Айша анамыз былай дейді:
«Бірде маған екі қызын жетектеген бір әйел келді, оған үш тал құрма бердім. Ол әлгі құрманы екі қызына ұстатып соңғысын аузына сала бергенде қыздары тағы да сұрады. Сонда әлгі әйел құрманы екеуіне теңдей бөліп берді. Мен бұл әйелдің ісіне қайран қалып Алла Елшісіне ﷺ келіп болған жайды баяндап бердім. Сонда Ол: «Расында, осы амалы үшін Алла Тағала оны тозақ отынан азат етті»,- деді.