жағдайда «Ойланбайсыңдар ма?», «Ақыл жүгіртпейсіңдер ме?» және «Бұл істің сырын ақыл иелері ғана ұғына алады» деген ескертулермен аяқталады. Жалпы Құрандағы жаратылыс ғылымдары туралы ишараттарды үш негізде қарастыруға болады.

Әуелгісі, Құрандағы «Нәжм (жұлдыз), Қамар (ай), Шамс (күн), Ләйл (түн), Инсан (адам), Бақара (сиыр), Нәміл (құмырсқа), Анкабут (өрмекші), Фил (піл) және Хадид (темір) және т.б.» көптеген сүрелердің атаулары жаратылыс есімдерімен келуі соған ишарат болып табылады.

Екіншісі, Құрандағы, «Расында, түн мен күннің алма-кезек ауысып, ұзарып-қысқаруында һәм Алланың күллі аспан әлемі мен жер бетінде жаратқан әрбір жаратылыста тақуа жандар үшін ғибрат аларлық белгілер мен дәлелдер бар» («Юнус» сүресі, 6-аят), «Шүбәсіз, Біз адам баласын балшықтан (яғни, әртүрлі органикалық заттарға бай балшықтан) жараттық. Содан кейін оны (ер мен әйелден бөлінетін) бір тамшы шәһуат суы (яғни, ұрық) күйінде берік орынға (ана жатырына) орналастырдық. Содан соң ұрықты жатырға жабысқан нәрсеге (ұйыған қанға) айналдырдық. Кейін әлгі жабысқақ нәрсені бір кесек етке ұқсаған шақалаққа (эмбрионға) айналдырдық. Содан кейін әлгі бір кесек етке ұқсаған денені сүйекке айналдырдық. Сөйтіп ол сүйектерге ет кигіздік. Нәтижеде (оған он екі мүше, ерекше кескін-келбет беріп, рух үрлеп, бойына жан әрі күш-қуат бітіру арқылы) оны мүлдем басқа ерекше жаратылыс етіп шығардық. Ендеше, теңдесі жоқ, ең керемет жаратушы һәм шексіз нығмет пен құт-берекенің жалғыз иесі болған Алла қандай ұлы десеңші!» («Мүминун» сүресі, 12-14 аят), «Сондай-ақ тіршілік иелерінің барлығын судан жараттық. Олар сонда әлі де иман келтірмей ме?» («Әнбия» сүресі, 30-аят) деген және т.б. көптеген жаратылыс туралы айтылған аяттардың мәнін терең ұғынып, игілігіне жаратқысы келген жанның жаратылыс ғылымдарына жүгінбей амалы жоқ.

Үшіншісі, пайғамбарлардың – мұғжизасы. Мұғжизаның екі түрлі маңызы бар. Біріншісі, Алланың қалауымен мұғжиза көрсету арқылы әр пайғамбар өзінің Хақ пайғабар екендігін дәлелдеу. Екіншісі болса, адамзат өмірін ғылым-технология арқылы өркендетудің жолын көрсету. Бірер мысал келтірер болсақ, Құрандағы: «Әрі Адамға барлық нәрсенің атауын үйретті» (Бақара сүресі, 31-аят) деген аят Адамның (а.с.а.) бір мұғжизасын баяндайды. Бұл мұғжиза бүгінде ғылым-технология арқылы бір заттың атын түсіну, бөтен бір тілді түсінудің жеңілдетілген қырын ашса керек. Яғни, бүгінде әлемдік жиналыстарда әр ұлт өкілі технологияның көмегіен бірінің баяндамасын екіншісі түсініп отырады. Тіпті, телефон ішінде екі елде екі ұлт өкілінің өз тілдерімен сөйлесу арқылы бір-бірін түсінуге көммектесетін бағдарламалардың да бар екендігі айтылып жүр. Сүлеймен (а.с.) жайлы бір аятта: «Ал Сүлейменге күшті желді бағынышты еттік. Ол таңертеңнен түске дейін бір айлық жолды есіп өтсе, кешке дейін дәл сондай бір айлық жолды есіп өтіп, кері қайтатын…» (Сәбә сүресі, 10-аят) – делінеді. Бұл аятта бүгінгі тасымал технологияларына ишарат жасалған. Мұсаның (а.с) мұғжизасы туралы: «Біз сол сәтте Мұсаға: «Асатаяғыңмен тасты ұр…» («Бақара» сүресі, 60-аят) деген аятта жер астынан судың атқып шығуы жер асты байлықтарына ишарат еткенін көруге болады. Сондай-ақ, Нұхтың (а.с.) кеме жасауы, Ибраһимге (а.с.) оттың салқын болуы, Дәуіттің (а.с.) темірді жіпше иіруі, Иса (а.с.) өліні тірілтуі және т.б. мұғжизалар ғылым-технологияның шарықтаған шегі болмақ. Ал, пайғамбарлардың соңғысы Мұхаммедтің (с.а.с.) мұғжизасы, ол – Құран, яғни, ғылым. Әр мұғжизаның ақиқаты да осы ғылым арқылы ашылмақ.

Қорыта айтар болсақ, Құран – адам баласын екі дүниеде де бақытты ететін Иләһи кітап. Әрине, оның өзіндік шарттары бар. Соның бірі – мұсылмандардың жаратылыс ғылымын да меңгеруі болып табылады. Бүгінде ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен республикалық деңгейде мешіттерде Құран жарысының жоғары деңгейде өтіп жатуы қуантарлық іс. Сонымен қатар, Құранды әр қырынан түсінуге, әрбір аятының мәнін күніміздегі қажеттілікке сай (ғылым-технологияға жауап беруге әлеуетті кітап екендігін көрсете отырып) түсіндіру сайыстары шәкірттер арасында өтсе, БАҚ арқылы көрген көпшілік халықтың да діни білімі арта түспек. Міне, осы тұрғыдан бүгінде бұл Құранды түсіндіру тұрғысынан жасалуы тиісті маңызды істердің бірі болып табылады.

Самет Оқанұлы,

исламтанушы

Предыдущий Следующий
Алматы: Бас имам қасиетті Рамазан айында азаматтарды бірлік пен ынтымаққа шақырды Рамазанға дайындалуға көмектесетін 7 кеңес

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Құран және тәпсір Құрандағы «ДАУЫС» мұғжизасы
Құран Кәрім – көптеген мұғжизаларға бай кітап. Оған соңғы жылдардағы ғылыми жетістіктер мен жаңалықтар толық дәлел. Сондай-ақ, бұдан кейін де Құран Кәрімнің әрбір сөйлемі, әрбір сөзі, тіпті әрбір әрібі сан-салалы зерттеулерге арқау болып, том-томдаған еңбектерге жүк болары анық....
Құран және тәпсір Құран жаттаудың «ажамдық» әдістері
Құран жаттауға ниеттенген адам бірінші кезекте зейіні (қабілеті), жады (есте сақтауы) және күн тәртібіне (бір күннің қанша уақытын Құран жаттауға бөледі) қарап, өзіне қолайлы ереже түзіп алатыны анық. Сонымен қатар, онда күндік тапсырмаларды орындау, белгілі күндерде жаттағандарын қайталау сынды арн...
Құран және тәпсір НАҒЫЗ ЕРДІҢ ҚҰРАНДАҒЫ СИПАТЫ
Көптеген адамдар жігіттік, мәрттік дегенді ер адамның ажырамас сиволы деп санайды. Кейбір азаматтардың бойынан ерге тән мәрттік көп жағдайда табылмай қалып жататыны жасырын емес....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:10

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi