Жасөспірімдердің діни ағымға еруіне әлеуметтік желінің әсері бар - теолог
Қаражал
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 12:25

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:25 05:48 12:25 16:55 18:53 20:17
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Шавваль 1446
Миләди
02 сәуір 2025

Мақалалар

Жасөспірімдердің діни ағымға еруіне әлеуметтік желінің әсері бар - теолог

| A | +

Жат дінді қолдаушылар арасында жасөсіпірімдер жиі кездеседі. Бұл - үлкен мәселе. Балалардың дәл осы жолды таңдауына ең алдымен ортасы және әлеуметтік желідегі түрлі сайттар себеп болып отыр.

Қазір интернет заманы. Әлеуметтік желінің дәуірі жүріп тұрған кезең. Жат ағымды қолдайтындардың үгіт-насихатын үнемі бақылауда ұстау мүмкін емес. Сананы улайтын, теріс пиғылды адамдардың арбауына оқушылар да түсіп жатыр. Болашағына балта шапқалы тұрған балалармен мамандар жұмыс істеп келеді.

«Балаларды үгіттейтін - әлеуметтік желі. Балалар түрлі сайттарға кіреді, оқиды, баласының не оқып жатқанын ата-анасы да білмейді. Мысал ретінде айтайын, Ресейдің Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған, озат студент Варвара Караулова деген қыз болды. Оның ата-анасы да, өзі де мұсылман емес. Бірақ, сол Варвара Сирияға кетіп қалды. Бұл оқиға Рессейде үлкен резонанс туғызды. Әкесі әрең дегенде қайтарды. Сол қыз өткенде жазасын өтеп шықты. Қазір 19 жаста. Мұндай жағдайлар бізде де бар», - дейді белгілі исламтанушы Асқар Сабдин.

Алматы қалалық қоғамдық даму басқармасы теріс ағымдағы азаматармен оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастыруды қолға алды. Бұған тек теологтар ғана ықпал ете алмайды. Сондықтан, арнайы мамандарды тарту көзделген. Психолог, педагог, ата-ана, құқық қорғау органдары түгелдей атсалысып жатыр. Діни тұрғыдан жүргізілген оңалту жұмысының ықпалы - 20%.

«Мен сөйлесетін адамдардың ішінде мектеп оқушылары мен жасөсіпірімдер бар. Олардың басым бөлігі сол жат ағымда жүрген ата-аналардың балалары. Бірақ, мен ондай балалармен тек ата-аналарының рұқсатымен ғана сөйлесе аламын. Жеке өзім оларды сөзге тарта алмаймын. Себебі, құқығым жоқ. Ата-анасы бізге өтініш жасаса ғана барамыз», - дейді теолог Асқар Сабдин.

Қазақстандағы ең жас террорист - Сұлтан Қабиев болатын. 17 жастағы жігіт 2016 жылы 5 маусым күні Ақтөбеде орын алған терактіде көз жұмды. Оның бойындағы экстремисттік көзқарас бала күнінен қалыптасқан дейді маман.

«2012 жылы Сұлтанның әжесі Ақтөбе әкімдігіне келіп, көмек сұрады. Менің балам үйде де, мектепте де жоқ, тауып беріңіздер деді. Бір аптадан кейін оқушы табылды. Базарда телефон жөндейтін жігіттің жанында болған. Кейін үйіне апара жатқанда жолда «неге үйден қаштың?» деп сұрадық. Жылап тұрып «менің ата-анам Аллаға серік қосады, қайтыс болған ата-бабаларына құран бағыштайды, сондықтан мен олармен тұрмаймын» деп жылады. Біз ол балаға құран бағыштаудың ешқандай күнә еместігін, керісінше сауап екенін түсіндірдік. Бірақ, қаншалықты түсінді, білмеймін. Негізі ағасы да сотталған терроризм бойынша. Кейін мен «Аруаққа құран бағыштау» деген кітап жаздым. Оны жазуыма дәл осы Сұлтан түрткі болды», - дейді Асқар Сабдин.

Сарапшы, исламтанушы, теологтардың айтуынша, балаларға ең алдымен ата-ана жауапты. Жасөсіпірімдік шақ - ең қауіпті кезең. Дәл осы уақытта абай болған жөн. Балалардың санасын улауға, діни ағымдардың жетегіне кетуіне жол берілмеуі керек. Бұл - қоғам, ұлт, мемлекет, отбасы алдындағы парыз деп түсіну қажет.

Алма Мұқанова

Предыдущий Следующий
Таным терапиясы ТӘУЕЛСІЗДІК ҺӘМ ТӘУБЕШІЛДІК

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ағымдар мен секталар Абай адасты, Шәкәрім шатасты дейтіндердің қатары неге көбейген - маманмен сұхбат
Қазақстанда діни тұрғыдан сауатты жастардың қазіргі білім көкжиегі, дәрежесі, олардың құндылықтары қандай? Осы сауалға жауап алу үшін Нұр-Мүбәрак Египет ислам мәдениеті университетінің Діни экстремизмге қарсы орталығының директоры Асқар Сабдинмен тілдесудің жолы түсті....
Ағымдар мен секталар Меккенің басты мешітінің бұрынғы имамы ИЛИМ-нің сәләфизмге негізделгендігін растады
Меккедегі Әл-Харам мешітінің бұрынғы имамы шейх Адель әл-Калбани ИЛИМ (ҚР-да тыйым салынған лаңкестік ұйым) Ислам мемлекетінің сәләфиттік идеяларға негізделгендігін растады, деп хабарлайды Azan.kz...
Ағымдар мен секталар Ынсапты радикализм
2016 жылы маусым айының 5-і күні, қасиетті Рамазан айының қарсаңында Ақтөбе қаласында қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасалды. Осының нәтижесінде бірнеше әскерилер мен азаматтық тұлғалар зардап шегіп, қаза тапты....
Ағымдар мен секталар Мадхалиттер, суруриттер, тəкфириттер дегендер кімдер өзі?
Сəлəф ағымы қауіпті, қауіпсіз жəне бейтарап болып үш топқа бөлінеді дейді. Яғни Мадхалиттер, Сурариттер, Тəкфириттер болып бөлінеді екен. Осылардың аражігін анықтап тарқатып айтып беріңізші? Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? Қандай ерекше белгіле...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Шавваль 1446
Миләди
02 сәуір 2025
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:25

Екінтіге дейін 03:24

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi