ТӘБӘРІК ЖАСАУҒА БОЛА МА?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:45

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

ТӘБӘРІК ЖАСАУҒА БОЛА МА?

| A | +

Тәбәрік – береке тілеу деген мағынаны білдіреді. Әр-Рағиб әл-Әсфәһани: былай дейді: «Береке – бір нәрседе иләһи жақсылықтың тұрақталғанын аңғартады». Ибн Манзур: «Береке – өсу, арттыру деген мағынада. Тәбәрік – адамға немесе басқа нәрсеге береке тілеп, дұға ету»[1], – дейді.

Ешбір нәрсе өздігінен берекелі болмайды. Берекені беруші бір ғана Алла. Алла Тағала белгілі бір уақыттарды, белгілі бір орындарды берекелі еткендей, қалаған пенделеріне берекені дарытады.

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шашын, қолданған ыдыстарын, киімдерін ұстау, сүю, сүрту арқылы тәбәрік жасауға рұқсат етіледі[2]. Бұл нәрсені сахабалар Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көз алдында істеген. Олардың біреуіне де сөгіс бермеген. Өйткені Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) денесі, киген киімі, пайдаланған ыдыс-аяқтары беркелі саналады. Бұл мәселеде ғұламалардың арасында ешқандай дау жоқ[3].

Умму Атиядан жеткен риуаятта Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қызын жуындырып жатқан әйелдерге «изәрін» (жамылғы, жамылғыш) беріп:

أَشْعِرْنَهَا إيَّاهُ

«Оған мынаны жабыңдар» [4], – деген. Жамылғыны жабудың негізгі мақсаты тәбәрік ету болған[5].

Асмә бинт Әбу Бәкірден жеткен риуаятта:

هَذِهِ جُبَّةُ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، كَانَتْ عِنْدَ عَائِشَةَ حَتَّى قُبِضَتْ، فَلَمَّا قُبِضَتْ قَبَضْتُهَا، وَكَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَلْبَسُهَا، فَنَحْنُ نَغْسِلُهَا لِلْمَرْضَى يُسْتَشْفَى بِهَا

«Бұл Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапаны. Ол қайтыс болғанша Айшаның қолында болды. Ол Алланың рахметіне кеткенде менің қолыма өтті. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) киген шапанын біз жуып, суын ауру адамдарға шипа ретінде қолданатын едік»[6], - делінген.

Бұл Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қатысты дүниелермен тәбәрік ету мәселесі. Ал салиқалы құлдарға келсек, жоғарыдағы дәлелдердің барлығы салиқалы адамдардың да киімімен, ыдыс-аяқтарымен т.б. тәбәрік етудің болатындығын қамтиды. Бұны имам Нәуауи, Ибн Хажар т.б. мухаддис ғалымдар құптаған[7].  

Имам Нәуауи Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапанымен шипа тілеу хадисінің соңынан: «Бұл хадис салиқалы адамдардың киімдерімен т.б. тәбәрік ету мұстаһаб екендігінен дәлел болады»[8], – дейді.

Қорыта айтқанда, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) және салиқалы жандардың киімдерімен, ыдыс-аяқтарымен т.б. тәбәрік етуге рұқсат етіледі.

Исламқұл Иманқұлұлы,

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің

Шымкент қаласы бойынша жауапты маманы.

[1] Шәрху ән-Нәуәуи әлә сахихи Муслим, 15/82. Фәтху әл-Бәри, 3/144.

[2] Али Жума, Фәтәуә ән-ниса, 120-128.

[3] https://aliftaa.jo/Question2.aspx?QuestionId=2264#.YXe7_BpByUk

[4] Бұхари, №1254.

[5] Әс-Сирожу әл-уәһһәж фи кәшфи мәталиби Муслим бин әл-Хәжжаж, 2/251.

[6] Муслим, №2069.

[7] Шәрху ән-Нәуәуи әлә сахихи Муслим, 14/44, 124, 194. Фәтху әл-Бәри, 10/198.

[8] Шәрху ән-Нәуәуи әлә сахихи Муслим, 14/44.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
КӨЛІКТІ КӨЛІККЕ АЙЫРБАСТАУДЫҢ (БАРТЕР) ҮКІМІ НӘПСІ ТҮРЛЕРІ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап СЮЦАЙ ЖҮЙЕСІНІҢ ШАРИҒИ ҮКІМІ
Сюцай – раджа-йога философиясына негізделген нумерологияның бір түрі. Бұл жүйенің сенімінде адам өміріндегі белгілі сандар (туған күні, неке қиған кезі т.б.) бір планета энергиясымен тығыз байланыста болады. Сандарда адамның мінезі, қабілеті, өмірге келген мақсаты, болашақта орын алатын оқиғалары қа...
Сұрақ-жауап ДІНІМІЗДЕ ХЭЛЛОУИН АТТЫ КҮНДІ МЕРЕКЕЛЕП ТОЙЛАУДЫҢ ҮКІМІ
Сұрақ: Дінімізде хэллоуин атты күнді мерекелеп тойлаудың үкімі қандай?
Сұрақ-жауап ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ﷺ ТҮСІМІЗГЕ КІРЕТІНІ РАС ПА?
Әссәламу алейкум! Сіздерден сұрайын дегенім, Мұхаммед пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсімізге кіретіні қаншалықты рас?
Сұрақ-жауап БАЛИҒАТ ЖАСЫ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?
Балиғат (кәмелет) жасына толу – жасөспірімнің белгілі бір жасқа жетіп, қоғам алдында өз ісіне жауап бере алатын, қоғамдық өмірге араласа алатын шағы.
Сұрақ-жауап МҰСЫЛМАН АДАМҒА ӨЗГЕ ДІННІҢ ҚҰЛШЫЛЫҚ РӘСІМДЕРІНЕ ҚАТЫСУҒА БОЛА МА?
Мұсылмандар қай заманда болсын басқа дін өкілдеріне құрметпен қарап, олардың діни рәсімдерін, құлшылықтарын орындауларына ешқандай кедергі жасамаған. Алайда бұл олардың діни рәсімдеріне қатысуға болады, солармен бірге қосылып құлшылықты атқаруға рұқсат етіледі деген мағынаны білдірмейді....
Сұрақ-жауап БӘЙГЕ МЕН КӨКПАР АТТАРЫНА ДЕМ САЛУ ДҰРЫС ПА?
Ассаламу алейкум! Оңтүстік өңірде бәйгеге қосатын және көкпар шабатын атқа дем салдыру үрдісі бар. Мұндағысы аттың тұяғы сүрінбесін, жұрттың назары тимесін деген ниетпен дем салдырады. Осы қаншалықты дұрыс?...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:45

Бамдатқа дейін 01:12

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi