«Жәннатқа кірген күннің өзінде Сені көре алмай қаламын ба деп қорқамын?!.»
Ибн Мұрдуайһ пен Әбу Нуғайм және Дия Мәқдиси «Жаннаттың сипаты» кітабында* Айша анамыздың былай дегенін жеткізген: «Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп: «Сен маған жанымнан да, ата-анамнан да сүйіктісің! Үйде жүргенімде сен есіме түсе қалсаң, келіп көзіммен көргенше шыдай алмаймын. Өзімнің ақыретім мен сенің ақыретіңді ойласам, қапаланамын: жәннатқа кірсең, өзге пайғамбарлармен жоғары сатыда боласыз. Мен болсам, жәннатқа кірген күннің өзінде сені көре алмай қаламын ба деп қорқамын?!» – деді. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.) ол кісіге еш нәрсе деп үн қатпады. Кейін Жәбірейіл (ғ.с.) төмендегі аятты түсірді**.
وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَالرَّسُولَ فَأُولَئِكَ مَعَ الَّذِينَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مِنَ النَّبِيِّينَ وَالصِّدِّيقِينَ وَالشُّهَدَاءِ وَالصَّالِحِينَ وَحَسُنَ أُولَئِكَ رَفِيقًا
Кім Аллаға және пайғамбарға бойсұнса, міне солар, Алла Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!
«Ниса» сүресі, 69-аяты.
*Хадиске жақсы яки хасан деген баға берген.
**Тәфсирул Дуррул Мәнсур 2/325, Суюти. Әсбабун Нузул 74, Қази. Әсбабун Нузул 168, Уахиди.
Жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Azan.kz сайтына тиесілі.