ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ 15 СҰРАҚҚА ИМАМНАН ЖАУАП
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Құптан 17:46
Алматы
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Жаңалықтар

ОРАЗАҒА ҚАТЫСТЫ 15 СҰРАҚҚА ИМАМНАН ЖАУАП

«Айқын» газетінде Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы, дінтанушы Еркінбек Шоқай мен ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы қонақта болды. Редакция ұжымы Қасиетті Рамазан айының алдында көкейде жүрген сауалдарын қойып, дін мамандарынан жауап алды. Төменде ТОП-15 сұрақты назарларыңызға ұсынып отырмыз.      
      
Ораза кезінде түнде Құран оқып өткізу жайлы айтып берсеңіздер. Егер түпнұсқада оқи алмасам, қазақша түсіндірмесі жарай бере ме? Ол Құран хатым еткен боп санала ма?
 
Қазақша аудармасы Құран боп саналмайды. Ол – тек қазақ тіліндегі мағынасы. Оны ұстаудың аса бір шарттары бар деуге келмейді. Десе де дәретпен оқыған абзал. Қазақша аудармасы болса да  барынша жоғары қою, құбылаға қаратып оқу, басында «бісмилләдан» бастағаныңыз жөн. Арабшасына келер болсақ, оқи алатын болсаңыз, оның басты шарты – дәретсіз ұстамау. Жоғарыда атап өткендей биік қою, құбылаға қарап оқу керек. Одан кейін аятты ортасынан тоқтатып, бөліп, адаммен сөйлесіп кетуге болмайды. Басында «Ағузу билляхи минаш шайтани раджим. Бисмилляхи рахмани рахим» деп айту қажет. Егер демалатын болсаңыз, аяттың соңына тоқтап, сосын барып демалу керек. Сонымен бірге Құранды ашық қалдырып кетуге болмайды. Ол – Құранға деген құрметсіздік. Міндетті түрде жауып кету керек.
 
Рамазан айында марқұм болған жақындарымызға қандай сауапты істер жасай аламыз?
 
Марқұм болған жақындарға қатысты біздің басты міндетіміз – дұға ету. Өзінің және өзінің алдында дүниеден өткен бауырларының күнәсін кешіруін сұрайды. Ата-анаға байланысты айтар болсақ, Құранда мынадай дұға бар: «Раббана гфир ли уали уали даййа уалиль му‘минийна йаума йакумуль хисааб». Яғни «Я, Алла, менің күнәмді, ата-анамның және барша мүміндердің біз есепке тұратын күні күнәмізді кешіре гөр» деген дұға. Осыны әр намазда, сәлем берудің алдында айтамыз. Ол – Пайғамбарымыздың сүннеті. Кей ғұламалар тіпті қатты айтады. Егер ата-анаға арналған дұға қайсыбір намазда айтылмай қалар болса, ол намаздың толық ақысы берілген жоқ дейді. Ең негізгі міндетіміз – әр намазда дұғамызға қосу. Дұғадан бөлек, тағы қандай амалдар жасауға болады? Мысалы, егер сол кісінің атынан садақа беретін болсаңыз, не игі шара ұйымдастырсаңыз, қайырымдылық жасап мұқтаждарға көмектессеңіз, ораза ұстағандарға ауыз аштырсаңыз болады. Ауызашар беру – ең үлкен сауаптардың бірі. Рамазан айында жасалатын ең үлкен қайырымдылық десе болады. Егер аузы берік адамға ауыз аштырса, соның ауыз бекіткеніндей сауап алады. Бірақ ораза ұстаушының сауабы одан кемімейді. Сондай хадис бар. Оразаның сауабы – есепсіз. Хатым Құран жасап, дұғасының сауабын бағыштауға болады. Жай Құранның да сауабын бағыштай аласыз. Әлбетте, хатымның сауабы үлкен. Алла қаласа, Дұға қабыл болады.
 
Көктем келе аллергия басталады. Соның кесірінен былтыр ұстай алмай қалдым. Ол өздігімен тыйылмайды, сондықтан көзге, мұрынға тамызатын дәрілердің көмегіне жүгінеміз. Түшкіруді басқаша тыю мүмкін емес. Ораза кезінде осы мәселені қалай реттеуге болады? Дәрі тамызғаннан ораза бұзыла ма?
 
Көзге тамызатын дәрілер оразаны бұзбайды. Мұрынға арналған спрейлерге келер болсақ, негізі оразаны бұзатын – мұрын мен ауыздан кірген нәрселер. Мәселенің бәрі асқазанға, өңешке ешнәрсе түспеуге келіп тіреледі. Бұл тақырыпты ғалымдар зерттеген.  Аллергиясы бар адамдар негізінен бір ай бұрын қамданса болады екен. Алдын-ала арнайы уколдар қабылдаса, оразаны қиындықсыз өткізуге болады деседі. Бұл – бірінші мәселе. Екіншісіне келсек, дәрі тыныс жолында ғана қалар болса, ішке түспесе, ғалымдардың айтуынша, ораза бұзылмайды. Ішке түскен-түспегенін өзіңіз шешесіз. Яғни өзіңізге білінеді, дәмін сезесіз. Мұрынға сепкен соң, жоғары тартпаса, сол тыныс жолында қалады.
 
Оразаны екінші жыл ұстағалы отырмын. Бірақ 8 күн қарызым бар. Оны өтеп үлгермесем, биыл ауыз бекіте аламын ба?
 
Негізі қазаны уақытында өтеген дұрыс. Мүмкіндігінше, ертерек өтеп тастауға тырысу қажет. Мойнында былтырдан қалған қазасы болса да, оразасын бастай берсін. Оған ғалымдар рұқсат берген. Оразадан соң барлық қазасын мейлінше тезірек өтеп тастағаны абзал. 8 күн қарызыңызды өтемейінше, ол мойныңыздан түспейтінін есте ұстаңыз. Бәрін біріктіре алмайсыз.
 
Рамазан айында белгілі бір себептермен ораза ұстай алмасам, дүйсенбі және бейсенбі күндері ниет етіп тұтсам бола ма?
 
Ол Рамазан айының оразасы болып саналмайды. Бірде бір кісі: «Ораза деген не ол? Жылдың кез келген уақытында ұстай бересің» депті. Сонда Жүрсін Ерман ағамыз: «Қадыр түнін қай кезге белгілеп отырсыңдар?» деп қатырған екен. Сол айтқандай, мұндай ораза жоқ. Қазақтарда кейінгі кезде мынадай әңгіме шығыпты. Басында – бір, ортасында – бір, соңында бір күн ұстасаң, өтіп кетеді екенсің деседі. Ондай жоқ. Рамазан оразасы бастан-аяқ ұсталады. Нәпілмен шатастыруға болмайды.
 
Көп қыздар жалғанған кірпікпен, қолдарына гель-лак жағып жүріп, ораза ұстайды. Бұлай етуге бола ма?
 
Оразаға дәреттің қатысы жоқ. Өйткені дәреті не ғұсылы болмаса да, ауыз бекітуге рұқсат. Бірақ шарт емес екен деп күнімен дәретсіз, ай бойы ғұсылсыз жүре беруге болады екен деуге болмайды. Бастай берсе болады. Бірақ кірпік, лак дегендер дәрет өткізбеген соң, дәретсіз жағдай саналады. Жалпы алғанда жасандылыққа құмар болмаған жөн. Кірпіктің астындағы клейдің көзге зияны бар. Ол дәрет жүргізбейді. Сонымен бірге лак та дәрет өткізбейді. Егер екі дәреттің ортасында жағамын десе, қалауы білсін. Бастысы, дәретке кедергі болмауы керек.
 
Су өткізетін лактар шықты. Оларды қолдануға бола ма?
 
Егер су өтетін болса, дәрет өтеді. Яғни бояудан тырнақтың асты көрінсе, су жүретініне көзіңіз жетсе, жағуға болады. Түссіз лакқа қатысты да көпшілік сұрайды. Мәселе лактың түсінде емес, суды өткізу-өткізбеуінде.
 
Ораза қарсаңында хайыз келеді. 8-9 күнге жалғасады. Одан соң өндірістік-тәжірибе бойынша бір аптаға тауға кетеміз. Қарызым көп болғалы тұр. Ораза ұстай берсем бола ма? Алғашқы рет ұстағалы отырғандықтан, ештеңе білмеймін. Осы сауалға жауап берсеңіздер.
 
Әйел адамға етеккір келуі – Алланың берген ерекшелігі. Ораза кезінде хайыз күндері ауыз бекітпейді. Оның қазасы Рамазаннан соң өтеледі. Етеккірім келсе де, ораза ұстайтын дей алмайсыз. Өйткені бұл жағдайда ауыз бекітуге болмайды. Енді тауға бару туралы айтайық.  85-90 шақырымнан ұзақ жол жүретін болса, жолаушы адамның үкіміне кіреді. Оған ораза ұстамаса болады. Ол жерде 15 күннен аз тұрақтайтын болса, жолаушы саналып, қазасын кейін өтеуіне рұқсат етіледі. Ол – Алланың жеңілдігі.
 
Атеистік көзқарастағы адамдармен ораза парызы туралы тақырыпта тілдескенде, қарсы сөздерін қалай қабылдаған жөн?
 
Бірінші ретте, дін турасындағы әңгімелер иманды адамға ғана айтылады. Төменгі нәрсені түсінбей жатып, оның жоғарғы жағын талқылаудың қажеті жоқ. Өйткені екеуара ортақ келіскен дүние – иман жоқ. Осыны реттеп алған соң барып, сөйлесуге кеңес береміз. Алғышарттар келіспесе, одан жақсы нәтиже шықпайды. Яғни қайырсыз әңгіме болады. Ол «Алдымен Каспийді бөлісіп алайық, балығына сосын келерміз» дегендей әңгіме. Атеист адаммен алдымен иман мәселесін талқылаңыз. Ораза, дәрет, намаз жайлы содан кейін барып сөйлессеңіз болады. Ол адам Құдайдың бар-жоғын анықтап алуы тиіс, алдымен.
 
Әжем 93 жасында өмірден өтті. 4 жасынан намаз оқыпты. Сол кісі ораза ұстағанда аузын тұзбен ашатын. Мұның сырын түсіндіре аласыздар ма?
 
Шариғатта оразаны құрмамен, болмаса сумен ашады. Егер ол табылмаса, тәтті нәрсемен ашқан жөн. Өйткені асқазан күні бойы бос тұрғасын, оған глюкоза керек. Ол асты қабылдау үшін қажет. Ескере кететін бір жайт, ауыз ашатын тамақ от тимеген болғаны абзал. Сіздің әжеңізге келейік. Бір үлкен ғалымның кітабы бар, сонда бір риуаят келтірілген. Дерекке сәйкес, астың алдында тұзбен ашу және тамақ ішіп болған соң тағы тұз жеу керек деп айтылған. Мұны кейбір түркиялық сопылар істейді. Бұл хадис деп те айтылады. Десе де үкімі әлсіз. Тұздың ауызға пайдасы бар. Тіс қанаса, тұзбен шаяды. Ештеңе етпейді. Бірақ шариғат бойынша ашқан дұрыс.
 
Бір танысым қарыз оразасын ұстап жүр. Оған бір апай «Ниет еткенде нәпіл оразаны өтемекке ниет еттім» деу керек депті. Қайсысы дұрыс?
 
Қаза еткен оразасын, әлбетте, қаза ораза үшін деп ниет етеді. Нәпілдің жөні бөлек. Ол – қосымша, сауап үшін жасалады.
 
Айт күні сәресін ішу туралы айтып кетсеңіздер.
 
Айт күні сәресін ішу міндетті емес. Бірақ Ораза айтқа барарда ауызыңыздың берік емесін білдіру үшін құрма жеп баруыңыз керек. Ол таң атып, намазға бара жатқан кезде. Яғни сәресін ішіп, ауыз бекіту – шарт емес. Көбі «ауыз ашып бару керек» дегенді «сәре ішу» деп түсініп қалып жатады. Сөйтіп Ораза айтқа ауыз бекітіп барады. Ол – қате. Айт күні – мереке. Бұл – Алла Тағала бізді қонақ қылатын күн. Айтта ішіп-жеу керек. Құрбан айтта мәселе басқа. Ол күні Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша таң намазын, одан Айт намазын оқиды. Содан соң құрбандық шалынады. Құрбандыққа шалынған малдың етінен ең бірінші болып ауыз тиеді. Сол күнгі таңғы ас жаңа сойылған құрбандықтан болады.
 
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) жары Рамазаннан кейінгі қазаларын оразаға бір ай қалғанда өтейтін болған дегенді естідім. Оның да сауабы бар деседі. Біз, мәселен, қыста өтеп тастаймыз. Осыған қатысты не айта аласыздар?
 
Қазаның мерзімі жоқ. Адамға қашан ыңғайлы, сол кезде өтей алады. Дегенмен қарызды барынша ертерек өтеуге қамданған жөн. Қыстың кезі, әрине жақсы. Бірақ ерте құтылуға ұмтылу керек.
 
Тарауық намазына әйелдердің баруына қатысты түрлі пікірлер айтылады. Кейбірі тыйым салынған деседі…
 
Негізі әйел кісінің ең абзал намазы – үйінің ішіндегі өз бөлмесінің ең түкпірі. Себебі әйел заты бөтен көзден барынша жасырын болу керек. Бөтен пиғылдан жырақ болғаны дұрыс. Дегенмен әйелдің мешітке келіп, намаз оқуын харам деуге болмайды. Екеуіне де рұқсат. Тек алғашқысы абзалырақ. Бірақ, бәлкім үйінде иманын арттыруға, Құран жаттауға, хатым етуге, уағыз тыңдауға, құлшылық етуге мүмкіндік жоқ шығар. Сол үшін мешіттерде әйелдерге арналған бөлек орын бар. Сондықтан Рамазанда түнде келіп-кетуге мүмкіндігі болса, онда тұрған ештеңе жоқ. Егер хатымды үйде-ақ жасай беремін десе де, ерік өзінде.
 
Ораза кезінде Жол полициясына ұсталсам, аз ақша беріп айыппұлдан қашып кетуге бола ма? Үлкен көлемде төлеуге жағдайым болмаса…
 
Жоқ, олай етуге болмайды. Ол пара саналады.
 
Жадыра АҚҚАЙЫР
«Айқын» газетінің тілшісі
 
 
 
Теги: Ораза

Тақырып бойынша жаңалықтар

Алматы: алғашқы ауызашар дастарханы жайылды (ФОТО)
Бүгін, мінеки, көптен күткен қасиетті Рамазан айымен қауышып, мұсылмандар оразаның бірінші күнін ұстап, ауыздарын бекітті. Осыған орай, Алматы қаласы Орталық мешітінде, ораза тұтқандардың сауабына қалу ниетінде, 500 адамға арнап ауызашар дастарханы жайылды. ...
ҚМДБ: 6 мамыр - Рамазан айының бірінші күні
Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. ...
Фото: Алматы Орталық мешітіндегі алғашқы тарауық намазы
Күллі әлем мұсылмандары асыға әрі сағына күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Алматы қаласы Орталық мешітіне ағылған жамағат легі ақшам намазынан басталды. Барлығының жүздерінде қуаныш. Мешіт іші де, сырты да құптан намазы басталмастан жамағатқа лық толды. Оларға назар аударсаңыз бір-бірін құ...

Оқырмандардың пікірі (2)

Gulsym Kuldanova
24 мам. 2018

Саламатсыз ба! Ораза тұтқан қызға, помада жағып жүруге болады ма?

Жауап жазу
Gulsym Kuldanova
24 мам. 2018

Оказывается Вы ответили на этот вопрос. Приношу извинения, что задала этот вопрос снова. Спасибо

Қызықты тақырыптар

Бас имам журналистермен жүздесті
Сейсенбі күні «Сұңқар» шаңғы трамплині кешеніндегі баспасөз орталығында Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Шоқаев журналистермен жүздесіп, қасиетті Рамазан айының басталуына арналған баспасөз мәслихатын өткізді....
«Әйел-қыздар» секторы: Қазақтың дәстүрі мен тарихы егіз ұғым
 «Төле би» мешіті жанындағы «Әйел-қыздар» секторы мешіт басшысы Әбдірахымұлы Сейтбек мырзаның қолдауымен кең көлемде «Қазақтың дәстүрі мен тарихы» атты шара өткізді. Аталмыш шараға мешіт имамы мен Алматы қаласы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты мүшесі Ахметова Маржан арнайы келіп, жамағатқа Қ...
Қарттар үйіндегі келелі кездесу
Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Керімбекұлы қарттар үйіне арнайы ат басын бұрып, өмірдің қиындықтарына тап болған қарттардың көңілін көтеріп, ақ баталарын алып қайтты. Мерекемен құттықтаған Бас имам Еркінбек қари Шоқаев: «Қариясы бар елдің сарқылм...
Алматы имамдары Рамазанға әзірліктерін пысықтады
Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлының бастамасымен қаладағы 49 мешіттің бас имамдары басқосып, қасиетті Рамазан айының алдында қала бойынша мешіттердегі әзірліктерін пысықтады. Алғашқы сөз сөйлеген Алматы қаласының өкіл имамы Еркінбек қари Шоқаев Рамазан айында атқар...
Бас имам "Ислам жəне отбасы" конференциясында
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылы аясында «Алғаның жақсы болса...» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді....
Наиб мүфти: «Ислам – бірлік пен бауырлық діні»
Қасиетті Жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Әбдірашұлы Алматы қаласындағы Орталық мешітінде «Мұсылманның әһли кітап иелерімен қарым-қатынасы» деген тақырыпта Жұма уағызын жүргізді....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:46

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi