ЫҚЫЛАС - ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:44

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:35 06:56 11:43 14:41 16:23 17:44
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024

Мақалалар

ЫҚЫЛАС - ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

| A | +

Хәкім Абай қара сөзінде: «Махшарға барғанда Құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт - соларды қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат үшін, сый-құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола, бір ғана Құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр[1]» дейді. Бұл – хадис.

Имам Муслим хадис кітабында, сахаба Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен. Хадисте: «Қиямет күні адамдардың ішінен ең алғаш болып шейіт сұралады. Алла құзырына әкеліп, берілген нығмет (күш-қуат, батырлық, ер жүректілік) көрсетіледі. Осы нығметтің қарымына не істедің?,-деп сұралады. Шейіт: "Сенің жолыңда соғысып, жанымды бердім",-дейді. Сонда оған: "Өтірік айтып тұрсың. Сен жұрт батыр десін деп соғыстың. Солай айтылды да,-деп, оны тозаққа лақтыруға бұйрық беріледі. Сосын білім алған адам сұраққа шақырылады. Алла Тағала оған Құранды үйреткен. Оған берілген (Құран оқу, мағынасын түсіну, дін білімін меңгеру) нығметтері көрсетіледі. Осы нығметтің қарымын қалай бердің?",-деп сұралады. Ғалым: "Білім алып, сол білімді жұртқа үйреттім. Сенің жолыңда Құран оқыдым",-дейді. Сонда: "Айтқандарың өтірік. Сен білімді жұрт ғалым деп айтсын деп үйрендің. Құранды ел қари десін деп жаттадың. Ел-жұрт та қалағаныңдай айтты",-деп оны да тозаққа тастауға әмір етеді. Мұнан соң есепке дәулетті адам тартылады. Алла оған байлықтың барлық түрін берген еді. Көз алдына берілген сол нығметтер көрсетіліп, "Бұлардың шүкірі ретінде не істедің?",-деп сұралады. "Сенің жолыңда жұмсауға болатын әрбір ізгілікте Сенің разылығыңа жұмсадым",-дейді. "Айтқаның өтірік. Жұрт жомарт десін деп дүние шаштың, дегеніңе де жеттің",-деп тозаққа тасталады[2].

 Хәкім Абай осы риуаятты түсіндіруі тектен тек емес. Бұл хадис – құлшылықтың өзегі ықылас хақында. Әрбір құлшылықта ниетті Аллаға арнау, басқа ешбір ой-ниетті араластырмау – ықылас. Аталмыш хадисте үш адам: шейіт, дәулетті кісі және Құран ілімінің ғалымы айтылуда. Әрине, ықылас әрбір адамнан талап етіледі. Алайда, риуаятта айтылған үш кісінің орны бөлек. Өмірін туған жері мен діні үшін пида ету асқан батырлықты қажет етеді. Атымтай жомарттың да елге пайдасы көл-көсір. Ал, Құран іліміне өмірін арнаған адамды айтпаса да түсінікті. Алайда, осындай жанкештіліктің өзі ықылассыз ешбір пайдасы жоқ. Хадистегі үш кісі істеген амал шариғатымызда ең үлкен құлшылық. Мұны ықыласпен жасағанда олар жәннаттың төрінен орын алар еді.

Қасиетті Құранда: «Олар бір Аллаға шын көңілден (ықыласпен) құлшылық етуге бұйырылған еді...[3]»,-деп құлшылықтың сырын аша түседі. Ықылас – ешбір қоспасыз, таза дегенді білдіреді. Демек, ықылас – құлшылықтың рухы. Құлшылық пен қарапайым істің ара-жігін ажыратып тұрушы ықылас. Тіпті, құлшылықты қарапайым қимыл-әрекет етіп жіберетін, ал қарапайым істі құлшылық мәртебесіне өсіретін де ықылас. Мәселен, арықтау үшін тұтқан ораза құлшылық емес. Сол сияқты жаттығу мақсатында оқылған намаз да ғибадат емес.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, имам Ахмед (р.а.) ықыласқа: «Ешбір дүниелік мақсатты көздемей жасаған ісің» деп анықтама берген. Әрине, ықылас жүрек ісі. Оған қол жеткізу үшін нәпсіні тәрбиелеу қажет. Ғалымдар: ықыласқа қол жеткізу сияқты көп тер төккен ісім болмады, деп жүрекке ықыласты қалыптастыру қаншалықты қиын іс екенін айтқан. Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Алла Тағала шынайы (ықыласпен) әрі Оның разылығы үшін болған амалды ғана қабыл етеді[4]»,-деген.

[1] 35-қара сөз

[2] Муслим

[3] Байинә сүресі, 5-аят

[4] Насаи

Авторы Руслан Қамбар

Дінтанушы, Қалқаман-2 мешітінің бас имамы

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ТӘРБИЕ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ ӨЗ ҚАЛПЫМЫЗДА ҚАЛСАҚ...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ихсан ілімі Ихсан ілімінің мәні
Жыл басында Бас мүфти басымдық берілетін жеті бағытты бекіткен болатын. Солардың бірі – Ихсан рухани тәрбие негізі атты бағыт. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен қолға алынған бұл бағыттың басты мақсаты – Исламның биік көрінісін танытатын Ихсан ілімі туралы халықты ақпараттандыру, көзі қ...
Ихсан ілімі ИХСАН ІЛІМІ ЖӘНЕ РИЯ МӘСЕЛЕСІ
Бүгінгі ақпараттық және ксерокөшірме технологиясы дамып, әлеуметтік өмірдің барлық қыры әлемжеліленіп жаһанданған заманда риясыз шынайылық, төлтума немесе түпнегіз (оригинал) дүние тапшылыққа айналып барады....
Ихсан ілімі Рия кейбір күнәдан қауіпті
Бүгінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен барлық өңірде Ихсан ілімі кеңінен насихатталуда. Ихсан сөзі ізгілік, игілік, жақсылық деген мағынаны аңғартса, шариғаттағы мәні әр нәрсені кемел, көркем түрде орындау дегенді білдіреді. Осы ретте Ихсан ілімінде ықыластың алар орны туралы аз-к...
Ихсан ілімі Ихсан адамды жамандықтан алыстатады
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосатын үлкен еңбек дер едік. Сонымен қатар бұл кітап мұсылман жамағ...
Ихсан ілімі Ихсан қақпасы
Ихсан. Ихсансыз пенденің көңілі нұқсан. Қазақта «ихсан» сөзі тікелей қолданбаса да «қайырихсан», «ихсансадақа» деп қолданылған ұғымдар баршылық. Осы екі ұғымның өзінде ихсанның бар екені көрініп тұр. Яғни ихсанның түп-тамыры – жақсылық. Қайыр іс те – садақа да ихсанның белгілері. Алланың разылығына,...
Ихсан ілімі «Ихсан» кітабы – насихат жұмысына қажетті құнды құрал
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми қабылдауында болған кезде елімізде мұсылман қауымына халқымыздың жүрегіне жақын ихсан ілімін кеңінен насихаттау туралы бастама көтеріп, игі жобаларымен бөліскен еді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
23 Джумада-авваль 1446
Миләди
26 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:44

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi