Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыттары (2019 ж.)
Орал
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Ақшам 17:42
Уральск
Алматы Астана Шымкент Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арыс қаласы Арқалық Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Аққулы ауданы Байғанин ауданы Байқоныр Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Екібастұз Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жангелді ауданы Жаркент Жаңатас Жаңақорған кенті Жаңаөзен Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Келес ауданы Кентау Курчатов Көкпекті ауданы Көкшетау Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Маңғыстау (ауыл) Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Сәтпаев Тайынша Талдықорған Талғар Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Теміртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түлкібас кенті Түркістан Орал Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шал ақын ауданы Шалқар Шамалған ауылы Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шу Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарағанды Қарғалы Қаскелең Қобда ауданы Қонаев Қордай Қостанай Қосшы Қызылорда Құлсары Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынағаш Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы Өскемен
Уральск
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
07:25 08:58 13:26 15:55 17:42 19:16
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Жаңалықтар

Қазақстан қалалары бойынша айт намазының уақыттары (2019 ж.)

2019 жылдың 5 маусымы – Ораза айттың бірінші күні

 

2019 жылы 5 маусымда Қазақстандағы қала және облыс орталық мешіттерінде ораза айт намазы өткізілетін уақыттар:

 

Қала және облыс орталығы

Айт намазы оқылатын уақыт

Күн шығатын уақыт

1

Нұр-Сұлтан қаласы

07:00

04:57

2

Алматы қаласы

06:00

05:11

3

Шымкент қаласы

07:00

05:43

4

Маңғыстау облысы

07:00

05:52

5

Түркістан облысы

07:00

05:45

6

Атырау облысы

07:00

05:36

7

Жамбыл облысы

06:30

05:34

8

БҚО

06:30

05:17

9

Қостанай облысы

07:30

05:17

10

Алматы өңірі

06:30

05:12

11

Ақтөбе облысы

07:00

04:58

12

Талдықорған аймағы

06:30

04:58

13

Қарағанды облысы

06:30

04:57

14

Ақмола облысы

07:00

04:54

15

Қызылорда облысы

06:00

04:50

16

СҚО

07:00

04:45

17

Павлодар облысы

07:00

04:29

18

Семей өңірі

07:00

04:26

19

ШҚО

07:00

04:18

  

Ораза айтындағы мұсылманның жасауы тиіс амалдар:

 

Пітір садақасын беру

 

Пітір садақасы рамазан айында, яғни рамазан айы басталғаннан бастап айт намазына дейінгі аралықта берілу қажет. Егер пітір садақасын бермегендер болса бірінші кезекте Айт намазына дейін пітір садақасын беруі тиіс. Айт намазынан кейін берілген пітір садақа жәй садақа болып қалады.

 

Пітір садақасы мұсылмандарға һижра жыл санауы бойынша екінші жылы шағбан айында парыз болды. Бұл жөнінде Пайғамбарымыздың ﷺ мүбарак хадисінде келген:

 

 «Пайғамбар адамдарға рамазан айында пітір садақасын беруді парыз етті»

 

Пітір садақасының мөлшері жыл сайын шариғат бекіткен азық-түліктердің бағасына байланысты өзгеріп тұрады.

 

Тәкбір айту

 

Айт күндері тәкбір (Алланы ұлықтау) айту дінде заңдастырылған амалдардан. Алла тағала Құран кәрімде:

 

{ وَلِتُكْمِلُوا الْعِدَّةَ وَلِتُكَبِّرُوا اللَّهَ عَلَى مَا هَدَاكُمْ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ }

Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар.

 

Имам әз-Зухри былай деп баяндайтын: “Адамдар тәкбірлерді айт күні үйінен шығар кезде намаз орындалатын жерге барғанға дейін және имам көрінгенге дейін айтатын. Ал имам көрінген кезде, олар имам тәкбір айта бастағанға дейін тынышталатын, ал содан соң олар тағы да тәкбір айтатын”.

 

Айт намазын оқу

 

Пайғамбарымыз ﷺ өсиетiнде: «Айт күнi бiрiншi орындайтынымыз – намаз оқу», – делiнген. Айт намазы дiнiмiзде уәжіп амал болғандықтан, Пайғамбарымыз ﷺ өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды. Сондықтан айт мерекесі арнайы ғибадаттармен басталады.


Айт намазы үшін азан айтылып, қамат түсірілмейді. Намазға бет алған кезде бір жолмен барып, екінші жолмен қайту сүннет болып саналады. Пайғамбарымыз ﷺ мүбарак хадисінде: «Пайғамбарымыз ﷺ айт күні мешітке барған жолымен қайтпай, басқа жолмен қайтатын»

 

 Намазға шығар алдында құрма жеп шығу

 

Сүннет бойынша мұсылман адам намазға шығар алдында құрма дәмінен ауыз тиюі керек. Бұл пайғамбарымыздың ﷺ оразаның аяқталып, айт күндері басталғаны жайында берген белгісі.

 

Жаңа  киім кию, ғұсыл құйыну, әтірлену

 

Бұл ұлық мерекеде мұсылман адам шамасы келгенше мешітке жаңа киім киіп, әтірленіп барған абзал. Имам Мәлик: «Мен ғалымдардың айт күндерінде жасанудың және хош иістер жағудың абзал екендігі туралы айтатынын естігенмін», – дейтін. Дегенмен, жібек матадан ер азаматтардың бойын аулақ ұстағаны жөн. Себебі, бұл туралы  Ибн Омар былай деген: «Бірде Омар бин әл-Хаттаб базардан жібек көйлек сатып алды да, оны Алла Елшісіне ﷺ алып келіп: «Уа, Алланың Елшісі, мынаны айт күндерінде, сондай-ақ сізге елшілер келгенде киіңіз», – деді. Бұған Пайғамбар ﷺ: «Мұндай киімді ақыреттен үлесі болмаған адам ғана киеді»,  – деп жауап берді».

 

Қуаныш, шаттық көрініс табу 

 

Айт барша мұсылмандандың мерекесі болғандықтан, оны еңбектеген баладан еңкиген шалға дейін сезінуі тиіс. Сыйлықтар таратылып, мерекелік мәдени шаралар ұйымдастырылуы абзал амалдардан. Жүзден аса ұлт өкілі тұрып жатқан еліміздегі әрбір азамат осы мерекенің лебін сезінуі қажет. Ұлтаралық, дінаралық байланысты күшейту мақсатында айт мейрамына орай құттықтаулар таратылып, арнайы дастархандар жайылады. «Бір-бірлеріңе  сыйлық беріңдер, сүйіспеншіліктерің артады» деген хадисті негізге алған қазақ даласында қонақ кәдесі, сүйінші, байғазы, тағы басқа адамдарды жақындыққа апаратын амалдар  көп. Солардың бірі – айттық сұрау. Айт мерекесімен құттықтап, айттық сұраған жанды қазақ бетін қайтармай қолда бар сыйлықтарын аямаған. Міне бұл ғасырлар өте дәстүрге айналып, бүлдіршіндер үшін айттың бір керемет көрінісі болып есте қалған. 

 

 Ораза және Құрбан айт күндері ораза ұстауға болмайды

 

Қуаныш пен шаттыққа толы бұл қос мейрамда мұсылмандар ораза ұстамайды. Бұл туралы Абу Са’ид әл-Худри былай деп баяндаған: «Алланың Елшісі ﷺ адамдарға Ораза айт пен Құрбан айттың екі күнінде ораза ұстауға тыйым салатын». 

 

Мұсылмандардың бір-бірін құттықтауы

 

Намаз біткен соң мұсылмандар қол алысып, төс қағысып, бір-бірін Айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Ал әйелдер қауымы үйде қазан асып, дастарқан жайып, айттық шай әзірлейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды. Хадисте келгендей, айт күні Пайғамбарымыз ﷺ адамдарға былай деп айтқан:

 

يَا أَيُّها النَّاس أَفْشُوا السَّلامَ وَأَطْعِمُوا الطَّعامَ وَصِلوا الْأَرْحَامَ وَصَلوا بِالليلِ وَالنَّاسُ نِيامٌ تَدْخُلُوا الْجَنَّةَ بِسَلَامٍ 

«Ей, адамдар, бұл күні сәлем жайыңдар, тамақтандырыңдар, туыстық қатынасты күшейтіңдер және адамдар ұйқыда болған кезде намаз оқыңдар, еш алаңсыз жәннатқа кіресіңдер» деген.

 

Сол секілді өзі жақсы көрген бауырын айт күні зиярат етуі мұсылман адамды үлкен сауапқа кенелтеді. Пайғамбарамыздың ﷺ хадисінде : «Бірде-бір адам айт күні көрші ауылдағы досын зиярат етуге жолға шығады. Жолда оған Алла періште жіберіп, ол адамнан : «Қайда бара жатырсың» , деп сұрайды. Ол: «Бұл ауылда бір бауырым бар еді, соған бет алдым». Періште: «Бір шаруаң бар ма еді ол адамда». Ол: «Жоқ, мен оны Алла разылығы үшін жақсы көрем сол үшін» дейді. Сол кезде періште: «Алла мені саған жіберді, сен ол адамды жақсы көргенің үшін Алла да сені жақсы көрді» дейді.

 

Әсіресе, осы мереке күні ата-анаға деген мейірімділік оларға сый-сияпаттар жасау игі амалдардан.

 

Ораза күні қайыр жақсы амалдар күні болғандықтан жетім-жесірлер, кедей-кепшіктер жомарт, рақымды жандардан мейірім лебін сезгісі келетіні анық. Осы күндері төмендегі адамдарға жақсылық жасаған абзал:

 

Жесір әйелдер мен міскіндерге көмектесу, үйлерін қуанышқа бөлеу

 

Пайғамбарымыздың  ﷺ Әбу Һурайрадан келген хадисінде: «Жесір әйелдер мен міскіндерге жәрдем еткен адам Алла жолында жиһад жасаған адаммен бірдей», деген.

 

Жетімдерге көмектесу

 

Алла Тағала Құран кәрімде:

{ وَاعْبُدُواْ اللّهَ وَلاَ تُشْرِكُواْ بِهِ شَيْئًا وَبِالْوَالِدَيْنِ إِحْسَانًا وَبِذِي الْقُرْبَى وَالْيَتَامَى وَالْمَسَاكِينِ وَالْجَارِ ذِي الْقُرْبَى وَالْجَارِ الْجُنُبِ وَالصَّاحِبِ بِالجَنبِ}

Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар.

 

 Айт - басқаларға кешірім жасайтын күн

 

Пайғамбарымыздың ﷺ Абдолла ибн Амрудан келген хадісінде Алла елшісінен адамдардың ең жақсысы кім деп сұрады. Пайғамбарымыз ﷺ: «Әрбір жүрегі пәк, тілі шыншыл адам» деді. Сахаба: «Тілі шыншыл деген түсінікті, жүрегі пәк дегенді қалай түсінеміз» деді. Пайғамбарымыз ﷺ:

 

«Жүрегі пәк дегеніміз - тақуа, таза, ыза және көре алмаушылықтан ада адам» деді.

 

Қорыта келе, Айт мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігі -  қуаныш шаттықпен бірге Аллаға деген құлышылықтың қатар жүруінде, суып бара жатқан туыстық қатынастардың қайта жандануы, ашу, ыза кернеген жүректердің жібіп, Алланың рақымын талап етуі, өмірді қайта саралауға мүмкіншілік алу, өмірдің мәнін түсініп, Аллаға деген құлшылын күшейту.

 

«Отыз күн оразаның бір айты бар, әр қылған жақсылықтың бір қайты бар» деп атамыз қазақ айтқан, осындай ұлы күндерімізді ұлықтайық!

 

 Ораза Айт мерекесі күні сәресіге тұрып, ауыз бекіту қажет пе?

 

Мұсылмандар арасында Ораза Айт намазына барарда әдеттегідей сәресі ішіп, ауызды бекітіп бару керек деген мәлімет кең тараған. Алайда, Айт күні рамазандағыдай сәресі ішудің қажеті жоқ. Шариғатымызда мұндай міндет жоқ. Тек, айт намазына шығарда тақ санды: 1,3,5,7... құрма жеп шығу Пайғамбарымыздың ﷺ сүннеті болып табылады.

 

Егер кімде кім сәресі ішкен болса немесе айт намазы алдында тамақтанған болса бұл нәрсеге де тиым салынбаған.

 

azan.kz

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қазақстан қалалары бойынша құрбан айт намазының уақыттары (2019 ж.)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Халықаралық астрономиялық зерттеу орталығының мәліметін негізге ала отырып, осы жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын хабарлайды....
Фото: Алматының Бас мешітінде Айт мерекесі ұлықталды
Бүгін, Алматы қалалық Орталық мешітінде мерекелік Айт намазын оқуға келген жұртшылықтың қарасы қалың болды. Таң атқаннан мешіт босағасына бас сұққан жамағат 6:00-де Ораза айт намазын оқыды.  ...
Ораза айт намазы Алматы қаласының барлық мешіттерінде 5 маусым күні таңғы сағат 06:00-де оқылады
Рамазан айы үлкен мерекемен аяқталады. Бұл мереке – Ораза айт мерекесі. Бұл күні барлық мұсылмандар мерекелік намаз – Айт намазын жамағатпен оқу үшін мешітке ағылады. Намаздан соң мерекелік құтпаға қатысу – сүннет болып табылады. Бұл күні мұсылмандарға мүмкін болса жуынып- шайынып, ер адамдар үстіле...
Ораза айт 2019: қашан басталады?
Биыл 2019 жылы Қазақстанда ораза айт күні 5 маусымға сәйкес келіп тұр.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Назарбаев елордада ауызашар берді (ФОТО)
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыз бекіткен жамағатқа ауызашар берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Талдықорған мешітінде 1500-нан аса адамға ауызашар берілді (ФОТО)
Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде мың жарымнан аса адамға арналған «Рамазан — Раббымыздың сыйы» атты ауызашар дастарқаны жайылды. Ауызашарға Алматы облысы мен Талдықорған қаласы әкімдігінің өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық мешіттердің жамағаты қатысты....
Министр Сапарбаев ауызашар берді (ФОТО)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев «Нұр Астана» мешітінде ауызашар дастарқанын жайды
Біріккен Араб Әмірліктерімен байланыс бекиді (ФОТО)
Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Заид бин Сұлтан әл Нахайянның Гуманитарлық және Қайырымдылық қорының Бас директоры Хамад Салим бин Кардус мырзаны қабылдады....
Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады: 
Рамазан - жақсылыққа жарысатын ай!
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти: Рамазан - жақсылыққа жарысатын ай!
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 17:42

Құптанға дейін 01:21

20 урок: О дополнительных молитвах

Ас-саляму алейкум, кажется тут опечатка "2 ракаата сунны послеобеденной молитвы (аср)".

nargiz
25 қаң. 2024

Вопрос устазу: выпуск 23

в крабовых палочках есть нехаляльный краситель. В сыре есть сычужный фермент, который делается из к

sholpan.m.a69
24 қаң. 2024

Таклиф или хукм

Ас-саляму алейкум, в некоторых источниках Сунна гайр муаккада и Мустахаб объединяют в один пункт,

nargiz
17 қаң. 2024

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам ва рахматуллахи ва баракатуху. Это все равно будут проценты.

Администратор Azankz
6 қаң. 2024

ДУМК сделало заявление относительно лиц, отрицающих пятикратный намаз

Данный вопрос требует экспертной оценки. На наш взгляд это не противоречит статьям Конституции о сво

Администратор Azankz
29 жел. 2023
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi