ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ АБЗАЛДЫҒЫ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Аср 14:43
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНУДІҢ АБЗАЛДЫҒЫ

| A | +

      Хазірет Зәйд ибн Сәбит (р.а.) былай деген:

 

«Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.) маған яһуди тілінде хат танып үйренуді бұйырды. Өйткені, – Алланың атымен ант етейін! Мен хат жазу мәселесінде яһудилерге сенбеймін, - деген еді. Содан жарым айға жетпей-ақ әлгі жазуды үйреніп алдым. Сөйтіп, жазуды үйреніп алған соң оның яһудилерге жолдайтын хаттарын жазатын әрі олардан келген хаттарды оқып беретін болдым». (Зәйд ибн Сәбит (р.а.)  жеткізген. Бұхари, Ахкам 40; Әбу Дәуіт, ‘ильм 2; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд 5/182)

        

    Хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) жас сахабасы Зәйд ибн Сәбитке(р.а.)  өзге қауымның тілін үйренуді бұйыру арқылы үмметіне өзге елдердің тілін білудің қаншалықты маңызды екенін білдіруде.

 

    Хақ дін Исламның дүниенің төрт бұрышына жайылып, кең етек жаятынын әу бастан-ақ айтып, сүйіншілеген Алла Елшісі (с.ғ.с.) үмметіне осынау ұлы мақсатқа жетудің жолдарын да көрсеткен. Сол жолдардың бірі һәм бірегейі өзге ел-жұрттың тілін үйрену екенін осы хадистен аңғаруға болады.

 

    Ия, өзге ел-жұртпен танысып, табысудың және өзара түсінісіп тату-тәтті өмір сүрудің, сондай-ақ өзімізді, төл мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымызды өзгелерге дұрыс танытудың ең басты құралы тіл екені бесенеден белгілі. Сондықтан да, өз тілімен қатар өзге тілдерді де білген ел қор болмайды.

 

    Алла Тағала әу бастан адамзатты өзіндік тілі, ділі, мәдениеті және дүниетанымы бар сан түрлі ұлыстар мен ру-тайпаларға бөліп жаратқан. Бұл Алланың теңдессіз хикметі мен шексіз құдіретінің бір көрінісі. Осыған орай, қасиетті Құранда былай делінген: «Уа, адамзат! Расында, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ, сендерді бір-біріңмен танысып, табысуларың (һәм біріңе-бірің қамқоршы дос болып, өзара жәрдемдесіп, тату-тәтті өмір сүрулерің) үшін сан алуан ұлыстар мен ру-тайпаларға бөлдік. Біле білсеңдер, Алланың алдындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың (яғни, Аллаға ең жақын болғандарың)!» («Хұжұрат» сүресі, 13-аят). Осы аятқа қарап ұлыстар мен ру- тайпалардың Хақ Тағаланың алдында тең екенін, үстемдіктің тек Аллаға жақындықпен болатындығын, сондай-ақ ешбір тілдің өзге тілдерден артық еместігін, артықшылықтың тек сол тілде сөйлейтін қауымның өнердегі, ғылымдағы және жасампаздықтағы озықтығымен болатындығын айтуға болады.

 

 «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші адам өзгенің тілін үйренбей тұрып, алдымен әр адам өз ана тілін анасының ақ сүтімен бірге бойына сіңіріп өсуі керек. Содан соң, қай қауымның һәм қанша жұрттың тілін үйренемін десе де әркімнің өз еркі. Сонда жаратылыс заңымен бірге әр елдің елдігі мен тектілігі де сақталады. Сондай-ақ өз тілін жақсы білген адамға өзгенің тілін үйрену де аса қиын болмасы анық. Сондықтан да, әр ата-ана ұрпағын алдымен өз ана тілінде тәрбиелеп өсіруі керек. Тілдік тұрғыдан іргетасы дұрыс қаланған бала бөтен тілдерді де оңай үйренеді.

 

   Әсілі, шет тілін жас кезде оқып, үйренген абзал. Өйткені, жас кезде адамның есте сақтау қабілеті мен зейіні күшті болады. Осыған қатысты арабтарда «Жас кезде алған білім тасқа қашалған оюмен тең, егде тартқанда алған білім мұзға салған оюмен тең» деген қанатты сөз бар. Сондай-ақ шет тілін үйренгісі келетін адамның аз да болса, тіл үйренуге деген қабілеті болуы керек. Хадистен ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) яһудилердің тілі мен жазуын үйренуді қалың сахабаның арасынан тіл үйренуге қабілетті жас сахаба Зәйд ибн Сәбитке (р.а.) тапсырғанын көреміз. Нәтижеде, ол аталмыш тілді қиындығына қарамастан жарты айға жеткізбей тек түсінетін емес, сөйлейтін, оқитын һәм жазатын деңгейде меңгеріп алады. Осылайша, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қарамағындағы адамдарға қабілетіне қарай міндет жүктегеніне қарап, қаншалықты парасатты һәм данагөй жан болғанына тағы да куә боламыз.

 

  Сондай-ақ хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) аударма ісінде өзге қауым өкілдеріне, әсіресе, мұсылмандарға жат пиғылдағы қауым өкілдеріне сенбейтіндігін айтқан. Біле білгенге бұл да маңызды нұсқау болып табылады. Әсіресе, білдей бір елдің мүддесі қорғалатын мемлекетаралық, еларалық келіссөздерде елшілер мен тілмаштар жауапты міндет атқарады. Мұндай жағдайда өзгеге кіріптар болып, шетелдік тілмаштардың аузына қарап не айтар екен деп жалтақтап отырғанша, өз тілін жақсы білетін, һәм шет тілін жақсы меңгерген өз тілмаштарымыз болса, нұр үстіне нұр емес пе?!

 

  Алла Елшісі (с.ғ.с.) үмметіне тәлім-тәрбиенің қыр-сыры мен әдіс-тәсілін үйретумен қатар, жас сахабаларын өзге ел- жұрттың тілін үйренуге құлшындырған. Сондағы мақсаты өзге қауымдармен жақсы қарым-қатынас жасау һәм сол арқылы оларға ақиқатты жеткізу еді. Олай болса, бүгінгі мұсылман үмметіне де хақ дін Исламның асыл құндылықтарын және оның экстремизм, фундаментализм және лаңкестік сынды жат ұғымдардан ада екенін жер-жаһанға паш етіп, өзге ел-жұрттың көкірегіне ақиқат нұрын құя білу үшін шет тілдерін, әсіресе, әлемдік тілдерді жоғары деңгейде меңгеру қажет. Сондай-ақ бүгінгі таңда әлемдік деңгейде ғылым-білімде, экономикада, өнерде және жасампаздықта кенже қалған мұсылман қауымы үшін дамыған елдердің жақсы жағын үйреніп, тәжірибесін алу үшін де шет тілін меңгеру басты мәселелердің бірі. Өйткені, қазіргі дамыған елдердің де кезінде өркениетте, ғылымда және жасампаздықта күллі әлемге өнеге шашқан мұсылмандардың тілін үйрену арқылы дамып, өркендегені ақиқат.

 

Асқар Әкімханов

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тегтер: Шет тілі
Предыдущий Следующий
ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ НАҒЫЗ ЕРДІҢ ҚҰРАНДАҒЫ СИПАТЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Психология БАЛАҒА КҮНДЕ АЙТЫЛУЫ ТИІС 9 СИҚЫРЛЫ СӨЗ
Әрбір қолданған сөйлеміміз бен сөйлеген сөзіміздің балаларымызға қалай әсер етіп, дүниетанымына қандай іздер қалдыратынын өте сирек ойлаймыз. Баланың тұлғалық дамуы мен дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруда айтқан сөздеріміздің ерекше маңызы бар. Сол себепті баланың күнде естіп тұруы тиіс сөздерді...
Әдеп (этика) МІНЕЗІҢІЗ КӨРКЕМ БЕ?
Қиямет күні таразы басында, мүмін пенденің көркем мінезінен асқан ауыр нәрсе болмайды. Күмәнсіз Алла ауызы былапыт сөзге толы арсыз адамды жек көреді.
Алланы зікір ету САУДАҢЫЗДЫ БЕРЕКЕЛІ ЕТЕТІН ДҰҒАЛАР
Бір іске кіріскенде (мысалы, сауда-саттық, диқаншылық немесе үй салу т.б.) бұл дұғаның көп пайдасы бар: «Раббәнәә әәтинәә мил-ләдункә рахмәтәу-уа һәййи ләнәә мин әмринәә рашәдә» («Кәһф» сүресі, 10-аят.)...
Қоғам БАЯНДАМА: "Исламдағы дінаралық келісімнің орны"
Адам баласының болмысы ұлы социолог ғалым Ибн Халдун айтқандай қалалық өмірге бейім, қоғамшыл болып табылады. Оның бұл қасиеті тарихтың таңынан бастап топтасу, жиналу сияқты әрекеттерге жетеледі. Мұндай нәтижеден кейін адам қоғамының мүшелері өзара ықпал мен қарым-қатынасқа тап болды. Әрине, бұл үші...
Қоғам Муфтият: қаныпезер қарақшылық пен қан төгуді қатаң айыптайды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Денистің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта отырып, болған оқиғаға сабыр тілейміз, қайғысына ортақпыз.
Исламдағы қаржы мәселесі Еврей ұлы Джад қалай Исламды қабылдады?    
50 жылдай бұрын Францияда Ибрагим есімді қарт түрік тұрған, оның шағын азық-түлік дүкені болыпты. Бұл дүкен бір пәтерінде еврей жанұясы тұратын ғимаратта орналасқан екен, ол жанұяда жеті жасар Джад есімді ұл болған. Кішкентай Джад Ибрагим ағаның дүкеніне өз жанұясына қажетті тамақ алу үшін күнде кел...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 14:43

Ақшамға дейін 00:39

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi