Зұлхижжа айының 5 ерекшелігі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Бесін 11:42
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:32 06:52 11:42 14:43 16:25 17:45
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024

Мақалалар

Зұлхижжа айының 5 ерекшелігі

| A | +

Алла Тағала өз пендесі үшін көбірек сауап жинап алсын деп  кейбір күндерді басқаларынан артық етіп қойды. Соның бірі – зұлхижжа айының алғашқы он күні.

 

Алла Тағала Құранда: «(Зұлхижжа айының алғашқы) он кешіне серт»[1], – деп ант етті. Бұл ант осы күндердің ұлықтығы мен маңыздылығын көрсетеді.

 

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағаланың құзырында осы он күнде жасалған ізгі амалдан абзал әрі сүйкімді игі іс жоқ. Ендеше сол кезде тасбихты (субханалла), тахмидты (әлхамду лиллә), тахлилді (лә иләһа илләлла), тәкбірді (Аллаһу акбар) көбейтіңдер», – деген[2].

 

Дінімізде келген сенімді деректер негізінде осы он күнге қатысты бірнеше үкімдер мен артықшылықтарды атап өтуге болады. Олар:

 

  1. Зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер болып есептелінеді. Сондықтан осы кезде ынтамен ғибадат ету, көбірек ізгі іс істеу қажет. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп берілетіні айтылған.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға осы он күнде істелген игі істен жақсырақ амал жоқ», – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Сонда Алла жолында соғысу да оған тең келмей ме?» – деп сұрады. Алланың елшісі: «Алла жолында соғысу да оған тең келмейді. Тек жанымен әрі малымен жорыққа барып, кері қайтпаған адамның жағдайы бөлек», – деп жауап берді[3].          

  1. Зұлхижжа айының алғашқы сегіз күнінде ораза ұстау – мұстахап. Бұл күннің оразасы хадисте айтылған жалпы ізгі істердің қатарына жатады. Бірақ, осы күндері арнайы ораза ұстау жайында нақты дәлел-дәйектер жоқ.
  2. Арапа (зұлхижжаның тоғызыншы) күні ораза тұту – сүннет. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол күні ораза ұстады әрі ол күні мұсылмандарды ораза тұтуға үгіттеді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», –  деген[4]. Бұл – арапа күні ұстаған ораза екі жылдық (өткен және келер жылғы кіші) күнәні кешіреді дегені. Алайда, қажылықта жүрген адамдар арапа күні ораза ұстамайды.

  1. Айт (зұлхижжаның оныншы) күні және ташриқ (11, 12 және 13-ші) күндері ораза ұстауға шариғатымыз рұқсат етпейді. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза және құрбан айт күндері ораза тұтуға тыйым салды[5] және «Ташриқ күндері – ол ішіп-жеу және Алланы еске алу күндері»[6], деді.
  2. Құрбан айт (зұлхижжаның 10, 11 және 12-ші) күндері бай адамға құрбандық шалу – уәжіп. Алла Тағала: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал»[7], – деп бұйырады. Хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрбандыққа екі ақ қошқарды жатқызып, аяғымен тіреп, бисмилләні және тәкбірді айтып, бауыздады»[8], – деп айтылған.

 

Құрбандық шалу Алла Тағалаға жақын болу үшін, күнәлар кешірілу үшін, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету үшін, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді. Өйткені, осы күні барлық адам Алла Тағаланың қонағы болады, құрбан етінен жейді, оны тарту етеді, одан садақа береді.

 

Құрбан шалу арқылы пенде Ибраһим пайғамбардың сүннетін жандандырады. Құрбан айт күні Ибраһим пайғамбар өзінің баласы Исмаилды құрбандыққа пида еткенін еске алады, олардың бір мінезділігін, қайыспайтындығын және Құдайға деген сүйіспеншілігін үлгі тұтады.

 

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныш бергей! Барша мұсылман халқына бұл айды сауапты істермен өткізіп, Жаратқан Иеміздің мейірімі мен кешіріміне кенелуді нәсіп еткей!

 

Биыл зұлхижжа айының басталуы 22 шілдеге тура келеді.

30 шілде – Арапа күні.

31 шілде мен 1-2 тамыз – Құрбан айт күндері. 

 

Хасан АМАНҚҰЛОВ,

Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары

 

[1] «Фәжр» сүресі, 2-аят.

[2] Ахмад, Табарани риуаят еткен.

[3] Әбу Дәуіт, Ибн Мажә риуаят еткен.

[4] Муслим риуаят еткен.

[5] Бухари, Муслим риуаят еткен.

[6] Муслим риуаят еткен.

[7] «Кәусар» сүресі, 2-аят.

[8] Бухари, Муслим риуаят еткен.

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
ТҰР тауының ғарыштан түсірілген кескіні – «АЛЛАҺ» жазуына ұқсайды Біреуге тапсырыс беру арқылы құрбан шалуға бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Шәууал айының ораза кестесі (ФОТО)
Бұл жайында Пайғамбар (с.ғ.с.): "Кімде-кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады" деген (Муслим).
Ислам күнтізбесі Шәууәл айында 6 күн ораза ұстау міндет пе?
Рамазан айының оразасынан басқа уақытта да мұсылмандар ораза тұтуға ынталандырылады. Басқа уақытта тұтылған ораза нәпіл саналып, ораза тұтқан адамға мол сауаптың жазылуы уәде етіледі....
Ислам күнтізбесі Бас мүфти: Қасиетті Қадір түнінде дұғамыз қабыл болғай!
Қадірлі жамағат! Баршамызды қасиетті Рамазанның, оның ішінде мың айдан қайырлы Қадір түніне аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!
Ислам күнтізбесі Рамазандағы теңдессіз түн
Рамазан – қасиетті ай. Осынау мүбәрак айдағы қасиетті түн – Қадір түні екендігі баршамызға мәлім. Қасиетті Құран Кәрімде: «Расында, Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні - (игілікте) мың айдан артық. Сол түнде, Алланың әмірімен барлық істі реттеу үшін (асп...
Ислам күнтізбесі Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ: Рамазан – Жаратқаннан жарылқау тілейтін ай
Оразаның алғашқы онкүндігі де артта қалды. Карантин кезінде ҚМДБ қандай сауапты істерді қолға алды? – Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойылғанын білесіздер. Жұқпалы індеттің алдын алу үшін Қазақстан мұсылмандары дін басқармасы ос...
Ислам күнтізбесі Қош келдің, АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ!
Расында, Рамазан – береке айы. Бұл айда мұсылман баласының ниеті мен амалы үйлесіп, жақсылыққа ұмтылады. Ізгі ғұламалардың бірі «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбанда суарылмаса, Рамазанда қандай егін күтуге болады» деген екен. Сол айтпақшы, ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
23 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:42

Екінтіге дейін 01:58

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi